Тәжірибелік бөлім

 

 

Қажетті жабдықтар мен реактивтер:

Ерітінділер, заттар,мыс сульфаты (0,5моль/л), ас тұзы (3%-тік), калийдің гексационоферраты K3[Fe(CN)6], күкірт қышқылы (10%-дық), фенолфтолеин, наждак қағазы, сүзгіқағазы, металдар: мырыш, алюминий, таблицалар (кестелер), металдардың электрокернеу қатары, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.

Тәжірибенің орындалуы

Тәжірибе 1. Микрогальвано жұптың түзілуі

Сынауыққа мырыш түйірін салып, қышқыл ерітіндісімен әрекеттестіріп, сутегі газының бөлінуін бақылап, пробиркаға бірнеше тамшы мыс сульфаты ерітіндісімен әсер етіп бақылаңдар.Реакция теңдіктерін жазып, бақылағандарыңды түсіндіріңдер.

Тәжірибе 2. Иондардың коррозияны активтендіруге әсері.

Тәжрибенің орындалуы

Екі сынауыққа алюминий салып, күкірт қышқылымен қышқылдап, мыс сульфаты ерітіндісімен әсер етіп бақылап, пробирканың біріне ас тұзының ерітіндісімен әсер етіп көріңдер.Тәжірибені қорытындылап, реакция теңдіктерін жазыңдар.

Тәжірибе 3. Оттегінің коррозияға әсері

Тәжірибенің орындалуы

Болат пластинкасын наждак қағазымен тазартып, сүзгі қағазымен сүртіп, құрамында фенолфтолеин, калийдің гексацианоферраты және ас тұзы ерітіндісінен тұратын қоспадан тамызып бақылаңдар.Бақылауларыңды реакция теңдеулерін жазу арқылы түсіндіріңдер.

Бақылау сұрақтары мен жаттығулар

 

 

16.3.1 Коррозия деген не?

16.3.2 Коррозия қалай бөлінеді?

16.3.3 Химиялық және электрохимиялық коррозиясының айырмашылығы қандай?

16.3.4 Коррозия жылдамдығына, оның жүруіне әсер ететін факторлар қандай?

16.3.5 Металдарды коррозиядан қорғау әдістері

16.3.6 Катодтық, анодтық қорғауға мысалдар келтір.

а) мырыш мыспен,

ә) мырыш темірмен жанасқан болса, қай жағдайда мырыш коррозияға

ұшырайды?

16.3.7 Сірке қышқылы ерітіндісіне

а) қорғасын пластинкасы,

ә) қорғасын мен мырыш жанасқан пластинка батырылған.

Қай жағдайда қорғасын тезірек бүлінеді?

16.3.8 Платина мен күмістен жасалған тигельдерді ауада қыздырғанда, олардың массалары өзгермейді, ал темір мен мыстан жасалған тигель болса, олардың массалары артады, неліктен?

16.3.9 Тотияйын ерітіндісін а/ мырыш жалатылған: б/ қалайыланған шелекке құйып сақтауға бола ма? Неге?

16.3.10 Мыс тұзы ерітіндісі арқылы сутегін жіберсе ешбір өзгеріс байқалмайды, егер ерітіндіге платина пластинкасын салса, пластинка бетін жұқа қабат басып, ерітінді түссізденеді. Осы құбылысты металдардың электрохимиялық кернеу қатарымен байланыстыра түсіндіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.

 

Жазба жұмыстары түрінде рәсімдеу

16.4.1 Металдар коррозиясының анықтамасы.

16.4.2 Коррозия түрлері: химиялық,электрохимиялық.

16.4.3 Металдарды коррозиядан қорғау

17 МЕТАЛДАРДЫ КОРРОЗИЯДАН ҚОРҒАУ

 

Теориялық бөлім

Металл бұйымдарын коррозиядан қорғаудың бірнеше әдісі бар.

1. Легирлеу.

2. Коррозия жүретін ортаны өзгерту.

3. Корғаныстың жабын қабатын түзу.

4. Коррозиядан электрохимиялық тәсіл арқылы қорғау.

5. Металдан жасалған машина тетіктерін тиімді құрастыру.

Легирлеу – металға коррозияға беріктігін арттыратын қоспалар енгізу. (Татқа берік болат алу үшін болатқа хром және никель қосылады: магнийді легирлеу үшін марганец қосылады т.т.)

Қорғаныстың жабын қабатын түзу.

а) коррозиядан қорғалатын металл бетіне ылғал тигізбеу үшін оны органикалық заттармен (лак, бояу, май, полимер) қаптайды.

б) кейбір металдар бетін оксидтер және фтораттармен, өте берік қабатпен қаптайды;

Мысалы: FeO, Fe2O3, Al2O3, Fe3(PO4)2, Mn3(PO4)2

в) металл бетін басқа металдармен қаптау анодтық және катодтық болып бөлінеді.

Анодтық қаптау кезінде – қорғалатын металл өзінен активті металмен қапталады. Егер металл бетінің біртұтастығы бұзылса, гальвани элементі жұмыс істейді, активті металл анод ролін атқарып, ол толық бұзылып болғанша металл коррозияға ұшырамайды.

Ал, активтілігі төмен металмен қаптау (катодтық) кезінде, металл бетінің біртұтастығы бұзылғанда қорғалатын металл бүліне бастайды, сондықтан бұл жағдайда металл бетін бүлінуден мұқият сақтау қажет.

Электрохимиялық қорғау.

Протекторлы қорғау. Егер коррозиядан қорғалатын қондырғы электролит ерітіндісінде болса (кеме корпусы, труба) өткізгіш активті металдан жасалатын протектормен жалғастырылады.

Протекторлы қорғау схемасы:

анодтық процесс: Zn0 -2e ® Zn2+

катодтық процесс: (Fe) O2 + 2H2O +4e ® 4OH-

Протектор бүлініп болғанша металл бүлінбейді.

Катодтық қорғау. Коррозиядан қорғалатын металл бұйым тұрақты ток көзінің теріс полюсіне (катодқа) жалғанады, ал анодқа металл сынықтарымен жалғастырылып, тығыздығы аз ток жүргенде анод активті коррозияға ұшырайды да, катодқа қосылған металл бұйым бүлінбейді.

 

Катодты қорғаудың схемасы

мұндағы, 1-труба 2-металл сынығы 3-ток көзі  

Коррозия жүретін ортаны өзгерту.

а)коррозия тудыратын орта концентрациясын азайту.

Суда еріген оттегі мөлшерін азайту үшін оны қыздыру қажет, не болат қиындылары салынған сүзгіден суды өткізуге болады. Қышқыл ортаны бейтараптау үшін сөндірілген известь (СаО), не натрий гидроксидін (NaOH) пайдаланады.

б)ингибиторлар (коррозия жылдамдығын кемітетін зат) қосу.

Ингибиторлар органикалық та, бейорганикалық та зат болады, олар металл бетіне сіңіріледі де коррозиядан қорғауға мүмкіндік береді.

Металл тетіктерін тиімді құрастыру.

Белгілі бір қондырғы жасаған кезде металдар табиғатын еске алып, тиімсіз контактілерді болдырмауға тырысу қажет.

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС «МЕТАЛДАРДЫ КОРРОЗИЯДАН ҚОРҒАУ»