Тақырып 6. Салықтар және салық салу.

Сабақтың мақсаты -салықтар және салық салуды терендетіп түсіну.

 

Сұрақтар:

 

1. Салықтардың экономикалық мәні .

2. Смиттің салықтар туралы сөзі.

3. Салық салудың әділдік қағидаттары.

 

Ұйымдык құқықтык жағынан салықтар-бұл мемлекет бiржакты тәртіппен заң жүзінде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке төленетің қайтарусыз және өтеусiз сипаттағы мiндеттi ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінiн функциялары мен мiндеттер жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлыттық ттабыстың бiр бөлігi болып табылады.

Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттары:

1) салық салық төлеушінің эркайсысының табысына сәйкес алынуы тиiс.

2) Салықтын мөлшерi мен оны төлеушi үшін қолайлы уакытта жеке әдіспен алынуы тиiс.

3) Әрбір салық - салық төлеушi қолайлы уакытта және әдіспен анықталуы тиiс

4) Салықты алудың шығындары өте аз болуы тиiс.

Салық салудың әділдік қағидаттары мыналар:

1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады.

А) деңгейлес теңдікке

Б) сатылас тендікте.

2. Қарапайымдылық қағидаты.

3. Салықтардың анықтығы.

4. жеңілдіктердің ең аз саны.

5) Салық салудың экономикалық бейтараптығы.Салықтар экономикалық жумыстарын iстеуiн жаксартуга ж-е инвестициялардың өсуіне кедергi жасамауы тиiс.

6) Экономикалық қатынастар бойынша осы елдiн басқа әріптес елдермен салықтарын негiзгi түрлер бойынша салық мөлшермелернiң салыстырмалыгы.

Барлық өркениеттi елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жiктеледi:

Салық салу обьектлер бойынша

Салықты алатын ж-е салықтан жиналған сомага билiк жасайтын орғанга қарай:

Пайдалану тәртiбi бойынша:

Обьектiлердiн экономикалық белгiсi

Салықтарды салу обьектiсi бойнша олар тура ж-е жанама салықтар болып екіге бөлінeдi.

Тура салықтар-салық төлеушінің кiрiсі мен мүлікiнен тiкелей төленген салықтар. Оны өз кезегiнде нақты ж-е жеке салықтарга жiктеледi.Нақты салықтар салық төлеушiлердiн мүлікнiн кейбiр түрлерiне салынады.

Қазіргі кезде салықтар фискалдық рететуші және қайта болу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзнідік ерекшеліктерін білдіреді.

Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканың әлеуметтік –мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметтің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің , алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.

Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады.

Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

 

Әдебиеттер:

1. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Бағалы қағаздар нарығын реттеу. /оқулық/. РМК «АӨА экономикасы және ААД ҒЗИ» баспаханасы Алматы 2007.

2. Ібрішев И.И., Үркүмбаева Ә.Р. Банктік тәуекелдер. /оқу құралы/. Қазақ көлік және Коммуникациялар академиясының баспасы. Алматы 2009.

3. Әділов Ж.М., Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Инвестиция менеджменті. /оқу құралы/.ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

4. Тінәсілов М.Д. Банк менеджментін ұйымдастыру. /оқулық/. ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

5. Тінәсілов М.Д. Сақтандыру ісінің қаржылық негіздері. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2011.

6. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Қаржы негіздері: теориясы, тәжірибелер мен есептеулер. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2016.