Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология

 

Аксиологияның(гр. axia - құндылық және logos- ілім) - «игілік деген не» сұраққа алғашқы рет Сократ қойды. Бірақ, құндылықтүсінігі алғашқы рет Канттың философиясында пайда болды. Ол үшін құндылық өзінше болмыс болмайды, құндылықтың алғышарты, болмыс пен міндеттенуді ажырату.

Құндылық теориясы, құндылық табиғаты туралы философиялық ілімдер, олардың әлеуметтік шындық пен дүние құрылымындағы орны әртүрлі бағыттарда сипатталды. ХІХ–ХХ ғасыр философиясындағы ағымдар адамның жоғарғы рухани қабілетін ерік деп, құндылық мәселесін әлеуметтен тыс феномен ретінде қарайды.

Объективті-идеалистік философия ағымдары, неотомизм, интуитивизм құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұрған о дүниелік нәрсе ретінде түсіндіреді.

Логикалық позитивизм, құндылықты сананың құбылысы, адамның бағалайтын объектіге субъективтік қатынасы деп санайды. Құндылықтың натуралистік теориясында адамның табиғи қажеттіліктерінің немесе жалпы табиғат заңдарының көрінісі ретінде таниды. Натуралистік психологизм (табиғат құндылығы мағынасында) – адамның биопсилогиялық түсінігі мен қажеттіліктері. Ал құндылықтың өзі қоршаған шындықтың эмпириялық деректері деп анқталады. Өкілдері: А. Мейнонг, Р.Б. Пери, Дж. Дьюи, К.И. Льюис.

Аксиологиялық трансцендентализм – идеалды болмыс, нормалық болмыстық құндылық, ол сезімдік (эмпириялық) емес, таза трансценденталдық «таза» нормативті санамен байланысты. Өкілдері: Вильгельм Виндельбанд, Г. Риккерт. Олар Канттың сыншылдық идеясына сүйеніп, И. Фихте мен Р. Лотце философиялары тұрғысынан, философияны жалпылай қабылданған құндылықтар туралы сыни ғылым ретірде түсіндірді. В. Виндельбонд бойынша: өмірдің құндылығы – игілік, киелілік, ар-бедел, еркіндік, ізгілік, сүйіспеншілік, сұлулық және ақиқат идеяларының болмысы болады. Әмбебап және мәңгі құндылық ретіндегі ақиқатты табу тәсілін В. Виндельбонд пен Г. Риккерт пән бойынша емес (табиғат туралы ғылым мен рух туралы ғылым) әдіс ретінде бөлді. Табиғат туралы ғылымдар (номотетикалық) әрқашан бар нәрсені зерттейді, рух туралы ғылымдар (идеографиялық) тек бір уақытта болған және ерекше маңызды құндылықтарды қарастырады.

. Г. Риккерт мазмұнында ақиқат, сұлулық, жеке адамнан жоғарғы киелілік, өнегелік, бақыт және кісі киелігі туатын болмыстың алты сферасымен – логика, эстетика, мистика, этика, эротика, дін – байланысы негізінде, құндылық түрлерін ажыратады.

Персоналистік онтологизм – адамның негізі оған тән құндылықтардың бағыныштылығымен анықталады. Адамның бұл құндылық жүйесі реалдық құндылық дүниесі ретінде. Ал құндылықтың сипаты – объективтік. Олар адамның онтологиялық негізін құрайды. М. Шелер абсолютті құндылықтардың бағыныштылық байланысын құрып, құдайды жоғарғы абсолют ретінде негіздеуге ұмтылады. Құдай идеясы Шелерде жоғарғы абсолют, ал құдайды сүю – сүйіспеншіліктің жоғарғы формасы, фундаменталды феноменалдық акт.

Мәдениет барлық құндылықтардың жиынтығы. Сондықтан мәдени-тарихи релятивизмге аксиологиялық плюрализм идеясы тән, яғни тарихи әдістің көмегімен танылатын, тең саналатын құндылық жүйелерінің көптігін мойындау. Өкілдері: В. Дильтей, О. Шпенглер, А. Тойнби, т.б. Құндылықтың социологиялық концепциясын қалаушы М. Вебер өзінің «түсінетін социологиясында» құндылықтарды әлеуметтік субъектіге, белгілі бір маңызы бар қағидалар ретінде қарастырады. Құндылық әлеуметтік білім мен әрекетте түсіндіріледі. Ол әлеуметтік байланыс пен әлеуметтік жүйелердің қызмет етуін анықтайтын құрал ретінде қарастырылады (Парнос, т.б.).

Құндылықтың маркстік ұғымы басқа философиялық ағымдардан принципті түрде өзгеше. Ғылыми түсіндіруде құндылық мәселесі универсалдықтан арылған. Бұл мәселенің астарында ғылыми жолмен шешілетін алуан түрлі философиялық мәселелер жатыр. Шындығында табиғаттан тыс немесе таза табиғи қасиет болмайды, құндылық өзінше ерекше әлеуметтік құбылыс. Табиғаттың адамнан тыс ешқандай өзіндік құндылығы жоқ, ал бағалау болса, қоғамға тән әлеуметтік қатынасты білдіреді.

Құндылықты жалпыадамзаттық, ұлттық, әлеуметтік таптық, топтық және адамдық деп ажыратуға болады. Осыған орай олардың мән-мазмұны, ауқымы, өзгешелігі әрқилы болып келеді. Оның әр қоғамда, әр халықта әртүрлі болуы заңды. Себебі, оларға табиғи және әлеуметтік орта, тарихи ерекше даму, көрнекті тұлғалардың өсиеттері, діни көзқарастар, алдына қойған мақсаттары, т. б. әсер етеді. Құндылық өз тарапынан ел білімдерінің деңгейіне, салалық бағытталуына, іздестіру тәсілдеріне, басқаларға жеткізу әдістеріне көп әсерін тигізеді. Өмірдегі маңызы үлкен зат пен құбылыс терең зерттеліп, оның әр күйі жекеленіп, арнайы атауға (сөз, термин) ие болады. Мысалы, түйе малы көшпелі қазаққа өте құнды болғандықтан, оны 20-30 - шақты атаумен нақтылайды, еуропа халықтары оның ұрғашы немесе еркегі екенін де ажырата алмай ересек және бала түйе деген атаулармен шектеледі.

Құндылықтар тарихи дамып, заман талабына сайөзгеріп отырады. Құндылыққа тек материалдық нәрсе емес, рухани құбылыстар да жатады: этикалық, эстетикалық принциптер мен нормалар, діни және ғылыми қағидалар, т. б. Қазіргі кезде барлық адамзат үшін ерекше бір құндылыққа техниканы жатқызу қажеттілігі туды. Шығыс елдері табиғатқа қатысты көзқарасқа сай жаратылыстанудан гөрі, қоғамдық ғылымдарға көп көңіл бөліп, руханилыққа шақырып отырған.

«Техника» түсінігі гректің («techne») - өнер, шеберлік, іскерлік деген сөзінен шыққан. Антика заманында техника түсінігі, адамның жасампаз іскерлігі мен ішкі қабілетін, осы іскерліктің өзіндік заңдарын, сонымен бірге адам әрекетінің жемісті болуындағы көмегін айтады.

Техниканың әлеуметтік мәні және сипаты:

- жеке еңбек қаруын техникаға жатқызуға болмайды;

- «techne» - антикада жерді өңдеу, аң аулау, теңізде жүзу, дәрігерлік, тоқыма, қару жасау және театр өнерін айтады;

- техникалық білім өндіріс процесінде ой арқылы объектіні құрастырады, проект жасайды. Оны мақсатты орындаудағы құрал ретінде көру қажет.

Техниканың даму барысын табиғаттың өзгерту мүмкіндігі бар. Бір жағынан, техника мен табиғат ұқсас қимылдайды, ал екінші жағынан ол табиғатты адамның керегіне қарай өзгертеді.

XVII-XVIII ғғ ғылыми революция дәуірінде Батыс Еуропа елдеріндегі өндірістегі өзгерістер, латын тіліндегі «technica ars» (өндірістегі өнер әдісі) француз тіліне «tehnigac» содан кейін неміс тіліне «technic» болып ауысты. Сөйтіп, термин арнайы мамандық бола бастайды. Жаңа дәуірде ол күрделі құралдардың бірлігін, әрекетін, өндірістегі шебер жасалуын, ең алдымен еңбек қаруы және машина ретінде қарастырылды. Сондықтан бұл сөздің түсінігі өзгереді.

Азық-түлік, әртүрлі тұрмыстық, өндірістік заттар шығару үшін механизмдерді ойлап табу мүмкіндігі пайда болды. Техника дамуының өзгеріс нүктесі – бірінші қозғалтқыш (двигатель) (1776 ж.), соңынан әмбебаптық қозғалтқыш-электромотор (динамомашина -1867) -саналады. Қазіргі кезде «техника» термині көп ретте оның классикалық түсінігіне байланысты. Ғылыми-техникалық прогресс бұл түсінікті толықтырып және кеңейтті. Бүгінде техника органикалық және органикалық емес табиғатқа әсерін тигізіп отыр. Органикалық емес материяда - құрылыс техникасы, электротехника, теплотехника, физика-химиялық техника, энергетикалық техника, органикалық табиғат саласында ауылшаруашылық техника, биотехнология, т. б. пайда болды. Сонымен бірге техникаға ойлау, айтысу өнерлері жатады: ес (мнемотехника), сурет салу, музыка аспабында ойнау; техникасы, т.б адамдарды, өндірісті, мемлекетті басқару техникасы түсініктері кең түрде қолданыла бастады.

Сонымен, қазіргі замандағы техника түсінігін мынадай деуге болады:

- білім саласында эмпириялық пен теориялық білімді байланыстырушы жүйе саласында көрінеді;

- адам әрекеті саласында: барлық құралдар мен іс-қимыл мүмкіндіктері және қажеттігіне сәйкес табиғатты өзгерту мен үстемдігін орнатудың амал-тәсілдерінің жиынтығы;

- шеберлік пен дағдылықтың бірлігі, кәсіп ерекшелігіне байланысты адамдарәрекетінің түрі. Дағдылықты толық игеру, шұғылданатын ісінің өнерлігі мен шеберлігі.

Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) кезінде адамдар өте жоғары дәрежеде білімді болуы қажет. Автоматтандыру және кибернетизациялау жұмысшылардың уақытын үнемдейді, шығармашылық күшін босатады, өндірістің жаңа түрлері пайда болады. Техника және ғылыми-техникалық прогресс адам ақыл-ойының зор табысы. Осы табыстарға сүйене отырып, өндіргіш күштер дамыды, жаңа технолгиялық процестерді қолданып, еңбек өнімділігін арттырды.

Ғылыми-техникалық прогресс бір жағынан адамның өмір сүруін, тұрмыс жағдайын жеңілдетсе, екінші жағынан, оның биологиялық құрылысын, денсаулығын бұзатын, дертке шалдықтыратын толып жатқан жаңа жағдайлар, іс-әрекеттер туғызады. Ол адамдарға өте көп күш дарытқанымен бірге, үлкен таңдау-баламалар да қойып отыр. Ал қару-жарақтың көбеюі, адамдар алдында соғыс пен бейбітшілік мәселесін тудырды. Осы прогресс жер бетіндегі табиғи қорларды бұзып-жойып, экологиялық мәселелерді пайда болуына ықпал етті.

Ғылыми-техникалық прогресс дамыған және дамушы мемлекеттердің ара жігін ажыратты. Бай және кедей мемлекеттер арасында энергетика, азық-түлік, ағарту, т. б салаларында наразылық туғызды. Бұл жаңа жағдайлар адамзат әлеміндегі ең күрделі мәселелерге айналды.

Ғылыми-техникалық прогресс, оның жетістіктері ең алдымен қоғамдық өмірдің материалдық негізіне әсер етеді. Ғылымның өндірістегі рөлі барған сайын өсу нәтижесінде, ол тікелей өндіруші күшке айналады. Ғылыми-техникалық революциялар қуатты қозғаушы қызметтер атқарады. Мәселен, электр энергиясының ашылуы және оны игеру, барлық заводтар мен фабрикаларды, бүкіл транспортты негізінен қайта құруды қажет етті. Атом энергиясын игеру, космосқа сапар шегу және осыған байланысты ғылымның өндіріске әсері етуі күшейе түсері сөзсіз.

Ғылымның күрделенуі, жедел дамуы адамның өмір сүруіне, табиғи қордың тамамдалуына жеткізе бастады. Адамзаттың өмір сүретін ортасы түзетуге келмейтін қатерге тап болу мүмкіндігі көріне бастады.

Қазіргі адам санасы сиқырлы құмырадан босаған «жын» (джин) сияқты, еркіндікке жеттім деп, дүниені қопарып тастауға дайын. Соңында А. С. Пушкиннің белгілі ертегісіндегідей тесік тегененің жанында жылап отырып қалмайық деген қорқынышты ойлар туғызады. «жынды» басатын, тежейтін қоғамдық, мемлекеттік күш керек. Егер «жынды» желпіндіретін ашқарақ, тойымсыз капитал, соның құлы алаяқ, жемқор , өзімшіл-пенде болса, тежеушісі - бірлікшіл, қанағатшыл азаматтар, солардың жаңаша құрған билік жүйесі болуы керек. Материалдық өндіріс адамның өмір сүретін ортасына қатты әсер етіп, көптеген келеңсіз жағдайлар туғызады, яғни табиғатты игеру процесінде биосфераға зиян келтіріледі: атмосфераның кірленуі; су бассейндердің ластануы басталады.

Осыған орай: экологиялық мәселелердің негізі неде? Адамзат алдында қандай нақты мәселелер тұр? Теориялық жолмен және практикалық әдіспен оны шешудің жолдары қандай? - деген сұрақтар туындайды.

Экологиялық (гр. үй, тұратын мекен, тірі организмдердің қоршаған ортамен ара-қатынасын зерттейтін биологиялық ілім) тепе-теңдікті сақтау үшін:

- соғысты тоқтату, табиғатты жоятын, дүниені апатқа ұшырататын қаруға қарсы күресу;

- қоғам өмірінде ерекше орын алатын, өндірістің, ғылыми-техникалық және мәдениеттік прогрестің дамуына сүйеніп, адамзаттың өз өмірін табиғат апаттарынан сақтау (жер сілкіністерінен, су апаттарынан қорғайтын құрылыс, бөгеттер салу жатады);

- экологиялық тұрғыдан таза, үнемді, қалдықсыз өндіріс, жаңа энергия көздерін ашу, сапалы, денсаулыққа зияны жоқ өнімдер шығару, т. б. кешенді жолмен айналысуы керек.

Бэкон: «Адам табиғатты бағындырумен бірге оған бағыну керек», – деген.

Адам табиғатты игере отырып, өзінің өмір сүруіне жаңа жағдайлар жасайды: киім киюін заманның талабына сай жетілдіру.

Тұрғын үйлерді жаңа талаппен салу – (жасанды салқындық пен жылыту жағдайын жасау), жаңа тұрғын жерлерді игеру, демалу «өндірісін» жетілдіру, т. б. өз кезегімен дами беретіні айдан анық. Ғылым, техника, экология, мәселелерін шешкенде әлеуметтік факторларды сараптап, өндірістік ерекшеліктерді ескере отырып олардың қандай мәдени, идеологиялық, этикалық-гуманистік, эстетикалық, т. б. салдары болуы мүмкін? – деген сұрақтарға аса үлкен мән беріп отыру керек.

 

Семинар сабағының жоспары:

1. Философиядағы құндылық мәселелері: құндылықтар түсінігі, олардың

иерархиясы.

2. Техника және адам. Техниканың әлеуметтік мәселелерге әсері.

3. Техникалық ғылымның ғылыми білім жүйесіндегі орны.

4. Техника және мәдениет. Техникалық білімді гумманизациялау мәселесі.

5. Ақпарат-технотрондық әлемдегі адам. Оның мүмкіндігі мен келешегі.

Әдістемелік ұсыныстар:

Аксиология (гр. ахіа – құндылық және нақты әлеммен қатынасы). Құндылық түсінігі алғашқы рет Канттың философиясында пайда болды. Ол үшін құндылық болмыс болмайды. Құндылықтың алғышарты – болмыс пен міндеттенуді ажырату. ХІХ-ХХ ғасыр философиясындағы ағымдар, адамның жоғарғы рухани қабілетін ырық деп санады. Құндылық мәселесін олар әлеуметтен тыс феномен ретінде қарайды. Обьективтік – идеализм философиясының ағымдары неокантшылдық, неотомизм, интуитивизм құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұрған о дүниелік нәрсе ретінде түсіндіреді. Логикалық позитивизм құндылықты сананың құбылысы адамның бағалайтын обьектіге субьективтік қатынасы деп карады.

Ғылым мұра мағынасында – мәдениет дамуының соңғы жемісі. Ол Еуропадағы қайта өрлеу мен жаңа заман кезеңдерінің алмасуы, капиталистік өндіріс тәсілінің қалыптасу кезінде пайда болды. Ғылымның тууы, дәстүрлі дүние түсінігін түбегейлі өзгерткен әлеуметтік және мәдени дүниеге көзқарастық дәрежедегі өзгерістермен байланысты. Табиғат, бүкіл дүниенің механизмі ретінде көрсетіліп, ойланыла бастады. Адам, оның мақсаты мен өміріндегі іс-әрекеттің қажеттігі де күрделі өзгеріске ұшырады.

Ғылыми-техникалық революция және экология проблемалары.

Осы заманғы жалпы адамзаттық, бүкіл әлемдік ауқымды проблемалар, олардың мәні және шешу жолдары (Арал мәселесі). Осы заманғы өркениеттің (цивилизацияның) әлеуметік-экономикалық және саяси қарама-қайшылықтары мен қатпарлары. Жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызы.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Ғылым ұғымы. Ғылымның пайда болуы және дамуы. Қазіргі замандағы ғылым.

2. Ғылым және қоғам. Ғылымның әлеуметтік қызметтері. Этнос және ғылым

этикасы.

3. Ғылыми революция. Әлемдік ғылыми революциялардың тарихи типтері.

4. Техника – философияның пәні. Техника және табиғат. Техника ғылымдарының

қалыптасуы.

5. Инженер және инженерлік қызмет. Мәдениет және инженер этикасы.

6. Батыс философтары ҒТП жағдайында адамның өзіндік «Мен-ді» жоғалту қатері

туралы.

7. Ғылыми – техникалық революция және оның болшақтағы баламалары.

8. Биосфера мен ноосфера. Ғылыми –техникалық прогресс және қоғам мен табиғат

қатынасын гумандандыру мәселесі.

9. Ғылым дамуының тарихи кезеңдері.

10. Техника мен технология – әлуметтік құбылыс.

11. Білім жүйесіндегі техниканың орны.

 

Баяндамалар мен рефераттар тақырыбы:

1. Техниканың әлеуметтік процестерге әсері. Техника мен адам.

2. Ғылыми білім жүйесіндегі техникалық ғылымдардың орны.

3. Техника – мәдениет құндылығы. Техникалық білім, гуманизациялау мәселесі.

4. Адам – ақпараттық-технотрондық әлемде: мүмкіндіктері және болашағы.

5. Техника – пайда болуы және эволюциялық түсінік.

6. Техникалық білімнің табиғаты және ғаламдық мәселелер контексінде.

7. Технократтық концепция.

8. Қазіргі замандағы ғылыми-технологиялық революция және оның әлеуметтік

салдары.

9. Иженерлік қызмет және техникалық ғылымдар.

 

Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу:

1. Аристотель. Физика. С. 153, 171, 82. М.: 1936.

2. Аристотель. Метафизика. М.: Л.: 1934, с. 5, 211.

3. Бэкон Ф. Новый Органон. Л.: 1935, с. 108.

4. Гуссерль Э. Кризис европейского человечества и философии (общество,

культура, филосфия). М.: 1983.

5. Фуко М. Герменвтика субьекта. Социо-логос вып. 1. М.: 1991.

6. Ясперс К. Смысл и назначение истории. М.: 1994.

7. Тойнби А. Дж. Цивилизация перед судом истории. СПб, 1996, с. 375-386.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Абдеев Р. Ф. Философия информационной цивилизации. М.:1994.

2. Бердяев Н. А. Смысл истории. М.: 1992.

3. Введение в философию в2-х томах. М.: 1989, т.2, гл. 13,15.

4. Вебер М. Избарнные произведения. М.: 1990. Разд. Наука как призвание и

профессия.

5. Князев В. И. Человек и технология. Киев, 1900.

6. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы. 2003.

7. Ленк Х. Размышление о современной технике.М.: 1996.

8. Мәдени – философиялық энцеклопедиялық сөздік. Т. Х.Ғабитов,.

А.Т Құлсариева. Алматы: Раритет, 2004.

9. Митчел К. Что такое философия техники. М.: 1995.

10. Новая технократическая волна на Западе. М.:1986.

11. Порус В. Философия техники. Современная западная философия. Словарь под

ред. Малахова В., Филатова В. М.: 1986.

12. Современная западная философия: Словарь М.: 1991.

13. Философия. Т. Ғабитов. Алмат: Раритет, 1995.

14. Философия: Электрондық оқулық. Құр. Т. Х. Ғабитов. Алматы: Юрлит, 2004.

15. Философиялық сөздік. Алматы, 1996.

16. Философия техники во фрг. М.: 1989.

17. Философский энцеклопедический словарь. М.: 1994.

18. Черри К. Человек и информация: М.: 1997.