Ес үрдістері және оның түрлері

Ес үрдістері бірнеше түрге бөлінеді: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.

Есте қалдыру.Естің іс-әрекеті есте қалдырудан басталады. Есте қалдыру басқаша айтқанда бекіту деп аталады. Біз әр уақытта да белгілі бір нәрсені есте сақтаймыз, сол сияқты қабылдаймыз жонс ойлаймыз.

Есте қалдыру үрдісі қабылданған заттардан бас ми қыртысында із қалудан тұрады, сонымен қатар есте қалдыратын материалдың адамның бұрыннан бар тәжірибесімен, білімімен, сонымен қатар есте қалдыратын материалдың бөлімдері мен элементтерінің арасындағы байланыстарды орнату.

Есте қалдырудың жүйкелік-физиологиялық негіздері бас ми қыртысында қалыптасқан уақытша жүйкелік байланыстар болып табылады.

"Уақытша жүйкелік байланыс, — деп жазды И.П. Павлов, — жануарлар дүниесі және біздің өзімізде іске асатын әмбебап физиологиялық құбылыс. Ол сонымен қатар психологтар ассоциациядеп атайтын психикалық құбылыс...".

Ассоциация заттардың екі немесе бірнеше бейнесі арасыеда ұйымдасуы мүмкін. Бұл көршілестік ассоциация деп аталады. Мысалы, біз әнді естиміз және бір уақытта сол өлең айтып тұрған адамды көреміз, онда оны қабылдау (оның әуені мен өлеңін) және ән айтушы адамды біздің қабылдауымыздың арасында көршілестік ассоциациясы қалыптасады. Көршілестік ассоциациясының қалыптасуын біз қайталап, екінші рет қабылдағанда немесе елестеткенде әннің әуенін еске түсіруіміз мүмкін. Бұл жерде әннің әуені мен әнші адамның арасында шартты байланыс, бірдейлік ассоциациясы қалыптасады.

Егер жаңа қабылданатын заттар бұрынғы қабылданатын затпен ұқсас болса, есте қалдыруда ұқсастық ассоциациясы қалыптасуы мүмкін. Мысалы, құс пен ұшақтың бейнесінің арасында ұқсастық ассоциациясы көрінеді.

Егерде қайта қабылданатын зат өзінің белгілері бойынша бұрынғы қабылданған затқа қарама-қарсы болса (мысалы, жарық және қараңғы), қарама-қарсылық (контраст) ассоциациясы жасалады.

Есте қалдыру механикалық және мағыналықболып бөлінеді. Механикалық есте қалдырунегізінен есте қалдыратын материалды бекітудің сыртқы байланыстары мен жекелеген бөлімдерінің (мысалы, сөздермен) арасындағы байланыстарға негізделеді. Механикалық есте қалдырудың негізгі шарты қайталауболып табылады. Мысалы, егер бірнеше рет бірінен соң бірін екі сөзді — балта, алма, бірнеше рет қайталасақ, олардың арасында ассоциация қалыптасады, бұл жердегі байланыс (ассоциация) бірінен соң бірін механикалық түрде қайталағандықтан болады.

Механикалық есте қаддыру— бұл материалдың жекелеген бөліктерін олардың арасындағы мағыналық байланысқа сүйенбей бірізді есте қалдыру. Материалды механикалық есте қалдыру білімді формальді меңгеруге жиі әкеліп соқтырады. Сонымен қатар механикалық есте қалдыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз, ол мағыналық есте қалдыруға қарағанда біршама көп уақытты қажет етеді. Бірақ механикалық есте қалдыруды мағыналық есте қалдырумен дұрыс ұштастыра білгенде пайдалы.

Мағыналық есте қалдыруойлау үрдісімен тікелей байланысты, мағыналық есте қалдыру, материалдың мазмұнын түсінуге, оның бөліктерінің арасында болатын логикалық байланыстарды саналы пайымдауға негізделеді.

Мағыналық есте қалдыруға көмектесетін тәсілдердің бірі — материалды мағыналық топтау.Мағыналық топтау дегеніміз материалды бөліктерге бөлшектеу, әрбір бөлімдегі басты, маңыздыларын бөліп көрсету.

Мағыналық бөлу және материалды топтау белсенді ойлау іс-әрекетін талап етеді, жақсы түсінгеннің барлығы есте қайталаулар арқылы бекітілген болуы керек.

Оқыту тәжірибесі мен психологиялық зерттеулер көрсеткендей, білімді берік бекіту үшін оқу материалын берік және ұзақ есте сақтауда, ұстанымды есте қалдыруда ерекше мәні зор.

Мәселен, шәкірттердің екі тобына бірдей материалды жаттау ұсынылған болатын. Бірінші топтағы шәкірттерге бір күннен кейін тексеретіндігі ескертілген болса, екінші топқа бір аптадан кейін тексеретіндігі ескертілді.

Бірақ екі топты да екі аптадан кейін тексерді. Тексерудің қорытындысы көрсеткендей материалды жақсы меңгерген екінші топтың шәкірттері болды.

Бір психологиялық зерттеуде мынадай тәжірибе жүргізілген еді. Шәкірттердің екі тобына есте қалдыру үшін мәтін ұсынылды. Бірінші топта бұл мәтінді қатарынан төрт рет оқу арқылы есте қалдыру қажет болса, екінші топта - екі рет оқуды қайта жаңғыртумен ауыстырып отыру, демек, бірінші оқудан кейін қайта жаңғырту, одан кейін — тағы да оқу және тағы да қайта жаңғырту. Зерттеудің нәтижесінде толық есте қалдыру оқу мен қайта жаңғыртуды ауыстырып отырған топта іске асқандығын аңғарамыз. Екінші тәсілмен меңгерілген материал бірінші тәсілге қарағанда есте толық және берік сақталған.

Мағыналық есте қалдырудың негізгі шарты — түсіну.Есте қалдыру ырықты және ырықсыз болуы мүмкін. Ырықсыз есте қалдыру — алдын ала ешқандай мақсат қойылмай, материалды алдын ала таңдап, есте қалдырудың қандай да бір тәсілдерін қолданбай іске асатын есте қалдыруды айтады.

Мәселен, біз көшеде кездейсоқ кездескен адамдарды, кездейсоқ тыңдалған сөздер мен әуендерді де есте қалдырамыз, біздің есімізде ырықсыз есте қалатын өзінің әсемдігімен, анықтығымен ерекшеленетін заттар мен құбылыстар, күшті сезімдер, бұрынғы біздің тәжірибемізбен байланысты қызықты, маңызды оқиғалар есте қалады.

Ырықты есте қалдыру алдын ала мақсат қайталап, есте қалдыру үшін материалды таңдауды іске асыратын есте қалдыруды айтады. Ырықсыз есте қалдырудан айырмашылығы белгілі бір материалды есте қалдыруға саналы бағытталады. Ырықты есте қалдыруда оған қажетті ерікті, күш — жігерді сала отырып, өзін жақсы және берік бекітуге жұмылдырады.

Шәкірттердің оқу іс-әрекеті білімді меңгеру, ептілік пен дағдыны қалыптастыру негізінен ерікті есте қалдыруға сүйенеді.

Қайта жаңғыртудегеніміз бұрынғы қабылдаулардың, сезімдердің, ойлардың, ұмтылыстар мен әрекеттердің адам санасында жандануы, қайта жаңғыртылуын жүйке-физиологиялық негіздері ұйымдасқан уақытқа байланыстар жүйесінің жандануы болып табылады. Бізде ең алдымен бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың адам санасындағы бейнесі елестетулер деп аталады.

Қайта жаңғырту тану немесе еске түсіру түрінде, еріксіз және ерікті түрінде іске асуы мүмкін.

Тану- қайта жаңғырту бейнесі қайта жаңғыртылған нысанды қайталап қабылдағанда іске асады. Мысалы, жолдасымды, үйімді тыныдым деп айтқанымыз, мынаған байланысты: заттар мен құбылыстарды қайталап қабылдағанда біздің санамызда тағы да осы жолдасымыз немесе үйіміз бұрынғы қабылдаудан алынған бейнелер, сезімдер, ойлар пайда болады.

Тану толық емес немесе толық болып бөлінеді:

Толық емес танудабіздің санамызда белгілі нысанды қабылдаумен байланысты тек кейбір елестеулер, сезімдер мен ойлар қалыптасады, қабылданған нысан біз үшін жаңа еместігін білеміз. Бірақ бұл елестеулер мен осы нысандар бұрынғы қабылдауларда болған басқа елестеулермен және ойлармен байланыссыз қайта жаңғыртылады. Мысалы, қандай болсын адамның бет-пішінін танимыз, бірақ, көргенімізді еске түсіре алмаймыз.

Толық танудабіздің санамызда қазіргі заттар мен құбылыстарды қабылдауға қатысты бұрынғы өткен елестеулер мен ойлар басқа елестеулермен, ойлармен байланысты іске асады, толық тануда елестеулер мен ойларды бізге белгілі орнына, уақытына нақты жатқыза ойлаймыз.

Сонымен, біз кездестірген адамды тани білеміз, қайда және қашан кездескенімізді, қандай жағдайда, онымен не туралы айтқанымызды және т.б. еске түрсіреміз.

Біз тек бұрын қабылданған заттар құбылыстарды ғана емес, сонымен қатар біз өз қиялымызда жасаған заттар мен бейнелерді, олар туралы кітапта оқыған немесе басқа адамдар туралы әңгімелерді тыңедай отырып, тани аламыз.

Тану белгілі дәрежеде әрбір қабылдаудың құрамды бөлігі болып табылады.

Еске түсіру— нысанды қайта қабылдаусыз іске асатын қайта жаңғырту. Еске түсіруде бекітілген бейнелер, сезімдер мен ойлар сол кезде сезім органдарының қатысынсыз қайта жаңғыртылады. Мысалы, біз кешегі күннің оқиғасын қайта жаңғыртамыз, 30 жатталған өлеңді қайта жаңғыртамыз. Еске түсіру тану сияқты толықтығына және дәлдігіне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Еске түсіру толық емес болғанда, біздің есте қалдырған заттарымыз бен құбылыстарымыздың кейбір бөліктері ғана қайта жаңғыртылады.

Толық ескетүсіруде материалдың тек белгілі мазмұны қайта жаңғыртылып қоймайды, сонымен қатар оны еске түсіру іске асатын уақыты, жағдайы және шарттары қайта жаңғыртылады. Мысалы, өлеңді жатқа айта отырып, біз жол-жөнекей қашан, кім оны берді, қай жерде және қалай біз оны оқыдық, жаттауда қандай қиындықтар кездесті және т.б.

Еске түсіру танумен тығыз байланысты. Біздің қызметімізді, оның ішінде оқу жұмысында қайта жаңғырту танудан басталады, содан кейін еске түсіруге көшеді.

Қайта жаңғыртуеріксіз және ерікті іске асуы мүмкін. Еріксіз қайта жаңғыртуешқандай алдын ала мақсат қоймай, жаңғыртатын материалды таңдаусыз және ешқандай күш-жігер жұмсамай іске асыру. Бұл қайта жаңғырту өздігінен іске асады. Дүниеде өздігінен ештеңе болмайды. Еріксіз қайта жаңғырту әр уақытта да белгілі себептерге байланысты іске асады.

Еріксіз қайта жаңғыртуғасебеп қаңдай да бір қабылдаулар, елестетулер, ойлар болуы мүмкін. Мысалы, мектеп деген сөзді қабылдағанда бізде еріксіз мектептің жағдайы, шәкіртгер, мұғалім және т.б. елестетулер пайда болады. Пайда болған елестету немесе ой жаңа елестетулерді шақырады, ал бұл елестету немесе ой өз кезегімен келесі елестетуді шақырады. Бұл үрдіс белгілі тәртіппен жүріп отырады. Бұл тәртіп еске сақтауда ұйымдасатын ассоциациялармен анықталады. Сондықтан да еріксіз қайта жаңғырту ассоциациялар түрінде (көршілестік, ұқсастық, қарама-қарсылық) іске асады.

Ерікті қайта жаңғыртудегеніміз алдын ала мақсат қойып, жоспарлы түрде, қайта жаңғыртылатын материалды таңдауды айтады. Мысалы, бізге қажетті тарихи деректер, атаулы күндер, есімдер, жер-су аттары, әр түрлі ережелер және т.б. Шәкірт оқыған сабағын қайта жаңғыртады.

Ерікті қайта жаңғыртуда, сонымен есте сақтауда ұйымдасқан ассоциациялар ерекше рөл атқарады. Ерікті қайта жаңғырту ассоциациялық үрдістермен, ойлаудың белсенді жұмысымен байланыста іске асады.

Ерікті қайта жаңғыртуда қиындықтар жиі кездеседі, ол кезде қайта жаңғырту тоқталады. Біз кей кезде қажет заттарды еске түсіру үшін көп күш жұмсап, әуре боламыз. Мысалы: белгілі бір адамның фамилиясын, жердің атын грамматикалық немесе математикалық ұғымдарды т.б. Осындай жағдайда біз әр түрлі қосымша тәсілдерді қолданамыз. Мәселен, ұмытылып қалған фамилияны еске түсіру үшін біз мақсатты түрде басқа фамилияларды алып қараймыз, ол адаммен соңғы рет қандай жағдайда кездескенімізді еске түсіріп көреміз.

И.П. Павлов бірнеше рет жаңа қалыптасқан жаңа байланыстар өте ұзақ есте сақталады деп атап көрсетті. Біз есте сақтау туралы айтқанда, мынадай сауал пайда болады: қандай дәрежеде біз есте қалдыратын материал есте сақталады, ұсталады, есте қалдырғанның бәрі есте сақтала ма? Есте қаншалықты сақталғандығын қайта жаңғырту бойынша бағалаймыз, бізде тексерудің басқа тәсілдері жоқ. Есте сақтау туралы айтқанда ескеретіні тек қайта жаңғыртудың бір түрі - еске түсіру, оның ішінде ерікті еске түсіру.

Біз бір кезде есте қалдырған, демек, есте сақтау үрдісіне кері үрдіс ретінде санамыздан жоқ өшуін ұмытудеп түсінеміз. Бірақ есте сақтау мен ұмытуды осылай деп түсіну негізсіз емес.

Қайта жаңғырту тек еске түсіру түрінде емес, сонымен қатар тану түрінде де іске асатындығын ескеруіміз керек, ал белгілі дәрежеде барлығын біз танимыз. Сонымен қатар әрбір қабылдауда танудың элементтері болады.

Кейбір меңгерілген материал сол күйінде сөзбе-сөз (мазмұны және түрі бойынша) есте сақталады. Сол күйінде сақталатындар, мысалы, үйреншікті әрекеттер, көбейту кестесі, әр түрлі математикалық формулалар мен грамматикалық ережелер, өлеңдер, телефон нөмірлері және т.б.

Психологияда мынадай пікір қалыптасқан, адамның қабылдайтын және есте қалдыратынының барлығы есте сақталады, бірақ біразы қайта жаңғырады: бізге қажетті қайта жаңғырту үшін тек қолайлы жағдайлары бары қайта жаңғыртылады. Осындай қолайлы жағдайлар болып табылатын қайта жаңғыртуға қажеттіліктің болуы, жүйке жүйесінің сау және сергек болуы, қайта жаңғыртылған мазмұнның жекелеген бөліктері арасында берік байланыстың болуы жатады.

Бұл жағдай болмаған уақытта қажетті материалды қайта жаңғыртудың ерікті үрдісі қиындық туғызады.

Қайта жаңғыртудағы бұл қиындықтар, сонымен қатар қазіргі сәтте қажеттіні қайта жаңғыртудың мүмкіншілігінің болмауы ұмытуболып табылады. Сондықтан ұмыту - есте сақтауға кері үрдіс емес, қайта жаңғыртуға кері үрдіс. Ұмытудың жүйке-физиологиялық негізі уақытша байланыстардың тежелуі болып табылады.

Ұмыту толық болуы мүмкін, ондай жағдайда есте сақталған материалды немесе оның бөлігін көп мезгілге дейін қайта жаңғырта алмаймыз. Көп жағдайда ұмыту уақытшаболады.

Алғаш есте қалдырған материалды неғұрлым толық және дұрыс түрде қайта еске түсіруді реминисценциядеп атайды. Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы В. Урбанчич ұсынған. Реминисценция сөйлеу мен бақылау барысында адамға эмоциялық әсер ететін түрлі материалдарды есте сақтауда, сондай-ақ сенсоматорлық дағдыны орнықтыруда байқалады. Бұл психологтардың арнайы зерттеулерімен дәлелденуде, адам есінде бекітілген сөздік материал өте үлкен дәрежеде жаттаудың бірінші сағаттарынан кейін ұмытылады. Кейбір уақыт өткеннен кейін бұл материалдың қайта жаңғырту мүмкіншілігі арта түседі және біршама уақыт өткеннен кейін қайта жаңғырту мүмкіншілігі тағы да төмен түседі.

Ұмыту әр түрлі шапшаңдықпен іске асады. Баяу ұмыту "жақсы", күшті естің белгісі, ал тез ұмыту — "жағымсыз" естің, әлсіз естің белгісі.

Ұмыту үрдісі әркелкі жүреді: алғашында тез, одан кейін баяу.

Мысалы, жаттағаннан кейінгі бес күнге қарағанда алғашқы бес күнде ұмыту тез жүреді.

Психологтардың эксперименттік зерттеулерінің мәліметтері бойынша оқушылардың есінде бекітілген материалдан бір күннен кейін 77,6 пайыз, төрт күннен кейін — 62,7% қалады.

Механикалық түрде бекітілген материал тез ұмытуға бейім тұрады.

Мағыналық есте қалдыруда ұмыту үрдісі біршама жай іске асады.

Ұмытуға қарсы негізгі құрал — қайталау. "Қайталау — оқу анасы" — дейді халық мәтелінде. Қайталау оқу материалын берік есте қалдырудың негізгі шарты ғана емес, сонымен қатар оны есте сақтаудың да шарты болып табылады.

Ұмыту әсіресе, алғашқы кезде тез іске асатындығын ескере отырып, оқу материалын ұмыту үрдісі басталмай тұрып, қайталауды ерте бастаған жөн.

Ұмыту жылдамдығы көп жағдайда жүйке жүйесінің жағдайына байланысты. Шаршағанда, аурудан кейін жүйке жүйесінің әлсіреуінен ұмыту өте тез аңғарылады.

Белгілі адамдар қартайған шағында немесе аурудан кейін өзінің шығармаларын танымаған жағдайлар болған. Мысалы, Линней өзінің шығармаларын басқаның шығармасы деп, ерекше қызығумен оқыған ол таңғалады: "Қандай жақсы жазылған! Осындай шығармалардың мен авторы болғым келеді!" Вальтер Скотт өте ауыр сырқатқа шалдыққан кезінде "Айвенго" романын жазды. Автор сырқаттан жазылғанына дейін роман жарық көрді. Айыққан соң өз романын оқи отырып, Вальтер Скотт бұл шығарманы қашан және қалай жазғанын ол есіне түсіре алмады.

Демек, біз есте қалдырғанның барлығы уақыт өте белгілі дәрежеде ұмытылады. Сондықтан да ұмыту мүмкіншілігін міндетті түрде ескертіп отыру қажет, әсіресе оқу жұмысында ұмытумен күрес жүргізу керек.

Қабылданғанды қайталауды дер кезінде ұйымдастыру өте қажет, бұл жұмысты кейінге қалдыруға болмайды. Осы заңдылықты М.Н. Шардаковтың зерттеу мәліметтері жақсы дәлелдейді. Қайталаусыз бірінші күні есте сақталғаны 74 пайыз; 3-4 күннен кейін — 66 пайыз; 1 айдан кейін — 58 пайыз; 6 айдан кейін - 38 пайыз; қайталаумен бірінші күні есте 88 пайызы ұсталды; 3-4 күннен кейін — 84 пайыз; 1 айдан кейін — 70 пайыз; 6 айдан кейін — 60 пайыз. Бұл зерттеулерден аңғарғанымыз ұмытудың ең 23 пайызы бірінші күннің еншісіне тиеді және қайта жаңғырту мен қабылдауды бөліп тұратын аралықтың өсуіне қарай ұмыту көбейе түседі. Уақытында қайталауды ұйымдастыру нәтижесіндс есте материал біршама ұзақ сақталады.