Оқыту әдістерін таңдау және қолайлы етіп пайдалану.

Оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін үйлесімді етіп таңдап ала білуге байланысты. Н.К.Крупская оқыту әдістерін таңдап алуда оқушылардың өмір тәжірибесін, білім қорын, іскерлігін есепке алуды талап етеді. Әрине, бұл негізгі талаптардың бірі. Бірақ, оқыту әдістерін таңдап алу үшін төмендегі критерийлерді басшылыққа алған жөн:

1. Әдіткердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сәйкестігі.

2. Әдістердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.

3. Оқыту әдістерінің тақырып мазмұнына сәйкестігі.

4. Оқыту әдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне (жас және дербес ерекшеліктеріне) сәйкестігі.

5. Әдістердің мұғалімдердің мүмкіншіліктеріне сәйкестігі (тәжірибесі, білімі, қабілеті, жалпы білімдарлығы).

6. Оқыту әдістерінің мектептің материалдық және техникалық базасына сәйкестігі.

7. Әдістердің сыртқы жағдайлардың ерекшеліктеріне сәйкестігі. (төңіректегі өндіріс объектілері)

 

Дәріс

Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу

Жоспары:

1. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау.

2. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау.

3. Оқушылардың білім, білік, дағдыларының нәтижесін есепке алу

Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі.

Іскерлік -алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады.

Дағды- бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтану.

1. Оқыту процесінің маңызды компоненттерінің бірі-бақылау, баға қою және есепке алу. Бұл ұғымдардың әрқайсысының өзінше мәні және ерекшелігі бар. Олар оқу -тәрбие процесін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты.

Бақылау- бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс-әрекетін меңгерудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психолгиялық- педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі тиіс. Егер кейбір оқушы тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өріскел сөздер айтып ескерту жасауға болмайды.

Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды іс-әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін дамытуы тиіс. Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алу өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Олар тақырыптық бақылау, тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау, қорытынды бақылау.

Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.

Тараулар бойынша оқтын - оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бақылаудың мақсаты оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары және түрлі техникалық құралдар (оқыту машинасы, компьютер, электронды-есептеуіш машинасы т.б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында пәндер бойынша оқушылардың алған білімінің көлемін және сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.

Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және практикалық білімдері негізгі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.

Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді.

Егер оқушының дайындығы жеткілікті болса, ол дұрыс жауап беріп, оны мына бақылау картасы арқылы табуы керек.

 

Код нөмірлері Сұрақтар рим цифрымен
І ІІ ІІІ ІV V

 

Бірінші графада код нөмірлері араб цифрларымен (ІІ), бірінші-бесінші графаларда сұрақтар рим цифрларымен белгіленген, ал, клеткалардың ішіндегі сұрақтардың варианттары араб сандық белгілерімен көрсетілген.

Сұрақ №1. Оқыту процесі дегеніміз не, оны дәлелдеп, толық жауап беріңіз.

Жауаптың варианттары:

1. Оқыту міндеттерін шешуге бағытталған танымдық әрекеттердің жүйесі.

2. Мұғалім мен оқушылардың оқыту процесін жүзеге асыруға бағытталған бір ізділік әрекеттерінің жиынтығы.

3. Білімді, іскерлікті және дағдыны игеруге және жеке адамның тәрбиесі мен дамуына бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеті.

4. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, оларды білім, іскерлік және дағдымен қаруландыру.

Егер оқушы осы сұрақтардың ішінен бақылау картасы бойынша бірінші сұрақ графикасындағы бірінші код қатарындағы үшінші вариантты таңдаса, онда ол сұраққа толық жауап берген болады.

Сонымен, мұғалім бақылау карталарын пайдалана білсе, сөзсіз оқушылардың білімін аз уақыттың ішінде анықтай алады.

Машиналы бағдарламалап бақылау әдістері қазіргі кезде мектептерде, арнайы орта және жоғары оқу орындарында қолданылады.

Барлық оқу орындарында техникалық құралдарын көптеген түрлері қолданылады. Олар:

1. Автоматтандырылған сыныптар «АК».

2. МикроЭВМ «Агат» және «ДВК».

3. Электронды емтихан алушы «АИСИ»-3 т.б.

Мұндай техникалық құралдар оқушылардың білімін тексеріп, бақылау және өзін-өзі бақылау мен тексеру жүйесінде қолданылады. Мысалы, электронды емтизан алушы «АИСИ»-3 бір сағатта 40 баладан емтихан алуға қабілетті.

Бақылаудың тиімділігі оны оқыту процесінде дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Оқыту процесінде бақылаудың жаппай топтық және дербес формаларын еске алған жөн.

Жаппай бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындаудың барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.

Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарлама материалы мен игерген іскерлігі мен дағдысының беріктігі ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.

Топтық бақылаудабелгілі оқушылар тобы сабақта тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауру т.б.) қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.

Бақылаудың дербес формасыәрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциалды оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.

Сонымен, оқушылардың өзін-өзі бақылау тәсілдеріне үйрету, оларпдың жауапкершілігін, өз күштеріне сенушілігін арттырады.

Оқушылардың үлгерімін бақылау нәтижесі бағалау арқылы көрсетіледі. Бағалаудеп жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру және тәрбиелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді. Тәрбиелік мағынасы жағынан объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін (еңбеккерлік, қайырымдылық, дербестік, ұжымшылдық т.б.) қалыптасудың құралы. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат-оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және кері байланысын есепке алу.

Мұғалім оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеру сапасын тексеріп қана қоймайды, ол оларды ойлау тәсілдеріне, практикалық жұмысқа үйретеді және біліміндегі кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді.

Оқушылардың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:

а) оқушы білімнің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу;

ә) баға әділетті болуы қажет, оқушының бағасын әдейі төмендетуге, оған өте жеңіл –желпі қарауға және ымырашылыққа салынуға болмайды;

б) әрбір баға-бұл тек қана білімді есепке алу емес, ол шын тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайдылыққа салынуға болмайды;

в) оқушылардың кейбір теріс қылықтары үшін бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға болмайды;

г) оқушылар білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңінде іске асыру керек.

Үлгерімді бағалау «балл» есебінде көрсетіледі. Біздің мектептерде үлгерімді бағалау жүйесі бес балды болып қабылданған:

«5» бағасы -оқу материалын толық, дәл логикалық бір ізділікпен айтылған жауапқа қойылады;

«4» бағасы- материалды толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;

«3» бағасы- жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;

«2» бағасы- оқушы жауабында қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер бар;

«1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателері үшін қойылады.

Оқушылардың білімін тексеру процесінде, оларға тек қана баға қоюмен шектелуге болмайды. Мұғалім оқушы оқу материалын қалай ұқты, білімі қаншалықты берік, терең, дәл, анық, міне, осы жағына баса көңіл аударуы керек. Оқытушы тексерудің барысында оқушылардың үлгерім динамикасын, білімдерін тексеруде олардың ынтасын зерттейді, тексерудің үнемі жүйелі түрде болып отыруын қамтамасыз етеді.

Оқушылардың үлгерімін сандық белгімен көрсетудің әр түрлі жүйелері «балл» түрінде басқа да елдерде қолданылады.

Венгрия, Югославия және Чехославакия елдерінде «бес» баллды жүйе қолданылады. Венгрия мен Югославияда «бес» жоғары, «бір» төмен баға, ал Чехославакияда «бір» жоғары, «бес» төмен баға болып қойылады.

Румыния, Голландия және Ауғаныстан мектептерінде оқушыларға 1-ден 10-ға дейін баға қойылады. 10-өте жақсы, 1 өте жаман, ал сыныптан сыныпқа көшу 5,6 сандық белгілермен бағаланады.

Францияның бастауыш мектептерінде оқушыларға 10 баллдық жүйе бойынша, ал лицейде 20 баллдық шкала арқылы баға қойылады.

Америка Құрама Штаттарында оқушыларға баға қоюда әріп жүйесі қолданылады: А,В,С-жақсы, Д,Е-жаман. Көптеген оқу орындарындағы бір жастағы әр түрлі дарынды оқушылар топтарға бөлінеді: А-дарынды, В-қарапайым, С-қабілетсіз. Оқушылардың топқа жататынын анықтау үшін оны әр түрлі сыннан өткізеді, соның нәтижесінде оған «ақыл-ой қабілетінің коэффициенті» атағын береді. «Дарынды» оқушыларды дамыту үшін ерекше жағдай жасайды, «қарапайым» оқушылар тек қана «практикалық» білім және пайдалы дағдылардың минимумын алады.

Жапонияда оқушылардың білімін есепке алу және бағалаудың басқа формалары қолданылады, оны мадақтау деп айтады. Мұғалім оқушының жауабын тыңдап болған соң оған: «Бүгін сенің жауабың өткенге қарағанда әлдеқайда жақсы және тыңғылықты, мадақтауға тұрарлық. Жарайсың!» дейді. Бірақ, оқушыларға баға қойылмайды. Өйткені, материалды игеруді есепке алу үшін логикалық есептер жүйесін және әр түрлі тестер қолданылады, оларды мұғалім жасайды. Тестер бойынша оқушылардың жауабын 10-нана 100-ұпайға дейін бағалайды. Оқу жылының аяғында оқушыларға мінездеме жазылады, онда әрбір оқушының алған ұпай саны алынады.

Куба мектептерінде емтихан және баға қою жойылған. Толық мінездеме беру жүйесі енгізілген, оған оқушылардың оқу бағдарламасын игеру және мінез-құлқы жөнінде барлық мәліметтер енгізіледі.

Есепке алу – бұл оқытудың белгілі кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің жұмысын жинақтап қорыту.

Үлгерімді есепке лауда мынадай мәселелерді еске алған жөн:

- оқу бағдарламасы бойынша тақырыпты және тарауды оқып үйрену процесінде оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын жан-жақты бақылау керек;

- әрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті толық қорытынды шығарып отыру;

- оқушыларға байымды толық мінездеме беру үшін олардың бірнеше оқу жылындағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау қажет.

Сонымен, әрбір мұғалім оқу жұмысын есепке алудың әдісін және техникасын жақсы білумен бірге оқу жұмысы жөнінде объективті мәліметтердің болуы тиіс. Осы мәліметтерге сүйеніп, мектеп басшысы әрбір мұғалім жұмысының нәтижесін және дәрежесін анықтайды.

 

Дәріс

Тақырыбы: Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендіру

Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне тəуелді.

Оқу əдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл - тəсілдері.

Оқу тəсілдері - оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы “əдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Тəсілдер арқылы оқытушы мен оқушының оқу жұмыстарын орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу субъекттері іс-əрекеттеріне даралық сипат береді.

Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын əдістер саны, түрі орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл оқу əдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мəнділік пен кездейсоқтықты анықтауға жəрдемдеседі, оларды мақсатқа орай əрі тиімді пайдалануға себін тигізеді.

Қазіргі күнде педагогикада əдістерді топтастырудың үш жолы кең танылған.