Бухгалтерлік есептің қарапайым формасы, қазіргі бухгалтерлік есептің дамуы мен қалыптасуы.

Тақырып 1. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасу тарихы.

1.Есептік жүйенің қалыптасу кезеңдері: ежелгі есеп жүйесінің туындауы, бухгалтерлік есептің қарапайым формасы, қазіргі бухгалтерлік есептің дамуы мен қалыптасуы.

2.Екі жақты жазба жүйесінің пайда болуы.

3.Қазақстан Республикасындағы меншік формалары.

4.Халықаралық есеп мекемелерінің ерекшеліктері: есептің халықаралық тәжірибесінің дамуы, әлемнің экономикалық дамыған елдеріндегі қазіргі заманғы бухгалтерлік моделдер, есептер.

5.Экономика ғылымы жүйесіндегі бухгалтерлік есептің орны. Бухгалтерлік есептің басқа пәндермен байланысы.

 

1. Есептік жүйенің қалыптасу кезеңдері: ежелгі есеп жүйесінің туындауы,

бухгалтерлік есептің қарапайым формасы, қазіргі бухгалтерлік есептің дамуы мен қалыптасуы.

Зерттеушілердің пікірінше, бухгалтерлік есептің тарихы шамамен алты мыңжылдықты есептейді.

Есептің дәл қашан пайда болғанын және сол күнді тойлау қиын. Есеп біртіндеп, ұзақ және белгісіз пайда болды. Ол адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде туындады.

Қазіргі заманғы мен аналитикалық, және синтетикалық есеп үшін Ежелгі Греция мен оның банкирлеріне міндеттіміз. Бастамасы Лидияда – аты аңызға айналған Крездің отанында салынған («Крез секілді бай» ұғымы әлі күнге дейін сансыз байлықты білдіреді). Полистар арасындағы қызу сауда саудагерлерге көшкен кезде бір ақшаларды басқаға ауыстыру(басқа жүйе және курс) қажеттілігін тудырды. Бұл жағдай банктер мен банкирлерді тудырды. Алдымен қарапайым айырбасшылар пайда болды. Олар өздерінің үстелімен халық көп жиналған жерге орналасатын, тиындарды тексеретін және ақша үшін оларды белгілі бір курс бойынша ауыстыратын. Оларды трапезиттар деп атады (сөзбе сөз «үстел басындағы адам»). Алғаш рет әдебиеттерде трапезалар біздің заманымызға дейінгі 520 жылы аталады. Афинада біздің заманымызға дейінгі 4 ғасырда 23 трапезиттар болған, ал барлық Грецияда трапезалар болған 33 полис белгілі.

Орта ғасырда есептің екі негізгі бағыты қалыптасады: камералдық және қарапайым бухгалтерия. Камералдық бухгалтерияда есептің негізгі объектісі касса, болжалды түсімдер және төлемдер болып табылады. Қарапайым бухгалтерия мүлікті есебі, кассаны қоса алғанда болжады, ал кірістер мен шығымдар бухгалтерия үшін ізделіп отыратын болды. Тауарлық шаруашылықтың толассыз өсімі қолма-қол ақшаның және ақшалық векселдер мен чектердің есебін бірінші орынға қойды. Шаруашылық жүргізудің нәтижесі кіріс сияқты жанама санат емес байлықтың артуымен көрсетілді. Орта ғасырда қаржылыққа қарағанда тұтынушылық санаттар әрекет жасады.

Бухгалтерлік есеп жүйесінің дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады:

Инвентаризациялық кезең (пайда болу уақытынан және XIII ғасырға дейін). Тауарлар, жабдықтар (таразылар, гирлер, сөрелер және т.б.) ғана есепке алынды. Айналымдағы тиындардың әртүрлілігі мекемелерге әр түрін есепке алу талаптарын қойды; сонымен бірге тек заттай өлшегіш қолданылды (тауарлар ұзындық, салмағы, көлемі өлшемдерінде, ал ақша - осы типті тиындардың саны бойынша есепке алынды, сатып алу кезінде тауарлар заттай өлшеуішпен кіріске енгізілді, төленген ақшалар тиындар саны бойынша шығысқа шығарылды, ал сату кезінде керісінше).

Интегралдық кезең(XIII – XVII ғ.) – есепте ақша өлшеуіші қолданыла бастады. Алдымен ақшаның барлық түрін ауыспалы коэффициент бойынша осы аймақтағы бірыңғай ең көп таралған тиындарды есептеді, ал сосын тауарларды тек заттай ғана емес, сонымен қатар ақша өлшеуішінде есепке алына бастады. Осылайша есепке алудың екі тәсімі туындады: заттай және заттай-құндық. Осы кезеңде екі жақты жазу пайда болды.

Синтетикалық кезең (XVII – XIX ғ.). Есепке алу объектілерінің көптігі, тауарлы номенклатураның жіктелуі, шаруашылық әрекет көлемінің өсімі синтетикалық есепті бөлу, және сәйкесінше барлық есептерді аналитикалық және синтетикалыққа бөлу қажеттілігін тудырды. Осының нәтижесінде шаруашылық әрекетті талдау үшін жағдайлар жасалды. Және есепке алудың үшінші тәсімі- құндық (ақшалық) шықты, мұнда тауарлар тек ақшалы өлшемде есептелді.

Әдістемелік кезең (XIX ғ. бірінші жартысы). Бухгалтерлер есепке алудың негізінде тауарлар мен ақшалар емес, мүлік иесі мен материалдық жауапты тұлға арасындағы пайда болатын құқықтық қатынастардың жатқандығын түсінді.

Коллациялық кезең (XIX ғ. ортасы). Мамандар шаруашылық үрдісте (коллация) қатысушы тұлғалардың әрекетін өзара бақылауды қабылдаудың есептерін әзірлей бастады. Бір желіде екі өзара байланысты фактілерді қарастыратын желілік жазба пайда болды.

Механикалық кезең (XIX ғ. аяғы). Механикаландыру құралдарының, әсіресе касса аппараттарының пайда болуы коллацияны жеңілдетті және есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттырды.

Операциялық кезең (XIX ғ. аяғы – XX ғ.басы). Көптеген ғасырлар бойы түскен тауарлар сатып алу бағасы бойынша есепке алынды, ал оларды шығысқа шығару сату бағасымен жүзеге асырылды. Сату бағасы түскен бағадан жоғары болғандықтан қаржылық нәтижені көрсететін кредитті сальдо түріндегі айырмашылық пайда болды. Осының салдарынан «тауарлар» санын есепке алуды сатып алу бағасында жүргізе бастады. Сол себепті «тауарлар» есебі тек материалдық болып қалды.

Бұдан шығатыны әрбір келесі кезең өткен кезеңді теріске шығармады, оны шығармашылық жағынан байытты, шаруашылық үрдістерді басқару құралы ретінде бухгалтерлік есептің мүмкіндіктерін кеңейттіп отырды.

Қазіргі заманғы нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есептің негізгі мақсатынарықта субъектінің әрекетін анықтау, субъектілерді - бәсекелестерді табу және т.б., әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін қабылдау және негіздеу, дайындықты басқару үшін, қажетті субъектініңшаруашылық және қаржылық қызметі туралы сапалы және уақтылы мәліметтерді қалыптастыру.

Әлемдік тәжірибедегі бухгалтерлік есеп жүйесінің даму эволюциясы кестеде көрсетілген.