Тағдырға иман келтіру

Тағдырға иман келтіру төрт нәрсені қамтиды. Біріншісі: Расында Аллаһ болған нәрсені және енді болатын нәрсені білетіндігі, пенделерінің жағдайларын, олардың ризықтарын, ажалдарын, амалдарын және олардың барлық істерін білетіндігі. Аллаһқа бұлардың ешқайсысы жасырын емес. Бұл жайында Аллаһ Құранда:

﴿ إِنَّ اللّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ ﴾

«Расында Аллаһ әр нәрсені толық білуші»[39],

((لِتَعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ وَأَنَّ اللَّهَ قَدْ أَحَاطَ بِكُلِّ شَيْءٍ عِلْمًا))

«Күмәнсіз Аллаһтың әр-нәрсеге күші толық жететінін білулерің үшін,(әмірлері жер мен көктің арасына түсіп тұрады), сондай-ақ Аллаһтың білімі әр нәрсені қамтиды»[40],-деген.

Екіншісі: Аллаһтың барлық тағдырды жазып қоюы. Аллаһ Құранда:

﴿قَدْ عَلِمْنَا مَا تَنقُصُ الْأَرْضُ مِنْهُمْ وَعِندَنَا كِتَابٌ حَفِيظٌ﴾

«Расында жердің олардан нені кеміткенін білеміз. Жанымызда әр нәрсені сақтаушы бір Кітап бар»[41],

﴿ وَكُلَّ شَيْءٍ أحْصَيْنَاهُ فِي إِمَامٍ مُبِينٍ﴾

«Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық»[42],

﴿أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاء وَالْأَرْضِ إِنَّ ذَلِكَ فِي كِتَابٍ إِنَّ ذَلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ﴾

«Аллаһтың жер, көктегі нәрселерді білетінін білмейсің бе? Шәксіз бұлар, Кітапта жазулы. Күдіксіз бұл, Аллаһқа оңай»[43],-деген.

Үшіншісі: Аллаһтың қалауы, нені қаласа болады, нені қаламаса болмайды. Аллаһ Құранда былай дейді:

﴿إِنَّ اللَّهَ يَفْعَلُ ما يَشَآءُ﴾

«Расында Аллаһ қалаған нәрсесін істейді»[44],

﴿ إِنَّمَا أَمْرُهُ إِذَا أَرَادَ شَيْئًا أَنْ يَقُولَ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ ﴾

«Шын мәнінде ол бір істің болуын қаласа, оның бұйрығы оған «Бол» деу, сонда ол бола қалады.»[45],

﴿وَمَا تَشَاؤُونَ إِلَّا أَن يَشَاء اللَّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ﴾

«Әлемдердің Раббы Аллаһ қаламайынша тілеулерің жүрмейді»[46].

Төртіншісі: Аллаһтың барлық нәрсені жаратуы, Одан басқа ешбір жаратушы жоқ, Одан басқа ешбір Раббы жоқ. Аллаһ Құранда былай дейді:

﴿اللَّهُ خَالِقُ كُلِّ شَيْءٍ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ وَكِيلٌ﴾

«Аллаһ әр нәрсенің жаратушысы және Ол әр нәрсеге кепіл»[47],

﴿ يَا أَيُّهَا النَّاسُ اذْكُرُوا نِعْمَتَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ هَلْ مِنْ خَالِقٍ غَيْرُ اللَّهِ يَرْزُقُكُم مِّنَ السَّمَاء وَالْأَرْضِ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ فَأَنَّى تُؤْفَكُونَ ﴾

«Әй адамдар! Аллаһ сендерге берген нығметті еске алыңдар! Сендерге көктен, жерден ризық-несібе беретін бір жаратушы бар ма? Одан басқа ешбір тәңір жоқ, сонда қайда тентіреп барасыңдар?"[48].

Тағдырға иман келтіру осы төрт нәрсені қамтиды. Әһлі- сүннә осының кейбіреулерін қайтаратын бидағат иелеріне қарсы тұрады.

Тағы да Аллаһқа иман келтіруге: «Шындығында иман — сөз және амал, ол Аллаһқа бой ұсынумен күшейеді және күнә істеумен әлсірейді»-деп сену жатады. Сол сияқты ешбір мұсылман баласын Аллаһқа серік келтіруден, әрі күпірліктен басқа зина істеу сияқты, ұрлық, пара алу және барлық мас қылатын нәрселерді ішу немесе оны пайдалану, әке-шешеге қарсы келу сияқты түрлі үлкен күнәларды істегені үшін (ол адам оларды халал[49] демейінше) оған: «Сен кәпірсің» деуге болмайды. Өйткені Аллаһ Құранда былай дейді:

﴿إنَّ اللّهَ لاَ يَغْفِرُ أَن يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُمَا دُونَ ذَلِكَ لِمَن يَشَاء ﴾

«Расында Аллаһ өзіне серік қосқан адамды кешірмейді, одан басқасын қалаған адамына кешіреді»[50].

Тағы да Пайғамбарымыздан (саллалаһу алейһи уә сәлләм) келген мутауатир[51] хадистерде: "Шындығында Аллаһ жүрегінде дәннің салмағындай иманы болған адамды тозақтан шығарады",- деді.

Аллаһқа иман келтіруге Аллаһ үшін жақсы көру және Аллаһ үшін жек көру (ашулану), сондай-ақ Аллаһ үшін дос болу және Аллаһ үшін жау болу жатады. Сондықтан мүмін адам мүміндерді жақсы көреді де, оларды дос тұтады, кәпірлерді жек көреді де, оларды жау деп біледі.

Осы махаббатқа ең лайықты адамдар: осы үмметтің ең жоғарылары – Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) сахабалары. Сол үшін Әһлі-сүннә жамағаты оларды жақсы көреді, оларды өздеріне дос тұтады да: «Сахабалар Пайғамбарлардан кейігі ең жоғары адамдар» - деп иман келтіреді. Өйткені Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) былай деді: «Адамдардың ең жақсылары – менің заманымның адамдары, одан кейін келесілері, одан кейін келесілері»[52].

Әһлі-сүннә сахабалардың ішіндегі ең артығырағы – Абу Бакр Сыддық, одан кейін Омар Әл-Фаруқ, одан кейін Осман Зуннұрайн және Али Әл-Муртада–деп, (барлығынан Аллаһ разы болсын!) бұлардан кейін тірі кездерінде жаннатпен сүйіншіленген он сахабалардың қалған алтауы деп және олардан кейін басқа сахабалар деп иман келтіреді. (Барлығына Аллаһ разы болсын!)

Сондай-ақ олардың арасында болған келіспеушіліктер жайында сөйлемейді, өйткені сахабалар мужтаһиттер, кім дұрыс шешсе – оған екі сауап, ал кім қателессе – оған бір сауап деп иман келтіреді. Әһлі-сүннә Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) үй ішінен оған иман келтіргендерді жақсы көреді оларды және Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) әйелдерін мүміндердің аналарын­ анамыз деп есептейді және олардың барлығына: «Аллаһтың разылығы болсын!» - деп дұға етеді. Әһлі-сүннә Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) сахабаларын жек көретін, және оларды сөгетін немесе Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) үй ішін Аллаһ оларды қойған дәрежелерінен шектен тыс көтеретін Рафидалардың (шиғалардың) жолынан аулақ болады. Сол сияқты Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) үй іштеріне сөзбен немесе амалмен зиян келтіріп, оларды сөгетін Науасибтардың[53] жолдарынан да аулақ болады. Осы айтылған қысқаша сөздердің барлығы Мұхаммед пайғамбардың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) Аллаһтан бізге жеткізген дұрыс ақидасына кіреді. Міне осы ақиданы құтылушы топ, яғни Әһлі-сүннә ұстанады. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) бұл құтылушы топ жайында былай деген: «Менің үмметімнің бір тобы (қиямет күніне дейін)ақиқаттың үстінде(Аллаһ жағынан)қуатталған болады, Аллаһтың әмірі келгенге дейін оларға көмектесуден бас тартқандар оларға зиян тигізе алмайды». Тағы бір хадисте:

"افترقت اليهود على إحدى وسبعين فرقة، وافترقت النصارى على اثنتين وسبعين فرقة، وستفترق هذه الأمَّة على ثلاث وسبعين فرقةً كلها في النار إلاَّ واحدة"

«Яһудилер (еврейлер) жетпіс бір топқа бөлінді, Насранилар(християндар)жетпіс екі топқа бөлінді, бұл үммет жетпіс үш топқа бөлінеді,олардың біреуінен басқасының барлығы тозақта болады",-деді. Сол кезде сахабалар:"Иә Аллаһтың елшісі! Ол кімдер?"-деп сұрағанда Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) :

من كان على مثل ما أنا عليه وأصحابي

«Олар менімен менің сахабаларымның жолдары сияқты жолда болғандар»,- деп жауап берді. Міне осы — оны қатты ұстанатын және онда берік болып, оған қарсы келетін нәрсенің барлығынан сақ болуы уәжіп болған Әһлі- сүннә ақидасы.

Ал енді осы ақидаға қарсы келуші және одан тыс жүрушілердің түрлері өте көп. Олардың кейбіреулері пұттарға, кейбіреулері періштелерге, әулиелерге, жындарға табынатындар; ал кейбіреулері ағаштар мен тастарға және одан басқа да нәрселерге табынып, соған құлшылық ететіндер. Олар пайғамбарлардың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) тура жолға шақыруын қабылдамай, керісінше оған қарсы келіп, бір кездегі Құрайыш және басқа араб тайпалары сияқты оған жау болғандар. Олар өздерінің пұттарынан қажеттерінің өтелуін, ауруларына шипа берілуін немесе жауларына қарсы көмек берілуін сұрайтын және сол пұттары үшін құрбан шалып, оларға нәзір беретін еді. Пайғамбар (саллалаһу алейһи уә сәлләм) оларды сол істерінен қайтарып, оларға бір Аллаһқа ықыласпен құлшылық етуді бұйырған кезде, олар мұны бөтенсініп, таң қалып және оған қарсы келіп, былай деген:

﴿أَجَعَلَ الْآلِهَةَ إِلَهًا وَاحِدًا إِنَّ هَذَا لَشَيْءٌ عُجَابٌ﴾

«Тәңірлерді бір-ақ тәңір қыла ма? Әрине бұл тым ғажайып нәрсе»[54].

Соған қарамастан Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) оларды Аллаһқа шақырып, Оған серік қосудан қайтаруды тоқтатпады, және оларға өзі шақырған нәрсесін (яғни бір Аллаһқа құлшылық ету керек екендігін) түсіндіре берді. Сөйтіп Аллаһ олардың ішінен тура жолға салуды қалағандарына һидаят беріп, оларды мұсылман қылды. Кейіннен адамдар Аллаһтың дініне топ-топ болып кірді. Нәтижесінде Аллаһтың діні басқа діндердің барлығынан жоғары болды. Мұның барлығы дағуаттың (дінге шақырудың) үзілмей, жалғасты түрде болғанынан, Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) әрі оның сахабалары және оларға ерген адамдардың Аллаһ жолында ұзақ күрескендерінен кейін болған еді. Уақыт өте жағдай өзгеріп, адамдардың көбін надандық басты, тіпті олардың көптеген бөлігі жаһилия, (надандық) кезіндегі дінге қайтты. Пайғамбарларға, әулиелерге табына бастады. Олардан дұға, жәрдем тілеп және тағы басқа ширктің түрлерін істей бастады да, араб кәпірлерінің «Лә-иләһа-илла-ллаһ»–тың мағынасын түсінгеніндей де түсінбеді.

Осы ширктің Пайғамбарлық заманның ұзақтағанынан және надандықтың күшеюі себепті қазіргі адамдардың арасында да тарқалуы тоқтамады.

Қазіргі кездегі адамдардың күмәндары, яғни қателіктері бұрынғы кездің адамдарының қателігінің дәл өзі. Өйткені қазіргі адамдар да бұрынғылар сияқты Аллаһтан өзге пайғамбарларға, әулиелерге, қабірлерге құлшылық етеді, солардан жәрдем тілейді.

﴿ هَؤُلاء شُفَعَاؤُنَا عِندَ اللّهِ ﴾

«Олар бізге Аллаһтың алдында шапағатшы»[55] болады дейді,

﴿ مَا نَعْبُدُهُمْ إِلَّا لِيُقَرِّبُونَا إِلَى اللَّهِ زُلْفَى ﴾

«Біз оларға тек қана бізді Аллаһқа жақындатсын деп құлшылық етеміз»[56],- дейді.

Аллаһ олардың күмәндарын өтірікке шығарды және кім де кім Аллаһтан өзге біреуге құлшылық еткен болса, пайғамбарға ма, әулиеге ме, пұтқа ма, Аллаһқа серік келтірген және кәпір болатынын баяндады. Аллаһ Құранда:

﴿وَيَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللّهِ مَا لاَ يَضُرُّهُمْ وَلاَ يَنفَعُهُمْ وَيَقُولُونَ هَؤُلاء شُفَعَاؤُنَا عِندَ اللّهِ﴾

«Олар, Аллаһтан өзге өздеріне не зиян, не пайда бере алмайтын нәрселерге табынады да: Олар бізге Аллаһтың алдындағы шапағатшыларымыз»-дейді»[57], - деді.Сонда Аллаһ оларға былай деп қайтарды:

﴿ قُلْ أَتُنَبِّئُونَ اللّهَ بِمَا لاَ يَعْلَمُ فِي السَّمَاوَاتِ وَلاَ فِي الأَرْضِ سُبْحَانَهُ وَتَعَالَى عَمَّا يُشْرِكُونَ﴾

«(Мұхаммед (саллалаһу алейһи уә сәлләм)) оларға: «Сендер Аллаһтан көктердегі әрі жердегі Оның білмеген нәрсесінен хабар бермексіңдер ме?-де. Олардың серік келтіргендерінен Аллаһ тым жоғары, әрі одан пәк»[58]. (Яғни, Аллаһ көктердегі әрі жердегі нәрселердің барлығын біледі және Аллаһ сендерге Оның ешқандай серігі жоқтығын, Онымен бірге ешбір құлшылыққа лайықты тәңір жоқ екенін айтты. Ал сендер болсаңдар, ей, мүшріктер, сол көктер мен жерде Оның серіктері бар деп ойлайсыңдар.

Аллаһқа бір нәрсе жасырын болып, сендер соны біліп оған хабар бермексіңдер ме? Бұл ақымақ, адасқан, надан мүшріктердің әлемдердің Раббысынан гөрі біз білушірекпіз деген сөзінен өтірік сөз бар ма?)[59]

Бұл аятта Аллаһ өзінен басқа біреуге, пайғамбар- әулиелерге құлшылық ету үлкен ширк болатынын баяндады. Оны істеген адам өзінің серік келтіргенін басқа атаулармен атаса да, бәрі бір ол үлкен ширк болады. Аллаһ Құранда былай деді:

﴿وَالَّذِينَ اتَّخَذُوا مِن دُونِهِ أَوْلِيَاء مَا نَعْبُدُهُمْ إِلَّا لِيُقَرِّبُونَا إِلَى اللَّهِ زُلْفَى﴾

«Сондай Аллаһтан өзгені дос тұтқандар(оларға құлшылық қылып, олардан сұрағандар):"Біз бұларға бізді тек Аллаһқа жақындастырсын деп қана табынамыз»,-дейді»[60].

(Демек:"Біздің қажеттерімізді Аллаһқа жеткізсін және бізге оның алдында шапағат етсін деп қана құлшылық етеміз. Әйтпесе біз бұлардың ешнәрсені жарата алмайтынын, ешқандай ризық бере алмайтынын және ешбір істі басқара алмайтынын білеміз"- дейді.)[61] Сонда Аллаһ оларға былай деп қайтарды:

﴿إِنَّ اللَّهَ يَحْكُمُ بَيْنَهُمْ فِي مَا هُمْ فِيهِ يَخْتَلِفُونَ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي مَنْ هُوَ كَاذِبٌ كَفَّارٌ﴾

«Күдіксіз олардың(Аллаһқа серік келтірмеген ықыласты мүміндердің және мүшріктердің)араларындағы келіспеген нәрселеріне Аллаһ үкім береді. Расында Аллаһ өтірікші, кәпір болған адамды тура жолға салмайды»[62].

Өстіп қайтарумен олардың Аллаһтан өзгеге құлшылық етулері, олардан сұраулары, үміт етулері, олардан қорқулары күпірлік болатынын баяндады. Олардың құдай деп жүргендері: оларды Аллаһқа жақындатады деген сөздерін өтірікке шығарды.

Сондай-ақ дұрыс ақидаға әрі Пайғамбарлар әкелген нәрсеге теріс келетін күпірлік ақидалардың бірі қазіргі замандағы Маркс пен Лениннің және басқа құдайсыздықпен күпірлікке шақырғандардың артынан ергендердің атеизм ақидасы. Олар оны «Коммунизм» немесе «Социализм» немесе басқа да атаулармен атаса да, ол күпірлік ақида. Өйткені олардың негіздері: еш құдай жоқ және қиямет күнін және жаннат пен тозақты жоққа шығарып, барлық діндерге қарсы болу. Кім олардың кітаптарына қараса және олардың жазған нәрселерін оқыса бұған анық көзін жеткізеді. Бұл (күпірлік, атеистік) ақиданың барлық діндерге қарсы екендігінде және өзінің иесін осы дүние және ақіреттегі ең жаман азапқа апаратындығында ешбір күмән жоқ.

Сол сияқты ақиқатқа қайшы келетін ақидалардың бірі «суфизм» ақидасы. Олар өздерінің кейбір әулие деп жүргендері істерді басқаруда, және әлемдегі нәрселерді басқаруда Аллаһқа серік болады деп ойлайды. Сондай-ақ оларды өздеріне би қылып, немесе өздеріне оны ие қылып және жәрдемші деп немесе одан басқа да өздерінің құдайларын ойдан тапқан аттарымен атайды. Бұл рубубияда[63] болған ең жаман ширк және жәһилиет дәуіріндегі арабтардың істеген ширктерінен де жаманырақ. Өйткені араб кәпірлері таухид рубубияда Аллаһқа серік келтірмеген, олар тек ғибадатта ғана серік келтірген және олардың ширктері тек кеңшілік уақытта ғана еді, ал бастарына бір қиыншылық түссе, тек Аллаһқа ықыласпен құлшылық ететін. Аллаһ Құранда былай дейді:

﴿فَإِذَا رَكِبُوا فِي الْفُلْكِ دَعَوُا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ فَلَمَّا نَجَّاهُمْ إِلَى الْبَرِّ إِذَا هُمْ يُشْرِكُونَ﴾

«Қашан олар кемеге отырса, дінін Аллаһқа арнаған түрде жалбарынады да, қашан оларды Аллаһ құтқарып, қырға шығарса, сол уақытта олар Аллаһқа серік қосады»[64].

Ал рубубия болса, олар оның тек Аллаһқа тән екендігін білетін еді. Бұл жайында Аллаһ Құранда былай дейді:

﴿وَلَئِن سَأَلْتَهُم مَّنْ خَلَقَهُمْ لَيَقُولُنَّ اللَّهُ ﴾

«Егер де олардан: «Оларды кім жаратты?» деп сұрасаң, әлбетте «Аллаһ» дейді»[65],

﴿قُلْ مَن يَرْزُقُكُم مِّنَ السَّمَاء وَالأَرْضِ أَمَّن يَمْلِكُ السَّمْعَ والأَبْصَارَ وَمَن يُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَيُخْرِجُ الْمَيَّتَ مِنَ الْحَيِّ وَمَن يُدَبِّرُ الأَمْرَ فَسَيَقُولُونَ اللّهُ فَقُلْ أَفَلاَ تَتَّقُون﴾

«( Мұхаммед (саллалаһу алейһи уә сәлләм)!) олардан: «Сендерді аспаннан әрі жерден кім ризықтандырады? Құлақ пен көздерге кім ие? Өліден тіріні, тіріден өліні кім шығарады? Әр істі кім игереді?» - деп сұрасаң, олар: «Аллаһ» - дейді. Сонда оларға: «Ендеше Аллаһтан қорықпайсыңдар ма?» -де»[66]. (Яғни: «Ендеше Аллаһтан қорқып, оның ешқандай серігі болмаған Жалғыз Өзіне құлшылық етіп, одан өзге құлшылық еткен пұттарыңды тастамайсыңдар ма?»-де.)[67]

Бұл жайындағы аяттар өте көп. Ал қазіргі кездегі мүшріктер болса бұрынғы арабтардың мүшріктерінен Аллаһқа серік келтіруде екі есе асып түскен. Біріншісі: Олардың кейбіреулерінің рубубияда серік келтірулері. Екіншісі: Олардың жеңілдік кезінде де, қиыншылық кезінде де серік келтірулері. Бұның барлығын олармен араласқан және олардың жағдайларын зерттеген адам жақсы біледі. Сол сияқты олардың Мысырдағы Хусейннің, Бәдәуйдің және тағы басқалардың қабірлеріне табынғандарын көрген адам, сол сияқты Адндағы Аидарустің қабіріне, Иемендегі Һадийдің қабіріне, Шамдағы Ибн Арабийдің қабіріне, Ирақтағы Шейх Абдулқадир Жиләнийдің және бұлардан басқа да аты шыққан қабірлерге табынып, тек Аллаһқа арналатын құлшылықтың көптеген түрлерін осы қабірлерге арнап жатқандарын көрген адам біледі. Оларды осының барлығынан қайтаратын және Аллаһ өзінің елшісі Мұхаммедті (саллалаһу алейһи уә сәлләм) және одан бұрынғы пайғамбарларымен жіберген таухидтің ақиқатын баяндайтын адам өте азайып кеткен. Расында біз Аллаһтыкіміз және біз Оған қайтушымыз, сондықтан аса пәк Аллаһтан оларды тура жолға қайтаруын және олардың арасында һидаятқа шақырушылардың көбейтуін сұраймыз! Сондай-ақ мұсылмандардың басшылары мен ғұламалары осы ширкпен және оған апаратын нәрселермен күресіп, оларды құртуын сұраймыз! Өйткені Аллаһ әр нәрсені Естуші, өте жақын!.

Тағы да тура ақидаға теріс келетін ақидалардың бірі — Аллаһтың есім-сипаттары бабында адасқан «Жәһмия»[68] және «Муғтазиләлардың»[69] ақидалары. Сондай-ақ Аллаһтың сипатарын қайтаруда, оның толық сипаттарын жоққа шығаруда және Аллаһты жоқ нәрселердің немесе жансыз нәрселердің және болуы мүмкін емес нәрселердің сипаттарымен сипаттауда олардың жолдарымен жүргендердің ақидасы. Олар сол сипаттарды жоққа шығарып, олардан қашып барған жерлерінде қайтадан сол сипаттарды тапты. Сол себепті олар самғи[70] және ақли дәлелдерге қарсы келді.

Ал Әһлі-сүннә уәл-Жамағат болса, Аллаһ Өзіне бекіткен және Оның елшісі Аллаһқа тән деп бекіткен сипаттарды толық түрде бекітті. Әрі Аллаһты Өзінің жаратылыстарына ұқсатудан пәктеді, сондықтан барлық дәлелдермен амал қылып (ол сипаттарды) өзгертпеді. Соның арқасында басқалар жіберген қателіктерден аман қалды.

Міне осы — дүние-ақіреттегі бақытқа жеткізетін, әрі азаптан құтқаратын тура жол. Бұл Ислам үмметтінің алдыңғы өткен адамдарымен имамдарының ұстанған тура жолы. Сондықтан осы үмметтің ақырғыларын олардың алдыңғыларын түзеген нәрсе ғана түзейді. Ол — Құран мен сүннетке еру және оған теріс нәрсені тастау.

Тауфиқ Аллаһтың қолында, Оның өзі ғана бізге жеткілікті, әрі Ол нендей сүйеніш иесі, сондай-ақ шексіз күш-құдірет тек Аллаһқа тән, Оның елшісіне және сахабаларға Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!

 

[1]Мәйда.5

[2]Зүмәр.65

[3]Бақара. 177

[4]Бақара. 285

[5]Ниса. 37

[6]Хаж. 70

[7]Зәрият. 56-57

[8]Бақара. 21-22

[9]Нахл.36

[10]Әнбия. 25

[11] Һуд. 1-2

[12] Зүмәр. 2-3

[13]Исра. 23

[14] Ғафир. 14

[15] Хаж. 62

[16] Зүмәр. 62

[17] Ағраф. 5

[18] Шура. 1

[19] Нахл.74

20Әһлі сүннә: пайғамбарымыз(саллалаһу алейһи уә сәлләм) және сахабалардың(Аллаһ оларға разы болсын)жолдарымен жүрген адамдарды айтады.

21Табиғин: сахабаға мұсылман болып жолыққан және мұсылман болып өлген адам.

22Бидғат: арап тілінде бұрын болмаған істі істеу, ал шариғат ғұламаларының терминінде: «Дінде жаңадан пайда болған іс»- деген мағынаны білдіреді.

23 Нақли дәлел: бір істің ақиқаттығына Құран немесе сүннет арқылы жету.

24Ақли дәлел: бір істің ақиқатына ақыл-оймен жету.

[25] Әнбия. 18

[26] Фұрқан. 33

27Һидаят: тура жол

[28] Әнбия. 26-28

[29] Бұл хадисті имам Муслим өзінің сахих кітабында риуаят етті.

[30] Хадид. 25

[31] Бақара. 213

[32] Әнғам. 155

[33] Нахыл. 89

[34] Ағраф.158

[35] Нахл. 26

[36]Ниса. 165

[37] Ахзаб. 40

38Абдуллаһ ибн Амр ибн Әл Астан (оған Аллаһтың разылығы болсын) риуаят етілген хадистің мағынасы (аудармашыдан).

[39]Тәубе. 115

[40]Талақ. 12

[41]Қаф. 4

[42]Ясин. 12

[43]Хаж. 70

[44]Хаж. 18

[45]Ясин. 82

[46]Текуир. 29

[47]Зүмәр. 62

[48]Фатыр. 3

49Халал:шариғатта рұқсат деген мағынаны білдіреді.

[50] Ниса. 48

51 Мутауатир: бір жамағаттан көптеген жамағаттар риуаят еткен және олардың көптігінен сол хадистің өтірік екендігіне келісулері мүмкін болмаған хадис.

[52] Бухарий, Муслим риуаяты.

53 Науасиб:пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) отбасын дұшпан тұтатындар.

[54] Сад. 54

[55] Юнус. 18

[56] Зүмәр. 3

[57] Юнус. 18

[58] Юнус. 18

[59] Ибн Саъди тәпсірі.

[60] Зүмәр. 3

[61] Ибн Саъди тәпсірі.

[62] Зүмәр. 8

63 Рубубия: арап тілінде "Рабб" сөзінен алынған, бұл сөз:"жаратушы"деген мағынаны білдіреді, ал шариғатта: Аллаһтың бүкіл әлемді жаратуы, оларды ризықтандыруы, істерін басқаруы, оларды өлтіруі және тірілтуі сияқты істерде Аллаһты бір деп білу деген мағынаны білдіреді. .

[64]Анкабут. 65

[65]Зұхруф. 87

[66]Юнус. 31

[67]Ибн Саъди тәпсірі.

68 Жәһмия: исламдағы адасқан топтардың бірі. Оның тегі Жаһм ибн Софуан деген адамға қайтады. Олардың ақидаларынан: Аллаһтың есім және сипаттарын інкәр қылу, Құранды Аллаһтың сөзі емес, ол жаратылған деу және ғойбйи(көмес) хабарларды інкәр қылу.

69 Муғтазилә: исламдағы адасқан топ. Оның тегі Уасиль ибн Ато деген адамға қайтады. Олар хижраның 105-110 жылдары пайда болған. Олардың ақидаларынан: Аллаһтың есімдеріне иман келтіреді де, бірақ та сипаттарын інкәр қылады. Үлкен күнә істеген адамды кәпір деп те, мұсылман деп те айтпайды, бірақ ол тозақта мәңгі қалады дейді.

70 Самғи дәлел: бір істің ақиқатына Құран немесе хадис арқылы жету.