Оғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны 3 страница

Гипотеза, диспозиция, санкция әрекет тәртібі ретіндегі заңдық норманың құрылымдық элементтері. Гипотеза өмірлік жағдайларға сілтейтін солардың болуы арқасында оның диспозициясы жүзеге асатын заңдық норманың элементі.

Гипотезаның көмегімен анықталған, абстрактілі әрекет варианты нақты өмірлік жағдайларға, субьектілерге, уақытқа жеке бекітіледі. Диспозиция - құқықтық қатынастың қатысушылары орындауға тиісті әрекет тәртібіне сілтейтін заңдық норманың элементі.

Диспозиция заңдық норманың тұп тамыры - әрекет тәртібі. Диспозиция әрқашан да қүқықтық әрекеттің моделі. Осыған байланысты қылмыстық құқықтың кейде жалпы теоретикалық әдебиеттерінде гипотезаны диспозиция деп те атайды.

Заңдық норманың санкциясы оны логикалық аяқтайтын құрылымдық элементі. Құқықтық нормадағы санкцияның мазмұны заң әдебиетінде құқық бұзушы үшін пайда болатын мемлекеттік күштеу шаралары, жаза арқылы беріледі. Әрі осындай түсініктің шеңберінде санкцияның ұғымының әр түрлі бейнесі көрсетіледі.Санкция жинақтық түсінік:

а) онда ретроспективтік жауапкершілік шаралары;

б) ескертпелік әсер ету шаралары;

в) қорғау шаралары;

г) субьектінің әрекетінің нәтижесінде пайда болған жағымсыз салдар жинақталады. Олардың мәндік және біріктірушілік ерекшеліктерін жағымсыз салдарға көрсетеді (материалдық, ұйымдастырушылық немесе жеке сипаттағы айырулар), бұлар нормада тағайындалған әрекет тәртібін бұзған немесе оларды орындаудан қашатын субьектілерге қатысты пайда болады. Санкцияның түрлері: абсолютті айқын, біршама айқын және балама санкциялар.

Құқық нормаларының тағайындалуы мен реттеу мүмкіндігі туралы толық түсінік нормаларды әртүрлі негізде жіктеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты құқық нормалары мынадай түрлерге бөлінеді:

1. реттеуші;

2. қорғаушы.

Әрбір норма адамның еркіне, санасына ықпал етеді, оның іс-әрекетін реттейді. Сондықтан реттеуші нормалар құқық тағайындаушы, онда қоғамдық қатынастарға қатысушыларға берілетін құқықтар мен міндеттерді жүктейтін нұсқаулар бар. Осыған байланысты олардың әрекеті тікелей реттеледі.

Қорғаушы нормалар құқықтық жауапкершілікті және басқа субъективті құқықтарды қорғайтын күштеу шараларын белгілейді. Бұл жерде адамдардың әрекетін реттеу жанама түрде асырылады. Құқық нормаларын қолданудың теориясы мен тәжірибесі үшін құқық нормалары мен олардың элементтерінің келесі жіктелуі неғұрлым маңызды .

а)реттеу пәніне байланысты;

б)қолдану аймағына байланысты;

в)бағыныштылығына байланысты;

г)құқық субьектілерінің әрекетіне әсер ету әдістеріне;

д)нұсқау үлгілеріне байланысты;

е)әрекет етуінің шегіне байланысты;

ж)құрылуына байланысты.

Құқық нормалары құқықтық реттеу пәніне байланысты конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, экологиялық және т.б. болып бөлінеді.

Қолдану аймағына байланысты нормалар жалпы, арнаулы және төтенше болып бөлінеді. Құқық нормалары нормада қалыптасқан тәртіпке байланысты міндеттеуші, өкілдік беруші, тыйым салушы және көтермелеуші нормалар деп бөлінеді. Құқық нормалары заң нормалары және заңға бағынышты акт нормалары деп бөлінеді. Нұсқау үлгілеріне байланысты құқықтық нормалар императивті, ұсынымдық, диспозитивтік болуы мүмкін..

Әрекет ету шегіне байланысты нормалар кеңістіктегі әрекетке байланысты жалпы және жергілікті, уақыт аралығындағы әрекетіне байланысты мерзімді және мерзімсіз, субьектілеріне байланысты жалпы, арнаулы, төтенше деп бөлінеді. Құқық нормаларының құрылысы бойынша реттеуші, дефинитивті, декларативті, өзге де нормалардың әрекетін реттейтін нормалар деп бөлуге болады.

Құқық нормасы мен нормативті-құқықтық акт бабы бір-біріне дәлме-дәл сәйкес келетін құбылыстар емес. Құқық нормасы гипотеза, диспозиция мен санкциядан тұратын әрекет тәртібі. Заң актісінің бабы мемлекеттік еріктің көрініс табу нысаны, құқық нормасының жүзеге асырылу құралы. Құқық нормасы мазмұнды құраса, заң бабы оның нысаны болып табылады.

Құқық нормасы мен нормативті акт бабының арақатынасы төмендегідей түрде болуы мүмкін:

- әрекет тәртібін мазмұндай отырып, заң шығарушы құқық нормасының барлық үш элементін нормативті актінің бір бабына енгізуі мүмкін. Яғни, бір заң бабында бір құқық нормасы беріледі;

- нормативті актінің бір бабына бірнеше құқық нормасын енгізуі де мүмкін;

- құқық нормасының элементтерін сол нормативті актінің бірнеше баптарында беруі мүмкін;

- құқық нормасының элементтерін бірнеше нормативті актінің бірнеше баптарында беруі мүмкін.

Мазмұндалу тәсілдеріне байланысты құқық нормасы мен заң бабының үш түрлі арақатынасы танылған:

1) тікелей жазылу тәсілі; онда құқық нормасы нормативті акт бабында тікелей және нақты мазмұндалады;

2) сілтемелі жазылу тәсілі; бұнда құқық нормасының белгілі бір бөлігі осы нормативті актінің басқа бабына сілтейді;

3) бланкеттік жазылу тәсілі; онда норманың белгілі бір бөлігі өзге нормативті актіге немесе актілерге сілтенеді.

Қосымша әдебиеттер:

9. Деготь В. А. Классификация норм советского социалистического права по их структуре. Саратов, 1989.

10. Искаков А. Административно-правовые нормы и их особенности //Известия Министерства образования и науки РК, Национальной Академии наук РК. 1999. №4

11. Кулапов В. Л. Рекомендательные нормы советского права. Саратов, 1987.

12. Рыбушкин Н. Н. Запрещающие нормы в советском праве. Казань, 1990.

13. Чернобель Г. Т. Структура норм права и механизм их действия //Правоведение. 1983. № 6.

14. Чернобель Г. Т. Формализация норм права //Советское государство и право. 1979. № 4.

15. Эффективность правовых норм. М., 1980

16. Черняков А. Системный анализ: правовые нормы и действующее законодательство.// Правовая Казахстане.1999.№4.

 

№12. Құқықшығармашылық және НҚА жүйелеу

Әрбір мемлекет қоғамдық қатынастарда құқық нормасында реттелетін, қамтамасыз етілетін, қорғалатын және сақталатын заңдылық және құқықшығармашылық көмегі арқылы анықталған тәртіп орнатады. Құқықтық аймақтағы шығармашылық – мемлекеттік еріктің заңға айналуын білдіретін мемлекеттік әрекет, құқық қалыптастыру үрдісінің соңғы, қорытындылаушы кезеңі.

Сонымен, құқықшығармашылық деп заңды актілерді жасау, жарыққа шығару не болмаса олардың заңды күшін жою, олардың алға қарай тиімділігін дамытуға бағытталған құқық қалыптастыру процессінің соңғы сатысы ретінде қоғамдағы объективті жағдаймен айқындалған мемлекет органдарының арнаулы қызметін айтамыз.

Оның белгілер:

- белсенді, шығармашылық, мемлекеттік әрекет болып табылады;

- нәтижесінде басым түрде нормативті-құқықтық актілерде орын алатын заңдық нормалар қалыптастырылады;

- қоғамды басқарудың маңызды құралы;

- құқық шығармашылық деңгейі мен мәдениеті қоғамдағы демократия мен өркениеттіліктің бейнесі болып табылады.

Құқықшығармашылыққа мынандай қағидалар тән:

- ғылымилық (нормативті актілерді дайындау барысында әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларды зерттеу қажет);

- кәсібилік (арнаулы мамандар айналысуы керек);

- заңдылық (заңға сәйкес және заң негізінде орындалуы);

- демократизм (азаматтардың қатысу дәрежесін көрсетеді);

- жариялылық (қоғамның мәліметтік хабарлылығын көрсетеді).

Құқықшығармашылық күрделі әрекет болғандықтан біртектес болуы мүмкін емес. Сондықтан ол әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Субъектілерінің сипатына байланысты былай бөлінеді:

4. Халықтың тікелей құқықшығармашылығы. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері бойынша тікелей халықтық дауыс беру (референдум) жолымен заңдар қабылданады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы тікелей халық еркімен қабылданған акт.

5. Мемлекеттік органдардың құқық шығармашылығы. Қазақстан Республикасында нормативті құқықтық актілерді қабылдау құқығына Қазақстан Республикасының Парламенті, Президенті, Үкіметі және өзге де мемлекеттік органдар ие.

6. Қоғамдық ұйымдардың құқықшығармашылығы немесе санкцияланған құқықшығармашылық. Мемлекет белгілі бір жағдайларда қоғамдық ұйымдардың актілерін немесе әдет-ғұрып нормаларын мемлекеттің рұқсат беру күшімен заңдастыруы мүмкін.

Құқықшығармашылық маңыздылығына байланысты заң шығару және заңға бағынышты актілерді шығару деп екі үлкен топқа жіктеледі. Заң қабылдау құқығына мемлекеттегі ең жоғарғы өкілді орган құзіретті болады және оның актілерінің жоғарғы заңдық күші танылады.

Заңға бағынышты нормативті актілерді қабылдау Президентке, үкіметке, министрліктер мен ведомстволарға, мемлекеттік комитеттерге, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, кәсіпорын, мекеме, ұйым басшыларына берілетін құқық.

Құқықшығармашылық процесі кезектілікпен жүргізілетін ұйымдастырушылық әрекеттердің жиынтығы, нормативті актілерді жасау және оның нұсқауларын адресаттарға жеткізу технологиясы. Заңшығармашылықтың бірінші кезеңі заң жобасын дайындау болып табылады.

Заңдық бастамашылық дегеніміз конституцияда анықталған, соған өкілеттілігі бір белгілі бір субъектілердің заң жобасын дайындап, оны заң шығарушы органға енгізуі және оның заң жобасы бойынша шешім қабылдау міндеттілігі. Қазақстан Республикасында заңдық бастамашылық құқығы ҚР Үкіметі мен Парламент депутаттарының тобына берілген.

Екінші саты заң жобасын талдау деп аталады. Ол парламенттің төменгі палатасында – Мәжілісте заң жобасын ұсынған субъектінің баяндамасын тыңдаумен басталады. Аса маңызды заң жобалары бүкілхалықтық талдауға түседі. Заң жобасын талдау бап бойынша немесе толықтай түрде жүзеге асырылады.

Үшінші саты заңды қабылдау сатысы. Заң алдымен Мәжілісте, соңынан Сенатта қабылданады. Заң қабылдаудың екі түрлі тәртібі бар: заңдар көпшілік даусымен, яғни депутаттардың 50% + 1 дауыс жолымен немесе конституциялық заңдар басым көпшілік даусымен, депутаттардың үштен екі бөлігінің даусымен қабылданады. Парламент палаталарымен қабылданған заң актілері Президенттің қол қоюына жіберіледі. Қол қойылған заңдар іске асырылады.

Төртінші саты заң актілерінің жарық көруі және заңды күшіне ену сатысы деп аталады. Жарияланбаған заңдар қолданылмайды. Қазақстан Республикасында ресми жариялану органдары ретінде Парламент жаршысы, Президент пен үкімет актілерінің жинағы, Егеменді Қазақстан танылған. Заңдардың заңды күшіне енуінің арнаулы тәртібі бар. Ол «Нормативті-құқықтық актілер туралы» заңда көрсетілген.

Нормативті актілерді жүйелендіру түсінігі. Жүйелендірудің қажеттілігі мен мақсаты. Жүйелендірудің аспектілері: а) нормативті актілерді сырттай жүйелендіру; ә) нормативті актілерді іштей жүйелендіру.

Нормативті-құқықтық актілерді жүйелендіру түрлері. Кодификация түсінігі және оның заңдарды жүйлендірудегі ролі.

Инкорпорация және оның түрлері. Нормативті актілердің хронологиялық және жүйелік жинағы. Бас инкорпорация. Ресми және биресми инкорпорация. Заңдардың консолидациясы түсінігі.

Заңдық техника және оның құқықшығармашылық, құқыққолдану және заңдарды жүйелендірудегі маңызы. Құқықтық актілердің тілі.

Нормативті-құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 2000.

2. Қазақстан Республикасының конституциялық заңы «Республикалық референдім туралы» 25 наурыз 1995 ж. / Егемен Қазақстан, 30.05.1995.

3. Қазақстан Республикасының заңы «Нормативті актілер туралы» заңы 24 наурыз 1998 ж./Парламент Жаршысы. 1998.№2-3.

Қосымша әдебиеттер:

1. Абельдинов А. Проблемы правотворчества и систематизации актов. Фемида. № 1-2. 2000 г.

2. Абельдинов А.К. Развитие нормотворчества в Казахстане. -Алматы: Жеты Жаргы,1998-28 с

3. Амандыкова С.К. Некоторые проблемы становления законотворческого процесса в РК. Вест. КазГУ. № 3. 2001

4. Власенко Н. А. Основы законодательной техники. Иркутск, 1995.

5. Власенко Н. А. Язык права. Иркутск, 1997.

6. Гаврилов О. А. Стратегия правотворчества и социального прогнозирования. М., 1993.

7. Керимов Д. А. Культура и техника законотворчества. М., 1991.

8. Канагатова К. Проблемы реализации права законодательной инициативы в РК. ПиГ. № 4. 2000

9. Кусмангалиева Ж. Систематизация законодательства РК: проблемы и перспективы. Саясат. № 2. 2002 г.

10. Кусмангалиева Ж. Классификация и систематизация законодательства РК. Прав.реф.в Казахстане. № 1. 2001 г.

11. Крылов В. Законам – качественную научную и экологическую экспертизу. Прав.реф.в Каз-не. №2. 2001 г.

12. Малиново, И. П. Философия правотворчества. Екатеринбург, 1996.

13. Малъко А. В. Лоббизм и право// Правоведение. 1995. № 2.

14. Окушева Р. Ответственность в правотворчестве: проблемы и перспективы развития. Прав.реф.в Казахстане. № 1. 2001 г.

15. Табанов С.А. Құқықты жүйелендіру. Алматы, 1998.

 

№13. Құқықтың құрылымы және жүйесі

Құқық жүйесі түсінігі және оның «құқықтық жүйе» түсінігімен арақатынасы. Құқық жүйесін құрудың қағидалары. Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқықты салаларға бөлудің негізі ретінде. Құқық нормасы, құқық институты, құқық бөлімі және құқық салалары. Кешенді құқық салалары. Қазақстан Республикасы құқық салаларына сипаттама.

Құқық жүйесі және заң жүйесі. Қазақстан Республикасы заңнама жүйесі. Заңнаманың қазіргі жағдайына сипаттама беру.

Материалдық және процессуалдық құқық. Көпшілік және жеке құқық. Халықаралық және ұлттық құқық. Халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдылығы.

Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің даму ерекшеліктері.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.

3. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001.

4. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.

5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Аюпова З. Вопросы соотношения правовой системы и нац.законодательства. Прав.реф.в Казахстане. № 4. 2001 г.
  2. Альмухамбетов Ж. О проблеме общего и особенного в правовой системе Казахстана. Фемида. № 12. 2000 г.
  3. Пузанов О. Об особенностях правовой системы РК. Наука Казахстана, 2000, № 3.

4. Тихомиров Ю.А. Публичное право. Москва, 1996.

 

№14. Құқықтық сана және мәдениет

Құқықтық сана қоғамдық сананың үлгісі ретінде. Құқықтық сана түсінігі, негізгі қызметтері: танымдық, бағалық және реттеушілік. Құқықтық сана түрлері: субъектісі бойынша – жеке, топтық, қоғамдық. Құқықтық сана деңгейлері: кәдуілгі, кәсіби және ғылыми құқықтық сана.

Құқықтық сана құрылымы. Құқықтық идеология және құқықтық психология. Қоғамдық пікір және оны зерттеу тәсілдері. Жеке құқықтық сана.

Құқықтық сананың құқық нормаларына және құқықтың құқықтық санаға әсері. ¤зара байланыс каналдары.

Конформизм. Заңды тыңдау. Құқыққа құрметпен қарау және оны қазіргі кезеңде қалыптастыру процесстері. Лауазымды тұлғалар мен азаматтардың құқықтық санасы. Құқықтық тәрбие.

Құқықтық нигилизм түсінігі. Құқықтық нигилизм қоғам тарихындағы даму кезеңдері. Қоғамның нарықтық экономикаға, саяси-құқықтық жаңаруға, адамгершілік және демократиялыққа көшу жағдайларында құқықтық нигилизмді жою жолдары.

Құқықтық мәдениет: түсінігі, әрекет ету аймақтары мен нысандары. Құқықтық мәдениет қоғам мәдениеті жүйесінде. Құқықтық мәдениеттің құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызы. Қазіргі заңгер әрекетіндегі құқықтық мәдениет. Лауазымды тұлғалар мен азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын көтеру – Қазақстан Республикасында демократиялы, тәуелсіз және құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі шарты.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
  2. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
  3. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Алтыбасарова М. Гражданская культура как условие демократической консолидации в Казахстане. Евразийское сообщество. № 1. 2000 г.
  2. Аюпова З. О проблеме соотношения процессов возрождения и модернизации в правовой культуре и правовой системе. Евразийское сообщество. № 4. 2001 г.

3. Аграновская Е. В. Правовая культура и обеспечение прав личности. М.,1988.

  1. Ибраева А.С. Культура и цивилизация и их значение для понимания правовой культуры. Вестник КазГУ. № 3. 2000

5. Ильин И. А. О сущности правосознания. М., 1993.

6. Кейзеров Н. М. Политическая и правовая культура. Методологические проблемы. М., 1983.

7. Кистяковский Б. А. В защиту права (Интеллигенция и правосознание) //Вехи. Интеллигенция в России. М., 1991.

8. Матузов Н. И. Правовой нигилизм и правовой идеализм как две стороны "одной медали" /Правоведение. 1994.№ 2.

9. Нарикбаев М. Правовая культура и исторические традиции- условия эффективности правовых реформ.// Право и государство. 2000. №4.

10. Семитко А. П. Развитие правовой культуры как правовой прогресс. Екатеринбург, 1996.

11. Соколов Н. Я. Профессиональное сознание юристов. М., 1988.

12. Щербакова Н. В. Правовая установка и социальная активность личности. М., 1986.

13. Щербакова Н. В. Проблемы правовой установки личности. Ярославль, 1993.

  1. Шуляк Л. Логическое мышление как условие правовой культуры юриста. Прав.реф.в Казахстане. № 1. 2000 г.

 

№15. Құқықтық қатынастар

Құқықтық қатынас - қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

Құқық нормасы құқықтық реттеудің статистикалық жағдайын білдіретін болса, құқықтық қатынас оның динамикалық, яғни қозғалыстағы жағдайын көрсетеді. Құқықтық қатынас абстрактілі құқықтық нормаларды жекеленген байланыстар, яғни белгілі бір субъектілер үшін субъективті құқықтар мен заңды міндеттер деңгейіне аударуға мүмкіндік береді.

Құқықтық қатынастардың белгілері:

- әлеуметтік субъектілер арасындағы екі жақты нақты байланысты көрсететін қоғамдық қатынас;

- құқық нормасы негізінде пайда болады (құқық нормасының жалпы талаптары нақты субъектіге және оның жағдайына байланысты дербестенеді);

- адамдар арасындағы субъективті құқықтар мен заңды міндеттер көмегімен жүзеге асырылатын байланыс;

- ерікті қатынастар болып табылады, себебі оның пайда болуына қатысушылардың ең болмаса біреуінің еркі қажет;

- қатынас белгілі бір объектінің, құндылықтың төңірегінде жүргізіледі;

- мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынас.

Құқықтық қатынас күрделі құрамға ие. Оның құрамының элементтері қатарына мыналар жатады:

- субъект;

- объект;

- субъективті құқық және заңды міндет (заңдық мазмұн).

Қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастың материалдық мазмұнын құрайтын болса, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер оның заңды мазмұнын білдіреді. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңды байланысы жүзеге асырылады.

Субъективті құқық – субъектіге жеке мүддесін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін болатын әрекет мөлшері. Оның негізгі ролі, маңызы субъектіге өз мүддесін қанағаттандыруға, белгілі бір құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады. Субъективті құқықтың құрылымы: