Тақырып 6. Қазақ философиясы

Жоспар:

1. Қазақтардың дәстүрлі дүние танымы.

2. Жыраулар шығармаларындағы философиялық сарындар.

3. Қазақ ағартушылардың философиясы

4. ХХ ғасырдың басындағы философиялық ізденістер

Қазақстан аумағында Шыңғыс Ханның келуінен көп бұрын ipi сауда және экономикалық орталықтары пайда бола бастады. ІХ–Х ғасырларда қазақ жерінде ғылымға, өнер мен әдебиетке өз үлестерін қосқан адамдар көп болды. Олардың ішінде астроном және математик Аббас Жаухари, түркгі энциклопедиясы ретінде жазылған әйгілі «Диуани лұғат ат-түрiк» шығармасының авторы Махмуд Кашкари бар.

Энциклопедиялық сипаттағы алғашқы еңбекті Жүсіп Баласағұни жазды. Оның “Құтадғу білік» ең6егi ғылым мен мәдениеттін түрлі салалары туралы оқулық жиынағы ретінде бағаланады.

Ж.. Баласағұни дүниетанымының үш тамыры бар деп есептеді. Олар: философиялық, шамандық және исламдық болып бөлінеді.

Қожа Ахмет Иассауи «Диуани хикмет» даналық кітабының авторы. Ол суфизмнің өкілі. Алайда қазақ, жерiнде өмip сүрген ғалымдардың, ортағасырлық философтардың арасында философиялық еңбектері ұзақ уақыт барлық араб тілді философиялық ойдың шамшырағындай болған Әбу Насыр ал-Фарабидін орны айрықша тұрады. (Ол туралы 1.3. параграфтаң қараңыз).

Қазақтың қоғамдық ойы дамуының Қазақстанның Ресейге қосылуы тұсындағы ерекшеліктері. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда басты тұлғалары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин және А. Құнанбаев болған ағарту мәдениеті пайда болып, дами түсті.

Шоқан Уәлиханов (1830-1860 жж.) -ғалым, ағартущы, саяхатшы, этнограф, шығыстанушы. Ол өз дәуірінің ғылым салаларына, оның ішінде саясат пен құқық саласының дамуына белгілі деңгейде үлес қосты. 1858-59 жылдары ол қатерлі Қашқар сапарына шығып, «1858-59 жылдарғы Алтыншара немесе Қытайдың Нанлуының шығыстағы алты қаласының (Кіші Бұқараның) жағдайы туралы» аталатын еңбегін жазды. Этнография туралы аса бай ғылыми мәліметтерден тұратын бұл жұмыста соңымен бірге автордың дүниетанымдық ұстанымдары мен саяси көзқарастары көрсетіледі.

Ол төмендегі тұрғылардан келіп: діни сенімнің шынайы негізін нақты дүниеден, осы дүниенің адамға жасайтын ықпалынан, адамның табиғатқа және өзінің және психикасына қатынасы ерекшеліктерінен іздеуі туралы тұжырымға тоқтады. Ол шамандық пен діннің пайда болуына надандық түрткі болады деп есептеді. Уәлиханов мұсылмандық дінбасыларына қарсы күресті. Шоқанның шығармалары: <Даладағы мұсылмандық жөнінде», »Тәңір», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» т.б.

Ы6ырай (Ибраһим) Алтынсарин (1842-1889 жж.) – Қазақ ағартушысы.

Алтынсарин тек білiм мен оқу-ағарту ici ғана елді билеп­төстеушілердің езгісінен кұтқарады деген сеніммен халық арасына білімді кең таратуды жақтап, жұртының шыңайы өмірге деген көзін ашуға, сөйтіп нақты әлеуметтік прогресс жолын тездетуді уағыз­дады.

Ол мұсылман дінбасыларының надандығын, адамгершілікке жат әрекеттерін қатаң сынға алды.

Алтынсарин халықтың экономикалық және құқықтық дамуына тек зиялы білім ғана мүмкіндік туғызады деп білді.

Ол өзінің дүниетанымдық көзқарасы жағынан деист, яғни алғашқы жаратушы деп құдайға сенді, алайда дүниені жаратып болған соң әлемнің және адамдардың iciнe араласпайды деп есептеді.

Ол «Исариатли ислам», т. б. шығармалардың авторы.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904 жж.) – ақын, композитор, ойшыл, философ.

XIX ғасырдың аяғында қазақ даласында сорақы әділетсіздік қатынастары үстемдік алды. Абай қиянатшыл қатынастарды жақтаушыларға қарсы тұрып, әділетсіздікке көне алмады. Ол қазақтың кедейшілігімен күресіп, қанаушылардың жауы болды. Абай – сыншыл реализмнің негізін қалаушы,”Қара сөздердің авторы».Абай философиясының негізгі принципі: «Адам бол!».

Абай поэзиясында оның әлеуметтік және дүниетанымдық көзқарастарды түзіледі:

Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын...

...немесе

Бай сейілді,

Бір пейілді –

Елде жақсы қалмады...

Абай да мұсылман дінбасыларын сыңға алды. А6ай адамгершілік (этикалық) проблемаларын зерттеді. Ол адамның басы адамгершілік қасиеттері білімге, оқу-ағарту мен ғылымға құштарлықтан негіз алады деп санады. Тек білімді адам ғана өзінің жейтін наның адал еңбекпен табуға тырмысады, әділетке ұмтылып, өзгеге жамандық жасамайды, келеңсіздіктерге қарсы тұрады.

Менсіңбеуші ең наданды,

Ақылсыз деп қор тұтып. Түзетпек едім заманды,

Өзімді тым-ақ зор тұтып.

Абай жалпы көзқарасы бойынша теолог, алайда жеке мәселелерді материалистік тұрғыдан шешеді. Адам дүние мен Құдай үшін

жаратылмаған, керісінше, Құдай мен дүние адамның игілігі мен бақыты үшін 6ерiлген.

Алла ішімді айтқызбай біледі, ойла, Бендесіне қастықпен кінә қойма. Распенен таласпа мүмин 6олсаң, Ойла, айттым, адамдық атын жойма!

Мүмин болсаң, әуелі иманды 6ол, Пендеге иман өзі ашады жол.

 

Абай төмендегі тұғырға табан тірейді: <Біз Алла тағаланы өзінің білгені қатар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін eмec. 3аты түгел, хикіметіне ешбір хаким ақыл ілестіре алмайды. Алла тағала өлшеушіз, біздің ақылымыз – өлшеулі. Өлшеулі бірлән өлшеусізді білуге

болмайды». (Отыз ceгiзiншi сөзінен). Адам Жаратушыны оның жаратқан құбылыстарын зерттеу арқылы таниды. Сол таным арқылы адам өз бойына нағыз адамдық қасиеттерді сіңіре бастайды, Махаббат пен әділеттіліктің құдай мәнінің жоғары формасы екенін түсінетін толық адамға айналады.