Бағалаудағы қателіктер

Мектеп пен жоғары оқу орындарындағы баға қоюдың субъектив қателіктері төмендегідей:

– кең пейілділік, орынсыз жомарттық. Баға ретсіз көтеріңкі қойылады. Оқушыларды бағалаудағы “жомарттықтың” шектен асқан, бүгінгі күнде мектеп тəжірибесінен арылуы қиындық тудырып отырған формасы - “проценттікке” жүгіну (процентомания).

– оқушыға болған ұнамды не кері қарым-қатынас күйін бағалауға, бағаға өткізу;

– көңіл-күйге орай баға қоя салу;

– тұрақты да қатаң өлшем-шектердің болмауы (деңгейі төмен жауап үшін мұғалім жоғары не ұнамсыз баға қоя салуы);

– орташа бағалау ұстанымында болу (“екілік” не “бестік” бағаларды қоймау);

– жүйе тұрақсыздығы (оқытушы көп уақытқа дейін сұрақ жүргізбей, баға қоймай не бір сабақты түгелдей сұрақ қоюмен оқушылар бағасын тізіп салу);

– өткендегі бағаға жақындау бағаны қоя салу (мысалы, оқушының өткендегі “екілігінен” кейін оған бірден “бестік” баға беру мұғалім үшін қиын сияқты);

– əсіре (ореол) қателігі (оқытушы өзі ұнатқан оқушысына жаман, жек көрген шəкіртіне ұнамды баға қоюда тартыншақтыққа түседі);

– баланың тəртібіне қойылатын баға пəн үлгеріміне ауыстырылады;

– бағаны əсіре көтеру не себепсіз төмендету жəне т. б.

Дегенмен, əрқандай бағаны көтере түсу немесе төмендей бағалау негізінде неше түрлі мəн болуы мүмкін. Мысалы, үлгерімі төмен оқушыға көтеріңкі баға қою оған психологиялық қолдау көрсетіп, алдағы оқуда ілгерілеуіне көмектесу ниетінен болуы мүмкін. Сондықтан бағалаудағы субъектив ойдың бəрін бірдей қателікті деп қарастыру дұрыстыққа келмейді.

Дәріс

Тақырыбы: ҚР-да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудағы жаңа тәсілдері

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) - жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнелетін негізгі құжат болып табылады.

Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына; “Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына”; Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.

Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.

Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі – өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызғушылығының басымдығы.

Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттылығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына әкеп соғады.

Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызды зор.

Тұжырымдаманың мақсаты– 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.

Тұжырымдаманың міндеттері:

1)12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету;

2) 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау.

3) осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау;

Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:

1. Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.

2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.

3.Жалпы орта білім беру құрылымы.

4.Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.

5.Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

6.Педагогикалық кадрлар.

7. Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.

8.Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.

9.12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.