Зертханалық жұмыс-7

 

Оттегі

1-тәжірибе. Тұздардың ыдырауы нәтижесінде оттегін алу және оның тотығу қасиеттері.(тяга)

Калий оксохлоратын (V) (бертолет тұзы) катализатор ( қатысында ыдыратып оттегін алыңыз және оны үш цилндрге толтырыңыз. Оттегі бар цилиндрдің әрқайсысына жанатын қызыл фосфор, жанатын күкірт және темір қабықшасын салыныз. Байқалған құбылыстардың реакция теңдеулерін жазыңыз.

2-тәжірибе. Оксидтердің судағы қатынасы.

Дистилденген суы бар екі пробиркаға кальций оксидін (II) және фосфор оксидін (V) салыңыз. Реакция жүреді ме және ол қандай ортада өтетінін бақылаңыз.

3-тәжірибе Аквакомплекстердің түзілуі. Кристаллогидратының алынуы.

Пробиркаға 1 г сусыз мыс сульфатын салып, оған бөлшектеп 5-10 мл дистилденген суды құйыңыз. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңіз.Ерітіндіні фарфор ыдысқа ауыстырыңыз және жартылай буландырыңыз. Ерітіндіні суытып, тұнбаға түскен кристаллдарды Бюхнер воронкасы арқылы бөлініз.

Тәжірибе. Сутегінің асқын тотығын алу.

5 мл 2 М күкірт қышқылын стаканга құйып, оны мұз немесе қармен салқындатыңыз. Кейін оның үстіне 1 г барий пероксидін құйыңыз. Алынған қоспаны шыны таяқшамен 4-5 мин шамасында араластырыңыз. Ерітіндіні тұнбадан бөліп алып, ондағы түзілген сутек пероксидін калий йодиді ерітіндісімен тексеріңіз.

Тәжірибе . Сутек пероксидСутек пероксиднің сапалық реакциясы.

Калий йодиді ерітіндісін сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндісімен қышқылдатып, кейін сары түс түзілгенше тамшылатып сутек пероксидін қосыңыз.Йодтың түзілгенін анығырақ бензолдын тамшыларын қосқаннан кейін байқауға болады. Реакция теңдеулерін жазыңыз.

Тәжірибе . Натрий пероксидінің гидролизі.

Суы бар пробиркаға натрий пероксидінің бір түйіршегін қосыңыз.Қандай газ бөлінгенін және қандай ерітінді түзілгенін табыңыз.Реакцияны жылдамдату үшін катализаторын қосуға болады.

Тәжірибе Сутек пероксидінің тотығуөтотықсыздану қасиеттері.

а) Күкірт қышқылымен бірдей көлемде қышқылданған калий йодиді ерітіндісіне сутек пероксиді ерітіндісін құйыңыз.Тұнба түзілуін түсіндіріңіз.

б) Калий тетраоксоманганаттын күкірт қышқылымен қышқылданған ерітіндісіне сутек пероксидін құйыңыз. Газдың бөлінуін түсіндіріңіз.
в) Сутек пероксидін қыздырғанда қандай газ бөлінетінін анықтаңыз.Реакцияны жылдамдату үшін катализаторын қолдануға болады.

 

Зертханалық жұмыс-7

Күкірт

1-тәжірибе. Ромбалық күкірттің алынуы.(тяга)

Құрғақ пробиркаға 4-5 мл құйыңыз және аз мөлшерде күкірт ұнтағын қаныққан ерітінді түзілгенше себіңіз. Ерітінді тамшысын заттық шыныға қойып, бетін шынымен жауып, микроскоппен кристалдардың қалай өсетінін бақылаңыз.

2-тәжірибе. Моноклинді күкірттің алынуы.(тяга)

Күкірт ұнтағын ақырын фарфорлы тигельде балқытыңыз. Сосын тигельді кристалдық қабық түзілгенше салқындатыңыз. Кристалдар орталыққа біріккенде , жылдам қатпаған күкіртті суымен стаканға құйыңыз. Лупа көмегімен қараңыз және түзілген кристалдардың суретін салыңыз. 1-2 тәжірибелердегі түзілген кристалдарды салыстырып, олардың формасын түсіндіріңіз. Алынған 2-3 кристаллды -де сағаттығ шыныда ерітіңіз және еріткіш буланғаннан кейін тағыда түзілген кристалдың формасын бақылаңыз.

3-тәжірибе. Күкірттің полиморфты күйге айналуы.(тяга)

Құрғақ пробиркага ақырын күкірт қайнағанша қыздырыңыз. Осы кезде журетін процесті түсіндіріңіз.

4-тәжірибе. Пластикалық күкірттің алынуы.(тяга)

Пробирканы жартысына дейін күкірттің түйіршіктерімен толтырыңыз және ақырын плитаның аздаған жалынымен қыздырыңыз. Балқуын және түстің өзгеруін және күкірттің жабысқақтығын бақылаңыз. Күкірт қайнағанша қыздырылған кезде, оның кішкене тамшысын салқын сумен кристализаторға құйыңыз. Алынган массаны судан ажыратып, фильтр қағаздарының арасында кептіріңіз. 1-2 сағаттан кейін пластикалық күкірттің қасиетінің өзгеруіне көңіл аударығыз.