Райттерапия (иппотерапия) бойынша нұсқаушы-әдіскер

Лауазымдық міндеттері: мүгедек-балалармен (бұдан әрі – науқастар) қауіпсіздік ережелерінде белгіленген шарттар толық сақталған үй-жайдың ішінде немесе далада емдік мақсатта салт жүру (бұдан әрі - ЕСЖ) бойынша жеке жаттығулар жүргізеді. Райттерапия өткізудің барлық кезеңдерінде науқастардың жағдайын бақылауды қамтамасыз етеді. Жаттығулар кезінде науқастардың өмірі мен денсаулығына толықтай жауапты болады, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды және оларды науқастың ата-анасы мен ат жетектеушінің да сақтауын талап етеді. Кәсіптік орындалатын сақтандырудың көмегімен өз науқастарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Науқастардың әрқайсысына жеке таңдалған жаттығуларды, әдіс-тәсілдер мен емдік мақсатта салт жүру режимдерін пайдалана отырып, дене және психоәлеуметтік мәртебесінде оң өзгерістерге қол жеткізуге ықпал етеді. Аттың және ат жетектеушісінің жаттығуды бастауға даярлығын, жаттығуды бастауға қажетті жабдықтардың болуын тексереді. Емдік-медициналық мекемеде қабылданған арнайы сауалнаманы жүргізе отырып, өзінің қамқорлығындағы науқастардың психофизикалық параметрлерінің динамикасын бақылайды. Дәрігердің бақылауымен және оның көмегімен сауалнамалармен жұмыс жүргізеді, ол алынған нәтижелерді бағалауға және қажет болған жағдайда ЕСЖ режиміне түзету енгізеді. Әрбір науқаспен күнделікті жеке жаттығу жоспарларын жасайды, атқарылған жұмыс туралы (күнделікті) күнделік жүргізеді. Науқастың денсаулық жағдайын, оның ЕСЖ бойынша жүктемені көтеруге даярлығын бағалайды, науқастың жағдайында қандай да бір ауытқушылықтар болғанда медициналық қызметкермен бірлесе отырып, науқаспен ЕСЖ сабақтарын жүргізудің орындылығы туралы мәселені шешеді. Жаттығулар кезінде нақты және қысқа командалар беру арқылы ат жетектеушісінің қызметін басқарады. Науқастың мінез-құлқы мен жай-күйін, оның сабақ барысындағы көңіл-күйін бақылайды, қатты шаршағаны байқалған кезде жүктемені азайта отырып немесе мүлде тоқтата отырып, жоспарға өзгерістер енгізеді (медициналық қызметкердің кеңесі бойынша). Үнемі өзінің біліктілігін арттырады, салт жүру саласындағы өзінің білімі мен дағдысын жетілдіреді. Оңалту тәжірибесінде жаттығулар банкін құрған кезде және одан кейін де ЕСЖ әсер ету нәтижесін объективті бақылау бойынша ғылыми-практикалық жұмыстарға белсенді қатысады. Науқастың киімінің оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуін, сондай-ақ дұрыс киілген және дұрыс түймеленген сақтандыру дулығаның болуын тексереді. Ат жетектеушімен бірлесе отырып, науқасты атқа қауіпсіз отырғызу және одан сабақ аяқталған кезде түсіруді қамтамасыз етеді. Иппотерапия арқылы шетелдік және отандық оңалту тәжірибесін зерттейді және талдайды. Есепке алу құжаттамасын жүргізеді. Дәрі-дәрмек қобдишасының тиісті жағдайда болуын және қажет болған жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтайды.

2. Жүзу жөніндегі нұсқаушы

Лауазымдық міндеттері: қауіпсіздік ережелерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, қарттармен және мүгедектермен (бұдан әрі – қамқорлықтағы адамдар) бассейнде жүзу (гидрокинезотерапия) бойынша жеке жаттығулар өткізеді. Емдеуші дәрігердің бақылауымен қамқорлығындағы адамдарға арнайы таңдалған жаттығуларды, әдістемелік тәсілдер мен емдік жүзуді, жүзу техникасын және гидрокинезотерапия емдік әдісін қолдана отырып, олардың физикалық және психоәлеуметтік мәртебесінде оң жетістіктерге жетуге жәрдемдеседі. Белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді. Жаттығулар кезінде қарамағындағылардың өмірі мен денсаулығы үшін толық жауапты болады, бассейнде өзін-өзі ұстау ережесіне ақтайды және оларды қарамағындағылардың да сақтауын бақылайды. Бассейннің түбінің жұмыс бастауға дайын болуын, жаттығуды бастау үшін қажетті жабдықтардың болуын тексереді, жұмыс аяқталғаннан кейін күн сайын бассейнді тексереді. Дәрі-дәрмек қобдишасының тиісті жағдайын қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда дәрігерге дейін көмек көрсетеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтайды.

3. Еңбекпен емдеу жөніндегі нұсқаушы

Лауазымдық міндеттері: бағдарламаларға сәйкес қарттар мен мүгедектерді (қамқорлықтағыларды) шамасы жететін еңбекке тартады. Қамқорлықтағылардың физикалық және психикалық жағдайын оңалту мақсатында емдеуші дәрігердің басшылығымен қамқорлықтағыларды еңбекпен емдеуге тартуға мүмкіндік беретін шарттарды қамтамасыз етеді. Еңбекпен еңбек шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, құралдармен, техникалық құралдармен, көрнекі құралдармен, жабдықтауды ұйымдастырады, олардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына жауап береді. Жабдықтарды, материалдар мен құралдарды, техникалық құралдар мен айлабұйымдарды жөндеу мен ретке келтіруді жүзеге асырады немесе ұйымдастырады, олардың жұмысын бақылайды. Қамқорлықтағылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді, жұмыс процесі кезінде олардың өмірі мен денсаулығына жауапты болады, оларға дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Жоспарлау, есепке алу және есеп жүргізу бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізеді.
4. Әлеуметтік жұмыс бойынша консультант

Лауазымдық міндеттері: үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде өз қызметін жүзеге асырады, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдармен жұмыс істеуге өкілеттілік берілген басқа да ұйымдардың мамандарымен өзара қарым-қатынас жасайды. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға, олардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне, қарттар мен мүгедектерге (бұдан әрі – контингент) әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету, баланың құқықтары, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар, асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек және төлемдердің басқа да түрлері; қорғаншылықты, қамқорлықты ресімдеу, арнайы түзету ұйымдарына, халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріне жіберу мәселелері бойынша консультативтік қызмет көрсетеді. Контингентті протездік-ортопедиялық бұйымдармен, арнайы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Контингентке денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, заң қызметтері мен басқа да мамандардың консультация көрсетуін қамтамасыз етеді. Мамандар мен әлеуметтік қызметкерлерге әлеуметтік мәселелер бойынша заңнаманы түсіндіру жөнінде оқыту өткізеді. Отбасыға әлеуметтік көмек көрсету орталықтарын, паналарды, жастар, жасөспірімдер мен балалар орталықтарын, күндізгі бөлімшелерде және үйде күту бөлімшелерінде жұмыс істейтіндерге арналған клуб құру қызметіне қатысады. Қиын өмірлік жағдайда жүрген контингентке әр түрлі көмек көрсетумен байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдеседі. Қиын өмірлік жағдайларды еңсеру, мұқтаж адамдар мен олардың отбасыларының әлеуметтенуі және бірігуі үшін қажетті жағдайларды жасауға жәрдемдеседі, олардың қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуда құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Мұқтаж адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қызметтерді үйлестіреді, арнаулы әлеуметтік қызметтерді іске асыруға қажетті мамандарды тартады. Үйде күту жағдайында қызмет көрсететін субъектінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылармен жұмыс жүргізуінің жеке жоспарын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету. Үйде күту жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге үнемі мониторинг жүргізеді, дерекқорды жүргізеді және белгіленген тәртіппен есеп береді. Ұйымда әлеуметтік қорғау саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені пайдаланады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
5. Медициналық-әлеуметті мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері

Лауазымдық міндеттері: Балалар медициналық-әлеуметтік мекемелерінің (ұйымдарының) (бұдан әрі – ұйым) оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады, топтық және жеке жаттығулардың кестесін әзірлейді, бірыңғай тақырыптық жоспарлау, күнтізбелік жұмыс жоспары, ашық сабақтардың жоспарлары, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-мәдени қызметтерді көрсететін персоналдың кәсіби деңгейін жоғарылату бойынша семинарлардың тақырыптарын дайындайды, практикалық және әдістемелік тәжірибесін, қажетті білімдерді, дағдылар мен тағылымдарды қызмет көрсететін персоналға үйретеді. Мүгедек балаларды оқу-түзету, абилитациялау, оңалту іс-шараларына (өзіне-өзі қызмет көрсету, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбек бағдарын, сенсорлық, қимыл, танымдық функцияларын қалыптастыру), даму динамикасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді, кешенді тексеру және мүгедек балалардың әлеуметтік, зияткерлік және моторлық даму деңгейін кешенді зерттеу және оларды түзету, әлеуметтендіру, абилитациялау және оңалу дәрежесін айқындау жұмыс істейтін қызметкерлерден пәнаралық медициналық-педагогикалық комиссияны құрады, жеке жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысады, алдын ала жоспарланған тақырыпқа педагогикалық кеңес өткізеді. Әдістемелік база (кітапхана, лекотека) құрады және оны толтырады. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру (арнайы білім беру) органдары мен ұйымдарының мамандарымен тығыз қарым-қатынаста өз қызметін жүзеге асырады. Мүгедек балалардың ата-аналарына консультативтік қызмет көрсетеді. Баланың даму динамикасы бойынша құжаттаманы жасайды. Фронтальді және жеке сабақтардың журналдарын жүргізеді.
6. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман

Лауазымдық міндеттері: өз қызметін медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) (бұдан әрі – ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында жүзеге асырады. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ қарттар мен мүгедектермен, оның ішінде мүгедек балалармен (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) жұмыс жүргізуге уәкілетті ұйымдардың мамандарымен қарым-қатынасты жүзеге асырады. Жеке жұмыс жоспарын және журнал/электрондық картотека жасау жұмысын үйлестіреді, олардың сапалы толтырылуына және орындалуына бақылауды жүзеге асырады, паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім қызметтерін қажет ететін науқастарды анықтауға ай сайын мониторинг жүргізеді. Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен түрлерін талдайды, оларды дамыту перспективаларын, әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж адамдардың динамикасын болжайды. Азаматтардың туысқандарымен қарым-қатынас жасап тұруына, хат жазуға, өтініш жасауға, баспа құралдарымен танысуға ықпал етеді. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлердің қызметіне, олардың сапасына әдістемелік басшылық және бақылауды жүзеге асырады. Азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарауға өз құзыреті шеңберінде жәрдемдеседі, туындаған қиындықтарды шешу және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша жәрдемдесу шараларын қабылдайды.
7. Жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық
бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы

Лауазымдық міндеттері: өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар, жұмыспен қамту орталығына өтініш берген адамдардың қатарынан әр түрлі бейіндегі мамандардың дерекқорын қалыптастырады, бос жұмыс орындарын іздеумен айналысады және өтініш берген азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Ұйымдардағы ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының дерекқорын қалыптастырады. Халық пен жұмыс берушілер арасында халықты жұмыспен қамту туралы заңнама мәселелері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысады. Басқа жұмыспен қамту орталықтарының озық жұмыс тәжірибесімен танысады. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларға, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарға және жұмыс берушілерге консультация қызметтерін ұсынады. Жұмыспен қамту бағдарламасының әлеуетті қатысушыларына бейімдеу қызметтерін және психологиялық қолдау көрсетеді. Жұмыс берушілермен жұмысқа орналастыру және олардан бос жұмыс орындары туралы ақпарат алу мәселелері бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Атқарылған жұмысты қорытады және талдау жасайды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру және өткізу жұмысын жүзеге асырады. Бөлімшенің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады. Жұмыспен қамту орталығына (қызметіне) жүгінген азаматтарды қабылдайды, оларды автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорына тіркейді және белгіленген тәртіппен анықтама береді. Азаматтың жүгіну мақсатын, жұмыс істемеуінің себебін анықтайды, азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндігі туралы хабардар етеді, мемлекеттік қолдауға мұқтаждығы дәрежесін айқындайды. Халықтың нысаналы топтарындағы адамдарға жұмысқа орналасуға бірінші кезекте жәрдемдеседі. Ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының дерекқорында жүгінген адамның кәсібіне (мамандығына) сәйкес келетін жұмыс орны болмаса, онымен жұмыс істеу үшін оны басқа мамандарға жібереді. Бөлімшенің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді. Кәсіптік оқуға, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына жіберілген азаматтардың есебін жүргізеді.
8. Зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі маман

Лауазымдық міндеттері: азаматтардан зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыны, әлеуметтік төлемдерді, өтемақыны тағайындауға өтініш пен құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады. Зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдерді, өтемақы алушылардың іс қағаздар макетін уақтылы қалыптастыруды және оларды тағайындау туралы шешім жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді. Зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау туралы хабарламаны зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді. Зейнетақы, жәрдемақы тағайындау үшін ұсынылған істер бойынша өтінімдердің орындалуын жүзеге асырады. Зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдері, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер, өтемақы мөлшеріне индексация, қайта есептеулер жүргізеді. Зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді ұзартуды және қайта бастауды қажет ететін құжаттарды қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады. Деректерді орталықтандырылған дерекқорға енгізу жұмыстарын жүзеге асырады. Зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдері, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер, өтемақының тағайындалған мөлшерін уақтылы және нақты есепке алуды қамтамасыз етеді. Үш ай және одан көп уақыт бойы зейнетақы мен жәрдемақы алмаған салымшылар, сенімхат бойынша алушылар тізімі бойынша, қайтыс болған және кеткен адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жеке істеріне түгендеу жұмыстарын жүргізеді. Зейнетақы мен жәрдемақы сомаларының артық төленуіне жол бермеу шараларын қабылдайды және зейнетақы мен жәрдемақының артық төленген сомаларын қайтаруды қамтамасыз етеді. Зейнетақы, жәрдемақы алушының өтінімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді және олардың сауалнамалық деректеріне өзгерістер енгізеді. Зейнетақы мен жәрдемақыны төлейтін ұйымдармен жеке және карточкалық шоттарды салыстыру бойынша, аударғаннан кейін зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын қайтару бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Халыққа әлеуметтік жеке код және куәлік беруді жүзеге асырады; зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, зейнетақының, жәрдемақының, әлеуметтік төлемдердің дербес орталықтандырылған есебін жүргізеді. Төлеушілердің өтініштері бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына қате (артық) аударылған әлеуметтік аударымдарды, қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруды ұйымдастырады. Салымшылардың (алушылардың) деректемелеріндегі қателерді түзету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жұмысқа талдау жүргізеді, белгіленген мерзімде есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
9. Сарапшы

Лауазымдық міндеттері: Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуді жүзеге асырады. Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша зерттеу жұмыстарын сарапшылық және әдістемелік қолдауды ұйымдастырады. Зерттеу бағыттарын, мақсатын, оны өткізу әдістерін әзірлейді және негіздейді. Міндеттердің жаңа, анағұрлым тиімді теориялық және практикалық шешімдерін табу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады. Жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелердің тиімділігі мен өзектілігін қамтамасыз етеді, жекелеген жұмыстарды жүргізуге тікелей қатысады. Әзірлемелерді енгізу тиімділігіне талдау жүргізуді ұйымдастырады, қажетті есептік құжаттаманы жасайды. Ұйымның перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлеуді жүзеге асырады. Ұйымның басқа құрылымдық бөлімшелерімен жұмысты бірлесіп орындаған кезде қоса орындаушылардың қызметін үйлестіреді. Оқу-әдістемелік материалдарды, оқулықтар мен ұсынымдарды, мультимедиялық оқу бағдарламаларын әзірлейді. Озық отандық және халықаралық тәжірибенің қолданады. Біліктілікті арттыру курстарын өткізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Тапсырмаларды іске асыру процесінде ақпараттық-талдау көмегін көрсетеді. Бөлінген ресурстарды тиімді пайдалану бойынша шаралар қабылдайды және жаңа технологиялық жабдықтармен, материалдармен толтыруды және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Білімнің тиісті саласында кадрларды даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асырады. Мамандардың шығармашылық белсенділігін дамыту бойынша шаралар қабылдайды. Талдау әзірлемелерін сараптауға және пікір беруге қатысады. Жобалық құжаттаманы сараптауды жүзеге асырады және қорытынды дайындайды. Ғылыми-практикалық конференцияларды, кеңестерді, семинарларды, жарнамалық және насихаттау жұмыстарын даярлауға және өткізуге қатысады. Белгіленген мерзімде есептерді ұсынады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
10. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау
және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

Лауазымдық міндеттері: өз қызметін халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ қарттармен, мүгедектермен, оның ішінде мүгедек балалармен (бұдан әрі – қызмет алушылар) жұмыс істеу үшін уәкілеттік берілген басқа да ұйымдардың мамандарымен тығыз байланыста жүзеге асырады;
арнаулы әлеуметтік қызметтерге бағалауды жүргізеді және қажеттілікті айқындайды; өтініш берушімен сұхбат жүргізеді, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша шығады, көршілерден қызмет алуға мүмкіндік беретін объективті себептерінің мәнін сұрастырады; организм функциялары бұзылған кезде, баланың әлеуметтік бейімсіздігі және депривациясы кезінде өз бетінше қызмет ете алу қабілетін айқындайды; әлеуметтік ортаны, тіршілік етудің материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларының жетіспеушілігін немесе болмауын бағалайды; білім беру және денсаулық сақтау органдарынан қорытындылар алу үшін ведомствоаралық комиссия құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; қорытынды дайындайды, онда қызметтің түрі, алушының санаты, қызмет көрсетілетін жер, қызметтің көрсетілу ұзақтығы, қызметтің мазмұны, жеке ерекшеліктері айқындалады және оны аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарға жібереді.