Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және жер учаскесін бөлу

Мекемеге келіп түскен нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініштер алдымен жауапты маманға жіберіледі. Жауапты маман барлық құжаттарды бәрін де заңды түрде рәсімдеуге міндетті. Барлық жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес жүзеге асырады. Жер Кодексіне сәйкес, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге оның құқықтық режимі, осы Кодекстің 1-бабында санамаланған жердің осы немесе өзге де санатқа тиесілігі және жерді аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсат етілген пайдалану негізге алына отырып жол беріледі. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен кезден бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде қаралады. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім осы Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссия қорытындысының негізінде қабылданады. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге келісім беру не одан бас тарту туралы жергілікті атқарушы органы шешімінің көшірмесі ол қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімде өтініш берушіге тапсырылады.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту өтініште көрсетілген негізгі себептеріне байланысты болып келеді. Менің мекемедегі өткен өндірістік тәжірибемдегі нысаналы мақсатын өзгерту туралы келіп түскен өтініштердің көпшілігінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріндегі суарылатын алқаптарды суарылмайтын алқаптарға ауыстыру, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді тұрғын-үй құрылысы үшін елді мекен жерлеріне ауыстыру, керісінше елді мекен жерін егін алқаптарына кей жағдайларда ауыстыру және т.б. болып келді. Сол себептен, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту жайындағы істер келіп түскен өтініштердің баплығын да қанағаттандыра алмайды. Себебі, ол жер учаскесінің жанындағы учаскелер сұралып отырған мақсатқа сай келмеуі мүмкін. Өтініштер жауапты маманға жіберілгеннен соң, маман оны аудандық жергілікті атқарушы органға жібереді. Өтінішке қоса, өтініш берушінің құжаттары қоса беріледі. Жергілікті атқарушы органның шешімі шықпастан бұрын, аудандық жер-кадастр бөлімшеге жер учаскесінің негізгі нысаналы мақсатын анықтау, жер учаскесінің негізгі сипаттамалары, далалық өлшеу актілері, жерге орналастыру жобасы алынғаннан соң, өзгертуге сұрап отырған нысаналы мақсатқа сай келетін негізгі себептерді ажыратады. Егер егін алқаптарын тұрғын-үй құрылысын жүргізу үшін нысаналы мақсатты өзгерту қажет болса, онда белгіленген жер учаскесінің топырағы зерттеліп, топырақ құнарлылығы анықталады. Егер топырақтың құнарлығы белгіленген нормаға жетпесе немесе құнарлылығы кеміп кеткен жағдайда, тұрғын-үй құрылысы үшін жер учаскесінің орналасқан орны қолайлы болған жағдайда және басқа да қосымша кедергілер болмаған жағдайда, жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертілуі әбден мүмкін.

Нысаналы мақсатын өзгерту жайында барлық жер өлшеу жқмыстары аяқталғаннан соң, жергілікті атқарушы орган шешім шығарады. Ол шешімде нақты өзгертуге рұқсат берілген немесе берілмегендігі жайында жазылады. Жергілікті атқарушы органның шешімі және басқа да барлық осы іске қатысты құжаттардың барлығы осы мекемеге қайтарылады. Содан соң, өтініш берушіге өтінішін қанағаттандыру мақсатында шешім жіберіледі.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертумен қатар, мекемеге жер учаскесін бөлу жайында өтініштер келіп түседі. Қазақстна Республикасының Жер Кодексінің 51 бабына сәйкес, Жер учаскесi бөлiнетiн және бөлiнбейтiн болуы мүмкiн. Өзiнiң нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзбай бөлiктерге бөлуге болатын, бөлiнгеннен кейiн әрқайсысы дербес жер учаскесiн құрайтын жер учаскесi бөлiнетiн жер учаскесi болады, бұлай болмаған жағдайда ол бөлiнбейтiн болып табылады. Жер учаскесiнiң бөлiнбейтiндiгi сәйкестендіру құжатында көрсетiледi. Жер учаскесінің бөлінетін бөлігімен мәмілелер жасаған кезде, бұл бөлік белгіленген тәртіппен алдын ала дербес жер учаскесі болып бөлініп шығарылуға тиіс. Қалған жағдайларда мәміле нысанасы оны шартта сипаттау немесе жер учаскесінің бөлігіне белгіленетін құқықтың қолданылу аясын (жалдау, өтеусіз пайдалану, сервитут және басқалары) сәйкестендіру құжатына енгізу арқылы айқындалуы мүмкін. Ол өтініштерде жер учаскесінің тұлғалар бөліп беруді талап ету себептері көрсетіледі. Жер учаскесін негізгі бөлу себептері:

- Жерді ортақ пайдалану үшін;

- Жер учаскесіне басқа нысаналы мақсатқа сай пайдалану үшін;

- Жер учаскесін мәңгілік мұраға қалдыру мақсатында;

- Жерді жалға беру үшін құрылыс жүргізуге;

- Жерді екі немесе одан да көп тұлғалар арасында бөліп алу үшін және т.б.

Жер учаскесін бөлу үшін алдымен жер учаскесінің жерге орналастыру жобасы құрылады. Жобадағы көрсетілген барлық мәліметтерді жинақтап, осы мекемеге қайта тапсырылады. Жер учаскесін бөлуге арыщ беріп отырған тұлғаларға барлық материалдар және шешім арнайы тапсырылады да, олар бөлінген жер учаскесін пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

 

 

2.3. Жерді өлшеуге және қайта өлшеуге жіберу

Жерді өлшеуге арыз беру – бұл жер учаскесінің жоғалған белгілерін орнына келтіру үшін, жер учаскесінің көлемін, ауданын, алып жатырған орнын анықтау үшін қажет болуы мүмкін. Жерді өлшеуге және қайта өлшеуге арыз осы мекемеге беріледі. Өтініш даярланған соң, осы өндірістік тәжірибем өтіп отырған мекеменің атынан жеке ЖерҒӨО-ға жер учаскесін жер Кодексіне сәйкес қарап, Заңдылығына сәйкес өлшеп, сызбасын жасақтап беруді сұрап өтініш жазылады.

Сызбаны жасауға жоба жіберілгеннен кейін, жерді өлшеуші мекеме далалық өлшеу зерттеу актісін жібереді. Актіде тапсырыс беруші есімі, жер учаскесінің орналасқан жері, жер учаскесінің шекараларын және меже аралық қзындықтарының өлшемдерін орнату үшін жер пайдалануға далалық өлшеу зерттеу жұмыстары жүргізілген геодезиялық құралдар көрсетіледі. Далалық зерттеу нәтижесінде бекітілген жер учаскесінің ұзындығы, ені және барлық ауданы, жер учаскесінің қысқаша мінездемесі, ұсыныстар мен қорытындылар және далалық зерттеу сызбасы жалғанады. Далалық зерттеу сызбасында жер учаскесінің орналасқан жерін нақтылау мақсатында сызба түрінде жер учаскесінің шекарасы көрсетіледі. Далалық зерттеу жұмысын жүргізген тұлғаның және тапсырыс беруші тұлғаның аты-жөндері жазылады. Одан соң корректуралық бет құрылады. Онда жұмыс түрі, жұмыс объектісі, орналасқан жері, орындаушы және куәландыратын тұлғалардың есімдері, ескертулердің мазмұны, түзетулер туралы белгі, ескертулердің түзетілгенін тексеру жөнінде жазылады.

Жобаның техникалық бөлімінде далалық өлшеу жқмыстарының журналы көрсетіледі. Онда тапсырыс беруші тұлғаның аты-жөні, жер учаскесінің орналасқан орны, өлшеу құралы, жұмыстың басталу уақыты және аяқталу уақыты, орындаушы жерге орналастырушы тұлғаның аты-жөні көрсетіледі. Техникалық бөлімде абрис көрсетіледі. Абристе жер учаскесінің орналасқан орнын сызба түрінде көрсетеді. Координаталар ведомосінде жалпы учаске ауданы, периметрі, румбтар, сызықтар өлшемі, ішкі бұрыштар, координаталар, нүктелер (№), іргелес жер пайдаланушылар жазылады. Одан соң, жер учаскесінің планы болады. Планда масштаб, жасалу мерзімі, жер учаскесінің алып жатырған аумағы көрсетіледі. Одан кейін жер учаскесінің ситуациялық планы көрсетіледі. Онда жер учаскесінің орналасқан жері, жер учаскесінің аралық өлшемдері, орындаушы тұлға және масштаб жазылады. Одан соң жер учаскелерін нақтылы бір жерде белгілеу акті құрастырылады. Белгіленген шекаралардың сипаттамасы, әрбір шектес бойынша шекаралардың жергілікті белгілері және бағдарлары бойынша өтуі, шекаралардың ұзындығы және бағыты, жыртылған жердің ұзындығы, қойылған межелік белгілердің саны, белгіленген (қалпына келтірілегн) шекаралар бойынша өкілдер өтініші, жер учаскесінің пайдалану мақсаты және жалпы жағдайы, жерге орналастыру шаруалығының өкілі, орындаушы және тапсырыс беруші тұлғалардың аты-жөндері сол актіде көрсетіледі. Жер учаскесінің шекараларын нақтылы белгілі бір жерде белгілеу схемалық сызбасы актіден кейін көрсетіледі. Одан кейін межелік белгілерді сақтауға тапсыру акті құрылады. Онда тапсырушы және қабылдаушы тұлғалар көрсетіледі. Осылайша, жерге орналастыру жобасы құрастырылады. Барлық құжаттар жинақталып, бекітіледі. Барлық жерге орналастыру процесі заңды түрде рәсімделеді, мәжіліс отырыстарында қарастырылып, мәжілістердің жалпы процестері де барлығы да заңды түрде, қағаз жүзінде жобада көрсетіледі.

Осылай өлшеу жұмыстары аяқталғаннан соң, осы мекемеге барлық құжаттар беріледі де, өлшеуге тапсырыс беруші тұлғаға барлық құжаттар тапсырылады. Қайта өлшеуге жолдама беру де осылайша жүзеге асырылады. Бірақ ол процесс алғашқы өлшеуге қарағанда, жеңіл жүргізіледі. Қайта өлшеуге алғашқы кезде өлшеу кезіндегі барлық материалдар қайта өлшеуге тапсыыс беруге өтінішпен бірге беріледі. Жер учаскесін қайта өлшеу жұмыстары жүргізіледі.

 

 

2.4. ЭСЕДО бағдарламасы

ЭСЕДО – электронная система единого документа оборота. Барлық құжат айналымының электрондық жүйесі. Бұл бағдарлама – жаңадан енгізілген мемлекеттік программа. Программаға осы мекемедегі барлық құжаттар, келіп түскен істерді кіріс хаттарға, біткен істерді шыңыс хаттарға арнайы папкаларға жүктеп отырады. Бұл мемлекет тарапынан қондырылған жүйе. Мемлекеттік мекемелердің барлығында осы жүйе орнатыған. Бұл жүйе арқылы барлық мекемеде атқарылып жатырған істерді, қолданылып жатырған құжаттарды қадағалап отыру үшін қажет. ЭСЕДО бағдарламасына құжаттар сканерлеу арқылы жүктеледі, яғни барлық құжаттар түпнұсқа түрінде болуы тиіс. Пррграмммаға негізінен мына құжаттар енгізіледі:

- Жерге орналастыру жобасын жасақтап беруге тапсырыс берілген істер үшін – өтініш, тапсырыс берушінің жеке куәлігі, жерге орналастыру жобасының сызбасы;

- Жерге келісім-шарт жасақтау істері үшін – жерге келісім-шарт жасақтауға өтініш, тапсырыс берушінің жеке куәлігі және келісім-шарт жасақтауға шешім;

- Жерді өлшеуге және қайта өлшеуге жолдама жіберу ісі үшін – өтініш, жеке куәлік, жердің планы (жоспары), жер учаскесінің сызбасы;

- Жердің нысаналы мақсатын өзгерту істері үшін – өтініш, жеке куәлік, нысаналы мақсатты өзгертуге шешім.

Барлық құжаттар жүктеліп болғаннан соң, сақтау батырмасын басады. Істер шығыс және кіріс хаттарына бөлу жұмыстарымен айналысады. Кіріс хаттары – мекемеге келіп түскен істер мекемеге кіріп, шығыс хаттары – істің бітіп, мекемеден шығуын білдіреді.

 

 

III. Қорытынды

Өндірістік тәжірибенің студенттерге берер мүмкіндіктері мол. Мен осы өндірістік тәжірибеден университет қабырғасында 2 жыл бойы алған білімімді тереңдетіп, оны практикалық түрде жүзеге асырдым. Өндірістік тәжірибе кезінде өзіме жаңа достар таптым, арнайы мамандармен кеңесе отырып, өзімнің мамандығымның шын мәнінде өмірдегі маңызын білуге тырыстым. Университетте теориялық түрде мамандығымның не екенін әрине блдік. Бірақ та оның шын мәнінде күнделікті өмірде қалай жүзеге асатынын білдім. Өндірістік тәжірибенің көмегімен мен мамандығымның өте үлкен мәнге ие екендігін және атқаратын міндеттері әлдеқайда мол екендігін түсіндім. Өндірістік тәжірибе кезінде қиындық тудырған жағдайлар тек бастапқы кезеңде ғана болды. Себебі, бастапқы кезде мекемеге алғаш рет келіп, бейтаныс адамдарды көріп, жұмысқа бірден кірісіп кету оңай болған жоқ. Тек бірте-бірте ғана үйренісіп кеттім. Мекемеде өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген кезде өзімді шын мәнінде осы мекеменің бір қызметкері ретінде сезіндім. Сол себептен маған өзімнің мамандығым бойынша жұмыс жасау өте ұнады. Өндірістік тәжірибе кезінде үйренген жер учаскесіне қатысты істерге: жер учаскесінің жерге орналстыру жобасын жасау, жер учаскесін өлшеу, жерге келісім-шарт жасақтау, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі істер және т.б. көптеген жұмыстарды үйрендім. Мамандармен жеке кеңесі мүмкіндігіне ие болып, олардан көптеген мамандығыма қажетті кеңестерді алдым. Өндірістік тәжірибеге берілген уақыт жеткілікті болды.

 

IV. Қосымша