Студенттердің өзіндік жұмысына арналған қажетті әдебиеттер тізімі

1. Абдеев. Философия. Информация. Цивилизация. М.:1994.

2. Абай. Шығыс жинағы. Алматы, 1995.

3. Августин А. Исповедь. М.: 1991.

4. Асмус ВФ. Имануил Кант. М.: 1973.

5. Арон Р. Мнимый марксизм. М.: 1993.

6. Абдильдин Ж.М. Избранные сочинения в 5томах. Алматы, 2001.

7. Алаш-Орда. Сборник документов. А. 1972.

8. Абишев К.А. Человек, индивид, личность. А. 1979.

9. Абдильдин Ж.М. Избранные сочинения в5 томах. Алматы, 2001.

10. Аль-Фараби. Логические трактаты. Алматы. 1975.

11. Аль-Фараби. Философские трактаты. Алматы. 1970.

12. Аристотель. Метафизика. Соч. В 4-х т. М.: 1970. Т. 1.

13. Аристотель.Политика. Соч. В 4-х т. М., 1984. Т. 1У.

14. Алимжанова А.Ш. Динамика эстетических ценностей. Алматы: Раритет, 2004.

15. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі Қ. Философия тарихы. Алматы, 1999.

16. Әлеуметтік философия: Хрестоматия/ Құр. Әбішев. Алматы, 1997.

17. Әбішев Қ., Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және метод

проблемасы. Алматы,1993.

18. Әл- Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы,1973.

19. Әуезов М. Шығыс жинағы. Т. 14-15. Алматы, 1974.

20. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы,1974.

21. Баласағұн Ж. Құтты білік. Алматы, 1998.

22. Балғынбаев А.С. Субъектінің ғылыми танымдағы белсенділігі. Алматы, 1997.

23. Бердяев Н.А. Философия свободы. Смысл творчества. М.:1986.

24. Бергсон А. Творческая эволюция. М.: СПб., 1914.

25. Бердяев Н.А.Самопознание. М.: 1991.

26. Беркли Дж. – Сочинения. М.: 1978.

27. Бейсенов Қ. Философия тарихына шолу. Алматы, 1992.

28. Бейсенбиев К. Очерки истории общественной политической и философской

мысли Казахстана. А, 1976.

29. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. Алматы,1989.

30. Бородай Ю.М. От фантазии к реальности, М.: 1995.

31. Болдырев А.И. Проблема человека в русской философии XVIII века. М.: 1986.

32. Бурабаев М. Общественная мысль Казахстана. 1917-1940 гг. А.: 1991.

33. Байтенова Н. Межэтническая интеграция. Алматы, 1997.

34. Батыс философиясы. Онтология. Алматы: Сорос қоры, 2003.

35. Вернадский В.И. Живое существо.М.:1978.

36. Вернадский В.И. Философские мысли натуралиста. М.,1988.

37. Винельбанд В. Философия в немецкой духовной жизни. М.: 1993.

38. Вебер М. Избраные произведения. М.: 1990.

39. Витгенштейн Л. Логико – философский трактат. М.: 1958.

40. Гадамер Х.Д. Истина и метод. Основы философской герменевтики. М.: 1988.

41. Гайденко П.П. Понимание бытия у Фомы Аквинского. Западноевропейская

средневековая словестность. М.:1985.

42. Гафуров В.Г., Касымжанов А.Х. аль-Фараби в истории культуры. М.: 1975.

43. Гегель. Лекции по истории философии. Соч. М.: 1932-1935. Т.9-11.

44. Гельвеций. Об уме.- М.: 1934.

45. Герцен А.И. – Соч. В 2-х т. М.: 1986-1987.

46. Гегель. Энциклопедия философских наук. М.: 1974. Т.1. Наука логики.

47. Гельберт Дж. Новое индустриальное общество М.: 1969.

48. Григорьян Б.Т.Философская антропология. М.:1982.

49. Гумилев Л.И. Этногенез и биосфера земли. Л.:1989.

50. Гуревич А.Я. Категории средневековой философии. М.:1972.

51. Гобс Т. О свободе и необходимости. Избранные произведения. М.: 1964.- Т.1.

52. Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Алматы: Юрлит, 2004.

53. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттануға кіріспе. Алматы: Санат, 1996

54. Ғабитов Т.Х., Мұтәліпов Ж., Құлсариева А.Т. Мәдениеттану. Алматы: Раритет.

2001.

55. Данилевский Н.Я. Россия и Европа . М.: 1991.

56. Делез Ж. Критика и клиника. СПб.: 2002.

57. Дидро Д. Мысли к объяснению природы. Избранные произведения. М.: 1951.

58. Диоген Лаэртский. О жизни, учениях и изречениях великих философов. М.:1980.

59. Досмұхамедов Х. Аламан. Алматы,1991.

60. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1991.

61. Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 тт Алматы,1994-2004.

62. Есім Ғ. Фәлсафа тарихы. Алматы, Раритет, 2004.

63. Есім Ғ. Хәкім Абай. Алматы,1996.

64. Ергалиев Э.Е., Тілебаев Г. Қазақ дуниетанымының негізгі ұғымдар. ҚРҒА

Хабарлары, 1993.

65. Жұмабаев М. Таңдамалы. Алматы,1992.

66. Завадский Н. Абу Али Ибн - Сина. Жизнь и творчество. Душанбе. 1980.

67. Замалаев А.Ф. Лекции по истории русской философии. СПб, 1995.

68. Кант И. Сочинение в6 томах. М.: 1936-1966.

69. Карнап Р. Философские оснавания физики. М.: 1971.

70. Козловский П. Культура постмодерна. М.: 1997.

71. Кішібеков Д.К., Кішібеков Т.Д. Речь и письменность: трансформация звуко –

знаковых систем. Алматы, 2004.

72. Кішібеков Д.К. Философия истории и современность. Алматы, 2002.

73. Кішібеков Д.К. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. Алматы,1999.

74. Қасабеков А. Қазақ философия тарихының методологиялық мәселелері.- ҚРҒА

хабарлары, 1993.

75. Қасабек А. Қадырғали Жалайыр дүниетанымы. Алматы, 1999.

76. Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. Алматы,1994.

77. Касымжанов А.Х. Штрихи к истроии степи. Алматы, 1995.

78. Касымжанов А.Х. Пространство и время великих традиции. Алматы, 2002.

79. Қазақ даласының ойшылдары. 1-4 кіт.Алматы, 2000-2004.

80. Кузанский Н. Об ученном незнании. Соч. в 2-х т. М.: 1980.

81. Кун Т. Структура научных революций. М.: 1975.

82. Құлсариева А. ХХ ғасырдың философиялық тұжырымдамасы. Алматы,2001.

83. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Алматы, 1986.

84. Қорқыт ата кітабы. Алматы, 1986.

85. Леви-Строс К. Структурная антропология. М.: 1983.

86. Лейбниц Г.В. Монадология. Соч. в 4-х т. М.: 1983.

87. Локк Дж. Басқару туралы екі тарктат. (ауд. М. Имамбаев). Алматы: Зерде қоры,

2000.

88. Мамардашвили М.К. Как я понимаю философию. М.: 1990.

89. Маркс К. Тезисы о Фейербахе. Соч. Т.42.

90. Монтескье Ш. Заңдар рухы туралы (ауд. А. Құлсариева). Алматы: Зерде қоры,

2004.

91. Молдабеков Ж., Қасабеков А. Шығыс философиясы. Алматы, 2001.

92. Мусаева Н.Р. Тылсым табиғат. Алматы,1997.

93. Назарбаев Н. В потоке истории. Алматы, 1999.

94. Ницше Ф. Антихрист. Проклятие христианству. Соч. в 2-х т. М.: 1990.

95. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. Алматы, 1994.

96. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой, ақыл, адамгершілік . Алматы,1994.

97. Нысанбаев Ә., Есім Ғ.Қазақ философиясы және оның проблемалары. Вестник

АНР 1992.

98. Нурланова Қ, Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. Алматы,1994.

99. Нурмуратов С. Рухани құндылықтар әлемі. Алматы: Ақыл кітабы, 2001.

100.Ортега-и-Гассет Х. Что такое философия? М.: 1991.

101.Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы,1994.

102.Поппер К. Нищета историзма. М.: 1993.

103.Поппер К. Ашық қоғам және олардың жаулары.Т. (ауд. Т. Жандаулет). Алматы:

Зерде қоры, 2004.

104.Рассел Б. История западной философии. М.: 1993.

105.Рассел Б. Почему я не христианин. М.: 1987.

106.Рахматуллин К.Х. Звездный век человечества (Энгельс и астрономия). Алматы,

1974.

107.Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері (философияның тарихына

шолу). Алматы, 1993.

108.Сартр Ж. – П. Экзистенциализм – это гумманизм. М.: 1953.

109.Сорокин П. Человек, цивилизация, общество. М.: 1992.

110.Спиноза Б. Этика. Избранные произведения. В 2-х т. М.: 1957- Т.1.

111.Тейяр де Шарден. Феномен человека. М.: 1987.

112.Фейербах Л. Основные положения философии будущего. Избранные

философские произведения. в 2-х т. М.: 1955.- Т.1.

113.Фрейд З. Введение в психоанализ. Лекции. М.: 1989.

114.Фромм Э. Анотомия человеческой деструктивности. М.: 1990.

115.Фромм Э. Догмат о Христе. М.: 1998.

116.Фромм Э. Духовная сущность человека //Философские науки. М.: 1990.-

№8-9.

117.Фромм Э. Иметь или быть? М.: 1986.

118.Фуко М. История безумия в классическую эпоху. СПб. 1997.

119.Хайдеггер М. Время и бытие. М.: 1992.

120.Энгель Ф. Табиғат диалектикасы. Алматы, 1972.

121.Ясперс К. Духовная ситуация времени // Философские науки. 1988. №11.

122.Ясперс К. Смысл и назначение истории. М.: 1991.

 

 


Сөздік

1.Абсолюттік рух– Гегельдің философиялық жүйесінің бөлігі, онда еркін рухтың өмірін суреттейді, кеңістік және уақытпен шектелмейді ол өнерде, дінде әрі философияда көрінеді.

2.Абсолюттік идея– философиясының негізгі категориясы, дүниенің негізін көрсетеді, дүниенің шығармалық бастамасы, болмыстың өзгермейтін, мәңгі, аяқталған бастамасы.

3.Абсолюттік ақиқат – (лат. absolutus – сөзсіз) «өзінен-өзі жеткілікті», бұл шындықтың дәл, түгел бейнелеуі, ол обьективтік ақиқат.

4.Аверроизм – Авероэс Ибн-Рушд ақиқаттың екіжақтығы туралы ілімі бойынша адамға философиялық ақиқат пен діни ақиқаттың бір-біріне қарсылықтың жоғын, дінді ұғынуға ұмтылады.

5.Агностицизм – ( гр. А теріске шығару және gnosis – білім ) обьективтік дүниені, обьективтік ақиқатты білу мүмкіндігін толық емес, ішінара теріске шығаратын ілім.

6.Адаптация– (кейінгі лат. adaptatio - бейімделу) орта, тұлға мен әлеуметтік топтың арақатынасының түрі. Организмді ағза құрылымы мен қызметінің бейімделу сипатының өмір сүру жағдайына дағдылануы – әлеуметтік адаптация айырмашылығы адам, түр ретінде өзінің құрылымы мен қызметін өзгертпейді, тек орта түрін өзгертеді.

7.Аксиология– (гр. Axia – құндылық және Iogos –ілім, сөз). Құндылық табиғатын философиялық тұрғыдан зерттейтін ілім.

8.Антропоцентризм– дүниені адам арқылы бағалайтын дүниенің тетігі, адам деп білетін идеалистік ілім, көзқарас.

9.Атрибут – (лат. Attriduo – заттық, құбылыстың өзінен бөлінбейтін қасиет). Обьективтік қажеттік, бөлінбейтін (ажырамайтын) өзіндік қасиеті.

10. Антиномия– санадағы қайшылық, дұрыс саналатын екі ереженің ара қайшылығы.

11. Аналитикалықфилософия – ХІХ ғ философиясының обьективтік дүниені тілді талдайтын пәнге балайды. Ол философияның обьективтік дүниені бейнелейтінін жоққа шығарады, неопозитивизмнің бір түріне айналады.

12. Антитезис – диалектикалық даму процесінде тезистің бастау қалпын бекерге шығару.

13. Априорлық(тәжірибесіз жорамал айту) – тәжірибеге дейінгі, яғни ақыл-ойды әуелбастан бар, дәлелдеуді керек етпейді.

14. Априорлықсезім мазмұнының түрі – адамның туа көретін таным обьектісі. Кант философиясында бұл – кеңістік пен уақыт.

15. Апейрон – (гр. apeiron - шексіз) мәңгі қозғалыстағы шексіз, белгісіз, санасыз материяны білдіру үшін Анаксимандар енгізген ұғым. Анаксимандар енгізген, мәңгі қозғалыстағы шексіз, белгісіз санасыз материяны белгілеу ұғымы.

16. Атом – (гр. atomas – бөлінбейтін) дүниенің бастамасы, себебі және барлық тіршіліктің мәні, материалдың бөлінбейтін бөлігі (Демокрит, Левкипп, Эпикур).

17. Атеизм– ғылыми негізге сүйене отырып, құдайды бекерге шығару, құлшылық етуден безу.

18. Болмыс (онтология) – барлық тіршілік бір бүтіндік (біртұтастық) ретінде санадан тәуелсіз өмір сүретін обьективтік дүниені белгілейтін философиялық категория.

19. Бейнелеу (шағылысу) – материяның жалпы қасиеті, материалдық денелердің өздігінен өзгеруі нәтижесінде әрекетке түсетін денелерге тән ерекшелікті, ортақ белгілер мен заңдылықтарды жинақтау.

20. Бастама (немесе архе) – бұл негіз, әлемнің ең кішкентай бөлшегі, (су, от, атом, монада, т/б).

21. Біртұтастық – үш әлем: табиғат, әлеумет және руханидің бірлігін көрсететін категория.

22. Волюнтаризм – болмыстың түпнегізі деп, ерік, ырықты санайтын бағыт.

23. Гипотеза – (гр. huostasis – негізгі болжам). Ғылыми болжам, шамалау және оның ақиқаттық мәнінің белгісіздігі.

24. Гилозоизм– (гр.hule – зат және loe - өмір). Материяның әмбебап тіршілігі туралы философиялық ілім.

25. Гносеология– (гр.gnosis – білім, logos - ілім). Таным туралы философиялық ілім.

26. Гедонизм – «адам рақат тұрмысқа тырысады» – дейтін көне грек ілімі.

27. Гелиоцентризм– күнді әлемнің ортасы деп есептейтін көзқарастар жүйесі.

28. Гуманизм– (лат. Humanus) орта ғасырдың соңғы кезеңінде пайда болып, схоластика мен шіркеудің рухани үстемдігіне қарсылық арқылы адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.

29. Герменевтика – ( гр.hermeneo) түсіндіремін, мәтіндерді түсіндірудің өнері. Неопозитивизмнен ерекше, ол тілдің өзі дүниетанымды қамтитынына сүйеніп, дүниені түсіну үшін тілді оқу жеткілікті деп есептейді.

30. Ғылым– шындық туралы обьективтік білімді теориялық жүйе келтірумен байланысты, адам іс-әрекетінің саласы.

31. Дүниеге көзқарас – дүниеге және ондағы адамның орнына арналған аса жалпы көзқарастар жиынтығы.

32. Деизм - әлемді құдай жаратқан, бірақ күнделікті қоғам өмірі мен табиғатқа құдай әсерінің қатысы жоқ дейтін діншіл философиялық ағым.

33. Дедукция– (лат. Deductio – сырын ашу) ойлаудың жалпыдан – жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшіп нәтиже шығару әдісі.

34. Диалектикалық материализм - әлем өздігінен дамитын, дүниеден тыс ешбір күшті қажет етпейтін материалдық жүйе ретінде қарайтын философиялық бағыт.

35. Детерменизм – (лат. Determino (deterino) анықтау – табиғатта, қоғамда және психикалық құбылыстарда болатын жалпы өзрара байланыстылығының себептерін, себептігінің заңдылығын зерттейтін ілім.

36. Дуализм– (лат. duo - екеу) дүниенің негізгі бір-біріне бағынбайтын, тепе-тең екі нәрседен – рух пен материядан басталады деп танып, материализм мен идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым.

37. Жаһандандыру – тұрақты әлемдік шаруашылық байланыстар әсерімен қалыптасқан әртүрлі елдер мен аймақтардың жалпылық белгілер мен өмір сүру көріністері.

38. Жан – адамның психикасы мен ішкі дүниесін білдіретін тарихи өзгермелі көзқарас. Дін мен идеалистік философияда денеден тәуелсіз өмір сүретін ерекше материалдық емес субстанция.

39. Жаттану– адамның әрекеті мен оның туындысының обьективтік түрде дербес бір күшке айналып, оның өзіне билік жасап, қарсы тұратынын білдіретін философиялық-әлеуметтік категория.

40. Жүйе – реттелген қатынастағы элементтердің жиынтығы.

41. Заттану– адам мүмкіндіктерінің затқа көшірілуі, әлеуметтік-мәдени мәнге ие болуы. Бұған кері процесте заттың мәні, адамның игілігіне айналып, адам мәдени жан ретінде қалыптасады.

42. Заң– нақтылы дүние мен қажетте қайталанып отыратын құбылыстардың байланысын бейнелейтін категория.

43. Құбылыстардың жүйелі түрде өзгеруіне себепші болатын, ішкі, тұрақты мәнді.

44. Идеализм – (гр. idea- дәлме діл, көрініп тұрған нәрсе, бейне) рухты негіз деп санайтын философиялық ілім.

45. Индукция– ойлаудың жекеден жалпыға көшіп, қорытындылар шығаратын ойлау әдісі.

46. Иррационализм – (лат. irrationalis – ақылсыз, санасы, ақыл жетпейтін) философиядағы ағым, танымда ақыл күшін мойындамайды, оған тіпті шек қояды, сонымен болмыстың мәніне ақылдың жетпейтінін уағыздайды.

47. Идеалдық- обьективтік әлемнің субьективтік бейнесі. «Идеалдық дегеніміз – адам санасына енгізілген және онда қайта қорытылған материалдықтан басқа ешнәрсе де емес» (К. Маркс).

48. Имманенттік – (лат. Immanens) бір дененің ішінде орналасқан) заттың, құбылыстың немесе процестің іштей өзіне тән қасиеті.

49. Кеңістік– материя болмысының жалпы формасы, барлық материалдық жүйелердің ұзындығының, құрылымының, қатар өмір сүруі мен әрекеттігінің сипаты.

50. Категориялар – (гр. Kategoria – пікір айту, куәгерлік) обьективтік нақты құбылыстардың заңдылығы мен олардың негізгі қасиеттерін бейнелейтін ең жалпы түсінік.

51. Комплекс – көптеген элементтерді жинақтайтын кіші жүйелерден тұратын күрделі жүйе.

52. Концепция– негіз болатын ой, мазмұнын топтастыру, негізгі көзқарас.

53. Креационизм – (лат. creation - жасау) – құдайдың әлемді жоқтан жасауы туралы діни ілім.

54. Қажеттілік пен еркіндік – адам әрекеті, табиғат пен қоғамның обьективтік заңдары арасындағы қатынастарды білдіретін философиялық категория.

55. Қозғалыс - материяның өмір сүру тәсілі, жалпы атрибуты, «бұл көрінген өзгеріс» (Ф.Энгельс).

56. Қоғам– адамдардың тарихи дамып отыратын өмір сүру формасы, материалдық әлемнің табиғаттан бөлекшенетін бөлігі.

57. Материализм– сыртқы дүниенің обьективті өмір сүруін, оның мәңгі шексіз тіршілігін мойындаушылық, материяны алғашқы деп танитын философиялық ағым.

58. Метафизика – дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсіну және ойлау тәсілі.

59. Мораль – (лат. mores- әдет-ғұрып) қоғамдық сананың бір формасы, қоғамдық өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын реттеу функциясын атқаратын әлеуметтік институт.

60. Материя – (лат. material – зат, нәрсе, материал) философиядағы заттардың түпкі тегі, белгілі бір бастапқы зат – «материя адамға оның өзінің түйсігі арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз бола тұрып, оның сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі, суреті түсетін обьективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория» (В.И. Ленин).

61. Метод– (гр. methods – бірдеңеге апаратын жол) қабылдау, құрал, таным тәсілі, белгілі бір түрдегі жүйелі қызмет.

62. Методология – (әдіс – сөз, түсінік, ілім) теориялық және практикалық қызметіндегі адамның принциптер жүйелері, ұйымдастыру тәсілі, сонымен бірге бұл жүйе туралы ілім.

63. Модус – (лат. modus - өлшем, тәсіл) атрибуттан өзгеше қасиет, заттардың кейде қайталанатын қасиетін белгілеуге арналған философиялық термин.

64. Монада – (гр.monas - біреу) болмыстың құрылымдық субстанционалдық бірліті білдіретін философиялық термин.

65. Монизм – (гр. monos – біреу, жалғыз) философиялық бағыт, идеалистік ұғымдарда – рух, материалистік ұғымдарда – материя.

66. Монотеизм – (гр. monos біреу және theos – құдай ) бір құдай, бір құдайға табыну.

67. Мессионизм– орыс философиясының ерекшелігі – әулиелік сипаты, ол тарихи дамуда болжап шешу құралы, әрі әлеуметтік өмір барысында басқару, болжау қабілеті.

68. «Москва – үшінші Рим» - орыс мемлекетіне христиан әлемін ислам қоғамынан құтқару рөлін жүктейтін доктрина.

69. Мифология– (гр. mytos - аңыз және Iogos- ілім) қоғамдық сананың түрі, дүниені түсінудің бұл архаикалық түрі біздің ертедегі адамдар өмірінде маңызды рөл атқарды. Алғашқы қауым адамын табиғатпен үйлесімді біріктіре білді, рулық өмірді реттеп отырды. Миф – қоршаған ортаны қиял, керемет, құндылық жүйелері, ғылыми білімнің бастауы, дүниені эстетикалық сезінуі және ғажап ретінде қабылдауға мүмкіндік берді.

70. Неопозитивизм– ХХ ғ философиясындағы позитивизмнің жаңа формасы. Басты идеясы – философия ғылым тілі – логиканы талдап жасау. Негізгі мақсаты – философияны дүниеге метафизикалық көзқарас мәселелерін ажырату. Неопозитивизм өкілдері ғылымның обьективтік заңдылықтарын мойындамады. Неопозитивизм – философиялық бағыт.

71. Ноосфера– ақыл-ой сферасы, адамның мүддесі мен болашағы үшін биосфераның ақылмен мақсатты дамуы.

72. Натурфилософия – табиғат философиясы, философияның алғашқы түрінің ойлау тақырыбы космос болды. Түсініктің мазмұны философия түрінің тарихи даму барысынан өзгеріп отырды.

73. Номинализм(лат. nomen – есім, атау) ол философиялық ағым. Жалпы идеялар, бос сөз, жеке заттарға адам тарапынан берілетін атаулар ғана шын өмір сүретін тек жеке заттар, ал адам болса – сол жеке заттар мен құбылыстарды ғана танып-біледі.

74. Неотомизм – ХІХ ғ 70-ші жылдары пайда болған, әсері үлкен діни-философиялық мектептердің бірі. Ф. Аквинский ілімнің негізінде сенім мен ақыл-ойдың үйлесімділігі және сенімнің ақиқаттығының алғышарттығына жүгінеді. Ватикан шіркеуінің теориялық басты қаруы. Ол философиядағы христиан дінінің дәстүрін, догмалық идеялары мен теорияларын сипаттайды.

75. Неофрейдизм – қазіргі заман философиясының бағыты, классикалық психоанализді социологиялық және этнографиялық теориялармен қосу. Неофрейдизмнің З. Фрейдтің биологизмінен айырмашылығы, тұлға – қоғам мен мәдениетте айқындалады.

76. Онтология– субьекті мен оның әрекетінен тәуелсіз өмір сүретін, болмыс туралы философиялық ілім.

77. Обьективтік дүние – адам санасында тәуелсіз өмір сүретін барлық көріністегі нақтылық.

78. Обьект – табиғат, қоғамдық қатынастар, яғни объект дегеніміз – материалдық және теориялық тұрғыдан нақты тарихи іс-әрекет барысында субъекті игерген бөлігі.

79. Обьективтік идеализм – бұл философиядағы ағым, дүниенің негізі ретінде обьективті өмір сүретін идеалдық мән, яғни адам санасынан сырт және тәуелсіз рух (құдай, абсолют, әлемдік ақыл және тағы басқалар).

80. Өзіндік сана – адам мен қоғамның өз санасын, өнегелік бейнесі мен мақсат- мүддесін түсінуі. Сана дамуының ең жоғарғы деңгейі.

81. Өмір философиясы– иррационалдық философиялық ағым, орталық категория ретінде «өмір» алынады. Материяға, не рухқа қатысы жоқ бір бүтін нақтылықты интуитивтік ұғыну. Өмір философиясы, механикалық материализмнің кемшіліктерін идеалистік тұрғыдан жеңуге әрекет жасады.

82. «Өзіндік зат»- Кант философиясының негізгі ұғымы, зат мәнінің өмір сүруін көрсететін, біздің санамыздан тыс өмір сүретін, бірақ тануға, тәжірибе жасауға болмайды. Құдай – бостандық , т. б.

83. Пантеизм– (гр. рап – бәрі және tcheos - құдай) құдай мен әлем біртұтас деп танитын құдіретті табиғатпен балаған философиялық ілім.

84. Патристика– (лат. pater - әке ) шіркеу әкелерінің ілімі, ІV-VІІІ ғ бай- ланысты.

85. Перепатетиктер– (гр. peripatetikos – серуен кезінде жасалатын) – Аристотельдің ізбасарлары.

86. Плюрализм– (лат. Plurais- көптік) дүниенің негізгі бір-бірімен байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ, рухани мәндерден туралы дейтін ілім. Болмыстың негізінде көптеген (жер, су, рух, т. б.) нәрселер бар деп санайды.

87. Позитивизм– (positivism – дұрыс пікір) ғылым негізіндегі білім, ғылымның нәтижесі, синтезі және философиялық зерттеудің танымдық маңызын теріске шығаратын бағыт.

88. Прагматизм – (гр. pragma –іс-әрекет )субьективтік идеалистік философиялық ілім, бұл философияның негізгі принципі – қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да, егер ол пайда әкелсе – шын, басқаша болса – жалған.

89. Психоанализ – психотерапия мен психологиялық ілім әдісі, орталық мәселесі психикалық процестер мен дәлел (мотивация) болды. З. Фрейд ұсынған жүйке және психикалық аурулардың жалпы теориясы мен емдеу әдісі.

90. Принцип – білімнің негізгі тезистері, ғылым.

91. Практика – (гр. praktikos – іс-әрекет) табиғат пен қоғамды тануға, өзгерту мен қайта құрудағы заттық-сезімдік іс-әрекет.

92. Психика – (гр. psych - душа). Жоғары ұйымдасқан материяның қасиеті, субьектінің обьективтіні нақтылықты бейнелеудегі ерекше түрі.

93. Политеизм- ( гр. Poly – көп, theos - құдай ) – көп құдай, бірнеше құдайға құлшылық ету.

94. Рационализм– (лат. ratio - ақыл) танымның негізін ақыл деп санайтын философиялық ағым. Ол танымның басты қаруы, сонымен бірге ақиқаттың өлшемі. Болмыстың, танымның, моральдің де негізі ақыл.

95. Реализм– (лат. realis – шындық, заттық ) – бұл ілім бойынша шын нақтылық тек жалпы ұғым немесе әмбебаптық болады.

96. Руханилық– материалдық қажеттіліктердің дамудағы алғашқылығына қарамай маңыздылығы жағынан екінші қатарға қойылатынын білдіретін қоғам мен адамның күйі.

97. Секіріс– сан өзгерісінің сапа өзгерісіне өтуі, сан өлшемнің шегінен асып, басқа сапаға жеткізуі.

98. Секуляризация– дін мен шіркеу үстемдігінен құтылу.

99. Сенсуализм– (лат. sensus -сезім) философиялық ағым, танымның көзі – сезім (түйсік) әрі ақиқаттың өлшемі деп санайды.

100.Субстанция– (лат. sudstantia – мән, негізінде не жатыр деген сөз) кейбір бастама немесе алғашқы негіз, обьективтік нақтылық, оның өзіндік дамуындағы барлық түрлерінің ішкі бірлігі.

101.Славянофильдер– Ресейдің тарихтағы жолын уағыздайтындар, оны халықтың діншілдігі, ұжымдылығы және өнегелік құндылықтарға ұмтылысымен негіздейді.

102.Скептицизм– ( гр. skeptikos – құрастырушы, зерттеуші, сынаушы). Обьективтік шындықты танып-білу мүмкіндігіне сенбейтін, күдікке орын беретін философиялық концепция.

103.Соборлық– шешім қабылдау, қоғамның даму жолын таңдауды ұжым болып талдауды қажет ететін сананың, әрекеттің біріктіруші бастауы.

104.София- әлемнің даналығы, болмыстың рухани өзегі, құдаймен бірге туып, әлемді жасауға қатысады.

105.Субьект– қажеттілік, мақсатқа сай рухани және практикалық іс-әрекет жасайтын адам, әлеуметтік топ тарихи, нақты объектіні өзгертудің белсенді көзі.

106.Субстрат– (лат. sub – түпкі және tum - құрылыс) құбылыстың жалпы материалдық негізі. Әлемдегі бар құбылыстар мен процестердің субстраты, қозғалыстағы материя.

107.Салыстырмалы (относительдік) ақиқат– ол біршама дұрыс, негізінен алғанда дәл білім, бірақ толық емес, танып-білу үстінде толықтырыла, анықтала түседі, түзетіліп отырылады.

108.Сапа– обьектінің тұрақты, негізгі қасиеттерінің жиынтығы, оның басқалардан айырмашылығының көрсеткіші. Сонымен қатар, ұқсас обьектілерді сипаттайды.

109.Сан– обьект қасиеттерінің мөлшері, обьектілерді салыстыруға мүмкіндік туғызады.

110.Сана– жоғарғы ұйымдасқан материяның қасиеті, адамның әлеуметтік жан ретіндегі жоғарғы психикалық белсенділік деңгейі, обьективтік әлемнің субьективтік бейнесі. Өлшем – сан мен сапа көрсеткіштерінің бірлігін анықтайды, сан өзгерісінің сапаны сақтайтын шектері.

111.Субьективтік идеализм– бұл философиядағы ағым, дүниенің болмыстың негізі ретінде адам санасы, адамның «менін» мойындайды.

112.Софистика– формальдік логика заңдары мен принциптерін арнайы бұзу, жалғанды ақиқат деуге арналған ойлар. Танымда релятивизм принципін абсолютке айналдырады.

113.Схоластика– (гр. scholasticos - мектептік) «мектеп философиясы» оның өкілдері христиан ілімін рационалды дәлелдеуге, жүйелеуге ұмтылады.

114.Табиғат – адамқоғамы өмір сүруінің табиғи жағдайлар жиынтығы.

115.Таным – адам іс-әрекетіндегі қоғамдық-тарихи процесс, ол адам санасында обьективті шындықты бейнелеуге бағытталған «ойдың, обьектіге мәңгі шексіз жақындауы» (В.И.Ленин).

116.Теология – (гр. theos – құдай және logos- ілім ) дін ілімі, құдайдың мәні мен әрекеті туралы діни жүйенің жиынтығы.

117.Теодицея – (гр. theos- құдай және құқық, әділдік)- «құдайды ақтау», философияда құдайшылықты, жаратушыны мадақтау жайындағы ағым.

118.Телеология – (гр. мақсат-мүдде, ілім) алғашқы кезден бастап табиғат әлемнің мақсатқа сәйкес дамуы және өмірдің барлық құбылыстарының түпкі мақсаты бар деп түсіндіреді.

119.Теоцентризм – (teo –құдай, орталықта) адамның мінез-құлқын, қоғамды анықтайтын күш – (Құдай, ол барлық әлемді, тіршілікті жаратушы).

120.Тітіркену – тірі дененің бейнелеу формасы, жүйке жүйесі жоқтарының ерекшелігі.

121.Тіл – ойлаудың белгілер жүйесі, адам қарым-қатынасының, ойлауының құралы ретінде сананы айқындайтын шындық.

122.Тұлға - әлеуметтік іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі жеке адам, оның қасиеті қоғамның нақты-тарихи жағдайында анықталады.

123.Трансценденталдық апперцепция – тәжірибеге дейінгі сезімнен тыс шындықты қабылдау, сезімдік және рационалдық сараптау білімінің синтезі.

124.Трансцендентті – тәжірибеден тыс жатқан, ақылмен, санамен түсініп білуге болмайтын идеалистік ағым.

125.Триада (үш таған) – Гегельдің идеалистік философиясындағы диалектикалық дамудың үш сатылығы: бұл көзқарас табиғат пен қоғамның шын даму жолына қайшы.

126.Томизм – (лат. Thomas–Фома) –Ф. Аквинский негізін қалаған, католицизм теориясындағы ағым, діни догматиканы ақыл-ой ережелеріне орынды қосуға тырысқан католиктік философияның қайнар көзі.

127.Теория -қандай да болсынқұбылысты түсіндіруге бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір көзқарастың тұжырымдалған қорытындысы. Теория ғылымның түрі, заңдылықтар жиынтығы және құбылыстардың қалай немесе қандай екенін түсіндіретін, мызғымайтын беріктігі. Бұл ілімнің болашақта теріске шығарылуы немесе анықтала түсуі мүмкін емес, ол сөзсіз айқын.

128.Терістеу - даму үстіндегі обьектінің кезеңдері арасындағы қатынастың бір түрі. Диалектикалық терістеу - өткен кезең қасиеттерінің толық жойылмай, жаңадан өзгеріп сақталуын білдіреді.

129.Уақыт - материя болмысының жалпы формасы. Барлық материалдық жүйенің өзгеруі мен даму түрінде уақыттың айнымайтын белгілі бағыты. Ол өткеннен, болашаққа жылжиды. Өткенді өзгертуге болмайды және оған қайта оралуғада болмайды.

130.Фатализм – алдын ала жазылып қойылған тағдырға, оның міндетті түрде орындалатынына сену.

131.Философия – болмыстың әмбебаптық заңы мен принциптері туралы ғылым; болмыс пен танымның жалпы принциптері, адамның дүниге қатысы, табиғат, қоғам және ойлаудың жалпы даму заңдары туралы ғылым.

132.Эклектика – қарама-қарсылықтарды ешбір дәлелсіз бір-біріне қосу.

133.Эволюция – обьектінің сандық көрсеткіштерінің белгілі бір сапа деңгейінде дамуы.

134.Экзистенциализм – (тіршілік философиясы) – философиядағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализмнің идеялық көздері - өмір философиясы. Басты мәселесі: адам болмысы, оның мәні мен тағдыры. Категориялары: жалғыздық, жауапкершілік, үрей, ажал, шекаралық жағдай, бостандық.

135.Эмпиризм – гносеологиядағы бағыт, ақиқат білімнің бірден-бір көзі сезімдік тәжірибе деп санайды.

136.Эсхатология – (гр. eschatos –соңғы және logos – ілім, сөз) әлем мен адамзат тағдырының ақыры туралы, ақырзаман мен тозақ туралы діни ілім.


Дебиеттер тізімі

1. Алексеев П. В., Панин А.В. Философия . Учеб. М.: 1996.

2. А.Қасабек Тарихи-философиялық таным. Оқу құралы. Алматы. ҚазГЗУ.2002.

3. Алтаев Ж., Ғабитов Т. ж.т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 1998.

4. Алтаев Ж., Касбек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихы. Алматы, 2000.

5. Ақназаров Х. З. Философия тарихынан дәрістер курсы. Алматы , 1992.

6. Әбішев Қ. Философия. Алматы: Ақыл кітабы, 2001.

7. Әбішев Қ., Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы мен метод

проблемасы. Алматы, 1990.

8. Бейсенов Қ. Философия тарихы. Алматы, 1992.

9. Блинников Л.В. Великие философы. ( Словарь-Справочник) М.: 1991.

10. Введение в философию. Под ред. Фролова Н.Т. М.: 1989.

11. Есім Ғ. Фәлсафа тарихы. Алматы: Раритет, 2004.

12. Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9т. Алматы, 1994-2004.

13. История философии в кртаком изложении. М.: 1944.

14. История философии ( Россия-Запад-Восток). М.: 1994.

15. Касабек А. , Алтаев Ж. Қазақ философиясы. Алматы, 1998.

16. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2003.

17. Краткая философская энциклопедия. М.: 1994.

18. Қазақ даласының ойшылдары.1-4 к. Алматы, 2001.

19. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. Т.Ғабитов, А.Т.Құлсариева. –

Алматы, 2004.

20. Мамардашвили М. Лекции по античной философии. М.: 1998.

21. Мир философии. ( в.2-х частях). М.: 1991.

22. Орынбеков М. С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1994.

23. Орлов В. В. Основы философии. Учеб. пособие. Пермь, 1991.

24. Радугин А. А. Философия. Курс лекций. М.: 1995.

25. Сатыбекова С. Х. Аль-Фараби. Философия трактаты. Алматы, 1972.

26. Сегизбаев О. А. Казахская философия. ХV-начала ХХ века. Алматы, 1996.

27. Современная западная философия: Словарь. М.: 1991.

28. Современная философия. Словарь. М.: 1996.

29. Сулейменов И. Лекции по философии. Алматы, 1999.

30. Философия . Учебник для вузов / отв. Кохановсний А. Н. Ростов, 1996.

31. Философия. Учеб. пособие / под ред.Лавриенко В.М.: 1996.

32. Философский энциклопедический словарь. М.: 1983.

33. Хрестоматия по философии. Учеб. пособие. М.: 1995.

34. Хрестоматия по философии. Учеб. пособие / под ред. Алексеева. М.: 1991.

35. Чанышев А. Н. Курс лекции по древней и средневековой философии. М.: 1991.

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе: Философия пәні мен қызметі .......................................................................3

 

І тарау. Философия тархының дамуы

1.1 Ежелгі Үнді және Қытай философиясы ...................................................14

1.2 Антика философиясы .................................................................................26

1.3 Орта ғасыр философиясы ..........................................................................36

1.4 Қайта өрлеу және жаңа заман философиясы ...........................................44

1.5 Немістің классикалық философиясы .................................... ...................53

1.6 ХІХ ғасыр философиясы ............................................................................62

1.7 ХХ ғасыр философиясы..............................................................................70

1.8 Орыс философиясы......................................................................................80

1.9 . Отандық философия...................................................................................88

 

ІІ тарау. Теориялық философия.

2.1 Онтолгия: ұғымдары мен прициптері ......................................................102

2.2 Даму – диалектика ілімі .............................................................................114

2.3 Адамның рухани әлемі . Сана....................................................................120

2.4 Таным теориясы..........................................................................................127

 

ІІІ тарау. Адам және қоғам философиясы

3.1 Философиядағы адам мәселесі.................................................................135

3.2 Қоғам. Философиялық талдаудың негізі ................................................141

3.3 Аксиология. ҒТП және экология .............................................................148

 

Қосымшалар.

Сынаққа арналған бағдарлама сұрақтары................................................................154

Студенттің өзіндік жұмысына арналған қажетті шығармалар тізімі....................157

Сөздік...........................................................................................................................160

Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................167

Мазмұны .....................................................................................................................168

 

 


[1] Фрагменты ранних греческих= философоф Ч.1-М., 1989 С.112-113.

[2] Декарт Р. Изб. Произвед. М.1950 С.272.

[3] Кант И. Соч. т. 4, ч. 1, М., 1994 с. 347

[4] Фейрбах Л. Соч. В2т Т. 2- М., 1995. С-83

[5] В.И.Ленин Шығ. Толық жинағы 18-т. 138 б.

[6] Хайдеггер М.Время и бытие. – М. Республика 1993 С.392.

[7] Декарт Р. Рассуждение о методе. Соч. В2 Т Т1 – М., 1989 – С.260.

[8] Бэкон Ф. Соч. В 2т. Т.2. – М., Мысль, 1977 С-48.

2 Гегель Философия права М., 1990 С.56

[9] Платон, Софист 246 а-с. Соч. Т.2. М., 1970, С.181

2 Аристотель Соч. В4 т. Т.4.- М., 1983 С.385