Ойлаудың түрлері

Ойлаудың негізгі үш түрі кездеседі: ұғым, пікір, ой қорытындысы.

Ұғым— бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. Ұғым бір-бірімен байланысты зат туралы түсініктерден — оның қасиеттері, жағдайлары, байланыстары және қатынастарьшан тұрады. Әрбір зат, әрбір құбылыс әртүрлі көптеген қасиеттерді, белгілерді иеленеді.

Түсініктердің жиынтығы ұғымды ашып көрсетеді және осы ұғымның мазмұнын құрайды. Неғұрлым заттың маңызды белгілері осы түсініктерде байқалса, соғұрлым мазмұны жағынан ұғым терең болады. Екі түрлі ұғымның түрі кезедеседі заттық немесе нақтылы және дерексіз (абстрактылы).

Заттың нақтылы ұғымы дегеніміз — заттарға тұтас түрде қарау, мысалы, стол, адам, өсімдік туралы және т.б. Дерексіз немесе абстрактылы ұғым дегеніміз ұғымдардың заттар мен құбылыстарға тұтас түрде қарамай, тек жеке қасиеттерге, сапаларға және жағдайларға қатысы. Мысалы, ақша туралы ұғым, адамгершілік туралы ұғым, шексіздік, теңдік туралы және т.б.

Айталық, стол ұғымы барлық столға қатысты. Көлемі жағынан ұғым жалқы және жалпы болып бөлінеді. Жалқы ұғымдар дара, жеке заттарға қатысты. Мысалы, Жайық пен Еділ туралы, Алматы, Астана - жалқы ұғымдар.

Жалпы ұғымдар тұтас ұқсас заттарға қатыстылығын білдіреді. Мысалы, "мал" ұғымы жалпы мағынаны білдіреді. Кез-келген ұғым жалпылық мағынаны білдіреді.

Пікір— мұнда қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстар мен қатынастар және олардың қасиеттері мен белгілері бейнеленеді. Пікір — бұл қандай да болсын ережені бекіту немесе жоққа шығару түрінде іске асатын ойлаудың түрі. Пікірде біз заттың шын болуы туралы қолдаймыз немесе жоққа шығарамыз, заттарда белгілердің, қасиеттердің және қатынастардың болуын қолдаймыз немесе жоққа шығарамыз.

Пікір сөздерде, сөйлемдерде байқалады. Тілдік материалсыз біз бірде-бір ойымызды құрастыра және айта алмаймыз. Пікірлерде ойлау үрдістерінің нәтижелері орындалады, бірақ сол уақытта пікір ойлау түрлері болып табылады.

Ойлау пайымдау арқылы жүріп отырады. Біздің пікірлеріміз бір затқа қатысты болуы мүмкін немесе тұтас заттардың тобына, немесе заттар тобының бөліктеріне қатысты болуы мүмкін. Бір затқа немесе оқиғаға қатысты пікірлерді жеке пікірлердеп атайды.

Мысалы: "Астана — Қазақстан Республикасының орталығы", "Алматы — Қазақстан Республикасының бас қаласы". Заттардың біртұтас тобына арналған пікірлерді жалпы пікірлердеп атайды. Мысалы, "Барлық металл — электр өткізгіштер". Қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстар туралы пікірлер ақиқат шындық және жаңсақ немесе қате болуы мүмкін.

Ақиқатпікірлер дегеніміз шындыққа сәйкес келетін, шындықты дұрыс бейнелейтін пікірлер. Мысалы, "Атырау қаласы Жайық өзенінің бойында орналасқан", "Каспий теңізі — балыққа бай теңіз". Жаңсақнемесе қате пікірлердегеніміз шындыққа сәйкес келмейтін, шындықты қате бейнелейтін пікірлер. Мысалы, "Екі бес тоғыз", "Ағаш — суда батады" — бұл жаңсақ пікірлер.

Салыстыру, талдау және жинақтау, дерексіздену және жалпылау үрдістерінде ең алдымен біздің сезім органдарымыз арқылы мүмкін болатын заттар мен құбылыстардың қасиеттері, байланыстары және қатынастары бейнеленеді, қабылдаулар мен елестетулерге негізделген пікірлер осындай жолдармен алынады.

Біз жоғарыда айтқандай, шындықты тану үрдісінде тікелей қабылдаулар мен елестетулер арқылы болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы осындай қасиеттер мен байланыстарды ашып көрсету керек. Шындықты тану жанама түрде негізінен ой қорытындысы арқылы болады.

Ой қорытындысы— бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі, ол арқылы бір немесе бірнеше белгілі пікірлерден жаңа пікір туады. Мысалы, біз екі пікірді қарастырып көрелік: "Күн басқа барлық аспан денелері сияқты, оның ішінде жер сияқты сол элементтерден тұрады", "Күнде гелий элементі бар". Осы екі пікірден жаңа пікір шығаруға болады: "Демек, жерде де гелий элементі болады". Осындай жолмен ой қорытындысы 3 түрге бөлінеді: индукция, дедукция және ұқсастық (аналогия).

Индукциядегеніміз — бірнеше жалқы немесе жеке пікірлерден бір жалпы пікір жасау. Мәселен, бізде мынадай пікір бар: "Ағаш қыздырғанда ұлғаяды", "Темір қыздырғаңда ұлғаяды", "Ауа қыздырғанда ұлғаяды".

Демек, осы пікірлерден жаңа жалпы пікір алуға болады: "барлық денелер қыздырғанда ұлғаяды".

Оқыту үрдісінде шәкірттер жеке жағдайлар мен пікірлердің негізінде өздері жиі жалпы математикалық немесе грамматикалық ережелерді шығарады.

Мысалы, "үй жануарлары" ұғымын меңгеруде оқушылардың айтуынша, сиыр пайдалы, жылқы, ешкі де солай. Содан кейін осының негізінде шәкірттер жалпылама қорытындыға келеді: "барлық үй жануары пайдалы".

Иңдуктивті ой қорытындысы деп жекелеген фактілерден, пікірлерден барып, ой қорытындысына кошуді айтады. Индукция дедукциямен байланысты.

Негізінде индукция жалқыдан жалпыға өтетін логикалық операция. Эксперимент әдісі негізінен индуктивті болып табылады. Ал логика ақыл-ой қорытындысы ретінде қарастырылады. Психология индуктивті ойлаудың дамуы мен бұрылуын зерттейді.

Логика индукциясын толық және толық емес индукция деп саралап, оны ой қорытудың бір түрі деп қарастырады. Дедукция— бұл жалпы пікірлерден, деректерден жеке пікірлерге, деректерге көшудің, жалпы заңдылықтар мен ережелерді білу нсгізінде жекелеген деректер мен құбылыстарды пайымдаудың тәсілі.

Дедукцияға мысал келтіретін болсак: "Логикалық пайымдау жасай білетін адам кісінің тырнақтарына, жеңдеріне, аяқ киіміне, шалбардың қалай қырланғанына, бас бармақ пен сұқ саусағы терісінің қалыңдығына, бет пішініне және көйлегінің тігісіне қарап, осындай ұсақ-түйектер бойынша оның кәсібін анықтауына болады.

Осының бәрін жинақтай келіп, бұлардың байқағыш адамның да қорытынды жасауына мүмкіндік беретініне күмән келтіруге болмайды"1.

Бұл - дүниежүзілік әдебиеттегі ең аты шулы, тергеуші - кеңесші Шерлок Холмстың мақаласынан келтірілген үзінді. Ұсақ фактілерге сүйене отырып, ол пайымдаудың аса жүйелі тізбегін құралы, сөйтіп, көбінесе Бейкер-стрит көшесіндегі өз үйінен шықпай-ақ күрделі қылмыстарды ашып береді.

Холмс өзі жасаған дедукциялық әдісті пайдаланады, бұл әдіс, оның досы доктор Уотсон айтқандай, қылмысты ашуды дәл ғылымдар деңгейіне жеткізді. Дұрыс пайдалану өнерін және ең алдымен дедукциялық пайымдауды уағыздауға Холмстың сіңірген еңбегі ашқан барлық қылмыстарға сіңірген еңбегінен аз емес.