Медициналық симуляция сценарийі

Клиникалық жағдай:

Негізгі диагноз:«Қант диабеті 2 тип, алғаш анықталған.

HbA1C мақсаттық деңгейі <7% .

Қосалқы диагноз: Семіздік 2 дәрежесі, экзогенді-конституциональды түрі

Жағдайлық тапсырма: Сіз– Жалпы тәжірибелік дәрігерсіз. Қабылдауға 45 жастағы ер кісі келді.

 

Ø Шағымдары, анамнез жинап, науқасты қарап-тексеріңіз

Ø Зертханалық-аспаптық мәліметтердің нәтижелерін талдаңыз

Ø Диагноз құрастырыңыз

Ø Науқасты жүргізу мен емдеу тастикасын анықтаңыз

Бейімделген әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлін талқылау:

Шағымдары: аузының құрғауына, шөлдеуге, әліздікке, жұмысқа қабылетінің төмендеуіне, артық салмаққа;

Сұрақтың мәні Әртіске қойылатын сұрақтар Жауаптары
Ауызының құрғауының ұзақтығын анықтау Қай уақыттан бері ауызыңыздың құрғауы мазалайды? 2 жыл бойы
Әлсіздік пен жұмысқа қабылетінің төмендеуінің ұзақтығын анықтау Әлсіздік пен жұмысқа қабылетілігіңіздің төмендеуі қай уақыттан бері мазалайды? 2 жыл бойы
Салмақ қосудың ұзақтығын және сипатын анықтау Қай уақыт аралығында және қанша салмақ қостыңыз? 10 жыл аралығында 27 кг салмақ қостым
Ықпал етуші факторлар Аурудың басталуын немен байланыстырасыз? Отырып жасайтын жұмыс, артық тамақтану, жұмыстағы күйзелістер,
Қант диабеті бойынша тұқымқуалаушылықты анықтау Қант диабетімен ауыратын туыстарыңыз бар ма? Анам қант диабетінің 2 типімен және семіздікпен ауырады

 

Анамнезінде:Өзін соңғы 2 жыл көлемінде аурумын деп санайды. Жоғарыда аталған шағымдарының үдеуімен жағдайының нашарлауы соңғы 2 айда.

Қарап-тексеру:Жағдайы қанағаттанарлық. Бойы 172 см, салмағы 109 кг. Бел аумағы- 135 см. ДСИ 37. Тері жабындысы құрғақтау, табиғи қатпар аймағында гиперпигментация. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚҚ - 125/80 мм с.б.б. ЖСЖ 80 минутына. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Науқастың айтуынша, зәр шығаруы жиі, еркін. Шеткері ісінулер жоқ.

Status localis: Аяқтары ұстағанда жылы. Аяқ терісінің түсі өзгермеген. Табан гиперкератозы. Аяқтың тактильді сезімталдылығы мен a.dorsalis pedis-те пульсация сақталған.

Зерттеу жоспары:

Жалпы зәр талдауы:

көлемі 150,0 мл
түсі сары
Салыс тығыздығы
белок жоқ
лейкоциттер 2- 3 көру аймағында
глюкозурия 1%
кетонурия жоқ

 

Қанның биохимиялық талдауы:

Жалпы белок 72 мкмоль/л Қалыптыда 45-60 мкмоль\л
креатинин 92 мкмоль/л Қалыптыда 50-115 мкмоль\л
мочевина 6,3 ммоль/л Қалыптыда 4,2-8,3 ммоль\л
глюкоза 13,2 ммоль/л Қалыптыда 4,2-6,0 ммоль\л
билирубин 11, 5 ммоль/л қалыптыда 8,5-20,5 ммоль\л
амилаза 76 ед/л қалыптыда <120 ед\л
холестерин 6,9 ммоль/л қалыптыда 3,2-5,6 ммоль/л
ТГ 1,2 ммоль/л қалыптыда 0,41-1,8 ммоль/л
ТТЛП 2,1 ммоль/л қалыптыда 1,71-3,5ммоль/л
ЖТЛП 1,4 ммоль/л қалыптыда <0.9 ммоль/л

Гликемиялық профиль:сағат08.00 -9,7ммоль/л, сағат 11.00 - 14,2 ммоль/л

Гликозилирленген гемоглобин –7,9 % (4,5-6,5%)

Құрсақ куысының УДЗ:

Бауыр: оң бөлігі – 10,9см, сол бөлігі – 7,8 см, эхотығыздығы майда ошақтар түрінде аздап жоғарылаған. Өт қабы – 1,1 х 4,0 см, қабырғасы қалңдамаған 4 мм дейін, контуры анық.

Ұйқы безі: басы - 28 мм, денесі – 18 мм, құйрығы – 20 мм. Эхогенділігі аздап жоғарылаған, біртекті емес, контуры дұрыс. Ұйқы безінің диффузды өзгерістері.

Бүйрек оң: 55 х 42 мм, тостағанша диаметрі – 2 мм, сол: 53 х 40 мм, тостағанша диаметрі – 1,5 мм.

Қорытынды: Майлы гепатоз белгілері. Созылмалы панкреатит.

 

 

ЭКГ: Синусты ритм, ЖСЖ 85 минутына. ЖЭО горизонталды.

 

Соңғы нәтиже:

Ø Науқасты сұрастыру және қарап-тексеру

Ø Қант диабетінің 2 типінің диагностикасы

Ø Қант диабетінің 2 типінің ажырату диагностикасы

Ø Қант диабетінің емдеу ұстанымдары

«Қант диабеті 2 тип, алғаш анықталған. HbA1C мақсаттық деңгейі <7% .

Семіздік 2 дәрежесі, экзогенді-конституциональды түрі» клиникалық жағдай бойынша

Бағалау парағы (check-list)

 

Емтихан тапсырушының коды: __________________________Күні_______________

Емтихан қабылдаушы: ___________________________________________________

 

Қадам бағаларының критерийлері Ұпайы
Толық меңгенрген Толық емес меңгенрген маңгермеген
1. Шағымдары мен анамнез жинау 1,0 0,5
2. Қосымша сұрақтар арқылы ауру симптомдарын нақтылау 1,0 0,5
3. Қарап-тексеру 1,0 0,5
4. Бел аумағын өлшеу 1,0 0,5
5. Жүрек-қантамыр жүйесін зерттеу 1,0 0,5
6. Артериалдық қысымын өлшеу, пульс жиілігін анықтау 1,0 0,5
7. Аяқты қарап-тексеру 1,0 0,5
8. Болжама диагнозды құрастыру және негіздеу 1,0 0,5
9. Зертханалық зерттеулерді тағайындау жоспары 1,0 0,5
10. Аспаптық зерттеулерді тағайындау жоспары 1,0 0,5
11. биохимиялық анализді интерпретациялау 1,0 0,5
12. Жалпы зәр анализін интерпретациялау 1,0 0,5
13. Гликемияны интерпретациялау 1,0 0,5
14. HbA1C (гликолизирленген гемоглобинді) интерпретациялау 1,0 0,5
15. Құрсақ қуысының УДЗ, ЭКГ интерпретациялау 1,0 0,5
16. Ажырату диагностикасын жүргізу. 1,0 0,5
17. Қорытынды диагнозды негіздеу және құрастыру. 1,0 0,5
18. Медикаментозды емес емдеу тәсілі   1,0 0,5
19. Медикаментозды емдеу тәсілі   1,0 0,5
20. Науқаспен оптималды қарым-қатынас орнату 1,0 0,5
  Қорытынды ұпай 20,0 10,0

«Қант диабеті 2 тип, алғаш анықталған.HbA1C мақсаттық деңгейі <7% . Семіздік 2 дәрежесі, экзогенді-конституциональды түрі»