IХ. 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары

12 ылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын іске асыру жолдары мынадай:

- 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік (ұлттық) жалпыға міндетті стандартын әзірлеу;

- білім берудің пәндік стандарттарының тұжырымдамалық-әдістемелік негіздері мен мазмұнын әзірлеу;

- Қазақстан Республикасының “Білім туралы” жаңа заң жобасын және тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;

- Күтілетін нәтижеге жетуді бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу;

- Оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

- Ел көлемінде психологиялық қызметті бейіндік оқытудың жаңа нысандарын, құру;

- Мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру арқылы нәтижеге бағдарланған оқытуға бейімдеу;

- 12 жылдық оқытуға көшуді қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Осы Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы, Білім беруді ақпараттандырудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы, “Оқулық” республикалық орталығы, Білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институты, білім беруді басқару органдары мен оған қарасты ұйымдар болып анықталды.

.

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ

Семинар №1.

Тақырыбы: Тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдістері, әдіснамасы.

1. Тәрбие мен мектептің ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін дамуы.

2. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістері туралы түсінік.

Семинар №2.

Тақырыбы: Эллинизм дәуіріндегі ағартушылық. Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі педагогикалық идеялары.

1. Эллин дәуіріндегі тәрбие мен білім беру

2. Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі педагогикалық идеялары

Семинар №3.

Тақырыбы: Кеңестік кезеңдегі білім берудің жетекші концепциялары

1. Кеңестік мектеп және педагогика ғылымының дамуы.

2. Білім берудің жетекші тұжырымдамалары: В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занковтың дамыта оқыту туралы

Семинар №4.

Тақырыбы: Қазақстандағы (ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.) алғашқы ұлттық мектептер

1. Білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы

2. Этносаяси және мәдени жағдайлар, олардың халық ағартушылығына ықпалы.

Семинар №5.

Тақырыбы: Кеңестік кезеңде Қазақстанның ғалым-педагогтары еңбектеріндегі білім беру мәселелері

1. 1917-1980 жж. Кеңестік мектеп және педагогика

2. 1980-1990 жж. кеңестік мектеп және педагогика ғылымының дамуы.

 

Семинар №6.

Тақырыбы: Педагогикалық білім – адамзат капиталын сактаудан және дамытудың негізі.

1. Педагогиканың арнайы ғылым-білім саласына бөлініп шығуы және оның көрнекті өкілдері.

2. Педагогиканың басқы ғылымдармен байланысы.

3. Педагогиканың объекті, пәні және категориялары.

Семинар №7.

Тақырыбы: Тұлғаның іс-әрекеті – оның өзін-өзі дамытуының негізі.

1. Жас кезеңдері

2. Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі

Семинар №8.

Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдеріс – педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі

1. А.К.Маркова бойынша мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлері.

2. Инновациялық оқыту – сапалы білім берудің кепілі

.

Семинар №9.

Тақырыбы: Мұғалім мен оқушының педагогикалық үдерістегі өзара әрекеттестігі

1. Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.3. Оқу процесінің қызметтері

2. Тәрбие принциптеріне сипаттама

Семинар №10.

Тақырыбы: Оқушылардың интеллектуалды әлеуетін дамыту

1. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар.

2. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың құралдары мен жолдары

.

Семинар №11.

Тақырыбы: Педагогтің кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық

1. Тәрбие процесі ұғымы, оның ерекшеліктері және мазмұны. Тәрбиенің заңдылықтарына түсінік, олардың мәні және психологиялық негізі.

2. Тұлғаның жан-жақты жəне үйлесiмдi дамуы

Семинар №12.

Тақырыбы: Қазіргі мектепте рухани-адамгершілік, толерантты тұлғаны қалыптастыру мәселелері

1. Педагогикалық ықпал ету тәсілдері

2. Педагогикадағы тәрбие құралдары, формалары мен әдістері туралы түсінік 2. В.А.Сластенин жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуі

Семинар №13.

Тақырыбы: Тұлғаның функционалды сауаттылығы.

1. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы

2. Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыру.

Семинар №14.

Тақырыбы: Оқытудағы құзыреттілік тәсіл. Оқушылардың түйінді құзыреттілігі-оқытудың нәтижесі.

1. Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік .

2. Диагностика,бақылау,бағалау,оқушылардың оқу жетістіктерін есепке алу ұғымдарының мәні.

Семинар №15.

Тақырыбы: 12 жылдық мектептегі оқытудың ерекшеліктері: кәсіптік оқыту Педагогикалық инновация туралы түсінік.

1. Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі

2. Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.