Еңбек құқығы» пәнін зерттеуде қойылатын міндеттер.

Л – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы

 

    БЕКІТІЛДІ Заң факультеттің 2016 жылғы ____ мамырдағы Ғылыми кеңес шешімімен (№ 9 хаттама). Факультет деканы з.ғ.д., профессор ______________ Д. Байдельдинов  

 

Мамандық

5В011500 – «Мұрағаттану, құжаттану жəне құжаттамамен қамтамасыз ету»

СИЛЛАБУС

Еңбек құқығы» KREK 2413

2 курс, күндізгі бөлім, 3 семестр, 4 кредит

 

Дәріс беруші:Рыскалиев Даулетбай Уразгалиевич– кафедра аға оқытушысы

Телефон: 3773336, ішкі 1254

e–mail: r.daulet@mail.ru

каб.319

Еңбек құқығы» пәнін зерттеуде қойылатын міндеттер.

Еңбек құқығы, салалық оқу пәні және заң ғылымының бір бағыты ретінде, әркімнің жұмыспен нәтижелі қамтылуына, әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған нормалардың жиынтығы ретінде айқындалады. Оқу курсын зерттеуде еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған заңнамалық актілерді дұрыс қолдана білу, заңнамалық актілерді қолдануда, тәжірибеде жиі көрініс беретін құқықтық жағдайларды айқындай отырып, қызметкердің, жұмыс берушінің және басқа да еңбек құқығы субъектілерінің мүдделеріне қатысты кез келген қоғамдық қатынастарды дұрыс саралай білу және оларға дұрыс баға беруге студенттерді ынталандыру болып табылады.

Оқу курсының мақсаты: Қазақстан мен шетел мемлекеттерінің халықты жұмыспен қамту туралы заңнамалық актілерін зерттеу, қызметкердің еңбегін қолдану барысында туындайтын еңбек қатынастарын дұрыс реттей білу, әркімнің өмірін, денсаулығын сақтауға бағытталған құқықтық тәсілдерді дұрыс игеру мақсаты студенттерге жүктеледі. Мемлекеттік қызмет саласына және экономикалық салаға қатысты қызметкерді жұмысқа (қызметке) қабылдау, еңбек шартын және басқа да әлеуметтік келісімдерді жасау, жалақы төлеу, жұмыс және демалыс уақытын айқындау, еңбек шарты тараптарын материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тарту, уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреттілігін және еңбек дауларын қарауға қатысты теориялық және тәжірибелік мәселелерді зерттеу болып табылады.

Оқу курсын зерттеуде студенттерге келесідей талаптар қойылады:

- еңбек қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне және тоқтатылуына негіз болатын заңдылық маңызы бар фактілерді айқындау, еңбек үдерісін дұрыс ұйымдастыруға бағытталған құжаттарды рәсімдей білу, ұйымды басқару мәселелеріне қатысты заңнамалық актілерді тәжірибеде дұрыс қолдана білу;

- еңбек қатынастарын реттеу барысында туындайтын еңбек дауларын дұрыс шешу, сот өндірісі тәртібінде қаралатын еңбек даулары бойынша құжаттарды рәсімдей білу.

Оқу курсын зерттеу саясаты:

оқу пәнін игерудестудент өздігінше қосымша материалдарды зерттеуге;

• семинар сабақтарында өзара пікір алмасуға, дәріс материалдары және қосымша методикалық материалдар бойынша күнделікті сұрақтарды талқылауға;

• қатыспаған сабақтарын, басқа күндері, қайта тапсыруға;

• сабаққа жүйелі қатысуға, кешікпей келуге міндетті.

Пәнді игеруде қолданылатын әдістер:

- дәрісті тыңдау барысында қойылған теориялық және тәжірибелік сұрақтарға қатысты пікірлерін білдіру;

- семинар тақырыптары бойынша баяндамалар жасау, өзара пікір алмасу;

- өткен тақырыптар бойынша дөңгелек үстел немесе конференциялар өткізу, талқылауға алынған сұрақтар бойынша презентациялар жасау;

- дәріс және семинар сабақтарының кестесі бойынша салыстырмалы талдау жұмысын кезеңмен өткізу әдістері қолданылады.

Оқытушының студенттерден күтетін нәтижелері:

- оқу курсы бойынша негізгі терминдер мен түсініктерді игеру;

- негізгі және қосымша әдебиеттерді үнемі зерттеу;

- алған білімдерін тәжірибеде жүйелі қолдана білу күтіледі.

Прериквизиттер: Конституциялық құқық, Әкімшілік құқық, Азаматтық құқықтың жалпы бөлімі.

Постреквизиттер: Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, Сақтандыру құқығы, Азаматтық іс жүргізу құқығы.

ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ:

Апта Тақырыптардың атауы Сағат саны Бағасы
1 модуль.
1-3 1 дәріс. Еңбек құқығының ұғымы және қолданылу кеңістігі (пәні, әдісі және жүйесі)  
1 практикалық (зертханалық) сабақ: Еңбек құқығының ұғымы, пәні және тәсілдері. Еңбек құқығының құқықтық жүйеде алатын орны, еңбек заңнамасының ұғымы, қағидаттары. Еңбек қатынастары: ұғымы, түрлері және олардың сипаты.
2 дәріс. Еңбек құқығының субъектілері: ұғымы, түрлері және олардың құқықтық мәртебесі.  
2 практикалық (зертханалық) сабақ: Еңбек қатынастарының субъектілік құрамы: ұғымы, түрлері және олардың сипаты. Еңбек қатынастарын реттеуде жұмыс берушінің актілерінің маңызы.
5-6 3 дәріс. Халықты жұмыспен қамту: ұғымы, субъектілік құрамы және осы салаға қатысты айқындалған мемлекеттік кепілдіктер.  
3 практикалық (зертханалық) сабақ: Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалардың құқықтық мәртебесі, халықты жұмыспен қамту нысандары, уәкілетті органдар және жұмыспен қамту жүйесін қаржыландырудың ерекшеліктері.
1 СӨЖ. Қызметкерлердің құқықтық мәртебелеріне қатысты заңнамалық актілердің қолданылу ерекшеліктері.  
4 дәріс. Еңбек қатынастары саласындағы өкілдік. Әлеуметтік әріптестер. Қызметкердің және жұмыс берушінің өкілді органдары: ұғымы, құрылу тәртібі және олардың мәртебесі.  
4 практикалық (зертханалық) сабақ: Еңбек құқығында өкілдік институты. Қызметкерлердің және жұмыс берушінің өкілдері. Еңбек қатынастарын реттеуде кәсіподақтың маңызы. Әлеуметтік әріптестік институтының ұғымы, қағидаттары, басқару органдары. Әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер мен ұжымдық шарт.
2 СӨЖ. Еңбек жағдайы: ұғымы, түрлері және оларды айқындауға негіз болатын заңнамалық актілер. Еңбек жағдайының бір жақты, не екі жақты өзгеруіне негіз болатын жағдаяттар.  
  1 Аралық бақылау  
  Қорытынды  
  Аралық емтихан (Midterm exam)  
2 модуль.
5 дәріс. Еңбек шарты: ұғымы, түрлері және олардың сипаты. Еңбек шартын жасаудың, лауазымға тағайындаудың, лауазымға бекітудің тәртібі, еңбек шартының мерзімдері. Басқа жұмысқа ауыстыру: ұғымы, түрлері және олардың сипаты.  
5 практикалық (зертханалық) сабақ: Еңбек шартының түрлері және олардың сипаты. Қызметкерді лауазымға сайлау және тағайындау тәртібі. Конкурстық іріктеу тәртібінде қызметке тағайындаудың ерекшеліктері және тәртібі. Сот шешімі негізінде еңбек шартының жасалу тәртібі. Басқа жұмысқа ауысу: ұғымы, түрлері негіздемелері және тәртібі. Басқа жұмысқа ауысудың орын ауыстырудан айырмашылықтары. Қызметкерді жұмыстан шеттету: ұғымы, негіздемелері, тәртібі және салдары. Еңбек шартын бұзуға негіз болатын жағдаяттар: түрлері және олардың сипаты. Жұмыс орнын сақтау және қызметкердің лауазымда қалуына негіз болатын кепілдіктер мен шектеулер.
6 дәріс. Жұмыс және демалыс уақыты: ұғымдары, түрлері және олардың сипаты.  
6 практикалық (зертханалық) сабақ: Жұмыс уақытының ұғымы және түрлері. Жұмыс уақытының есебін жүргізу және анықтау тәртібі. Қоса есептеу және нормалауға жатпайтын жұмыс уақыты, қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты, маусымдық және вахталық тәртіпте айқындалатын жұмыс уақыты. Демалыс уақытының ұғымы және түрлері.
3 СӨЖ. Еңбек заңнасының дұрыс қолданылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар. Жылдық ақылы еңбек демалысын, баланы босану және бала күтіміне берілетін демалыс уақыты және әлеуметтік (ақысыз) демалыстар.  
7 дәріс. Жалақы: ұғымы, түрлері, жүйесі және құрылымы. Жалақыны төлеу орны мен тәртібі.  
7 практикалық (зертханалық) сабақ: Жалақының түрлері, жүйесі, құрылымы, төлеу тәртібі мен орны. Мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге жалақы төлеудің ерекшеліктері. Лауазымдық жалақымен тарифтік ставканы бекітудің тәртібі, еңбек нормасын айқындаудың ерекшеліктері.
8 дәріс. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету: ұғымы, жүйесі, құқықтық негіздемелері мен тәсілдері.  
8 практикалық (зертханалық) сабақ: Қызметкердің өмірін, денсаулығын сақтауға бағытталған іс-шараларды айқындаудың ерекшеліктері. Жұмыс орнында орын берген жазатайым жағдайларды тергеп-тексерудің ерекшеліктері. Еңбек жарақаты, кәсіби науқастық және жазайым жағдайлар: ұғымдары және олардың сипаты. Қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянды өндірудің құқықтық негіздемелері және рәсімі. Жазайтым жағдайларды тергеп-тексеруге уәкілетті мемлекеттік бақылау органдарының қатысуына негіз болатын себептер.
9 дәріс. Материалдық жауапкершілік: ұғымы, аазматтық-құқықтық жауапкершіліктен айырмашылығы және сипаты.  
9 практикалық (зертханалық) сабақ: Материалдық жауапкершіліктің түрлері, еңбек шарты тараптарын материалдық жауапкершілікке тарту негіздемелері және тәртібі. Келтірілген зиянның мөлшерін айқындаудың рәсімі мен тәртібі.
4 СӨЖ. Өтемақы мен үстеме ақы: ұғымдары, айырмашылықтары. Жалақының көлемін өзгертуге негіз болатын жағдаяттар.  
10 дәріс. Еңбек тәртібі: ұғымы және сипаты.  
10 практикалық (зертханалық) сабақ: Еңбек тәртібін қамтамасыз етудің тәсілдері. Қызметкерді мадақтауда, көтермелеуде қолданылатын шаралар. Қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тарту негіздемелері, мерзімдері және тәртібі.
11 дәріс. Еңбек дауының құқықтық институт ретінде сипаты. Еңбек дауларының түрлері, еңбек дауларын қарайтын органдар.  
11 практикалық (зертханалық) сабақ: Еңбек дауы: ұғымы, түрлері және олардың сипаты. Еңбек дауларын қарау және шешу тәртібі, мерзімдері. Еңбек дауларын шешуге құқылы органдардың түрлері және олардың құқықтық мәртебесі.
12 дәріс. Еңбек заңнамасының дұрыс қолданылуын бақылауды іске асыратын органдардың өкілеттіліктері. Еңбек инспекциясының өкілеттілігі.  
12 практикалық (зертханалық) сабақ: Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды іске асыратын мемлекеттік органдар. Қоғамдық бақылауды іске асыратын органдардың өкілеттіліктері.
  2 Аралық бақылау  
  Қорытынды  
  Емтихан  
  Барлығы

ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Әдебиеттер тізімі оқу-әдістемелік картасында, оқу-жұмыс бағдарламасында және «Универ» жүйесінде берілген.