Оғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны 5 страница

Талқылау субъектілері деп құқық нормасының мазмұнын түсіндіруге заңмен, арнаулы құзіретті органдардың өкілеттілігімен рұқсат етілген құқық субъектілерін айтамыз. Құқықты талқылаудың түрлеріне байланысты талқылау субъектілері де әртүрлі болады. Кәдімгі талқылау субъектісі ретінде кез келген адам танылатын болса, кәсіби талқылаудың субъектілер заң мамандары болып табылады. Ал, ресми талқылау құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Сот Кеңесіне берілген. Конституциялық Кеңес Парламент қабылдаған заңдарды, халықаралық шарттарды бекіткенге дейін Конституцияға сәйкестігін қарайтын, дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешетін, Конституция нормаларына ресми түсіндірме беретін арнаулы мемлекеттік орган болып табылады. Жоғарғы Сот Кеңесі соттардың қарауындағы істерге байланысты талқылау жасауға құқылы.

Талқылау субъектілеріне байланысты екі топқа жіктеледі: ресми және биресми. Ресми талқылау – құқық нормаларының мазмұнын арнаулы заңдық нәтиже туғызатын актілерде арнаулы мемлекеттік органдардың түсіндіруі. Ресми талқылау нормативті және казуалды болып бөлінеді. Нормативті түсіндіру біртектес барлық істерді шешу барысында міндетті болатын, жалпы сипаттағы түсіндірме. Оның өзі екіге бөлінеді: аутентикалық және легалдық. Аутентикалық талқылау деп нормативті актілерді қабылдаған органның өзінің түсіндірме беруін айтамыз. Легалдық талқылау - басқа органдар қабылдаған құқықтық актілерді заңмен рұқсат етілген, соған өкілетті мемлекет органдарының талқылауы. Казуалды түсіндіру нақты істі қарау кезінде міндетті болатын түсіндірме. Қазақстан Республикасында заң актілерін талқылау құқығы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне және сот органдарына берілген.

Биресми талқылау деп заңды міндеттілік күші болмайтын, талдау тереңдігімен, сенімділігімен және негізделгендігімен сипатталатын құқық нормаларын талқылаудың бір түрін айтамыз. Ол үшке бөлінеді: доктриналды, кәсіби және кәдімгі талқылау. Кәдімгі талқылау – құқықтық нормаларды әрбір жеке азаматтың өзінің білім деңгейіне және жеке сенімдеріне сәйкес түсіндіруі.

Кәсіби талқылау деп құқықтық арнаулы білімі бар мамандардың өз қызметін жүзеге асыру барысында беретін құқық нормаларына түсіндірмесін айтамыз. Доктриналды талқылау – монографияларда, ғылыми еңбектерде және тағы басқа құқық нормаларын ғылыми саралау кезінде жүргізілетін талқылау.

Талқылау тәсілдері құқықтық актілерді талдау әдістерінің салыстырмалы ерекшеленген жиынтығы. Оның мынандай түрлері бар:

-грамматикалық (тіл заңдылықтары, грамматика ережелері, орфография көмегімен талқылау);

-логикалық (логика заңдылықтары мен ережелері көмегімен талқылау);

-жүйелік (құқық нормасының өзге нормалармен жүйелік байланысын анықтай отырып, оның нақты орнын ескере отырып шешу);

-арнаулы заңдық (заңнамада қолданылатын заңдық терминдердің мазмұнын ашу арқылы талқылау);

-тарихи-саяси (нақты құқықтық норманы қабылдаудың саяси және нақты тарихи астарын анықтай отырып түсіндіру).

Құқық нормаларын талқылау барысында талқылау актілері қабылданады. Оған мынандай белгілер тән:

- заң нормасы мазмұнын түсіндіру қызметін атқарады;

- нормативті емес, нақтыландырушы нұсқаулардан тұрады;

- дербес маңызы болмайды, талқылау жасалынып отырған актілермен бірге қолданылады;

- құқық нысаны немесе қайнар көзі бола алмайды.

Құқықтағы ақаулық – жалпы алғанда құқықтық реттеу аймағына жататын белгілі бір қоғамдық қатынастардың нақты құқықтық нормалармен реттелінбеген жағдайлары. Ақаулықтың екі шартын ескерген жөн:1) фактілі жағдайлар құқықтық реттеу аймағында болуға тиісті; 2) нақты фактілі жағдайларды реттейтін құқық нормасының болмауы шарт.

Ақаулықтың үш түрі туралы айтуға болады:

- позитивті құқықтағы ақаулық – ол не заңның, не заңға бағынышты актілердің, тіпті әдет-ғұрыптың да, прецеденттің де болмауын білдіреді;

- нормативті-құқықтық реттеудегі ақаулық – заң нормалары мен заңға бағынышты акт нормаларының болмауын білдіреді.

- заңнамадағы ақаулық – заңның болмауын көрсетеді.

Құқықта ақаулықтың болуының әртүрлі объективті және субъективті шарттары болады. Олар дер кезінде анықталынып, заңдық жолмен тойтарылуы керек. Құқықтағы ақаулықты жоюдың басты жолы құқықшығармашылық процессінің көмегімен жаңа құқық нормасын қабылдау болып табылады. Ақаулықтың орнын толтыру құқыққолдану процессінің көмегімен, құқық ұқсастығы мен заң ұқсастығын қолдану жолымен жүзеге асырылады.

Заң ұқсастығы нақты заңдық істі дәл осы қоғамдық қатынасқа емес, бірақ ұқсас қоғамдық қатынастарға арналған нормаларға сүйене отырып шешуді айтамыз.

Құқық ұқсастығы деп нақты заңдық істі құқықтық жалпы қағидалары мен мағынасына сүйене отырып шешуді айтамыз. Ақаулықтың орнын толтырудың бұл әдісін ұқсас жағдайды реттейтін нақты норма болмаған жағдайда ғана қолдануға болады. Бұндай қолдану барысында конституцияларда бекітілетін әділеттілік, заң мен сот алдындағы теңдік тәріздес құқықтың жалпы қағидаларының маңызы ерекше. Сондықтан да, құқық қолданушы басым түрде өзінің құқықтық санасына сүйене отырып және істі дәлелдей отырып, нақты конституциялық нормаларға сүйенуі мүмкін.

Қосымша әдебиеттер:

1. Абдрасулов Е. Законодательная процедура толкования закона и Конституции // Саясат. 2000 №1.

2. Абдрасулов Е. Субъекты официального толкования закона. // Правовая реформа в Казахстане. 2001. №2

3. Вопленко Н. Н. Официальное толкование норм права. М., 1976.

4. Караев А. К вопросу о толковании Конституции. Фемида. № 6. 1999 г.

5. Лазарев В. В. Пробелы в праве и пути их устранения. М.; 1974.

6. Малько А. В. Стимулы и ограничения в праве. Теоретико-информационный аспект. Саратов, 1994.

7. Пиголкин А. С. Толкование нормативных актов в СССР. М., 1962.

8. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы, 2003.

9. Черданцев А. Ф. Толкование советского права. М., 1976.

10. Черданцев А. Ф. Логико-языковые феномены в праве, юридической науке и практике. Екатеринбург, 1993.

 

№18. Құқықтық мінез-құлық, құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік

Адам әрекеті заң тұрғысынан үш түрлі болуы мүмкін: құқықтық, құқыққа қарсы, заңды бей-жай /құқықтық салдары болмайды, құқық тұрғысынан бағаланбайды/. Құқықтық мінез-құлық - құқық нормасында көрсетілген, мемлекетпен кепілдендірілетін және қорғалатын, қоғам мүддесі тұрғысынан қажетті және мүмкін болатын құқық субъектілерінің әрекеті.

Белгілері:

1/ Әлеуметтік маңыздылығының болуы, қоғамдық мақсат, мүдделерге сай келеді /мазмүндық жағы/.

2/ Жеке тұлғаның санасы мен еркіне бағынышты /субъектілік жақ/.

3/ Заңмен белгіленген көлемде болады /формалды жағы/.

4/ Мемлекетпен қорғалады.

5/ заңдық салдар туындатады.

Құқыққа сай әрекеттердің түрлері:

4) Әлеуметтік белсенді, пайдалы әрекет /құқықтық сана мен мәдениеттің, жауапкершіліктің және еріктіліктің ең жоғарғы дәрежеде болуы/.

5) Конформистік әрекет /тұлғаның сыртқы жағдайлар мен өзгелерге бейімделуінің нәтижесі; терең және жан-жақты сезінусіз орындау/.

6) Маргиналды әрекет /қорқынышқа немесе жеке есепке негізделген әрекет/.

Құқық бұзушылық - заңды жауапкершілік тудыратын деликт қабілетті адамдардың кінәлі, құқыққа қарсы әрекеті. Белгілері:

7) Іс-қимыл /әрекет немесе әрекетсіздік/;

8) Кінә;

9) Құқыққа қарсылық;

10) Қоғамға зияндылық, зиянды нәтиже;

11) Іс-қимыл мен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс;

12) заңды жауапкершілік.

Құқыққа қарсылық пен қоғамға зияндылық - негізгі объективті белгі болып табылады. Құқық пен құқыққа қарсылық ажыратады. Қоғамға зияндылық - адамзат қоғамының құндылықтарына қол сұғады, жеке және қоғамдық мүддеге зиян келтіреді. Ол типтілігі, кең таралғандығымен де қоғамға зиянды.

Қоғамдық қарсылық 2 жақты: 1/ қоғамға зиянды /қауіпті/ әрекет заңмен ресми түрде құқыққа қарсы деп танылуы керек. Құқыққа қарсылық қоғамға зиянды әрекеттің объективті формасы /сыртқы жағы/; 2/ құқыққа қарсылық құқық бұзушылықтың объективті жағы. Объективті болу себебі: құқық бұзушылық құқықтағы мәндікке зиян келтіреді, яғни қоғамдық құрылым негіздеріне, адам және азамат құқықтарына қол сұғады. Заңдық форма мен әлеуметтік мазмұн арақатынасы мынадан көрініс табады:

1/ заңдық форма құқық бұзушылық ретінде қоғамға аса қауіпті және зиянды әрекетті бекітеді. Бұнда қоғамға қауіптілікпен зияндылықпен қатар тікелей топтық - саяси мүдде де үлкен роль атқарады. Сондықтан әлеуметтік мазмұнға сәйкес; 2/ заңдық форма қылмысты анықтау барысында салыстырмалы дербестік көрсетеді; 3/ экономикалық саладағы әлеуметке қарсы көріністерді бекітуде заңдық форма үлесі аз. Бірақ ол оның әлеуметтік мәніне сай келеді; 4/ Мемлекеттік-саяси, әкімшілік қатынастар аймағында заңдық бекітілуге тиісті билікті қолдау міндеті жатады.

Құқық бұзушылық 4 құрамдас бөліктен тұрады: субъект, объект, субъективті жақ, объективті жақ.

Құқық бұзушылықтың объектісі – құқыққа қарсы және қоғамға зиянды әрекет бағытталған қоршаған ортаның құбылыстары. Объект үшке бөлінеді: текті объект, онда қоғамдық қатынастардың барынша үлкен тобы қарастырылады; түрлі объект /адам өмірі, денсаулығы, мүлкі, намысы т.б./ және тікелей объект болады /ол қылмыс нақты бағытталған құбылыс/.

Құқық бұзушылықтың объективті жағы құқыққа қарсы және қоғамға зиянды әрекеттің анықталған актісі ретінде сипаттайтын элементтерінен құралады. Оған үш түрлі элемент кіреді:

- әрекет немесе әрекетсіздік;

- зиянды нәтиже;

- әрекет немесе әрекетсіздіктің зиянды нәтижемен себеп салдарлы байланысы.

Құқықбұзушылықтың субъективті жағын оны жасаудың әлеуметтік- психологиялық механизмін сипаттайтын, жеке тұлға санасының элементтері құрайды. Субъективті жақ кінә ұғымымен анықталады. Ол қасақана және абайсыздық болып бөлінеді. Қасақана тікелей кінә - тұлға өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін біледі, зиянды нәтиже туындау мүмкіндігін немесе тиістілігін көре біледі, соны қажет етеді.

Жанама қасақана кінә - субъект өз әрекетінің қоғамға қауіпті сипатын алдын ала біледі, зиянды нәтиже болу мүмкіндігін көре біледі, тілемейді, бірақ заңда көрсетілген зиянды нәтиже туындауын саналы түрде мүмкін етеді немесе оған бейжай қарайды.

Абайсыздық өз алдына екіге бөлінеді: қылмыстық өз-өзіне сенушілік немесе менмендік және қылмыстық немқұрайдылық немесе салғырттық. Қылмыстық өз-өзіне сенушілік тұлға өз әрекетінің қоғамға зиянды нәтижесін алдын ала біледі, бірақ негізсіз өзін-өзіне сену арқылы оның алдын аламын деп ойлайды.

Қылмыстық салғырттық тұлға өз әрекетінің қоғамға зиянды нәтижесін көре білмейді, бірақ тиісті және көре білуі мүмкін болады.

Құқық бұзушылықтың субъектісі деликт қабілетті жеке тұлғалар мен әлеуметтік ұйымдар.

Құқық бұзушылық әлеуметтік қауіптілігі /зияндылығына/ байланысты екі топқа бөлінеді: қылмыс және теріс қылық.

Қылмыс қылмыстық заңда көрсетілген және қылмыстық жазалау шараларын қолдануды тудыратын қоғамға қауіпті әрекет. Ол заңда толық түрде беріледі, кеңейте талқылауға болмайды.

Теріс қылық – заңда қылмыс деп танылмаған, қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігінің төменділігімен сипатталатын өзге де құқықбұзушылықтар. Теріс қылық

- азаматтық /мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар аймағында жасалатын, ұйымдар мен жеке азаматтарға мүліктік зиян келтірудегі т.б. көрінетін әрекет;

- әкімшілік /заңмен тағайындалған қоғамдық тәртіпке, мемлекеттік органдарды атқару жарлық ету әрекеті аймағындағы қатынастарға қызметтік міндетті жүзеге асырумен байланыссыз/ зиян келтіретін құқықбұзушылықтар;

- еңбектік /еңбектік қатынастар аймағында жасалатын кәсіпорын мекеме, ұйым әрекетіндегі ішкі тәртіпке қол сұғатын құқықбұзушылықтар;

- іс жүргізушілік /әділсотты жүргізудің заңда тағайындалған үрдісіне қол сұғатын құқық бұзушылықтар болып бөлінеді.

Заңды жауапкершілік жасалған құқықбұзушылыққа сәйкес қолданылатын, кінәлі жанның жеке, мүліктік немесе ұйымдастырушылық сипаттағы айырылушылықтарымен байланысты болатын мемлекеттік мәжбүр ету шаралары.

Заңды жауапкершілік шаралары: жеке, мүліктік, ұйымдастырушылық сипатында болуы мүмкін. Заңды жауапкершілікке тән белгілер:

9) құқықтық нормаларда мемлекетпен тағайындалады;

10) мемлекеттік мәжбүрлеумен негізделеді;

11) арнаулы өкілді мемлекеттік органдармен қолданылады;

12) жаңа қосымша міндет жүктеумен байланысты болады;

13) жеке, мүліктік, ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі теріс нәтиже түрінде көрінеді;

14) құқық норма санкциясын жүзеге асыру нысаны, нақты жағдайда нақты адамға қатысты қолданылады;

15) іс жүргізу нысанында жүктеледі;

16) жасалған қылмыс үшін және соның деңгейіне сай қолданылады.

Заңды жауапкершіліктің фактілі негізі - құқықбұзушылық; заңды негізі - құқық нормасы және тиісті құқық қолдану актісі /мәжбүрлеу шаралар көлемі, нысаны/. Мақсаты - субъективті құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамды тәртіпті қорғау.

Функциялары:

1/ айыптау - мемлекеттің жазалау реакциясын сипаттау;

2/ құқықты қалпына келтіру - келтірілген зиянды, шығынды толтыру;

3/ тәрбиелік /жеке превенция, жалпы превенция/.

Қағидалары:

1/ әділеттілік

2/ гумандылық /адам намысына тиетін жаза қолданбау/

3/ заңдылық

4/ негізделгендік

5/ бұлтартпастығы

6/ мақсаттылық, қажеттілік

Заңды жауапкершілік әртүрлі негіздер бойынша жіктелінеді. Құқық салаларына байланысты:

- қылмыстық /құқыққа сәйкес қолданылады, ешкім сот үкімінсіз кінәлі деп саналмайды жауапқа тартылмайды; ең ауыр жаза/

- әкімшілік /қоғамдық тәртіпті бұзу немесе атқару-жарлық етуші органдардың қызметіне кедергі келтіруге қатысты және т.б. қолданылады

- азаматтық /шарт бұзғандық үшін немесе шарттан тыс міндеттемелерді орындау барысында қолданылады. Зиянды толық өтеу - негізгі принципі.

- тәртіпшілік /еңбек, оқу, қызмет ету, әскери тәртіптерді бұзғандық үшін қолданылады; түсініктеме талап етіледі; әкімшілік немесе тәртіпшілік алқамен салынады

- материалдық /еңбектік міндеттерін атқару барысында қызметкер, жұмысшыға келтірілген кәсіпорын, мекеме, ұйым зияны үшін туындайды

Заңды жауапкершілік жүзеге асырылу нысандары

- соттық тәртіптегі заңды жауапкершілік;

- әкімшілік тәртіптегі заңды жауапкершілік;

- өзге тәртіптегі заңды жауапкершілік болып бөлінеді.

Қосымша әдебиеттер:

1. Алауханов Е. Қылмыс құрамы / / Заң. №2-4. 2000.

2. Алауов Е. Қылмысқа тосқауыл. Алматы. 1997.

3. Базылев Б. Т. Юридическая ответственность (теоретические вопросы). Красноярск, 1985.

4. Боброва Н. А., Зражевская Т. Д. Ответственность в системе гарантий конституционных норм (государственно-правовые аспекты). Воронеж, 1985.

5. Братусь С. Н. Юридическая ответственность и законность. М., 1984.

6. Денисов Ю. А. Общая теория правонарушения и ответственности (социологический и юридический аспекты). Л., 1985.

7. Кудрявцев В. Н. Закон, поступок, ответственность. М., 1986.

8. Лейст О. Э. Санкции и ответственность по советскому праву. М., 1981.

9. Малеин Н. С. Правонарушение: понятие, причины, ответственность. М., 1985.

10. Малеин Н. С. Современные проблемы юридической ответственности // Государство и право. 1994. № 6.

11. Нурпеисов Е. К. Психология правомерного поведения. Алма-Ата, 1984.

12. Рахметов С.М., Бапанов Т.А. Қылмыс құрамы. Алматы, 1998.

13. Тархов В. А. Гражданские права и ответственность. Уфа, 1996.

14. Тавиева П.Т. Вина как субъективное основание гражданско-правовой ответственности. Вестник КазГУ. № 2. 2000 г.

15. Чукмаитов Д.С., Алчинбаев Р. Некоторые вопросы обеспечения неотвратимости уголовной ответственности. Вестник КазГУ. № 4. 2001 г.

16. Онланбекова Г. Правонарушение и преступление - их сходство и различие.// Фемида. 2000. №9.

12. Хамзина Ж. Объект и предмет преступления.// Фемида. 1999.№6.

 

№19. Заңдылық, құқықтық тәртіп және тәртіп

Заңдылық - барлық субъектілердің заңдар мен заңға бағынышты актілерді сақтауы. Заңдылыққа екі шарт қажет: 1/ құқықтық, әділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы /мазмұндық жағы/; 2/ олардың орындалуы /формальды жағы/. Заңдылық пен олардың принциптерінің ара қатынасына құқық теориясында методологиялық аксиома қалыптасқан: принцип-мазмұн, «заңдылық» категориясы - олардың көрінісі болып табылады.

Қағида ретіндегі заңдылық идеялар мен көзқарастар жиынтығы, олардың көмегімен құқық қатынастардың барлық қатысушылары құқықтық әрекет жасауға ішкі қажеттілікті қалыптастырады. Заңдылық қоғамды мемлекеттік басқару әдісі ретінде және режим ретінде - құқықтық қатынастың барлық субъектілерінің қолданыстағы заңдар мен заңдық нормаларды қатаң және бұлжытпай орындауы.

Заңдылықтың мынандай жақтары анықталған:

- ішкі жағы - құқықтық шындылықты сипаттау үшін қолданылатын, құқықтық құбылыстар жүйесіндегі заңдылықтың функционалдық ролін көрсетеді /оған заңдылықты қағида, әдіс, режим, жағдай ретінде анықтау жатады/;

- сыртқы жағы - қоршаған шындықты тану және түсіндіру үшін қолданылатын құндылықтар жүйесіндегі заңдылықтың орны мен ролін анықтайды. Сыртқы аспектілерге: әлеуметтік-экономикалық, саяси-идеологиялық, рухани, логико-семантикалық жақ жатады.

Әлеуметтік-экономикалық жақ. Заңдылықтың объективті табиғатын, саяси-құқықтық шындықтың құбылысы ретіндегі қалыптасуы мен дамуының шарттары мен алғышарттарын қалыптастырады.

Саяси-идеологиялық жақ. Қоғамдық дамудың заңдылығы ретінде түсіндіріледі. Ол заңдылық теориясының дүниетанымдық негізін құрайды. Заңдылық пен мақсаттылық, қажеттілікті салыстыруға болмайды. Рухани-адамгершілік тұрғысынан заңдылық жеке тұлғада құқықтық нұсқауларына қатаң бағыну қажеттілігін қалыптастырады.

Заңдылық - бірнеше жағдайдан құралады: 1/ Құқық шығармашылық және құқық қорғаумен айналысатын мемлекеттік органдардың болуы; 2/ қоғамдық қатынастарды ретке келтіруге бағытталған құқықтық нұсқаулардың қолданыстағы жүйесінің болуы; 3/ құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың жеткілікті дәрежесінің болуы.

Заңдылықтың мәні - қолданыстағы заңнаманы қатаң және бұлжытпай сақтауын талап ету.

Заңдылықтың құқық теориясында танылған мынандай белгілері бар:

6) заңдылық қоғамда мемлекетте болып жатқан саяси-құқықтық процесстермен себепті-салдарлы негізделеді;

7) заңдылық талаптарының жалпылығы және міндеттілігі танылған;

8) заңдылық категориясымен түсіндірілетін, жоғары дәрежелі абстракцияның болуы тән;

9) объективтілікпен сипатталынады;

10) заңдылықты қорғау бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асыру орын алады.

Заңдылықтың төмендегіде принциптері танылған: