Зертханалық жұмыс №20

Тақырыбы: «Есеп беруді жасау»

Мақсаты:Microsoft Access деректер базасының объектілерінің бірі есеп берумен, оның қолданылу аясы және жасалу тәсілдерімен танысу.

Негізгі ұғымдар:

Есеп беру –бұл деректерді баспаға шығаруды ұйымдастырудың, тиімді әрі икемді құралы. Сонымен қатар бұл деректер базасынан деректерді қолданушыға қажет түрінде баспаға жіберудің тәсілі. Мысалы, оқитыны жайлы анықтама, емтихан ведомосі, қандай- да бір шартпен біріктірілген кестелер және т.с.с.

Есеп беруді өз қалауың бойынша Конструкторкөмегімен жасауға, көркемдеудің дайын нұсқаларын қолдануға (автоотчеты)немесеШебер (Мастер)көмегімен жасауға болады.

Есеп беруді жасаудың алты тәсілі бар:

1) Конструкторөз қалауың бойынша есеп беруді жасауға мүмкіндік береді, алайда бұл тәжірибелі қолданушыңа да оңай емес.

2) Есеп беру шебері (Мастер отчетов)кестеден немесе сұратудан өзіңіз таңдаған өрістер негізінде есеп беруді және есеп берулердің макетін жасауға мұмкіндік береді. Есеп беруді жасаудың бұл тәсіл ең ыңғайлысы.

3) Баған түріндегі және лента түріндегі Автоматты есеп берулер(Автоотчет в столбец, Автоотчет ленточный)есеп берулерді жасаудың ең қарапайым оңай тәсілі, мұнда есеп беру негізге алатын кестенің немесе сұратудың атын көрсетсеңіз болғаны, қалғанын. Есеп беру шебері өзі атқарады.

4) Диаграмма шебері(Мастер диаграммы) есеп беруді диаграмма түрінде жасауға көмектеседі.

5) Пошталық жапсырмалар(Почтовые наклейки) пошталық жапсырмаларды баспаға шығаруға пішімделген есеп беруді жасайды.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. «Есеп берумен жұмыс»

1. Оқытушылар кестесі негізінде деректерді қызметі бойынша топтайтын есеп беру жасаңыз.Есеп беруді жасау үшін:

§ Отчеты бөліміне өтіп, ашқан терезеден <Создать> батырмасын басыңыз;

§ Ашылған терезеден Есеп беру шебері (Мастер отчетов) пунктін таңдаңыз;

§ Терезенің төменгі бөлігіндегі ашылмалы тізімнің тілшесін басып, пайда болған тізімнен Оқытушылар кестесін таңдаңыз.

§ <ОК> батырмасын басыңыз;

§ Ашылған терезеден пішінде болуы керек барлық өрістерді таңдаңыз. Бқл жаттығуда барлық өріс керек болғандықтан батырмасын басыңыз;

§ <Далее> батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде барлық өрістердің тізімі тұрады;

§ «Қызметі» деген өрісті белгілеп, батырмасын басыңыз. Осы арқылы сіз деректердің қызмет бойынша топталуын анықтап бересіз.

§ Тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

§ Пайда болған терезенің параметрлерін өзгертпейтін болғандықтан, тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

§ Пайда болған терезеден есеп беруді көркемдеудің стильдерін таңдаңыз да тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

§ Келесі пайда болған терезеде Оқытушылар деп есеп беруге ат беріңіз.

§ <Готово> батырмасын басыңыз. Экранда дайын есеп беру тұрады. Көріп алған соң, оны жабыңыз. .

2. Өз беттеріңмен Конструкторрежимінің элементтер панелін қолдана отырып Студенттеркестесінің негізінде студенттің экономикалық факультеттің сол тобында оқитындығы туралы Анықтама (Справка)түрінде есеп беру жасаңыз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

Мына деректер қорына әртүрлі әдістермен үш есеп беру жасаңыз.

Нұсқа № Тапсырма
«Музыкалық альбом»
«Емхана»
«Сабақ кестесі»
«Компьютерлік салон»
«Конференцияға қатысушылар»

Бақылау сұрақтары:

1. Есеп беру дегеніміз не?

2. Какими способами создаются отчеты?

3. Автоесепберу (автоотчет) деген не?

4. Элементтер панелі не үшін қолданылады?

5. Автоесепберудің Есеп беру шеберінен (Мастер отчетов) айырмашылығы неде?