Күшті және әлсіз жақтарды, саланың (сектордың) мүмкіндіктерін және қауіптерін талдау

 

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Телекоммуникациялық нарықтағы жоғары бәсеке Телекоммуникациялық инфрақұрылым саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыру «Электрондық үкіметтің қызмет ететін инфрақұрылымы Саланың даму орталығы ретінде арнайы экономикалық аймағының «Ақпараттық технологиялар паркі» («Алатау» АТП АЭА) «Алатау» болуы 3G, 4G технологияларының негізінде байланыс желілерін таратудағы артта қалушылық Телерадио хабарлар тарату кешенінің ескірген инфрақұрылымы Интернет желісіндегі қазақстандық контенттің дамымауы Ұсынылатын электрондық қызметтердің жеткіліксіз саны Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы импортқа жоғары тәуелділік Пошталық инфрақұрылымның негізгі қорларының тозуы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жабдықтарының өндірісі саласында табысты кәсіпорындардың болмауы
Мүмкіндіктер Қауіптер
Интернетке кеңжолақты қол жетімділік қызметтеріне жоғары сұраныс Цифрлық хабар таратуға көшу мен байланысты жабдыққа сұраныс Шағын және орта бизнесті және инновацияларды дамыту құралдары ретінде Интернетті қолдану ҮИИД МБ жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық қызметтерге және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жабдығына жоғары сұраныс Жабдықтың, БҚ-нің және IT-қызметтерінің отандық өндірушілері үшін Кедендік одақ шеңберінде өткізу нарықтарын кеңейту Электрондық сауда элементі ретінде пошта-логистикалық инфрақұрылымды дамыту Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мамандарына жоғары сұраныс Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және техникалық реттеу деңгейлерінің сәйкессіздігі ЖОО-ның және кәсіби білім беру деңгейінің сала талаптарына сәйкессіздігі БҚ-ны әзірлеу және ІТ-қызметтері саласындағы жергілікті қамтудың төмендеуі

Күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау негізінде Бағдарлама шегінде мына міндеттер анықталды:
1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту;
2) цифрлық телерадио таралымды дамыту;
3) интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту;
4) электрондық қызметтер мен «электрондық үкіметті» дамыту;
5) бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және ІТ-қызметтерінің секторын дамыту;
6) жоғары технологиялық жабдықтың отандық өндірісін дамыту;
7) ақпараттық коммуникациялар саласында білім беруді дамыту.

Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялардың конвергенциясы келесіге тиесілі құқықтық базаны жетілдіру қажеттілігін анықтайды:
конвергентті қызметтердің ұғымдық аппараты;
интеграцияланған бизнестің шеңберінде қызметті лицензиялау;
радиожиілікті, нөмірлік және жер ресурстарын қосқандағы қолданылатын өндірістік ресурстар.

Конвергенция жағдайларында байланыс операторлары мен нарықтың басқа да қатысушыларының қызметтерін мемлекеттік реттеудің ауқымын қайта бағалаудың қажеттілігін ескертетін ақпараттық коммуникация саласында желілер мен қызметтердің, реттеудің техникалық ұстанымнан экономикалық ұстанымға, сонымен қатар нарықтың жаңа сегменттеріне ауысудың айтарлықтай өзгеруі болады.
Ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым саласында негізгі проблемалар телекоммуникациялық желілерді цифрландырудың аяқталамағандығы болып табылады. Жаңа ұялы байланыс технологияларын енгізу, сондай-ақ ауылдық жерлерді телефондандыруды дамытудың бөгелуі, жаңа байланыс технологиялары күшті министрліктер мен ведомстволардың радиоэлектрондық құралдарының жиілік диапазонын қолданумен түсіндіріледі.

Жергілікті телефон байланысын дамыту көрсетілетін қызметтердің шығындылығымен бөгеледі, ол инвестициялық тартымдылықты жоғарылату мақсатында тарифтердің дәйекті өсуін талап етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту үшін тежегіш факторы бас тарту төзімділігінің жоғары деңгейлі сауда есептегіш орталықтар нарығының дамымағандығы болып табылады.
Байланыс операторларының тең құқылы қол жетімділігі мақсатында әмбебап қызмет көрсету үлгісін, оның ішінде, байланыс операторларының Қазақстанның облыс орталықтарының шегінде телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін көрсетуге конкурстарды өткізуді, атап айтқанда, конкурсқа ұялы байланыс операторларының қатысу мүмкіндігін қарастыруды қайта қарау қажет.
Ұтқыр байланыс операторларының дамуы үшін 3G технологиясын енгізу үлкен мәнге ие. Алматы және Астана қалаларында 2008 жыл ішінде ұялы байланыс операторларымен 1920-1980/2110-2170 МГц жиілігі диапазонында 30 стандартты ұялы байланыс жабдығын тестілеу бойынша пилотты жобалар сәтті өткізілді.
4G оның ішінде, LТЕ технологиялары бойынша кеңжолақты байланысты енгізу үлкен әлеуетке ие.

Қазақстанда Интернет желісінің технологиялық инфрақұрылымын дамыту дамыған елдермен салыстырғанда артта қалып отыр. Халықаралық электрбайланысы одағының мәліметтеріне сәйкес, электрондық сауда саласындағы операциялар барысында қауіпсіз қосылуды пайдаланатын серверлер саны 2008 жылы Қазақстанда 1 млн. халыққа 3,5 серверді құрады, ал дамыған елдерде бұл индикатор 500 бен 1000 аралығында ауытқиды: Кореяда - 500-ден астам, Ұлыбританияда - 750-ден астам және АҚШ-та 1 млн. халыққа 1000 серверден келеді.
Қазақстандық телерадио таратылымның алдында тұрған көкейкесті міндет цифрлық технологияларға көшу арқылы телерадио хабарларын таратудың бүкіл ұлттық желісін жаңғырту болып табылады. Халықаралық электр байланысы одағымен ұйымдастырылған, Жердегі радиохабарлау қызметін жоспарлау аймақтық конференциясы шегінде, 2006 жылы «Женева-06» келісіміне қол қойылды, ол сандық хабар таратудың жиілікті бөліністерінің (мақсаттарының) жоспарын анықтады. Осы құжатпен 2015 жылы, құрамына Қазақстан Республикасы да кіретін келісімге қатысушы елдер үшін цифрлық хабарлар таратуға көшудің соңғы мерзімі анықталды.

Ақпараттық технологиялардың екпінді дамуы, коммуникацияның және ақпарат берудің жаңа құралдарының пайда болуы пошталық алмасудың (әсіресе іскерлік хат-хабардың) бірден төмендеуіне алып келді. Пошта операторларының қаржылық жағдайының нашарлауы сапаның төмендеуін, пошташылар еңбегінің ынтасыздануын және тұрғындардың ақпаратқа қол жетімділігінің шектелуін туғызды.
«Қазпошта» акционерлік қоғамы магистралды бағыттарда жолаушыларды тасымалдау поездары құрамына тіркелетін және сол бағытта жүретін пошта вагондарын пайдаланады. Өзінің поездар қозғалысы технологиясы мен қауіпсіздігіне сәйкес оператор-тасымалдаушы аялдамалар және уақыт бойынша (кету, келу және поездардың тұрағы) регламент белгілейді, яғни «Қазпошта» акционерлік қоғамы поездар қозғалысы кестесіне тәуелді. Бұдан басқа, вокзалдар мен станциялардың инфрақұрылымы (перрондар, пандустар, жолдар) ең алдымен жол жүру бойынша пошта жүктерін тиеу және түсіруге емес, жолаушыларды қабылдау және отырғызуға бейімделген.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күрделі және техникалық жайластыру деңгейі бойынша (күзет және өртке қарсы қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау, техникалық нығайту, температуралық режим) нормативтік талаптарға сәйкес еместіктер ретінде 86% ауылдың пошта байланысы бөлімшелерін толық қайта жабдықтау мәселесі өткір тұр.

Бүгінгі күні жүйелердің көпшілігі өнеркәсіптік режимде жұмыс істейді, кейбір АЖ электронды түрде қызметтер көрсету үшін баламасыз негізде қолданылады.
ІТ-қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ету үшін мыналардың болуы қажет:
1) тосын оқиғалар мен проблемаларды басқару үдерісімен ықпалдастырылған жүйелердің жұмысқа қабілеттілігін басқарудың және мониторингілеудің кешенді жүйесі;
2) пайдаланушыларды консультациялық қолдау (Саll-орталық).
Есептеу орталықтары инфрақұрылымының ағымдағы жай-күйіне қатысты көптеген мемлекеттік органдардың серверлік үй-жайлары қазіргі уақытта температуралық режим, энергиямен жабдықтау, жабдықты резервте сақтау әрі ұлттық және халықаралық стандарттарда (ӨҚЕ, ҚР ҚНжЕ, Басмемэнергияқадағалау ЭҚЕ, МЕМСТ, АNSI/ТІА/ЕІА) сипатталған байланыс арналарына қойылатын талаптар сияқты тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін атап өту қажет. Осыған байланысты аталған үй-жайлар АЖ-ның істен шығуға төзімділігіне, өнімділігіне және ұсынылатын ІТ-қызметтер сапасына қойылатын талаптарды тиісті дәрежеде қамтамасыз ете алмайды.
Азаматтар мен бизнес тарапынан ақпараттық технологияларға ішкі сұраныстың төмендігі отандық компаниялар дамуының тежеуші факторы болып табылады. Тұрғындар арасында Интернетке кеңжолақты қол жетімділіктің төмен енуі, қазақстандық веб-қорлар санының аздығы және Интернет желісінің қазақстандық сегментінде түп нұсқалық контенттің болмауы электрондық бизнеске және электрондық саудаға қатысында бизнестің инвестициялық белсенділігін төмендетеді.
Жоғары технологиялық құрылғыларды өндірудің және сатудың қазақстандық секторында сауда нарығының бейнесі бар, яғни сектордың қазақстандық компаниялары зияткерлік өнімдер мен инновациялық технологияларды құруға қатыспайды, олар клиенттерге негізінде тек дайын тауарларды іске асыруға жинақталған. Осыған байланысты, экономикалық белсенділіктің төмендеуі жағдайында сектордың негізгі мәселелері басқа сауда салаларының мәселелерімен сәйкес келеді — халық пен бизнестің сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі, мемлекеттік сатып алулардың қысқаруы, бизнесті жүргізу бойынша жоғары үстеме шығындар.
Жоғары технологиялық тауарларды меншікті өндірудің болмауында баж салығы ішкі өндірушіні қорғау қызметін атқармайды, ол тек соңғы тұтынушы үшін есептегіш техника құнын өсіреді.

Дербес компьютерлерді жинақтау мен сатудан жоғары технологиялық тауарлар мен микроэлектроника саласындағы табысты қызметке көшу табысты салалық тәжірибе мен дәстүрдің; меншікті ғылыми-техникалық базаның; маманданған еңбек ресурстарының (техникалық мамандардың, инженерлердің, жаңа өнімдерді әзірлеуге қабілеті бар ғылыми қызметкерлердің); және халықаралық өткізу арналарына (дистрибьютерлік желілерге) қол жетімділіктің жоқтығымен тежеледі.
Мамандар көрсеткен басқа мәселелердің ішінде инновациялық құрылымдарды коммерцияландыру жөнге салынған тетігінің жоқтығын, венчурлық капиталға қол жеткізудің қиындығын, қазақстандық нарықтың аз сыйымдылығын, тұрақсыз кедендік және фискалді саясатты бөліп көрсетуге болады. Сектор дамуының тежеуші факторы Жоғары технологиялық тауарлар мен микроэлектроника ірі өндірушілерінің жақын орналасуы болып табылады (ҚХР, Ресей).
Бүгінгі күні нарықта сұранысқа ие өнімді өндіруді дамыту және «Алатау» АТП АЭА негізінде жоғары технологиялық компанияларды жайғастыру әлеуеті іске аспаған. Инфрақұрылымның, электр энергетикасының, сумен қамтамасыз ету құрылысының аяқталмағандығы және әлеуетті қатысушылар үшін жоғары жалдау ақысы «Алатау» АТП АЭА дамуына тосқауылдар болып табылады. Аймақта оқу және ғылыми-өндірістік ғимараттарды орналастыру мәселесі шешілген жоқ. Жоғары технологиялық әлеуметтік-экономикалық аймақтарды дамытуда жемісті тәжірибесі бар шетелдік компаниялар «Алатау» АТП АЭА-н басқаруға қатыстырылған жоқ.

Ақпараттық технологиялар саласындағы қазақстандық компаниялар үшін жоғары мамандандырылған мамандардың жетіспеушілігі өзекті мәселе болып саналады. 2008 жылы мамандардың бағалауы бойынша ІТ-мамандарының сұранысы жартылай қанағаттандырылды. Сұраныс іргелес салалардан мамандарды тарту және оларды жұмыс берушілер есебінен оқытумен жартылай қанағаттандырылады. Саладағы кадрлардың жетіспеушілігі ақпараттық технологиялар саласындағы жалақысы еңбек өнімінен асып кетті, ол саланың сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта ЭҮ-ні толыққанды дамытуға кедергі келтіретін бірқатар проблемалық мәселелердің бар екенін атап өту қажет:
1) ақпараттандыру саласында қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бөлігінде:

мемлекеттік органдар функцияларының бекітілген тізбесінің болмауы, бұл мемлекеттік органдардың қызметін кезең-кезеңімен автоматтандыруды және электрондық қызметтерді іске асыруды жүйелеуге әрі жүргізуге, сондай-ақ үлгілік шешімдерді енгізу үшін кандидат үдерістерді анықтауға мүмкіндік береді;
ұлттық заңнамада сұраулар мен қажетті құжаттарды электрондық түрде ұсынуды шектейтін, өтінім беру/мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезінде алушының жеке өзінің қатысуын талап ететін нормалардың болуы;
электрондық түрдегі қағаз құжаттарының көшірмелерінің түпнұсқалығын растау мен куәландыруды регламенттейтін және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасаудың дәстүрлі нысандарына ұқсас мемлекеттік қызметтерді алуға өтінім беру кезінде электрондық құжаттардың деректерін ұсынуға мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық базалардың болмауы;
жария ақпараттың ашықтығын және осы ақпаратқа электрондық түрде қол жеткізуге қойылатын талаптарды регламенттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажеттігі;
2) ақпараттандыруды жүргізу және ЭҮ-ні дамыту үдерістерін ретке келтіру бөлігінде:
ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді есепке алу және тіркеу жөніндегі талаптарды мемлекеттік органдардың сақтамауы салдарынан ЭҮ-нің ағымдағы жай-күйін тұтастай мұқият пайымдаудың болмауы, бұл әртүрлі мемлекеттік органдарда қаржы шығындарын, ақпараттық жүйелердің функционалдық мүмкіндіктерін, деректері мен құрауыштарын қайталауға әкеп соқтырады;
орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар арасындағы үдерістерді автоматтандырудың, ІТ-инфрақұрылымын дамытудың және іске асырылған бағдарламалық шешімдер сапасының деңгейі бойынша алшақтық;
мемлекеттік ақпараттық жүйелердің ЭҮ құрауыштарымен үйлесімділігі мен ықпалдасуын қамтамасыз ету жөніндегі жалпы талаптардың болмауы;
3) мемлекеттік органдардың электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсынуға әзірлігі бөлігінде:
іске асырылатын ІТ-жобалар бағытының шектеулі ведомстволық сипаты медиа-үзіліссіз электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі үдерістерді толыққанды автоматтандыруды жүргізуге мүмкіндік бермейді;
мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тетіктерінің болмауы, бұл басқа МО дерек қорында бар ақпаратты азаматтар мен ұйымдардан қайта сұратуға әкеп соқтырады;
ведомстволық есептік ақпараттық жүйелердің толық толтырылмауы немесе мүлдем болмауы әлеуметтік маңызы бар қызметтерді электрондық форматта іске асыруға мүмкіндік бермейді;
мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін орталықтандырылмаған мемлекеттік интернет-ресурстарды құру пайдаланушылардың жұмыс істеу қолайлылығын төмендетеді және электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде бір терезе қағидатын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді;
мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін орналастырылатын ақпаратпен мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қол жетімділікті қамтамасыз ететін тетіктердің болмауы;
4) ЭҮ инфрақұрылымын дамыту бөлігінде:
бейінді емес бағыттардағы қызметтер бойынша мемлекеттік органдардың үлгілік және қораптық БҚ-ны сүйемелдеуге, серверлік жабдыққа техникалық қызмет көрсетуге және ведомстволық серверлік орталықтарды ұстауға шығындарды қайталау;
ЭҮ инфрақұрылымын және қол жетімділік арналарын, атап айтқанда аудандар мен селолық аумақтарда асихронды дамыту, бұл өз кезегінде ЭҮ енгізуге кедергі келтіреді және тежейді.

Қазақстан Республикасының шарттарына бейімделуі мүмкін бар проблемаларды шешу бойынша жағымды шетелдік тәжірибеге шолу
2008 жылдың қорытындылары бойынша ақпараттық технологиялардың әлемдік нарық көлемі 1,5 трлн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде 35% (520 млрд. АҚШ доллары) Азиа-Тынық мұхит елдерінің өңіріне келеді. 2008 жылы аппараттық қамтамасыз етуге шығындар 2,5%-дан артты және 380 млрд. АҚШ долларын құрады. Бағдарламалық қамтамасыз етудің нарығы (222 млрд. доллар) және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер (805 млрд. доллар) тиісінше аса тез қарқынмен өсті - тиісінше 10,3% және 8,2%.
Халықаралық ІТ-нарығында шығындардың құрылымы экономиканың даму дәрежесіне байланысты. Дамыған елдерде инфрақұрылымдық толықтыру жүруде, сондықтан аппараттық құрал-жабдықтарға шығындардың үлесі ақпараттық технологияларға жалпы шығындардың 70% осы нарықтарға жетуі мүмкін, дамыған елдерде ІТ-өнімдердің және құрал-жабдықтардың үлесі 50%-дан асады, ал табыстың негізгі үлестері ІТ-қызметтерінің сегменті болып табылады.
Халықаралық тәжірибені талдау, ІТ-нарығындағы дағдарысқа дейінгі мерзімінде дамыған елдерден еңбек құнын төмен сипаттайтын және салық салу қолайлы жағдайларымен елдерге ауыстыру үрдісі байқалуда. Осы әсіресе, күрделі техникалық инфрақұрылымды құруды талап етпейтін бағдарламалық қамтамасыз ету мен қызметтердің өндірісі үшін өзекті. Соңғы бес жылда БҚ әзірлеу және ІТ-қызметтерді беру нарығының көлемі әлемдік экономиканың 3 - 4% орташа өсу қарқыны кезінде, жылына орташа 10%-ға өсті, ол дамыған және дамымаған елдерде ЖІӨ құрылымында осы сектордың үлесі айтарлықтай ұлғаюға әкелді. Осындай елдерге үлгі болып табылатын, ЖІӨ-нің 10%-нан асатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының үлесі бар Оңтүстік-Шығыс Азия елдері (Корея, Малайзия, Тайвань, Сингапур).
Үндістан ІТ-қызметтердің және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қарқынды қолданатын қызметтердің сараптамалық бағытталған секторының ойдағыдай дамуының ең айқын мысалы болып табылады. 2008 жылы ІТ-қызметтер экспортының жалпы көлемі 40 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл елдегі тауарлар мен қызметтер экспортының төрттен бірден астам бөлігін құрайды. Экспортқа қосымша ретінде ішкі нарықта 11,6 миллиард АҚШ доллары сомасына ІТ-тауарлар мен қызметтер пайдаланылған. Болжамдарға қарағанда, ІТ-қызметтер секторы 2010 жылы 60 миллиард АҚШ доллары көлеміне жетеді, бұл елдің ЖІӨ-нің 10 % құрайды. Ақпараттық технологиялар секторы 2 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтиды, оның 30 % - әйелдер; сонымен бірге, сектор бойынша орташа табыс басқа қызмет салаларынан екі еседей артық. Бұл ретте, ақпараттық технологиялар саласындағы әр жаңа жұмыс орны сыбайлас және қызмет көрсететін салаларда үш-төрт орынның пайда болуына алып келеді.
Оңтүстік Корея, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлеуетін қолдана отырып, кедей елден жоғары технологиялы тауарлар мен қызметтерді әлемдік сатудың көлемі бойынша он екінші қатысушысы болып табылатын әлемдегі ірі экономикалық державалардың біріне айналды. ІТ-секторы елдегі экономикалық өсудің астам бөлігін қамтиды, инфляцияның төмендеуінің маңызды макроэкономикалық факторы болып табылады және елдің ЖІӨ-нің 16 пайызынын астам бөлігін құрайды. Корея экономикасының дамуына әсер ететін факторлардың ішінен бірнеше ұлттық стратегияларын іске асыруды қалыптастыру және қаржыландыру арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторының дамуындағы үкіметтің белсенді қатысуын айтуға болады.
Кореяның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторының дамуын төрт негізгі кезеңге бөлуге болады: 1) ұлттық қорлық ақпараттық жүйе құру және бірыңғай ақпараттық орта жасау; 2) ақпараттандырудың алға басуы бойынша ұлттық жоспар негізінде ақпараттандырудың алға жылжуы (СDМА технологиясы негізінде тиімді және тез инфрақұрылым құру және кеңжолақты Интернетке қол жетімділік үшін инфрақұрылым құру); 3) компьютерлік сауаттылыққа оқыту және олардың ақпараттық технологияларды пайдалануы арқылы халық өмірін жақсарту; цифрлық теледидар қызметтерін ұсыну; «Korean Telecom» компаниясын жекешелендіру; «CYBER KOREA 21» үлттық бағдарламасы негізінде «e-Government», «e-Commerce» және «e-Procurement» жобаларын іске асыру үшін орта және тұғырнама жасау; 4) «e-Korea Vision 2006» стратегиясын іске асыру және жаппай «е-Government» енгізу; «Broadband IT Korea Vision 2007» жобасын іске асыру; бәсекелестіктің өсуінің одан әрі дамуы үшін ІТ839 стратегиясын қабылдау және іске асыру (8 қызмет, 9 өнім, 3 инфрақұрылым); DMB және WiBro коммерциялық қызметтерді іске қосу.
Мемлекет пен бизнестің өзара іс-әрекетінің келісілген үлгісінен басқа, Кореяның ІТ саласының даму үлгісінің бірегейлігі елдің ақпараттық-коммуникациялық технологиялары дамуын тұрақты қаржыландыру тетігін құрудан тұрады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік сондай-ақ жеке сектордың әр түрлі жобаларын қаржыландыратын бірнеше қорларды, атап айтқанда, Ақпараттандырудың даму қорын құру арқылы Корея үкіметі дағдарыс кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторының дамуында инвестициялаудың жеткіліксіздігінен өзін қорғап қалды, бұл дағдарыстан кейінгі кезеңде корейлік компанияларға қосымша бәсекелестік артықшылық берді. Сонымен қатар, қорды құру және оны толықтыру үшін сектор ішінде алынған құралдар - радиожиілік иелерінен алынған лицензиялық жинақ, телекоммуникациялық операторлардан алынған салықтардың пайызы қолданылады.
Финляндия. Финляндияның көптеген басқа елдерден елеулі айырмашылығы - оның ұлттық поштасы мен телекоммуникациялары ешқашан мемлекеттік монополияны қолданған емес.
Ұялы операторлар ұялы байланыстың жаңа қосымшаларын әзірлеу мен шығаруға белсенді қатысады. Ол шағын кәсіпорындардың іргетасының табысты дамуына мүмкіндік жасайды. Фин ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторы 3000-ға жуық кәсіпорындарды қамтиды.
Финляндияда желілік технологияларды қолдану соңғы бес жыл ішінде жоғары деңгейде болуын жалғастырып отыр. Елдің 65%-нан астам кәсіпорындарының өзінің ішкі жергілікті желілері бар, ал 94% кәсіпорын Финляндияда Интернет желісіне қосылған. Әлемдік экономикалық форумның баяндамасына сәйкес ақпараттық бірлестіктердің жұмыс инфрақұрылымын дамыту және ақпараттық-коммуникациялық техниканы қолдану деңгейі бойынша Финляндия әлемде тек Сингапур мен Исландиядан кейін, үшінші орынды алады.
Кең жолақты байланыс арналарын қолдану арқылы Интернет желілеріне қосылу санының өсуі жалғасып жатыр. Бекітілген байланыс сымдары арқылы жоғары жылдамдықты Интернетке қосылу саны 1 млн. бірліктен асты және елдің 94% халқын қамтыды.
Финляндияда телекоммуникация және байланыс қызметтерін көрсету құны дамыған елдердің ішінде ең төменінің бірі болып табылады. Ол Финляндия нарығында қызмет ететін телеоператорлардың арасындағы бос бәсекелестікпен (ақпараттық индустрия бәсекелестік үшін 90-жылдардың басынан бастап ашық болды) және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын бақылау және мемлекеттік реттеу мәселелеріне жауапты Финляндияның коммуникациялар жөніндегі мемлекеттік агенттігінің (FICORA) тарапынан белгіленген нормаларды және шектеулерді сақтауды үнемі бақылаумен түсіндіріледі. Соңғы 10 жыл ішінде телекоммуникациялар қызметтері құнының орта деңгейі 20-25%-ға төмендеді.
Барлығы Финляндия нарығында 150-ден астам фирма телекоммуникациялық қызметтерді көрсетеді. Финляндияда тек ұялы байланыс қызметтерін ұсыну саласында ғана нарықтың елеулі көлеміндегі 59 оператор қызмет етеді. Интернет-қызметтердің Фин нарығы да сондай-ақ ең дамығандардың бірі болып саналады. Еуропалық комиссия зерттеулерінің нәтижесі, электрондық қызметтерді дамыту индексі бойынша Финляндия Еуропада Швеция мен Австриядан кейін үшінші орынды алып отыр.
Мемлекеттік құрылымдар арасында ақпараттық технологияларды енгізудің ең жоғары деңгейін салық және кеден қызметтері, сондай-ақ қызметі табыс алуды есептеумен және бақылаумен байланысты басқа да мекемелер көрсетеді.
Финляндияда өндіріс және сауда саласындағы компаниялар жұмысында елеулі дамуды электрондық коммерция құралдарын пайдалану алып отыр. Мемлекеттік статистика орталығының деректері бойынша, ақпараттық желі арқылы елдің 30%-дан астам халқы сатып алулар жүргізеді, ал электрондық коммерция жүйесі арқылы сатудың жалпы жылдық көлемі 800 млн. евродан артық болып отыр.
Электрондық коммерцияның одан әрі дамуы ұялы телефон немесе ықшамды қалта компьютері көмегімен әртүрлі қызметтерді сатып алу және алу мүмкіндігін беретін m-commerce - электрондық коммерцияны ұялы нысанға көшіру жүйесін әзірлеу және енгізу болып табылады.
«Он-лайн» тәртібінде көрсетілетін қызметтердің елеулі көлемі әсіресе банк саласына тиесілі. Өзінің банк қызметтерін Интернет арқылы іске асыратын «Нордеа» қаржы концернінің клиент саны 3 млн.-нан артық болып отыр. Жыл сайын төлемдерді өткізу және қолма қол ақша алу бойынша 1 млрд. астам қызметтер іске асырылады.
Канаданың сымсыз байланыс өнеркәсібі телерадио хабарлар тарату және негізінен сымсыз байланыс жабдықтары үшін қондырғыларды жаппай өндірумен айналысатын компаниялардан құралады. Оның өнімдері тарату және қабылдау антенналарынан, кабелді теледидар қондырғыларынан, GPS спутникті жалпы позициялау жүйесіне арналған қондырғылардан, пейджерлерден, ұялы телефондардан, спутникті қондырғылардан, ұялы байланыс қондырғыларынан, сондай-ақ телерадио хабарларын таратуға арналған студиялық және хабарлар тарату қондырғыларынан тұрады.
Сымсыз технологиялар саласында Канада ұялы қондырғылар, ақпарат таратуға арналған ұялы құрылғылар, қолданушылардың түпкілікті құрылғылары (СРЕ), бағдарламалық анықталатын байланыс құрылғылары (SDR) және сымсыз кеңжолақты байланыс құрылғылары (WiMAX) сияқты шешуші салаларда танымал болды.
Accenture компаниясының есебіне сәйкес, Канада электрондық сервистердің даму деңгейі бойынша әлемде бірінші орынды алып отыр. ІТ-технологиялардың көмегімен Канада азаматтарына көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру тапсырмасы ел үкіметі қызметінің ең маңызды бағыты болып саналады.
Бағдарламалық құжаттарда Канада үкіметінің ресми мақсаты мынадай сипатта тұжырымдалған: «елдің кез келген нүктесінен кез келген уақытта онлайн режимде үкімет органдарының ақпараты мен қызметтерін қолдануға қол жеткізу мүмкіндігі бар, өз азаматтарымен тығыз байланысқан үкімет ретінде бүкіл әлемге танымал болу». 1994 жылы Қазынашылық Секретариаты (Treasury Board Secretariat) негіз болатын құжатты жариялады: «Ақпараттық технологияларды қолданумен үкімет қызметін жаңғырту жоспары» (Blueprint for Renewing Government Services using Information Technology). Ал 1999 жылы Канада үкіметі 2004 жылға дейін үкіметтің барлық қызметтерін Интернет арқылы көрсетуді қамтамасыз ету міндетін қабылдады. Канадада орталық үкіметтің ІТ бюджеті 1999 және 2000 жылдары 3 млрд. долл. құрады, ол жалпы орталық бюджеттің 2%-ын және 1,9%-ын құрады. Қазіргі кезеңде ІТ дамуындағы басымдықтар мыналар болып табылады:
1) Канаданы әлемдік электрондық сауда орталығына айналдыру және экономикада электрондық сауданы қолдануға әрекеттесу;
2) жеке және сауда ақпаратын қорғау және электрондық қолтаңбаны мойындау мақсатында заңнаманы өңдеу;
3) мектептер мен кітапханалардың жоғары жылдамдықты ақпараттық торабқа қол жетімділігін кеңейту, Канадада мультимедия-контентті және БҚ өндірісін ынталандыру.
4) Үкіметтік ақпаратты және қызметтерді интернет арқылы ұсынуды дамыту.
1994 жылы электрондық сервистерді дамыту тұжырымдамасын жариялағаннан кейін, ірі ІТ-жобаларды басқару мен іске асыруда елеулі проблемалар туындады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жоспарлау және басқару - Enhanced Management Framework (EMF) ортақ әдістемесі енгізілді. EMF құру мен енгізудің мақсаты ірі ІТ жобаларды іске асыруда көмек көрсету және табысты жобалардың пайызын арттыру болды. EMF тұжырымдамасы жобаның техникалық шешімінің қойылған бизнес-міндеттерге сәйкес болуына қол жеткізуге және жобаларды бюджет шегінде, мерзімінде және толық қызметтік мүмкіндіктермен іске асыруға бағытталған. Өзінің даму шамасы бойынша EMF, сондай-ақ неғұрлым әлеуетті жобаларды іріктеуге және іске асырылатын жобалардың ұйымның өзгеретін бизнес мақсаттарына сәйкестігін үнемі бақылауға бағытталған жобалар портфелін басқарудың процедураларын және тетіктерін қоса бастады.
Малайзия. Малайзия үкіметі инновациялық және коммуникациялық шешімдерді құру мен іске асыруға белсенді қатысады. Малайзия үкіметімен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың тоғызыншы Ұлттық стратегиялық жоспары әзірленді, онда алдағы 10 жылға жоспарлау кезеңімен қызметтің әлеуетті үш технологиялық саласы, сондай-ақ 2020 Көрінісінің қағидаларын іске асыру шеңберінде: сымсыз желілер, жорамалды талдау және үш сатылы Интернет анықталған.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың Ұлттық стратегиялық жоспары экономиканың шешуші секторларының өндірісін арттыруға негіз болады және жаңа ғылыми көлемді өндіріс саласын дамытуға ықпалын тигізеді.
Малайзияның ақпараттық-коммуникациялық технологияларының Стратегиялық Жол картасына Ұлттық ақпараттық техникалық кеңес (ҰАТК) бастамашылық жасаған және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың тоғызыншы Ұлттық стратегиялық жоспарымен қайта қолданылды.
ҰАТК негізгі қызметі елдің әлеуметтік-экономикалық құрылымында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың интеграциясын қамтамасыз ету болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың жетінші Ұлттық стратегиялық жоспарын іске асыруда ҰАТК негізгі мақсаттарын іске асыру үшін ұлттық ақпараттық технологиялар бағдарламасы әзірленді.
Ең үздік мультимедиялық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кәсіпорындарын тарту мақсатында әлемдік класс ортасын қалыптастыру үшін Малайзияда арнайы экономикалық аймақ құру жөніндегі жоба іске асырылды.

MSC келесі жобаларды іске асыру жолымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың басым бағыттарын дамытумен айналысады:
1) ЭҮ;
2) ұлттық көпмақсатты карта (National Multi Purpose Card);
3) смарт-мектептер;
4) телемедицина;
5) е-бизнес;
6) ҒЗЖ кластері;
7) АКТ кәсіпкерлігін дамыту.

АКТ-ны дамыту ғаламдық АКТ біліміне және оларды дамытуға негізделген бәсекеге қабілетті экономика ретінде Малайзияның орнын анықтауда маңызды стратегиялық қозғалтқыш болып табылады. Ақпараттық теңсіздікті төмендететін, қолданыстағы цифрлық қалалар мен жаңа MSC Phase2 дамыту, барлық малайзиялықтардың өмір сапасын жақсарту және биоинформатика сияқты жаңа секторды дамытуды ынталандыруға себепші MyICMS 886 фазалық енгізу көмегімен, жалпы ел бойынша қолданыстағы коммуникация желісін кеңейтуге ерекше мән аударылады.

Бәсекеге қабілетті ІТ-секторы бар елдердің тәжірибелері дербес және нақты қоғам мен тарихи жағдайларға қатысты болғанына қарамастан, кезеңді талдау мемлекетпен қолданылатын бірнеше әмбебап қағидаларды айқындауға көмектеседі, оларды мемлекеттің қолдануы АКТ-ның әлеуетін мемлекеттің және бизнестің жемісті іске асыруына ықпал етеді.

 

Иллюстрациялық материал:слайд

Дәріс. Ақпараттық құқықтың субъектілері. Ақпараттық құқықтың жүйесі, ақпараттық құқықтың құқық жүйесіндегі орны

Жоспар:

1. Құқықтық субъектілері