Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік

Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі – оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін.

Оқыту – оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену (учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-əрекетін танытады. Мұғалім мен оқушының бірлікті іс-əрекеті болған оқу процесінің мəні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1)екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті əрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу жəне басқару; 5) біртұтастық жəне бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сəйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тəрбиесіне жетекшілік.

Оқу жəне білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика»термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке(1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мəнін аңдатқан. Ал Я.А.Коменскийдидактиканы «баршаны барлық нəрсеге үйретудің əмбебап өнері» деп түсіндірген.

Дидактика өз пəні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нəтижесіне негіз болар тəуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші əдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді.

Қазіргі педагогика ғылымында «оқу процесі» ұғымына орай келесідей анықтама қабылданған: «оқу процесі – бұл барысында білім беру, игеру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс -əрекет».

Оқу процесі бірнеше қызметтерді – білімдендіру, дамыту, тəрбиелеу, ынталандыру жəне ұйымдастыру – атқарады. Бұлардың бəрі кешенді іске қосылады.

Дидактика - педагогика ғылымының жетекші салаларынын бірі. Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы болғандықтан оның негіздерін талдайды. Дидактиканың қарастыратын басты мәселелері мынау: оқытудың заңдылықтары мен үрдістері (процесі), оның мақсаты, білімдендіру мазмұнының ғылыми негіздері, әдістемелері, оқытудың формалары мен құралдары. Ал жалпы педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері — барлық пәндерге ортақ және оның деңгейіне үйлесімді тәсілдері мен жолдары және оқытудың мақсатына қарай нені оқыту мен қалай оқытудың теориялық негіздері болып табылады. Сондай-ақ жалпы педагогика жеке пәндерді оқыту мен білім беру әдістерін қоса қамтып, яғни бастауыш мектеп, орта оқу орындары мен жоғары мектептерде білім беру жолдарын бірлікте зерттейді. Жинақтай айтқанда, жалпы педагогика жеке пәндерді оқытудың теориялық негіздерін білгізумен қатар, сол жүйеде жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйеніп нақты тұжырымдық қорытынды жасайды. Дидактиканың негізгі міндеті мынау: біріншіден, оқыту үрдісін (процесін) түсіндіру, сипаттау және оны меңгеру мен жүзеге асыру жолдарын көрсету, екіншіден, оқыту үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын, амал-тәсілдерін, ең жаңа жетілген технологиялық жүйелерді білгізу.

Педагогика пәнін терең түсіну үшін оның дидактикалық категорияларын ұғыну керек. Ал дидактикалық категорияның бастау бұлағы — педагогикалық жүйе болып табылады. Сонда дидактикалық категорияның негізін айқындайтын құрылымы мынау: білім беру, оқыту, мақсаты, мазмұны, міндеттері, дидактикалық үрдіс (процесс), әдістемелері, құралы, оқыту формасы, окытудың заңдылықтары, принциптері және оқытудың нәтижесі.

Дидактикалық жүйе негізінен теориялық және қолданбалы практикалық мәнде болғандықтан педагогика ғылымының аумағы кең, қамтитын деңгейі қарқынды сала болып табылады. Өйткені дидактика оқыту мен білім беру негіздерінің терең де жан-жақты болуына мән береді. Сондай-ақ оқыту үрдісін талдап, оның әрбір кезеңдері мен қарым-қатынас ерекшеліктеріне мән-мағына беріп, зерттеп, тұлғаны терең де тиянақты білімдендіру жолдарын нақтылайды. Мұнымен қатар оқу үрдісін жобалау, оның нақты мән-мазмұндық сипатын анықтау білімдендірудің негіздерін дәлді белгілеу мәселелерін қоса қамтиды.

Оқыту процесі педагогикалық-психологиялық тұжырымдамаларға негізделеді де содан бастау алады, сондықтан да қазіргі кезеңде дидактикалық жүйе немесе оқыту моделі деп аталады. Мұндағы басты ерекшелік оқытудың принциптерін, мақсатын, мазмұнын, оқыту құралдарын сипаттау. Дидактика саласында алуан түрлі жүйелер болған, оны саралай келгенде үш топқа топтастырған орынды: 1. Дәстүрлі жүйе. 2. Педоцентристік жүйе. 3. Қазіргі дидактикалық жүйе. Бұл жүйелердің әрқайсысының ұстаған бағыт-бағдары бар және теориялық ұстанымы оны өмірге әкелген ғалымдардың көзқарасына, көрсеткен жол-жобасына байланысты. Сонымен қатар оқыту үрдісі дидактикалық тұжырымдамадан туындайтын, содан бастау алатын және жүзеге асатын құбылыс. Топтастырылған жүйенің әрқайсысына тән басты сипаттары мыналар:

1. Дәстүрлік жүйеде оқыту, білім беруде мүғалімнің әрекеті шешуші роль атқарады. Дидактикалық бұл тұжырымдама педагогика тарихына Я.Коменский, И.Песталоцци және И.Гербарт арқылы өріс алды.

2. Педоцентристік жүйеде оқып, білім беруде мұғалімнің жетекшілік назары шәкірттің іс-әрекетіне бағдарланады. Бұл жүйе негізінен Д.Дьюиден басталып, еңбек мектептері саласында Г.Кершенштейнер арқылы, ал XX ғасырдың алғашқы кезеңіндегі мектеп реформасына байланысты В.Лаяның педагогикалық теориясы бойынша өркендеді.

3. Қазіргі дидактикалық жүйе — оқыту мен білімді меңгеру бірлікте қарастырылады. Демек, оқыту үрдісіндегі екі жакты іс-әрекеттің бір арнадан тоғысуы дидактикалық пәндік негізіне саналады. Ал қазіргі дидактикалық тұжырымдамада бірнеше бағдар бар. Олар мыналар: программалап оқыту, проблемалық оқыту, дамыта оқыту — бұл жүйенің бастаушылары П.Гальперин, Л.Занков, В.Давыдов т.б. когнитивтік психология (Дж. Брунер); Кеңестік жүйеде 80 жылдары етек алған ынтымақтастық педагогикасы мен педагогикалық технология.

Дидактикалық дәстүрлі жүйе. Еуропа елдерінде бұл жүйе неміс ғалымы И.Ф.Гербарттың идеяларынан бастау алып, бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Гербарттың ұстанған жолы – оқытудағы басты мақсат – тұлғаны қалыптастыратындай теориялық білім, білік беріп, ұғым түсінігін дамыту. Сонымен бірге, ол оқыта отырып тәрбиелеу принципін енгізді. Демек, оқытуды ұйымдастырудағы негізгі бағдар тұлғаны қалыптастыру болса, әрбір оқушы адамгершілік жағынан жетіліп шығады деген ойды қуаттады. Оқыту процесінде Гербарт мынадай басқыштық жүйе қолданды: тиісті материалды оқушыға түсіндіру, ұғындыру, тұжырымдау, іс-әрекетке келтіру. Ұсынылып отырған бұл жүйе міндетті түрде сақталуға тиіс, орындау міндет болғандықтан, оқылатын пәннің деңгейіне қарамастын бұл шартты жүзеге асыру заңдылық болып саналды. Әрине, бұл теория білім беруді ұйымдастыруда мұғалімнің іс-әрекеті негізінде, арнайы түсінік қалыптасып, ұғымды нақтылауда, оқушының тиісті материалды түсініп, қойылған міндетті меңгеруіне және жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Күні бүгінге дейін жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, пысықтау, қайталау, жаттығу жүйесі сақталып келеді. Сабақтың логикалық жүйесін құруда және оны жүзеге асуын орындауда өзіндік мәнін жоғалтқан жоқ.

Солай болғанымен де ХХ ғасырда бұл жүйе қатаң сынға ұшырады. Дидактикалық дәстүрлі жүйені сынаушылар мұндағы кемшілік – кітаптағыны ауызша қайталап беру, тыңдаушының дербес ерекшелігімен есептеспеу, дайын түсініктерді меңгерумен шектелу болғандықтан оқушының ойлау белсенділігіне ықпалы аз, оларды ақыл-қабілетін жетілдіре алмайды деп қарады. Сондай-ақ, бұл жүйе әміршілдік бағдарда болғандықтан оқушылардың өзіндік ойлауы мен өзінше ізденуіне деген ынта-ықыласын тежейді деп тұжырымдама жасады.

Дидактикалық педоцентристік жүйе. Батыс Еуропа елдеріндегі, әсіресе, АҚШ-тағы мектептерге ықпал еткен американдық педагог Д.Дьюи болды. Оның іскерлікке бағытталған оқыту теориясы тез қанат жайды. Д.Дьюидың теориясы бойынша оқыту процесі оқушының қабілетіне, қызығушылық ынтасына, қажеттілігіне үйлестіре құрылуы керек деген идеяға бағытталады да, бұл ұстаным білімдендірудің негізгі талабына айналды. Оқытудың мақсаты балаға әртүрлі білік дағдыларын қалыптастырып, ақыл-ой қабілетін жан-жақты дамыту деп қарады. Осы орайдан білім беруде оқушыға тек дайын білімді меңгертіп, оны қайталаумен шектелмей оқушының өзіндік ізденісіне, өзіндік әрекеттенуіне бағдар беріп, оны іштей сезіндірсе, көңіліне қондыруды қалыптастыру көзделеді. Бұл жүйедегі оқыту процесінің құрылымдық жолы мынау - іс-әрекеттегі қиындық пен күрделілік неде екенін түсіну, шешілуге тиісті қандай проблема бар және осы орайдан кездесіп отырған бөгет пен тосқауылдардың мәнін айқындай алу. Оқыту процесінің орындалу кезеңдері ғылыми зерттеушілік тұрғыдағы ізденіс негізінде жүзеге асырылады. Әрине, мұндай жол адамның таным белсенділігін жігерлендіріп, ойлау қарқыны мен деңгейін көтеріп, қойылған проблеманы шешу дағдысын өркендетеді.

Қазіргі дидактикалық жүйе. Мұғалім оқушының білім жолындағы таным-түсінікті меңгеруін, іс-әрекетін басқарып, оны тиімді ұйымдастыруға жетекшілік ете отырып, оларды өздігінен әрекеттенуге ынталандырып, қазіргі замандағы білімдендірудің жаңа технология жетістіктерін пайдалана білуге дағдыландырады. Сонымен қатар дәстүрлі дидактиканың және зерттеуге бағытталған ізденушілікке ынталандыратын әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, білімдену құрғақ жаттау емес, ой-толғаныссыз қайталау емес, саналылыққа негізделген терең түсінікті меңгеру екендігі ескеріледі. Екінші сөзбен айтқанда, тек репродуктивті әдіспен шектеліп қалмай, әрбір тұлғаның өздігінен іздене білуге, шығармашылыққа машықтана білуге жіне оның тиімді жолдарын табуға баулитын бағдар беру басты шарттқа айналды. Уақыт талабына сай компьютерлік жүйе қосылып, ізденістің жаңа жолдарын өрістету кеңінен орын алды.

Ілім - танымдық үрдісті дамытатын қозғаушы күш. Оқушының алған ілімдік білімі оның дүниетанымдық көзқарасын, нанымын, сенімін қалыптастырады. Ал ғылыми көзқарас, дүниетаным тұлғаның өзін қоршаған өмірді, құбылыстарды тануға, оған объективтік баға бере білуге мүмкіндік жасайды. Тұлғаның дүниетанымы тиісті түсінікті игеруге бағыттап, айқындап, бағдарлаудың көрсеткіші негіздеріндегі идеялық, ғылыми және имандылық, адамгершілік, эстетикалық дамуын қалыптастыратын ынта-ықыласына, мұратына жол-жосық сілтейтін құбылысқа айналады. Мұның сапалық көрсеткіші оқушының болашақ тағдырына жалғасып, оның өмірге, қоғамға, табиғатқа, қоршаған ортасына, адамдарға деген өмірлік позициясын, сенімін, мұратын, іс-әрекетін айқындауға ықпал етеді. Ал ғылыми дүниетанымнын құрылымдық компоненті - ғылыми зерттеудін нәтижелік көрсеткішіне, былайша айтқанда, ғылыми білім жүйесіне, сеніміне, тұлғаның мұраты мен дүниетаның түсінігіне тәулді деп білсек, оның объективтік негізін бейнелейтін адамнын тәжірибесі, нақты әрекеті болып табылады. Тұлға білім арқылы адам табиғатын, қоғамдық құбылыстарды, ондағы объективтік заңдылықтарды зерттейді, түсінеді, ұғынады, қабылдайды, көзқарастық сенім қалыптастырады да сол түсінігі негізінде қарым-қатынасқа келіп, әрекет етеді, пайымдау жасайды, танымдық тұжырымға келеді. Ғылыми білімді қабылдау тұлғаның сенімін бекітіп, тиянақты ой қорытындысын жинақтап, шындықты терең тануға жол ашады. Түсінігінің кемелді, мұратының мақсатты, әрекетінің нәтижелі болуына бағдар береді, мақсатқа қол жеткізуіне мүмкіндік туғызады.

Әрине, дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Әрбір тұлғаның көзқарасы, сенімдік жүйесінің қальштасуы және сапалық деңгейі оның өмірлік тәжірибесіне, ғылыми әзірлігіне т.б. факторларға байланысты. Мұның бәрінің философиялық негізі - оқушыны енбеккерлікке жауапкершілікке, өздігінен әрекеттене білуге баулып, ізденісі мен атқарған ісіне сын көзбен қарап, баға беріп, тұжырым жасай білумен сабақтас екендігін мойындата алумен шарттас.

Педагогика саласындағы оқулықтар мен оқу құралдарында «педагогикалық үрдіс» - «процесс» деген латын сөзінен бастау алған термин арқылы жазылып келеді. Терминнің дәл мағынасы - ілгерілеу (продвижение), әрекеттің нәтижеге жетуі болса, мұның жүзеге асуына жетекшілік ететін бастаушы мұғалім екені белгілі. Осы орайдан мақсатқа жетіп ілгерілеудегі педагогикалық үрдістің іс-әрекетке айналудағы заңдылықтарға мұғалімнің мұқият қарауына және оның белсенділігі мен бейілділігіне байланысты.

Психологиялық тұрғыдан алғанда оқыту үрдісі - оқушынын оқу жүйесіндегі іс-әрекеті. Оқыту үрдісінін логикалық құрылымын айқындайтын танымдық іс-әрекет. Былайша айтқанда, танымдық ойды түсіну, қабылдау, ұғыну, білімдік дағдыны меңгеріп, сананы жетілдіріп және оны практикада қолдана білу. Сондай-ақ білімдік түсінік пен іскерлікті талдап, тексеріп, бағалау және қабылдаған, ұғынған таным-түсініктерін өз бетінше қайталап дамытуға машықтану.

Оқыту үрдісіндегі негізгі зандылық: нақты аңғарудан абстракты ойлауға және одан практикаға көшу - ақиқатты танудың объективтік реалдықты білудің диалектикалық жолы екендігін мойындауда. Олай болса, оқыту үрдісі білім жүйесіндегі мотивке де байланысты. Өйткені себепсіз салдар болмайды ғой. Ендеше мотив - адамның объективті қажеттігін, мұқтаждығын және ынтасьш бейімдейтін әрекеті, іштей талпынысы мен талабы. Мұны сезіну оқуға, білуге деген ықыласты көтереді. Мотив оқушының білім алуға деген қызығушылығын және перспективтік үміт талабын демеп, ілгері іздене түсуге құлықтандырады. Әрине, мотив оқушының жас ерекшелігіне, білім деңгейінің дамуына байланысты өзгеріп отыратын және бағдарланып басқарылатын үрдіс. Демек, ілімді игерудін мәні - іс-әрекетпен шарттас деп қалсақ одан туындайтын үрдіс білімді ұғынумен қатар оны әлеуметгік тәжірибеде қолдануға да, меңгеруге де байланысты.

Оқытудың жүйесі мен оның түрлері. Дидактикада окытудың теориялық негіздеріне байланысты үрдісті зерттеуші ғалымдар әр түрлі мәнде түсіндіреді және оның құрылымдық жүйесі жөнінде де бірыңғай, біртекті ұғым қалыптаспаған. Ал оқытудың түрлерін белгілеу окытудағы іс-әрекет пен оның сипатына негізделеді. Мұндағы оқытудын мазмұны, әдістемесі, құралына байланысты басты түрлері мынау: а) түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту; ә) проблемалық оқыту; б) бағдарлап оқыту т.б.

Оқу орындары арқылы білім беру тарихында ұзақ уақыттан пайдаланып келе жатқан және оқытудағы дәстүрлі жол -түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту. Мұның басты сииаты оқушыға жаңа білімді таныстырып, жаңа ұғымдар мен теориялар, заңдар туралы түсінік береді. Оқушылар дайын білімді қабылдап, жаттанды түрде меңгереді де, олардың өздігінен ойлануына көңіл бөлінбейді, басқаша айтқанда тұлғаның дербестігі мен ішкі мүмкіншіліктері ашылмай тек айтқанды орындау шеңберінде қалып қояды.

Проблемалық оқытуда мұғалім оқушыны білім жүйесін ұқтыру мен іскерлік дағдысын қалыптастырумен қатар шәкірттің танымдық, шығармашылық бағдарда болуына жол нұсқайды. Тиісті тақырып бойынша проблемалық сұрақтарды шешудің варианттарын қарастырып, оны шешу шәкірттің үлесіне тиеді. Жаңа білімді игеру барысында оқушының өздігінен ізденіп және оны практикада қолдана алу бағдарында еңбектенеді. Проблемалық оқытуда оқушының ғылым негіздерін меңгерудегі дербестігін, қабілетін дамыту көзделеді. Оқушыны ойланту, іс-әрекеттегі ізденісі үшін репродуктивтік, продуктивтік және шығармашылық жолдар сәйкестіріле пайдаланылады. Репродуктивтік жолды ұстанғанда атқарылатын іс-әрекет үлгі, алгоритм бойынша орындалса, продуктиктік жолда оқушы ситуацияны өзінше шешуге әрекеттеніп, жаңаша ізденуге мән береді. Ал шығармашылықта эвристикалық іс-әрекетке көшіп, проблеманы шешуде кенеттен келген ойларын ұсынып, жұмысты өзінше орындайды. Оқытудың бұл түрінің жетістіктері мен жеке олқылықтары төменде көрсетілген.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру мақсатында 1962 жылы Париж қаласында өткен ғалымдардың халықаралық конференциясындағы пікірлесу нәтижесінде ЮНЕСКО мақұлдаған келісім бағдарлы оқыту жүйесін өрістетті. Мұндағы басты ерекшелік - оқыту үрдісін басқару жолы жетілдірілген, оқушы өзін-өзі тексереді және бағдарлы оқытуға арналған оқулық, оқу құралдары мен құжаттарда берілген мағлұматтарды шәкірттің қаншалық меңгергендігін тексеруде машина қолданылады. Сондай-ақ материалы логикалық жағынан жеке бөлшектерге бөлінеді. Әрбір бөлімді меңгерген соң оқушы алған білімі бойынша сұрақтарға жауап беріп, тестілік сауалдаманы орындайды. Жауаптары дұрыс болса, келесі бөлімге өтеді, ал жауаптарында қате кетсе, қайталап оқып толық меңгермейінше жаңа бөлімге өтуіне болмайды. Белгіленген тәртіпті сақтау міндет. Төменде толық мағлұмат ұсынылған.

Түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту.Оқытудың бұл түрінің басты сипаты-мұғалімнің тиісті материалды талдап түсіндіруін оқушы сол дайын күйінде қабылдап, қайталап беру арқылы білім алады. Дидактикалық бұл үрдіс мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті негізінде жүзеге асатындығын педагогика оқулықтары мен әдістемелік оқу құралдарында жан-жақты баяндалған. Оның екі жақты әрекеттегі жүйелілік мәні мынау:

 

Оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті Оқудаты оқушының іс-әрекеті
1. Білімдік жаңа түсінік беру. 2. Оқу материалын ұғынуды ұйымдастыру. 3. Алған білімін пайдалана білуді ұйым-дастыру. 4. Оқыту материалын бекітуді ұйымдастыру. 5. Алған білімін қолдана білуді, меңгерген деңгейін бағалауды ұйымдастыру. 1. Білімдік мағлұматты қабылдап түсіну. 2. Оқу материалын ойланьш, ұғымдық түсінігін кеңейту. 3. Меңгерген білімдік материалдарын пайдалану. 4. Оқу материалын қайталап бекіту, пысықтау. 5. Алған білімді жаттығулар негізінде, түрлі тапсырманы орындау арқылы жүзеге асыру.

 

Білім беру саласында түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту жолының мәнділігі ой-пікір айқын, жүйелі болғандықтан ондағы мағлұматты оқушы қиналмай-ақ тез ұғынады, сол күйінде қайталап айтып бере алады. Ал мұндағы әлсіздік - берілетін білім-түсінік репродуктивтік, яғни қайталау түрінде келеді де, оқушының іс-әрекеттегі өзіндік ізденісі мен өзінше ойлануына онша мән берілмейді. Орта оқу орындарындағы білімдендіру жүйесінде осы жол етек алған. Педагогика тарихында И.Гербарттық деп аталып дәстүрлік бұл жолдан көптеген мқғалімдер шыға алмай шырмалап келеді, өйткені жаттандылық түріндегі оқытуға тым бейімделіп кеткендікпен қатар, екінші жағынан пәндік әдістемелік әдебиеттер осы жүйеге бағдарланған.

Проблемалық оқыту.Проблемалық оқытуда мұғалім оқушы білуге тиісті таным-түсінікті өзі айтып бермейді, қайта шәкіртке іздетеді. Олар ұғынуға тиісті заңдар мен заңдылықтарды, теориялық танымды, ақыл-ой тұжырымдамаларды оқушьшың өздеріне іздету арқылы тапқызып, деректерді талдап талқылау арқылы жеткен нәтиже, түсінік-танымы тиісті білімді меңгеруі болып шығады. Сонда бұл жол проблеманы шешу, түрлі проблемалық ситуацияны талдау, болжамды айқындау, күрделі мәселе түйінін тарқату, мүмкіндігіне қарай тәжірибеде сынау нәтижесінде қол жеткен таным-түсінікті меңгеруді оқушының алған білімі деп танимыз. Мұндай іс-әрекет барысындағы жүйе мынау:

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1. Проблемалық ситуация туғызу. 2. Проблеманың мән-мазмұны туралы ойлауды ұйымдастырады. 3. Тиісті қарама-қайшылыққа байланысты туындап отырған болжам жорамалды шешуді ұйымдастырады. 4. Болжам жорамалды тексеріп көруді ұйымдастырады. 5.Жүзеге асырылмақ нәтижеге байланысты тұжырымдама жасауды ұйымдастырады. 1. Кедергі мен қайшылық неде екенін аңғарып, оны зерттеп білу. 2. Шешуге тиісті проблеманы айқындайды. 3. Тиісті мәселеге байланысты өзінше болжам, жорамал жасап оны шешуге талпынады. 4. Болжам жорамалға талдау жасап, қойылған міндетті шешуді тәжірибеде сынап байқайды. 5. Қол жеткен нәтижені талдап, тиісті қорытынды жасап, алған білімін жүзеге асырады.

 

Проблемалық оқытудың пайдалы жағы оқушыны шығармашылыққа бейімдеп, күрделі мәселені шешу жолындағы ізденіске құлшындырып, ойлау кабілетін дамытады. Оқушының ойлауын жетілдіріп, ой еңбегіне қызықтырып, ақыл санасын өрістетуге ықпал етеді.

Проблемадан туған кедергіні жеңу жолындағы ізденісі мен талпынысы шәкірттің білім білігінің нәтижелі, таным-түсінігінің жоғары деңгейге көтеріле түсудегі мүмкіндігін арттырады. Оқушыны ой еңбегі саласында тиісті дәрежеге жеткізеді, іздеп таба білуге машықтандырады.

Әрине, проблемалық оқытуды білім берудін мінсіз түрі деп келмейді. Мұндағы басты кемшілік оқытылуға тиісті материалдың сипатына байланысты оқытудың бұл түрін үнемі найдалана беруге келмейді. Өйткені оқушының әзірлік деңгейі және мұғалімнің кәсіби ізденісі үнемі сәйкес келе бермеуі де ықтимал. Сонымен бірге проблемалық оқыту көп дайындықты, жан-жақты ізденісті талап ететін білімдендірудің күрделі түрі және оның әдістемелік моделі оқытылатын пәннің, тиісті тақырыптың ыңғайына қарай жасалады.

Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі – оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.

Ежелгі жəне ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында “оқу”, “оқу процесі” ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание) білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті – оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту – оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену (учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-əрекетін танытады. Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-əрекет тəсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-əрекетін де , мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-əрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен оқушының бірлікті іс-əрекеті болған оқу процесінің мəні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті əрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу жəне басқару; 5) біртұтастық жəне бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сəйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тəрбиесіне жетекшілік.

Оқу жəне білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мəнін аңдатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нəрсеге үйретудің əмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тəрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас жəне қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету жəне қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса –қашан, қай жерде, кімді жəне не үшін оқыту қажет деген мəселелерді қарқынды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, əдістері, құрал-жабдықтары, нəтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе жəне оқу технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика- бұл оқу жəне білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, əдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нəтижелері жөніндегі ғылым.

Дидактика өз пəні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нəтижесіне негіз болар тəуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші əдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика жəне болжастыру); 2) практикалық (қалыпты іс-əрекет, құралдар дайындау).

Дидактика барша пəндер бойынша жəне оқу іс-əрекетінің барлық деңгейіне орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы жəне жекеленген болып бөлінеді. Жалпы дидактиканың зерттейтін пəні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан жағдаяттары мен оларды орындау шарттары жəне соның арқасында жетілетін нəтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту əдістемесі деп аталады. Ол əртүрлі оқу пəндерінің желісін , мазмұнын, оқыту формалары мен əдістерін қарастырады. Əр оқу пəні өз əдістемесіне ие.