Гуманитарлық факультет

Филология және журналистика кафедрасы

С И Л Л А Б У С

 

«Көркем мәтінге лингвистикалық талдау» пәні бойынша

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары үшін

 

Оқыту түрі: күндізгі

курс: 2, 4

семестр: 4,7

кредит саны: 3

барлық сағат саны: 135

барлық дәрісханалық сағат саны: 45, соның ішінде:

дәрістер: 30

іс-тәжірибелік сабақтар: 15

СӨЖ (соның ішінде ОСӨЖ): 90

Аралық бақылау: 2

Емтихан: 3,5 семестр

 

 

Талдықорған, 2015 ж.

 

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ: :

Чалтикенова ЛәззатАлиахметқызы Филология және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к., жұмыс телефоны: 22-28-42 – 134, үй телефоны: 25-56-71, ұялы телефоны: 8 701 223 40 29 e-mail:

la.chaltykenova@gmail.com Жансүгіров к-і, 187 «а»

Пәннің пререквизитттері: Нормативті қазақ тілі, Академиялылық грамматика, Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы, морфологиясы, сөзжасамы.

Пәннің постреквизиттері: «Лингвомәдениеттану», «Концептология», «Когнитивті лингнвистика», «Психолингвистика», «Тіл мәдениеті», «Мәтін лингвистикасы», «Прагмастилистика» пәндері.

Пәннің қысқаша сипаттамасы:: “Көркем мәтінге лингвистикалық талдау” таңдаулы курсының мазмұны көркем мәтінде әртүрлі деңгейдегі (фонетикалық, лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік) тілдік элементтер өзара байланыста жұмсала келіп, көркем шындықты жасайды.

Көркем мәтінді лингвистикалық талдау-мәтінді толық, жан-жақты кең түрде түсінуді қамтамасыз ететін жалпы филологиялық талдаудың алғашқы баспалдағы, бірінші сатысы. І саты – көркем мәтінге тілдік жасау мәтінде жазушы қолданған тілдік құралдардың мәнін ашуға құрылады. ІІ сатысы – күрделірек түрі-мәтінге стилистикалық талдау жасау.

Күтілетін нәтижелер:

Таңдаулы курс алдына мынандай мақсат-міндеттер қояды:

Курс көркем мәтінде қолданылған тілдік құралдардың мағынасын, мәнін, эстетикалық қызметін айқындауды мақсат етеді. Шығарманың көркем пішінін үңіле зерттеу арқылы оның идеялық, эстетикалық болмысын ашуға болады. Курс көркем шығарманы талдаудың жолдары мен әдістерін үйретеді.

Көркем мәтіннің санаттары және олардың бір-бірімен тығыз байлагыстылығы, көркем туындыны автор ниетіне сай түсіну, мәтінаралық байланыстар, цитаттар, олардың көлемі мен қызметі, автор стилистикасы мен қабылдау стилистикасын ұштастыру туралы білім беріледі.

Қалыптасатын құзіреттіліктер (компетенциялар):

Студенттер курсты аяқтаған кезде көркем мәтінді тілдік талдаудың қолданылатын әдістерін,тәсілдерін үйренеді, оқушының жан-жақты дамуына, оның мәтінді талдай білуге дағдыландырып, мәтінмен жұмыс жасай білудің әдістемесін толық меңгереді. Көркем шығармалардың жанрлық тұрғыдан талдай алатын деңгейде болады.

1.ғылыми баяндамалар мен хабарламалар дайындау;

2.дебаттарда, пікір-таластарда ойын нақты, әсерлі, жеткізе білуге үйрену;

3.аудитория алдында сөйлеу.

4.мәтіннің кез келген түрімен жұмыс жасай білу дағылары қалыптасады.

 

 

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Процентік құрамы Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4,0 95-100 Өте жақсы
A- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89 Жақсы
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64

 

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
ӨЖ Әрбір ӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Ағымдық бақылау Әрбір ағымдағы бақылауға 100 баллдан 8 және 15 апталарда
Кіру рұқсатының рейтингісі 1 R 1 = (ӨЖ1+ӨЖ2+АБ1)/3 8 апта
Кіру рұқсатының рейтингісі 2 R 2 = (ӨЖ3+ӨЖ4+АБ2)/3 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтингісі R = (R1+R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-17 апта
Қорытынды баға I = R*0.6+Д*0.4  

 

Курс саясаты

Студенттің оқудағы жетістігінің деңгейі қорытынды бағамен өлшенеді: емтиханға жіберілу рейтингісі (қорытынды бағаның 60 %) және емтихан бағасы (40 %). Емтиханға жіберілу рейтингісі ағымдық және аралық бақылаудың (15 апта) нәтижесінде шығарылады. Оқудағы жетістігі 100 баллдық шкала бойынша бағаланады. Оған (ағымдағы сабақтардағы жауаптары, дәрістегі белсенділіктері, үй тапсырмасын орындауы, СӨЖ, аралық бақылау) енеді. Оқу бағдарламасымен қарастырылмаған қосымша жұмыс түрлері (ғылыми мақала, публикация, олимпиадаға, конкурсқа, конференцияға қатысуы т.б.) қосымша бонус баллдармен бағаланады. Қатыспаған сабақтар мен қарыздарын өтеу 7,14 аптада аралық бақылаудың алдында қабылданады. Себепсіз қатыспаған сабақтардың тапсырмасы көрсетілген мерзімнен кейін қабылданбайды және рейтингіге қосылмайды.

Әр аптаның соңында үлгеріммен сабаққа қатысудың қорытынды рейтингісі локальді желі арқылы университеттің электронды журналына қойылады.