Р республикалық референдум пәніне кірмейді

F)ұлттық қауіпсіздік сұрақтары

G)әділсот мәселелері

H)қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

ҚР республикалық референдумға қатысу құқығына ие азаматтар:

А)он сегізге толған ҚР азаматтары ҚР азаматтары

В)шет елдерде жүрген ҚР азаматтары

С)мүмкіндіктері шектелген әрекет қабілетті мүгедектер

ҚР республикалық референдумды өткізудің принциптері:

А)жалпыға бірдей

В)тең

С)тікелей

ҚР референдум өткізу бойынша дайындықты ұйымдастырады:

Е)референдумның аумақтық комиссиясы

F) референдумның Орталық Комиссиясы

G)референдумның учаскілік комиссиясы

ҚР сайлау жүйелері қолданылады:

A)Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған үміткер сайланды деп саналады

B) Қайта дауыс беру дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған үміткер сайланды деп саналады

C)Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады

ҚР Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден бас тарту келесі негіздерде жүзеге асырылады:

А) партия құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзған жағдайда

В) берiлген құжаттар, соның iшiнде оның құрылтайшы құжаттары мен партия мүшелерiнiң, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) тiзімдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес келмеген жағдайда

С) Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу үшiн оның құрамында партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемiнде жетi жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) атынан өкiлдiк ететiн кем дегенде елу мың партия мүшесi болмаған жағдайда

ҚР ұлттық егеменділік келесі бағыттарда жүзеге асырылады:

В) ұлттың өзінің даму бағыттарын таңдау мүмкіндігінде

С) тарихи дамып, қалыптасқан жерінде мемлекеттілігінің құрылуы

D) мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің конституцияда бекітілуі

ҚР шетелдiктердiң құқықтық жағдайының принциптерi:

A) ҚР шетелдiктер барлық құқықтар мен бостандықтарға ие

B) Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататындығына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, шұғылданатын қызметi мен оның сипатына қарамастан заңның алдында бiрдей болады

C) Шетелдiктердiң өздерiнiң құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделерiне, оның азаматтары мен басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс

ҚР-да билік тармақтарының қызметі болып:

D) барлық құқық субъектілерінің құқықтарын процессуалдық нысанда қорғауды жүзеге асыру

Е) мемлекеттік билікті жүзеге асырғанда заңдардың орындалуын қамтамасыз ету

F) билік бөліну принципіне негізделіп заң шығару қызметін жүзеге асыру

ҚР-да шет ел азаматтары қандай құқықтардан шектелген:

А) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер саяси мақсаттарды көздейтiн саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерге бірігу құқығы

В) Шетелдiктер жекелеген қызмет орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрiмен шұғылдану заңдарға сәйкес ҚР азаматтығына қатыстылығына байланысты болса, шұғылдана алмайды.

С) ҚР сайлау және сайлану құқықтары шектелген

ҚР-ның мемлекеттік егеменділіктің құқықтық негізі болып:

А) 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң

В) Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация (25.10.1990ж.)

Е) 1995 ж. қабылдаған ҚР Конституциясы, 1998 және 2007 жылы енгізген өзгерістер мен толықтыруларымен

ҚР-ның экономикалық негізі конституцияда бекітілуі:

B) ҚР-да мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады

C) Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар

E) Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі

Құқықтық мемлекет ретінде қандай мемлекет танылады:

А) құқықтың үстемдігі қамтамасыз етілген мемлекет

В) теократиялық мемлекет

С) жеке тұлғаның мүдделерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекет

Мажоритарлық сайлау жүйесі:

A) Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысы бойынша есептеу жүргізетін жүйе

B) Қайта дауыс беру кезiнде басқа үміткерге қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс саны бойынша есептеу жүргізетін жүйе

D) Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады және сайлаушылардың 50% астамының дауысын алу қажет

Мамандандырылған соттарға жатады:

А) әскери соттар

D) әкiмшiлiк соттар

F) кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi соттар

Мәжiлiс депутаттығына үміткерге қойылатын талаптар:

А) Мәжіліс депутаты болып сайлану үшiн азамат жасы 25-ке толу керек

C) Жасы 25 толған ҚР азаматы Мәжіліс депутаты бола алады

D) ҚР азаматы болу керек

Мәжiлiс Төрағасының өкілеттігі:

А) Парламент сессияларын ашады.

D) Палаталардың бiрлескен кезектi отырыстарын шақырады.

G) Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етеді.

Мәжіліс Бюросының құрамына кiредi:

С) Мәжіліс төрағасының орынбасарлары

F) Мәжілістің тұрақты комитеттерiнiң төрағалары

H) Мәжілісте өкілдік ететін саяси партиялар фракцияларының жетекшілері

Мәжіліс депутатты болып сайлану үшін қойылатын талаптар:

В) Қазақстан Республикасының азаматы болу

D) Жасы жиырма бестен кем болмау

F) Республика аумағында соңғы он жыл тұрақты тұру

Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жүзеге асырылады:

D) жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде

Е) тең және төте сайлау құқығы негізінде

H) жасырын дауыс беру арқылы

Мәні бойынша жергiлiктi өзiн-өзi басқару:

А) Халық тiкелей жүзеге асыратын қызмет

E) Мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын қызмет

H) Жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет

Мәслихат сессиясын шақыру тәртiбi:

А) мәслихаттың бiрiншi сессиясын тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады

F) мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады

H) мәслихаттың кезекті сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi

Мәслихаттардың құзыретiне жататын мәселелер:

С) тиiстi аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын бекіту

E) жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту

G) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру

Мәслихаттардың құрылу тәртібі:

С) мәслихаттарды тиiстi аумақ халқы бес жыл мерзiмге сайлайды

F) жиырма жасқа толған ҚР азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады

H) мәслихаттар жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде құрылады

Мәслихаттардың мәртебесі:

А) облыс (республикалық маңызы бар қала және астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) халқы сайлайтын жергiлiктi өкiлдi орган

D) тиісті аумақтың халқының еркiн бiлдiретiн жергiлiктi өкiлдi орган

G) жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын өкілді орган

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылады:

А) Сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша

С) Әкiмнiң ұсынысы бойынша

E) Кезектен тыс сессияны мәслихат сессиясының төрағасы шақырады

Мәслихаттың тексеру комиссиясының мәртебесі:

А) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн құрылады

E) тексеру комиссиясының мүшелерiнiң санын мәслихат белгiлейдi

G) төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асырады

Мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен шешу принципінің жүзеге асырылуы келесі тәртіпте жүзеге асрылады:

А) сайлау және сайлану құқығы арқылы

B) ҚР өкілетті органдардың қызметі арқылы

C) аса маңызды мәселелер бойынша референдум өткізу арқылы

Мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен шешу конституциялық принципінің жүзеге асырылуы мен реттелуі келесі заңнамалық актілермен реттеледі:

А) ҚР-ғы Сайлау туралы конституциялық заңымен реттеледі

В) Республикалық референдум туралы конституциялық заңымен ретеледі

С) ҚР Парламенті және оның құқықтық мәртебесі туралы конституциялық заңмен реттеледі

Мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөлінуі:

A) мемлекеттік билік органдарының бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі мен бір-бірінің қызметтеріне шектеулер қою болып саналады

C) мемлекеттік басқару аппаратында тепе-теңдік, тежемелі жүйенің болуы саналады

D) мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінуін айтамыз

Мемлекеттік егеменділік –

А) Мемлекеттердің басқа мемлекеттердің билігінен тәуелсіз түрде өз аумағында, халықаралық қатынастарда қызметін жүзеге асыру қасиеті

В) Мемлекеттік биліктің үстемдігі, тәуелсіздігі, толықтығымен сипатталатын мемлекеттік қызметің ұыймдастырылуы

С) Мемлекеттік биліктің біртұтастығы

Мемлекеттік егеменділіктің белгілері және оның жүзеге асырылу нысаны:

Е) территориясының біртұтастығы конституциялық нормалармен қамтамасыз етілуі

F) Мемлекеттік биліктің үстемдігі мен тәуелсіздігі мемлекеттің барлық аумағында бекітілген

G) мемлекет территориясында бекітілген құқық жүйесінің үстемдігі

Мемлекеттік құрылым нысаны бойынша мемлекеттік органдардың түрлері:

В) біртұтас мемлекеттерде - мемлекеттік биліктің жоғары органдары

С) біртұтас мемлекеттерде - мемлекеттік биліктің жергілікті органдары

F) федералдық органдар

Мемлекеттік органдардың белгілеріне жатады:

С) мемлекеттің функциялары мен міндеттерін жүзеге асырады

F) мемлекет белгілеген тәртіпте құрылады, қызмет етеді

H) мемлекеттік-өктем өкілеттіктерді иеленеді

Міндеттеуші нормалар өз кезегінде:

A) субъектілерге конституциалық-құқықтық нормалар талаптарының шегінде әрекеттерді жасауға міндеттейді

B) азаматтардың міндеттерін бекітеді

C) лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың әрекеттерін реттейді

Облыстық соттың органдары болып табылады:

В) жалпы отырыс

E) апелляциялық сот алқасы

H) кассациялық сот алқасы

Округтiк сайлау комиссиясының өкiлеттiгі:

A) тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады

C) учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды

D) мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған үміткерлерді, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi

Өз өкілеттігі шегінде мемлекет атынан билік жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар:

В) Үкімет.

Е) Парламент.

G) өзге де мемлекеттік органдар

Өкiлеттiк мерзiмi iшiнде Парламент депутатына қатысты қолдануға болмайтын шаралар:

А) тұтқынға алу, күштеп әкелу

F) сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдану

H) қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, тиiстi Палатаның келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тарту

Өкілетті демократияда халықтың егеменділігін жүзеге асырудың нысаны ретінде:

А) Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар халықтың еркiн бiлдiретін орган ретінде бекітілуінде көрініс табады

В) Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығының болуы саналады

D) Парламент - ҚР заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы ретінде мәртебесінің бекітілуі саналады

Палата төрағалары сайланғанға дейін Парламенттiң бiрiншi сессиясында төрағалық етедi:

А) бірлескен отырыста Республика Президенті

В) Сенат отырыстарында Республика Президентi

С) Мәжiлiс отырыстарында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы

Парламент депутаты мандатынан айырылады:

С) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен кезде

F) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген кезде

H) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде

Парламент депутатының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету шараларына жатады:

В) депутат Парламент қабылдаған құжаттармен қамтамасыз етіледi

D) депутат мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ресми таратылатын ақпараттық, анықтамалық материалдарымен қамтамасыз етіледi

С) депутат Парламент пен оның органдарының ресми таратылатын ақпараттық және анықтамалық материалдарымен қамтамасыз етіледi

Парламент депутатының қызметін материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету шараларына жатады:

А) депутатқа мемлекеттiк тұрғын-үй қорынан тұрмысқа жайлы және жиhазбен жабдықталған тұрғын үй берiледi

Е) депутатқа Астана шегiнде автомобиль көлiгiмен қызмет көрсетіледі

G) депутатқа емдеу-сауықтыру қызметтері көрсетіледі

Парламент депутатының өкілеттігі тоқтатылады:

В) Ол орнынан түскен немесе қайтыс болған жағдайда

Е) Сотпен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда

G) Сотпен қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда

Парламент депутатының өкілеттігі:

А) заңда белгiленген тәртiппен депутаттық сұрау салу

D) Палатаның үйлестiрушi органына сайлау және оған сайлану

H) сессияның күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар мен ескертпелер енгiзу

Парламент заңдар шығаруға хақылы:

C) Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына қатысты

F) Мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты

G) Бiлiм беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға қатысты

Парламент қабылдаған заңдар Президенттің қол қоюына дейін алдын ала бекітіледі:

A) Парламент Сенатының төрағасының қолымен.

C) Парламент Мәжілісінің төрағасының қолымен.

F) Егер заң жобасын Үкiмет енгiзсе Премьер-Министрдiң қолымен.

Парламент қабылдайтын заңдардың түрлері:

A) Жай заң

D) Конституциялық заң

G) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң

Парламент Мәжілісінің депутаты мандатынан айырылады:

А) егер ол өзін сайлаған саяси партиядан шыққан болса

В) егер ол өзін сайлаған саяси партиядан шығарылған болса

F) депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан

Парламент Мәжілісінің құрамы:

А) жалпы саны жүз жеті депутаттан тұрады

D) тоқсан сегіз депутаты партиялық тізім негізінде сайланады

G) тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды

Парламент Палаталары арнаулы уақытша комиссиялар құрады:

А) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзуде

D) Үкімет мүшелерінің есептерін тыңдауда

F) Республика Президентін науқастануына байланысты қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатуда

Парламент палаталарының лауазымды адамдарды қызметке тағайындау тәртібі:

А) тағайындау туралы шешім Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады

D) депутаттар ұсынылған кандидатты "жақтап" немесе "қарсы" пікірлер білдіруі мүмкін

G) отырыста кандидатқа сұрақтар қойылуы мүмкін

Парламент Палаталарының төрағаларының өкілеттіктері:

В) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етеді

Е) Палаталардың үйлестiру органдарының қызметiне басшылық жасайды

H) Палаталар шығаратын актiлерге қол қояды

Парламент Сенаты құралады:

А) әр облыстан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан

F) республикалық маңызы бар қаладан және Республика астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан

H) Республика Президенті тағайындайтын он бес депутаттан

Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісті тұрақты комитеттері құрылады:

А) заң жобалары жұмысын жүргiзу үшін

F) Палаталардың құзырына қатысты мәселелердi алдын-ала қарау үшін

G) Палаталардың құзырына қатысты мәселелердi алдын-ала қарап, дайындау үшiн

Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз шешеді:

В) Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады.

D) Палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң тең жартысын сайлайды.

G) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды.

Парламенттiң сессиясы өткiзiледi:

А) Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстары түрінде

D) Сенаттың бөлек отырыстары түрінде

F) Мәжілістің бөлек отырыстары түрінде

Парламенттен қол қою үшін келіп түскен заңды Президент бір ай ішінде қарап:

B) заңға қол қойып оны жариялайды

E) заңды тұтастай қайтадан талқылап, дауысқа салу үшiн Парламентке қайтарады

H) заңның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшiн Парламентке қайтарады

Парламентті және Парламент Мәжілісін таратуға болмайды:

А) Төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде

F) Президент өкілеттігінің соңғы алты айында

H) Осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде

Президент қол қоятын Парламент актiлерi, Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президент актiлерi алдын-ала тиянақталады:

A) Парламент Мәжілісінің Төрағасының қолымен.

C) Парламент Сенатының Төрағасының қолымен.

F) Премьер-Министрдiң қолымен.

Президентке қатысты республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын шаралар:

A) Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiн қамтамасыз ету.

D) Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне қызмет көрсету.

F) Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiн күзету.

Президентті қызметінен кетіру бойынша түпкiлiктi шешiм қабылданады:

A) айып тағудың негiздiлiгi туралы Жоғарғы Сот қорытындысы болған жағдайда

C) белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестiң қорытындысы болған жағдайда

F) әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында

Президентті қызметінен кетіруге негіз болатын мемлекетке опасыздық жасау ретінде ұғынылады:

C) соғыс кезiнде жау жағына шығып кету

E) шет мемлекеттiң Республикаға қарсы дұшпандық әрекетiн жүзеге асыруына көмектесу

H) қарулы қақтығыс кезiнде жау жағына шығып кету

Премьер-Министрдiң өкiмдерi шығарылады:

С) Әкiмшiлiк-өкiмдiк сипаттағы мәселелер бойынша

F) Жедел сипаттағы мәселелер бойынша

G) Жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша

Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң күшiн жоя алады:

А) Республика Президентi.

Е) Республика Үкiметi.

F) Премьер-Министрдің өзі.

Прокуратура органдарының бiртұтас жүйесiне кіреді:

А) Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары

D) Республикалық маңызы бар қалалар мен астананың прокуратуралары

G) Ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген прокуратуралар

Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметiнiң принциптерi:

С) өз қызметiн тәуелсiз жүзеге асыруы

E) прокурорлық қадағалау актiлерiнің жалпыға мiндеттiлігі

F) прокуратура қызметінің жариялылығы

Пропорционалды сайлау жүйесі:

F) Саяси партиялардан Мәжіліс депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша өткізілетін жүйе G) партиялық тізімдермен сайлау ұйымдастырылатын жүйе

H) Сайлау дауысын есептеуде мандаттар жиналған дауыстар көлеміне байланысты үлестірілетін сайлау жүйесі

Республика әкімдерінің мәртебесі:

А) жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын тұлға

E) тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн тұлға

H) тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты ҚР Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi

Республика Бас Прокурорының өкiлеттiгi:

В) Төменгi прокуратуралардың қызметiне басшылық етедi

E) Прокуратураларды құрады, қайта құрады және таратады

G) Прокуратура органдарының қызметi туралы Президент алдында есеп бередi

Республика заңдарының іске асырылуын, орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар:

В) Үкімет.

G) Министрліктер.

H) Әкімдіктер.

Республика заңнамасына сәйкес судьяға қойылатын талаптар:

А) ҚР Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға мiндеттi

D) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне қарсы тұруға мiндеттi

F) судьяның адалдығына, әдiлдiгiне күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға мiндеттi

Республика Конституциясы бойынша өкілді органдар болып табылатын мемлекеттік органдар:

А) Парламент.

D) облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астана) мәслихаттар

G) аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттар

Республика министрлiгiнің мәртебесі:

В) тиiстi мемлекеттiк басқару саласына басшылықты жүзеге асырады

D) заңдармен көзделген шекте - салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады

G) Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады

Республика Парламенті мәртебесі бойынша мынадай орган:

А) заң шығару қызметiн жүзеге асыратын орган

Е) Республиканың ең жоғары өкiлдi органы

H) тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан тұратын орган

Республика Президентi актiлерiнiң нысандары:

B) жарлық

E) өкiм

G) заң, заң күші бар жарлық

Республика Президентiнiң айырым белгiлерi:

А) байрағы

С) омырауға тағатын белгiсi

F) "Алтын қыран" орденi

Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктеледi:

А) Республика Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету.

С) Республика Президентiн елдегi iстiң жайы туралы уақтылы әрi толық хабардар етiп отыру.

F) Республика Президентiнiң шешiмдерiн сөзсiз және тыңғылықты орындау және олардың орындалуын бақылау.

Республика Президентiнiң жарлықтары шығарылады:

C) Республика Конституциясының негізінде.

E) Республика заңдарының негiзiнде.

H) Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшiн.

Республика Президентiнiң жарлықтарымен жүзеге асырылады:

А) мемлекеттiк билiк тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету

D) оның актiлер шығаруын талап ететiн конституциялық өкілеттігін жүзеге асыру

С) өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдындағы жауаптылығын қамтамасыз ету

Республика Президентiнiң қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкiлеттiгi қалған мерзiмге ауысады:

B) Парламент Сенатының Төрағасына.

E) Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына.

H) Республиканың Премьер-Министрiне.

Республика Президентiнiң өкiлеттiгi тоқтатылады:

B) жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап

D) ол қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген жағдайда

G) ол қайтыс болған жағдайда

Республика Президентiнiң өкiмдерi шығарылады:

B) Конституцияның негізінде және оны орындау үшін.

E) заңдардың негізінде және оларды орындау үшін

G) Президент жарлықтарының негізінде және оларды орындау үшін.

Республика Президентiнiң өкiмдерiмен жүзеге асырылады:

A) әкiмшiлiк-өкiмдiк сипаттағы мәселелердi шешу

C) жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу

F) конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау және босату

Республика Президентiне тұрғын үй және көлiк қызметiн көрсетудi қамтамасыз етедi:

B) өзiнiң құзыретiне сәйкес Ұлттық қауiпсiздiк комитетi

E) өзiнiң құзыретiне сәйкес Республика Президентiнiң Күзет қызметi

H) Президентiнiң Iс Басқармасы.

Республика Президенттiгiне үміткерге қойылатын талаптар:

А) Президент болып сайлану үшiн азамат жасы 40 жасқа толған ҚР азаматы болуы тиіс

В) тумысынан ҚР азаматы болуы керек

C) мемлекеттік тілде еркін ойын білдіре алу керек

Республика Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдар, мекемелер мен ұйымдар:

C) Қазақстан халқы Ассамблеясы.

F) Қауіпсіздік Кеңесі.

Н) Жоғары Сот Кеңесі.

Республика Президенті заң күшi бар Жарлық шығарады:

А) Президентпен басымдылығы белгiленген заң жобасын Парламент заңмен белгіленген мерзімде қарамаса. D) заң жобасын жедел қарау туралы талабын Парламент орындамаған жағдайда

H) басымдығы анықталып, жедел қаралу тиістілігі белгіленген заң жобасын Парламент бір ай ішінде қарамаған жағдайда

Республика Президенті Парламентті немесе Парламент Мәжілісін таратады:

В) Сенат төрағасымен консультация алысқаннан кейін.

D) Мәжіліс төрағасымен консультация алысқаннан кейін.

F) Республика Премьер-Министрімен консультация алысқаннан кейін.

Республика Президенті Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады:

С) өз бастамасымен

Е) палаталар төрағаларының ұсынысымен

H) Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен

Республика Үкiметi қаулылар шығарылады:

А) Республика Конституциясының негiзiнде және оны орындау үшiн

D) Республика заңдарының негiзiнде және оларды орындау үшiн

F) Президент актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн

Республика Үкiметiн құруға қатысты Президенттің өкілеттігі:

С) Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады.

F) Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды.

H) Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды, қызметтен босатады.

Республика Үкiметiнiң құзыретi:

А) мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi

Е) республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi

G) құқықтық саясатты іске асыруды қамтамасыз етедi

Республика Үкiметiнiң құрамында болуға байланысты шектеулер:

А) Үкiмет мүшелерiнiң өкiлдi органның депутаттары болуға хақы жоқ.

F) Үкiмет мүшелерi оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетiн қызметтер атқаруға хақы жоқ

G) Үкiмет мүшелерiнің кәсiпкерлiкпен шұғылдануға хақы жоқ.

Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi:

А) Үкімет Президенттiң өкілеттік мерзімі бiткенше iс-қимыл жасайды.

E) Үкімет жаңадан сайланған Президент алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады.

H) Үкiметтiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн ол өз мiндеттерiн атқара бередi.

Республикада заңдар шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:

С) Парламент.

F) Мәжіліс болмаған кезеңде Сенат.

H) өкілеттік беру негізінде - Президент