Халықаралық деңгейдегі бухгалтерлік есепті стандарттау эволюциясы

Ежелгі әлем Өркениеттің пайда болуымен есептің туындауы  
Орта ғасыр Әр түрлі мемлекеттердегі жалпыға ортақ қабылданған бухгалтерлік есептердің біртіндеп пайда болуы (шоттар, теңгерім, екі жақты жазу және т.б.)
XV – XVIII ғ. Практикалық тәжірибені жалпылау ( Лука Пачоли)
XIX .. БЕ ғылыми концепциясының қалыптасуы, заңнамалық акт негізіндегі бухгалтерлік есептің регламенттеудің бастамасы
XX ғ. 1 жартысы Бухгалтерлік есептің ұлттық стандарттарының қалыптасуы
XX ғ. 2 жартысы Ұлттық стандарттардың әрі қарай дамуы; халықаралық деңгейде бухгалтерлік есепті стандарттау
XXI ғ. басы Бухгалтерлік есептің ұлттық стандарттарынан қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына көшу

Екі жақты жазу жүйесінің пайда болуы.

 

1494 жылы екі жақты жазу жүйесін ғалым-математик, француз тақуасы, Леонардо да Винчидің досы – Лука Пачоли «Шоттар мен жазбалар туралы» трактатында баяндаған. «Арифметика, геометрия сома, үйлесімділік пен қатынастар туралы ілімінде» шығармасының тоғызыншы тарауы болды, біраздан соң жүйе «ескі итальяндық» атауын алады. Ұлы неміс ақыны Гете екі жақты бухгалтерияны адамзат ақыл-парасатының ең тамаша өнертабысы деп атаған. Танымал экономист және социолог Вернер Зомбарт «екі жақты жазу Галлилей мен Ньютонның жүйелері сияқты рухпен шығарылған» деп есептеген.

Лука Пачоли өзінің «Шоттар мен жазбалар туралы» трактатында шаруашылық операцияларды және жүргізу тәсілдері туралы бар кітаптарды талдау арқылы екі жақты жазу заңын баяндады және кез келген шаруашылықта сөзсіз орынды шоттар мен кітаптар жүйесін құрауға болатынын дәлелдеді.

Лука Пачоли математика және бухгалтерлік есеп тарихына кірді, ең алдымен екі жақты жазудың негізін қалаушы болып табылады. Бірақ қазіргі уақытта ғылымның барлық тарихшылары бухгалтерлік есептегі екі жақты жазу Лука Пачоли уақытында емес, одан да ертерек уақытта пайда болды деген пікірмен келіспейді. Лука Пачоли оған дейін пайда болған жүйені тек жазған. Атақты бухгалтерлердің бірі ғалым Фабло Беста (1845-1923) «Шоттар мен жазбалар туралы трактат» Венециядағы коммерциялық мектептің оқытушысымен жазылған және Пачоли мәтінге «Сумма» дегенді қосқан деп жариялады. Басқа нұсқа бойынша «Сумма» Фибоначчидің (1170-1228) кітабының төрттен бір бөлігін қайталар берген. Бірақ та Фибоначчиде бухгалтерия туралы айтылмайды.

Екі жақты жазу шаруашылық үрдісті ыңғайлы және толық түрде көрсетті. Қаражаттың өзгерістері мен қозғалысын шартты түрде белгілейтін операциялық шоттардың пайда болуы капитал мен кіріс сияқты шамаларды жүйелік бақылауды орнатуға мүмкіндік берді.

Шоттар бухгалтерлерге қарапайым ақшалы есептен барлық объектілерді және ақшамен жүргізілетін операциялардың есебіне ауысу мүкіндігін берді. Ежелгі инвентарлы шоттар жоғалмаған, олар кез келген шот пен құжаттарға тығыз енгізілгендігі қызық. Қазір шаруашылық есепке алусыз дами алмайды, себебі есепке алу – шаруашылық қызметтің тілі, бизнес тілі.

Екі жақты жазу тарихы – өзгеріп жатқан шаруашылық ортадағы жанды көрінісінің тарихы. Бухгалтерлік есептің ажырамас бөлігі болып, ол құндылықтың түгелдігін және басқару үрдістерін бақылауды жеңілдететін барлық есепті үйлесімді жүйеге айналдырды.

Екі жақты жазу бухгалтерлік есептің шоттарында ақшалай бағалауы бар және шаруашылық қаражаттар құрамындағы өзара байланысты өзгерістерді тудыратын олардың пайда болу көзін және шаруашылық-құқықтық қатынастардың, шаруашылық операциялардың көріну тәсілі болып табылады.

Азақстан Республикасындағы меншік формалары. Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалар қызметтерінің ерекшеліктері мен түрлері.

Заңды тұлға болып шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе оқшауландырылған мүлікті тікелей басқару құқығындағы мекеме және осы мүліктерге өзінің міндеттері бойынша жауапты, өзінің атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болу және жүзеге асыра алады, сотта талап қоюшы және жауапкер ретінде бола алады.

Заңды тұлға болып өзінің қызметінің басты мақсаты ретінде пайда түсіруді қуатын мекеме (коммерциялық ұйым) немесе пайда түсіруді көздемейтін және алынған табысты қатысушылар арасында бөлмейтін (коммерциялық емес ұйым) бола алады.

Коммерциялық ұйымдардың нысандары:

- шаруашылық серіктестік;

- акционерлік қоғам;

- өндірістік кооператив;

- мемлекеттік кәсіпорын.

Шаруашылық серіктестік –бұл жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне бөлінген заңды тұлға болып табылатынбұл коммерциялық ұйым, қызметінің басты мақсаты ретінде пайда түсіру болып табылады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам түрінде құрылуы мүмкін.

Толық серіктестікболып қатысушылар серіктестік атынан кәсіпкерлікпен қызметпен айналысатын серіктестік мойындалады және оларға тиесілі мүлік міндеттемелеріне жауап береді. Толық серіктестік мүлігі қатысушылар үлесі, алынған табыстар және басқа заңды көздер есебінен қалыптасады. Ол қатысушыларға жалпы үлестік меншік құқығында тиесілі. Толық серіктестік заңды тұлға болып есептелмейді. Заңды тұлғалар – толық серіктестік қатысушылары – заңды тұлға тәуелсіздігін және құқығын сақтайды. Серіктестіктің талаптары бойынша толық серіктестіктің барлық қатысушылары барлық шексіз ортақ жауапкершілігін көтереді.

Сенімділіктегі серіктестік (коммандиттік серіктестік) –серіктестік міндеттері бойынша өзінің мүлкімен жауапты және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын қатысушылар - толық серіктестермен қатар бір немесе бірнеше салымшылар – қатысушылар болады. Серіктестік салымшысы сенімділікте жарғылы капиталға салым салуға тиісті. Салым салу салымшыға серіктестіктен берілетін қатысу куәлігімен куәлендіріледі. Салымшы серіктікпен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда қатыспайды. Серіктестік жұмысын басқару сенімділікте толық серіктестіктермен жүзеге асырылады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікжарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне бөлінген серіктестік; шектеулі жауапкершілікті қатысушылары серіктестіктің міндеттері бойынша серіктестіктің жұмысымен байланысты олардың енгізілген салымдарының құны шегінде шығынға ұшырамайды және жауапты емес. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгісіз уақытқа құрылған болып есептеледі, егер құрылтай құжатымен белгілі бір уақытқа құрылғаны немесе белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылғаны көрсетілмейтін болса.

Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер бухгалтерлік есептілікті жариялауға міндетті емес.

Акционерлік қоғам жарғылық капиталы белгілі бір акциялар санына бөлінген қоғам болып есептеледі. Акциялар – ұйымның даму мақсатына салынған қаражаттарды растайтын құнды қағаздар. Акциялар белгіленген айналым мерзімінсіз шығарылады. Акцияларды иелену акционердің акционерлік қоғамдағы мүшелігін және оны басқаруға қатысу мүмкіндігін анықтайды. Акциялар иесі акционерлік қоғамның дивиденд түріндегі кірісінің бөлігін алуға құықылы. Акционерлік қоғам бір тұлғамен құрылуы мүмкін немесе қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алу жағдайында бір тұлғадан тұрады.

Акционерлік қоғам болып өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акцияларды шығаратын заңды тұлға. Акционерлер қоғамның қызметімен байланысты шығындарға ұшырайды және оларға тиесілі акциялар құны шегінде міндеттері бойынша жауапты емес, заңнамалық актілерде қарастырылған жағдайларды қоспағанда.

Акционерлік қоғам ашық болуы мүмкін.

Ашық акционерлік қоғам шығаратын акцияларын жабық, жеке және ашық әдіспен орналастыруға құқылы. Ашық қоғам заңнамамен орнатылған тәртіпте кірістер мен шығындар туралы жылдық және тоқсандық теңгерім мен есеп беруді жария басылымда шығаруы тиіс.

Өндірістік кооператив – өздерінің жеке еңбегімен негізделген бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін азаматтардық ерікті бірігуі және оның мүшелерінің мүліктік салымын біріктіру. Кооператив мүшелері екіден кем болмауы тиіс. Олар кооперативтің міндеттері бойынша заңнамамен қарастырылған ретте және мөлшерде қосымша жауапкершілікке ие болады.

Мемлекеттік кәсіпорындарға жатады, келесідей құқықтарға негізделген:

- шаруашылық жүргізу. Олар өздерінің міндеттері бойынша тиесілі барлық мүлікке жауапты,бірақ мемлекеттің міндеттері бойынша жауапкершілік тартпайды.

- тікелей басқару дәне ҚР үкіметі шешімі бойынша немесе жергілікті атқарушы орган шешімі бойынша құрылады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның Жарғысында белгіленген мақсаттары мен міндеттерімен анықталады. Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік қазыналық кәсіпорынның міндеттері бойынша біріккен (субсидиарлық) жауапкершілік тартады.

Еншілес мемлекеттік кәсіпорынтек шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен құрылады.

ҚР аумағында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тіркелген филиалдар мен бейрезидент өкілдіктері, жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есептемені құруға міндетті.

Халықаралық есепті ұйымдастыру ерекшеліктері: халықаралық есеп тәжірибесінің дамуы, қазіргі заманға бухгалтерлік моделдер, экономикалық дамыған елдердегі есепке алу.

 

«Бухгалтер» термині (неміс сөзі «buchhalter» ) XV ғасырда Австрияда пайда болды және кітаптарды (есептік) «ұстаушы» дегенді білдіреді. Бұл ұғымның ағылшын тіліндегі тікелей аудармасы «accountant» мағынасын береді, «есепші» деп түсіндіріледі. Бухгалтер лауазымын алған ең бірінші лауазымды тұлға Инсбрукстің есеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штехер болды. Бұл оқиғаны Вен мемлекеттік мұражайында сақталған император I Максимилианның 1498 жылғы 13 ақпан күніндегі бұйрығы дәлелдейді. Осыған дейін төлемақы үшін есепке алу жазбаларымен айналысатын «ел кезуші жазғыш» мамандығы болған. Нақ осы уақыт «бухгалтер» және «бухгалтерия» ұғымдарының таралуының бастамасы болып саналады. Осы периодта бухгалтер мамандығына жоғары моральдық талаптар қойылды. Жеке мемлекеттерде адамгершілік қасиеттер бойынша әлі күнге дейін бухгалтерлерді дін қызметшілерінен кейінгі екінші орынға қояды. 1581 жылы Венецияда тарихтағы бірінші бухгалтерлердің қоғамы құрылды.

Аталған тақырыпты әрі қарай кеңейтетін болсақ, есеп жүйесі өзінің дамуында қалыптасудың белгілі бір эволюциялық кезеңдерінен өтті, оны келесідей көрсетуге болады.