Рефератты бағалау критерийлері

Реферат бағалау критерийлері  
Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздығы  
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білді.  
Қажетті қортындылар мен жалпыламаларды жасады  
Материалдарды жоспарға сәйкес қисынды және рет ретімен жазды  
Жұмысты әдеби тілмен дұрыс жазды және оны дұрыс рәсімдеді  

 

 

Қосымша А

РЕФЕРАТ жұмысының титулдық бетін рәсімдеу үлгісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

 

РЕФЕРАТ

 

 

Тақырыбы: «______________________________________________»

 

Орындаған:___________________

/аты-жөні, курсы, тобы/

 

Қабылдаған:__________________

/аты-жөні, қызметі, ғылыми дәрежесі/

 

Бағасы:________________________

/ пайыз, балл, әріптік/

 

Қорғалған күні: «__» __________ 2010 ж.

 

Астана-2010

 

 

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша

реферат тақырыптарының тізімі:

 

  1. Құқықтық мемлекеттің тарихи аспектілері
  2. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
  3. Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары
  4. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырудың теориясы мен тәжірибесі.
  5. Ш.-Л. Монтескье және Дж. Локктың еңбектеріндегі құқықтық мемлекет идеясы.
  6. ҚР құқықтық реформалардың негізгі бағыттары
  7. «Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі»
  8. ҚР азаматтық қоғамның даму перспективалары.
  9. Қоғамдық бірлестіктердің қоғам дамуындағы ролі
  10. Әлемнің құқықтық жүйелері:
  11. Романо-германдық құқықтық жүйе
  12. Англо-саксондық құқықтық жүйе
  13. Дәстүрлі діни құқықтық жүйелер
  14. Мұсылмандық құқықтық жүйе
  15. Латын Америка елдерінің құқықтық жүйесі
  16. Скандинавия елдерінің құқықтық жүйесі
  17. Қиыр Шығыс елдерінің құқықтық жүйесі
  18. Құқық шығармашылық процесінің ғылыми сапасын көтеру.
  19. Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі.
  20. Жастардың құқықтық санасын көтеру және мәселелері
  21. Қазіргі кезеңде жастарды құқықтық тәрбиелеу
  22. Құқықтық сана және құқықтық мінез құлық
  23. Ауыл жастарын адамгершілік-құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру мәселелері
  24. Құқықтық идеологияны қалыптастыру мәселелері
  25. Құқықтық нигилизм себептері, нысандары және онымен күрес жолдары
  26. Жеке тұлға құқықтық мәдениеті
  27. Құқықтық ықпал ету механизміндегі құқық нормасы
  28. Құқықтық реттеу әдістері
  29. Өлім жазасына көзқарас
  30. Құқық бұзушылықтарды алдын-алу жолдары
  31. Әлемдік құқықтық тәртіпті қалыптастыру мәселелері
  32. Құқықты қолдану құқықты іске асырудың ерекше нысаны
  33. Конформизм және тұлғаның конформистік жүріс тұрысы.
  34. Құқыққа сай әр түрлі мінез құлыққа деген мемлекеттің және қоғамның қатынасы.
  35. ҚР құқықтық саятатының негізгі басымдықтары
  36. Адам құқықтары мен бостандықатырын қорғалуын қамтамасыз етудің құқықтық аспектілері
  37. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын ұлттық және халықаралық институттар

 

5. Курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

 

 

«Бекітемін»

кафедра меңгерушісі, з.ғ.к.,доцент

 

__________________ Шапақ У.Ш.

 

«____» ___________ 2010 ж.

 

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

 

Мамандығы: 5В030100 «Юриспруденция»

5В030300 «Құқық қорғау қызметі»

5В030200 «Халықаралық құқық»

 

 

Астана 2010

 

 

«Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша реферат жазуға арналған әдістемелік нұсқаулықты дайындаған: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы, юриспруденция магистрі З.Л. Танатарова.

 

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

 

«____» ___________ 2010 ж. Хаттама № ___

 

Кафедра меңгерушісі ______________________________У.Ш Шапақ.

(қолы, аты-жөні)

 

 

Ұлттық құқық жоғары мектебінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

 

 

Мазмұны

 

     
1. 2. Кіріспе Курстық жұмысты жазудың мақсаты мен міндеттері  
3. 4. Жұмыс жетекшісін бекіту Курстық жұмыстың жоспары мен құрылымы  
5. Курстық жұмысты рәсімдеу  
6. 7. Курстық жұмысты қорғауға дайындау Қорытынды  
8. Қосымша А (титулдық бетін рәсімдеу үлгісі) Қосымша Ә (мазмұнын рәсімдеу үлгісі) Қосымша Б (әдебиеттерін рәсімдеу үлгісі)  
9. Курстық жұмыс тақырыптарының тізімі  
     

 

Кіріспе

 

Курстық жұмысты жазу және оны қорғау студенттің оқу материалын жақсы меңгергенін, нормативтік актілер мен әдеби қайнар көздерімен жұмыс істеу дағдысын, зерттеудің методологиясын игергенін, мәселенің тарихнамасымен таныс екендігін, зерттеліп отырған объект бойынша субъективтік көзқарасын жеке дәлелді түрде көрсете алатынын және қорытындылай білу қабілетін көрсетуі қажет.

Курстық жұмыстарының тақырыптары кафедрамен бекітіледі.

Заңгердің курстық жұмысы – заңтану саласындағы өзекті тақырыптардың бірін теориялық немесе экспериментальды зерттеуден тұрады. Жұмыста студент кәсіби міндеттерді жеке шешуге мүмкіндік беретін қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру деңгейін көрсетуі қажет.

Заңгердің курстық жұмысы – студенттің күрделі әлеуметтік болмыстарды ғылыми талдау әдістерін меңгеру деңгейін, теориялық және тәжірибелік қорытындылар беру қабілетін, зерттеліп отырған саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша негізгі ұсыныстар бере білу қабілетін көрсетуі тиіс.

 

Курстық жұмысты жазудың мақсаты мен міндеттері

 

Курстық жұмысты жазуда келесі мақсаттар көзделеді:

- мамандық бойынша теориялық және тәжірибелік білімді жүйеге келтіру, бекіту және кеңейту, нақты ғылыми және өндірістік мәселелерді шешу кезінде осы білімді пайдалану;

- жеке жұмыс істеу қабілетін дамыту және өңделетін мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зертеу және тәжірибелеу әдісін меңгеру курстық жұмысты қарастырылған проблемалар мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеудің әдістемесін үйрену;

Заңгердің курстық жұмысы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен статистикалық мәліметтерді қолдана отырып, шығармашылық сипатта болуы тиіс.

Курстық жұмыстың орындау барысында студент өзінің ғылыми және тәжірибелік білімін дәрежесін, тәуелсіздік деңгейін, теориялық дайындылығын және зерттеген тақырып бойынша негізгі концепцияларын көрсету. Қорытындыда орындалған жұмыс қойылған талаптарға сай және қорғауға жіберу мүмкіндігі қарастырылу қажет.

Курстық зерттеудің ұсынылған тақырыптарымен танысу барысында тізімдегі кейбір тақырыптар құқық саласының жалпы мәселелерін, ал кейбір тақырыптары арнайы мәселелерді қарастыратынын байқауға болады. Белгілі бір тақырыптар бойынша әдебиеттер өте көп, ал кейбір тақырыптар бойынша басылымдар саны аз болуы мүмкін. Бірақ ғылыми әдебиеттердің жетіспеушілігі, тақырыптың аз өңделуі сияқты қиыншылықтардан қорқу қажет емес. Аз зерттелген мәселе өз бетінше жұмыс істей алу қабілетін, мақсатты ғылыми ізденісті көбірек көрсетуге мүмкіндік береді. Тақырыпты басқа себептермен де таңдауы мүмкін. Курстық жұмыстың тақырыбы кафедра шешімімен бекітіледі. Онымен бір мезгілде курстық жұмыстың ғылыми жетекшісі болады. Студент өзінің курстық жұмысының тақырыбын мүмкін болатын ғылыми жетекшісімен алдын-ала келісіп, онымен жетекшілік ету туралы сұрақты шешу керек.

 

Жұмыс жетекшісін бекіту

 

Кафедра меңгерушісі кафедра оқытушылары құрамынан жұмыс жетекшілерін тағайындайды.

Курстық жұмыстың жетекшісі келесі міндеттерді атқарады:

- курстық жұмыстың тақырыбы бойынша бағдар беріп, жұмыстың құрылымы мен міндеттерін түсіндіреді;

- студенттерге курстық жұмыстың орындалуының барлық мерзіміне жұмыстың календарлық кестесін құрастыруға көмек көрсетеді;

- тақырып бойынша қажетті негізгі және қосымша әдебиеттер, нормативтік құқықтық актілер, анықтамалық материалдар және өзге де қайнар көздер туралы мәліметтер береді;

- кестеге сәйкес студенттермен кездесіп, қажет болған жағдайларда кеңестер береді;

- жұмыстың орындалуын тексереді.

тексеру нәтижесінде ғылыми жетекші ескертпелер берсе, жұмыстың тиісті бөлімдері немесе жұмыс толықтай ескертпелерге сәйкес қайта өңделіп, жетілдірілуі тиіс.

 

Курстық жұмыстың жоспары мен құрылымы

 

Егер студент тақырып бойынша жұмысқа бірінші рет кіріссе, жоспарды бірден құрастыруға болмайды, ең алдымен курстық жұмыста қарастырылуы тиіс сұрақтар мен мәселелердің өрісін анықтап алу қажет. Ол үшін тақырыпты толығырақ ашатын бірнеше негізгі жұмыстарды зерттеу қажет, яғни библиографиямен жұмыс, ал егер мәселе теория жүзінде жеткілікті өңделмесе, юрисдикциялық органдарын құқық қолдану қызметінің тәжірибесін зерттеуі тиіс. Тек содан кейін ғана жоспарды құруға кірісуге болады.

Жоспар курстық жұмыстың бөлімдерінің атаулары мен әр бөлімнің мазмұнын ашатын негізгі сұрақтардың тізімінен құрылуы тиіс. Сұрақтардың кезектілігіне үлкен назар аудару қажет, әрбір тараудың алдыңғы тараумен байланысы болуы керек.

Жасалған жоспарды жетекшімен талқылау керек, жетекші жоспарда ескерілмеген мәселелерді көрсетуі мүмкін және мазмұнының тереңдігі мен жүйелігін толық қамтамасыз ету үшін сұрақты дұрыс тұжырымдауға көмектеседі.

Әдебиеттерді зерттеп, қажетті материалдарды жинаған соң ғана курстық жұмысты жазуды бастау керек. Курстық жұмыстың құрылымы, бөлімдер мен бөлімшелердің саны бойынша ешқандай арнайы ережелер жоқ. Ол курстық жұмыстың тақырыбына және студенттің қолындағы жиналған материалына тәуелді анықталады.

 

Курстық жұмыстың құрылымы келесі элементтерден тұрады:

 

- титулдық бет

- мазмұны

- кіріспе

- негізгі бөлім

- қорытынды

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Курстық жұмыстың бірінші беті – титулдық бет. Титулдық бетке реттіксан нөміріқойылмайды. Титул беті курстық жұмыстың бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

- курстық жұмыстың орындалған, ұйымның атауы,

- курстық жұмыс орындалған, кафедра атауы,

- кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы,

- жұмыстың түрі - курстық жұмыс,

- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, курстық жұмыс тақырыбының, атауы,

- мамандықтың атауы және коды,

- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,

- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,

- қала және жыл көрсетіледі. А қосымшасын қараңыз.

 

Жұмыстың мазмұнына курстық жұмысы бөлімдерінің атаулары мен тиісті бөлімдерін және бөлімшелерінің басталатынын көрсететін беттердің нөмірлері берілуі қажет.

Кіріспе бөлімінде курстық жұмыстың жұмыстың жалпы сипаттамасы беріледі, тақырыптың өзектілігі дәлелденеді. Мәселені ғылыми зерттеудің деңгейі қарастырылады. Жұмыстың жаңалығы, мақсаты, міндеттері зерттеудің объектісі мен пәні көрсетіледі, теориялық құндылығы немесе тәжірибелік мәні, зерттеу әдістері, жұмыстың эмприкалық негізі мен курстық жұмысының құрылымының қысқаша сипаттамасы көрсініс табады.

Курстық жұмыстың негізгі бөлімі бірнеше бөлімдерден тұрады. Әрбір бөлім бірнеше бөлімшелерден тұруы мүмкін және әрбір бөлімшенің жекелеген тармақшаларының болуына жол беріледі. Жұмыстың негізгі бөлімінде студент жоспарлы мақсатқа жету үшін, кіріспеде анықталған міндеттерді шешеді, яғни, орындалатын курстық жұмыстың мәні, мазмұны, әдістемесі мен негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.

Қорытындыда тақырыптың сипатына және курстық жұмыстағы оның зерттелу тереңлігіне байланысты студент өз көзқарасын, қорытындысы мен ұсыныстарын тұжырымдайды. Олар заңдық нормаларды қолданудың теориялық мәселелерін, қарастырылатын салалардағы заңдаманы жетілдіру жолдарын, сұрақтарды қарастыруы мүмкін.

Қолданылған қайнар көздер тізімі. Қорытындыдан кейін қолданылған қайнар көздердің библиографиялық тізімі беріледі. Библиографиялық тізім – қолданылған қайнар көздердің библиографиялық сипаттауын құрайтын библиографиялық аппараттың элементі. Мұндай тізім жұмыстың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені автордың жеке шығармашылық жұмысын көрсететін және жүргізілген зерттеудің дәрежесінің деңгейі туралы қорытынды жасауға қолданылған қайнар көздердің тізімінің ықпалы жоғары.

 

Курстық жұмысты рәсімдеу

 

Рәсімдеуге қойылатын талаптар. Курстық жұмыс таңдалған тақырып бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері бар қолжазба. Ол міндетті түрде компьютерде терілуі тиіс. Жұмыс көлемі – «А4» форматындағы қағазда 20-25 парақ түсіндірме хат, компьютерде – парақтың бір жағында, бір интервал аралығында, кегель – 14, шрифт—Times New Roman немесе Times New Roman KZ. Курстық жұмысты келесі өлшемдерді (параметрлерді) пайдаланып орындайды: сол шеті—30 мм, оң шеті – 10 мм, үстінен – 20 мм, астынан – 20 мм. Курстық жұмыстың парақтары араб цифрларымен нүктесіз номерленеді, номер парақтың астыңғы ортасында қойылады. Беттер барлық қосымшаларымен (кестелер, диаграммалар, сызбалар т.б) бірге бірыңғай номерленуі тиіс.

Курстық жұмыстың бірінші парағы (парақта номер қойылмайды) титулдық парақ болып табылады. Келесі парақ мазмұны.. Курстық жұмыс бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады. Ә қосымшасын қараңыз.

Материалдарды орналастырудың кезектілігі мазмұнға сәйкес болуы керек. Жұмыстың әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан бастау қажет. Бөлімшелердің атауын орналастырғанда бұл ережені орындау қажеттілігі жоқ. Әдебиеттер тізімі жұмыс мәтінінде сілтемесі бар және курстық жұмыстың мазмұны қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.

Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларының соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары парақтың соңғы жазулары болмауы тиіс. Мәтін мен атаулар арасында 1 интервал қалдырылады (10 мм).

Курстық жұмыстың құрамына кестелер немесе графиктер енгізуге жол беріледі. Кестені немесе графикті номерлеу бүкіл курстық жұмыс шеңберінде реттік болуы мүмкін. Кесте сөзі және оның реттік саны кестенің жоғарғы оң бұрышынан номерленуі қажет. Бір интервалдан кейін кестенің атауы көрсетіледі.

Кестеге сілтеме жасаған жағдайда кестенің номері мен кесте орналасқан бетті көрсету қажет. Кесте бір параққа сыймаған жағдайда оны келесі параққа жалғастыруға болады, онда келесі парақта жоғарғы оң жағында жазбаша әріптермен «кестенің жалғасы» деп жазылып, оның номері қойылады.

Қолданылған қайнар көздер тізімін рәсімдеуге ерекше назар аудару қажет. Қайнар көздер туралы мәліметтерді курстық жұмыстың мәтінінде сілтемелердің орналасу тәртібіне сәйкес жазу керек және номерлеу араб цифрларымен нүктесіз жазылады.

Егер оқулық бір автормен немесе үш адамнан аспайтын авторлармен ұжымымен жазылса, оның библиографиялық сипатталуы автордың немесе авторлардың тегі мен иннициалдарын көрсетуден басталады. Содан кейін кітаптың толық атауы; нүкте; тирэ; кітап шығарылған қаланың атауы; қос нүкте; кітапты басып шығарылған баспа атауы, үтір; кітаптың шығарылған жылы; нүкте; тирэ; жалпы парақтың саны беріледі. Егер кітап үлкен авторлық ұжыммен жазылса немесе автор мүлдем көрсетілмесе, кітаптың атауы көрсетіледі.

Егер жұмыста мерзімді басылымдарда немесе жинақтарда жарияланған мақала материалдары пайдаланылса, ол мынадай тәртіпте рәсімделеді: автордың тегі және инициалдары; мақала атауы; екі көлбеу сызықша (//) ; мақала жарияланған мерзімді басылымның немесе жинақтың атауы; тирэ; басылым жылы; нүкте; номер; нүкте; тирэ; мақаланың бірінші және соңғы беттері

Егер жұмыста интернеттен алынған қайнар көздер пайдаланылса, қайнар көздің сілтемесі жазылуы тиіс: Http: // president.kremlin.ru / events / 264.html.

Б қосымшасын қараңыз.

 

Курстық жұмысты қорғауға дайындау

 

Курстық жұмыстың жетекшісі жұмысты тексеріп, мақұлдағаннан кейін қолын қояды. Жетекші пікірінде жұмыстың әрбір бөлімі бойынша студентпен жүргізілген жұмысқа сипаттама беріледі, тақырыптың ғылыми жаңалығы, кемшіліктері көрсетіледі. Студенттің курстық жұмысының қойылған талаптарға сай екендігі кафедраның нормобақылаушысымен тексеріледі және қорғауға дейін бір апта бұрын кафедраның лаборантына тапсырады. Қорғау күні, сағаты және комиссия мүшелері тағайындалып, хабарландыру тақтасында ілінеді. Талаптарға сай жазылған курстық жұмыс кафедраның профессорлық оқытушылық құрамынан құрылған комиссия мүшелерінің алдында жария қорғайды.

 

 

Қорытынды

 

Курстық жұмысты жазу, рәсімдеу және қорғау бойынша әдістемелік нұсқауды аяқтай отырып, курстық жұмыстарда кездесетін кейбір кемшіліктердің қайталануын болдырмау үшін оларға назар аудару қажет.

Курстық жұмыста студентдің таңдаған тақырыбының негізгі идеясын дәлелдейтін, нақты азаматтық –құқықтық істерді қараудың мол тәжірибесі көп қарастырыуы керек.Тәжірибелік материалдар студентге юрисдикциялық органдардың қызметін жақсартуға, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты өзінің дәстүрлі және дәстүрлі емес ұсыныстарын айтуға мүмкіндік береді.

Мазмұны бойынша жақсы курстық жұмыстың құндылығын кейде төмендететін кемшіліктер қатарына тұжырымдаудың келеңсіз формасы, ескі нормативтік актілерді қолдану, қате жазу және нашар рәсімдеу жатады.

Жұмысқа ұқыпты қарау, қорғаудың оң нәтижесін мақсат тұту, жетекшімен тығыз іскерлік байланыс – студентге жұмысты табысты дайындауға , қорғауға мүмкіндік береді.

 

Қосымша А

Курстық жұмыстың титулдық бетін рәсімдеу үлгісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ АҚ

 

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Пән: ____________________________________________________

 

Тақырыбы: «______________________________________________»

 

Орындаған:___________________

/аты-жөні, курсы, тобы/

 

Жұмыс жетекшісі:__________________

/аты-жөні, қызметі, ғылыми дәрежесі/

 

Комиссия төрағасы: __________________

 

Комиссия мүшелері: __________________

__________________

__________________

 

Бағасы:________________________

/ пайыз, балл, әріптік/

 

Қорғалған күні: «__» __________ 2010 ж.

 

Астана-2010

Қосымша Ә

Курстық жұмыстың мазмұнын рәсімдеу үлгісі

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ............................................................................................................3

 

1. БӨЛІМ АТАУЫ (бас әріптермен)..............................................................6

Құжаттың бірінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі
1.1

1.2

1.3

 

2. БӨЛІМ АТАУЫ (бас әріптермен)...............................................................14

Құжаттың екінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі  
2.1

2.2

2.3

 

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................22

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................25

 

ҚОСЫМША А................................................................................................26

 

ҚОСЫМША Б.................................................................................................27

 

Қосымша Б

Курстық жұмыстың әдебиеттерін рәсімдеу үлгісі

 

 

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: «Жеті Жарғы», 2008.

2 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы. // «Егемен Қазақстан». - 2007 жылғы 1 наурыз. – № 55.

3 Мами К.А. Становление и развитие судебной власти в Республике Казахстан. – Астана: «Елорда», 2001.

4 Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в РК. – Алматы, 1999.

5 Мами К. Независимость судей – главный принцип справедливого правосудия // Қаржы қаражат. – 2002. – №3.

6 Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы, 1999.

7 Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2003.

8 Права человека. Учебное пособие. // Под ред. Сарсенбаева М.А. – Алматы, 1999.

9 Бусурманов Ж.Д. Евразийская концепция прав человека. Монография. –Алматы: КазГЮУ, 2006.

10 Http: // president.kremlin.ru / events / 264.html.

 

2010-2011 оқу жылына «Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша курстық жұмыстарының тақырыптары

 

  1. Мемлекет жәнет құқықтың пайда болуы
  2. Мемлекеттің мәні мен әлеуметтік маңыздылығы
  3. Мемлекет типі: формациялық және өркениеттік
  4. Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі
  5. Қазіргі мемлекеттің функциясы
  6. Мемлекеттің әлеуметтік функциясы
  7. Мемлекеттің экологиялық функциясы
  8. Мемлекеттің экономикалық функциясы
  9. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары мен әдістері
  10. Мемлекет және құқық теориясының гуманитарлық және өзге де заң ғылымдарымен арақатынасы
  11. Мемлекет механизмдері: түсінігі және негізгі белгілері
  12. Мемлекеттік аппарат
  13. Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде
  14. Қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуі және оның тиімділігі
  15. Мемлекеттің басқару нысаны
  16. Мемлекеттің құрылым нысаны
  17. Демократиялық саяси режим
  18. Тоталитарлық саяси режим
  19. Мемлекет типі мен нысандарының арақатынасы
  20. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны мен ролі
  21. Мемлекет және саяси партиялар
  22. Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мәні
  23. Азаматтық қоғамның мәні мен негізгі қағидалары
  24. Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы
  25. Билік бөлу қағидасы – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидасы ретінде
  26. Құқықтық мемлекеттің қағидалары
  27. Құқықтың түсінігі мен мәні
  28. Құқықты түсінудің қазіргі негізгі концепциялары
  29. Негізгі құқықтық отбасылардың жалпы сипаттамасы
  30. Мұсылмандық құқық
  31. Дәстүрлі құқықтық жүйелер
  32. Англо-саксондық құқықтық жүйе
  33. Романо-германдық құқықтық жүйе
  34. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
  35. Құқық және мораль арақатынасы
  36. Құқық жүйесі мен заңнамалар жүйесі
  37. Құқықтың қайнар көздері
  38. Заң және құқық арақатынасы
  39. Нормативті-құқықтық акт және оның түрлері
  40. Нормативті құқықтық актілер және оларды жүйелеу
  41. Құқық нормасы
  42. Құқық шығармашылық
  43. Құқықтық қатынас: түсінігі және түрлері
  44. Заңды фактілер: түсінігі және түрлері
  45. Құқық субьектісі мен құқықтық қатынастар субьектілері
  46. Құқықты іске асыру нысандары
  47. Құқық қолдану: түсінігі, кезеңдері, түрлері
  48. Құқық нормаларын талқылау
  49. Мемлекет және құқықтың арақатынасы
  50. Құқық бұзушылық: түсінігі және түрлері
  51. Заңды жауапкершіліктің әртүрлілігінің мәселелері
  52. Құқықтық сана мен құқықытық нигилизм
  53. Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие
  54. Заңдылық пен құқықтық тәртіп.
  55. Ішкі мемлекетік және халықаралық құқықтың арақатынасы
  56. Құқықты реттеудің механизмдері
  57. Құқық және тұлға
  58. Құқық функциялары
  59. Құқықтық тәрітіп психологиясы
  60. Заңды жауапкершіліктің функциялары
  61. Құқықтық нигилизм және оның нысандары
  62. Адам құқықтарын қорғаудың механизмдері

 

 

Кафедра мәжілісінде бекітілді

Хаттама № ____

Кафедра меңгерушісі,

з.ғ.к ., доцент Шапақ У.Ш

 

 

6. Диплом жұмысын жазуға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

2010-2011 оқу жылына «Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша диплом жұмыстарының тақырыптары

 

  1. Мемлекет және құқықтың пайда болуы
  2. Мемлекеттің мәні мен әлеуметтік маңыздылығы
  3. Мемлекет типі: формациялық және өркениеттік
  4. Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі
  5. Қазіргі мемлекеттің функциясы
  6. Мемлекеттің әлеуметтік функциясы
  7. Мемлекеттің экологиялық функциясы
  8. Мемлекеттің экономикалық функциясы
  9. Мемлекет функциялары мен мемлекеттік органдардың функциялары
  10. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары мен әдістері
  11. Мемлекет және құқық теориясының гуманитарлық және өзге де заң ғылымдарымен арақатынасы
  12. Мемлекет механизмдері: түсінігі және негізгі белгілері
  13. Мемлекеттік аппарат
  14. Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде
  15. Қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуі және оның тиімділігі
  16. Мемлекеттің басқару нысаны
  17. Мемлекеттің құрылым нысаны
  18. Демократиялық саяси режим
  19. Тоталитарлық саяси режим
  20. Мемлекет типі мен нысандарының арақатынасы
  21. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны мен ролі
  22. Мемлекет және саяси партиялар
  23. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және мәні
  24. Азаматтық қоғамның мәні мен негізгі қағидалары
  25. Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы
  26. Билік бөлу: идеясы мен жүзеге асырылуы
  27. Құқықтың түсінігі мен мәні
  28. Құқықты түсінудің қазіргі негізгі концепциялары
  29. Негізгі құқықтық отбасылардың жалпы сипаттамасы
  30. Мұсылмандық құқық
  31. Дәстүрлі құқықтық жүйелер
  32. Англо-саксондық құқықтық жүйесі
  33. Романо-германдық құқықтық жүйесі
  34. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
  35. Құқық және мораль арақатынасы
  36. Құқық жүйесі мен заңнамалар жүйесі
  37. Құқықтың қайнар көздері
  38. Заң және құқық арақатынасы
  39. Нормативті-құқықтық акт және оның түрлері
  40. Нормативті құқықтық актілер және оларды жүйелеу
  41. Құқық нормасы
  42. Құқық шығармашылық
  43. Құқықтық қатынас: түсінігі және түрлері
  44. Заңды фактілер: түсінігі және түрлері
  45. Құқық субьектісі мен құқықтық қатынастар субьектілері
  46. Құқықты іске асыру нысандары
  47. Құқық қолдану: түсінігі, кезеңдері, түрлері
  48. Құқық нормаларын талқылау
  49. Мемлекет және құқықтың арақатынасы
  50. Құқық бұзушылық: түсінігі және түрлері
  51. Заңды жауапкершіліктің салалық түрлерінің мәселелері
  52. Құқықтық сана мен құқықтық нигилизм
  53. Құқықтық нигилизм және оның алдын алу жолдары
  54. Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие
  55. Заңдылық пен құқықтық тәртіп. Конституциялық заңдылық
  56. Ішкі мемлекетік және халықаралық құқықтың арақатынасы
  57. Құқықты реттеудің механизмдері
  58. Құқық және тұлға
  59. Құқық функциялары
  60. Құқықтық тәртіп психологиясы
  61. Мемлекетаралық интеграцияның қазіргі заманғы ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары
  62. Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидасы
  63. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау механизмдері
  64. Тұлғаның құқықтық субьектілілігі, құқықтық мәртебесі мен құқықтық жағдайы
  65. Заңдарды кодификациялау - заңдарды жүйелеудің дамуы мен жетілдірілуінің құралы ретінде
  66. Нормативтік келісім шарт құқық қайнар көзі ретінде
  67. Қазақстандағы құқықтық реформа
  68. Құқықтық реттеудің кезеңдері мен элементтері
  69. Құқықтық реттеудің құралдары мен әдіс-тәсілдері
  70. Құқық нормаларының нормативтік құқықтық актілердің баптарымен арақатынасы
  71. Құқық нормаларының құрылымы және оның жіктелініуі
  72. Әлеуметтік жауапкершілік және мемлекеттік мәжбүрлеу
  73. Құқықтағы жеңілдіктер мен марапаттау
  74. Билік: саяси және құқықтық
  75. Қазақстан Республикасында Президенттік институтының қалыптасуы
  76. Құқық шығармашылық және заңды техника
  77. Еуропа және АҚШ елдерінде алқа заседательдерінің қатысуымен өтетін сот (тарихи-құқықтық және салыстырмалы аспектілері)
  78. Адамдардың жүріс-тұрысына әсер етудің құқықтық нысандары
  79. Заңды тәжірибе: түсінігі және мазмұны
  80. Конституция ҚР-ның негізгі заңы ретінде
  81. ҚР-ның сот жүйесі
  82. Президенттік институттың құқықтық мәртебесі
  83. Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік
  84. Республика ұғымы және түрлері
  85. Құқықтық сана, мәдениет
  86. Мұсылман құқық жүйесі
  87. ҚР-дағы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы
  88. Монархиялық мемлекеттердің түсінігі мен түрлері
  89. Мемлекеттің атқаратын қызметінің түсінігі мен түрлері
  90. Романо-германдық құқықтық жүйе (тарихи-теориялық аспектісі)
  91. ҚР құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы
  92. Мұсылман құқығы бойынша неке және отбасылық құқықтық қатынастар (тарихи-теориялық аспектісі)
  93. ҚР адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмдері
  94. Билік бөлу идеясы мен қағидасының қалыптасуы
  95. Романо-германдық құқықтық жүйесі. Қалыптасуы және даму ерекшеліктері
  96. Адам және азаматтың құқығы мен бостандықтары
  97. Мемлекеттің басқару нысаны, ҚР мысалы ретінде
  98. Президенттік институттың қалыптасуы
  99. Билік және оның түрлері. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері

100. Мемлекет механизмдері

  1. Мұсылман құқық жүйесінің ерекшеліктері
  2. Құқық қағидалары және оның құқықтық нормалардан көрініс табуы
  3. Мемлекет типтері
  4. ҚР-ның сыртқы функциясы
  5. Мемлекеттің пайда болуы
  6. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
  7. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық
  8. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер соты
  9. Қазақстандағы алқа билер соты
  10. Заң шығарушылық қызметінің құқықтық проблемалары
  11. Халықаралық құқық шығармашылық қызметіндегі ҚР-ның алатын орны
  12. Заң құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде
  13. Мұсылмандық отбасы құқығы
  14. Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі
  15. Мұсылмандық қылмыстық құқық
  16. Адам құқықтары және құқықтық мемлекет
  17. Қоғамның саяси жүйесі
  18. Мемлекет және дін

119. Заң шығарушылық техникасы және оның құқық шығармашылық

процесіндегі рөлі

  1. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық санасы
  2. Мемлекеттің экономикаға ықпалы

 

Кафедра мәжілісінде бекітілді

Хаттама №

Кафедра меңгерушісі

з.ғ.к ., доцент Шапақ У.Ш

 

7. Білім алушылардың білімдерін бақылау және бағалау материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалары, тақырыптар бойынша тест тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, билеттер және т.б.)

1-нұсқа

 

1. Мемлекет пен құқық теориясы пәнін мына анықтамалардың қайсысы дұрыс анықтайды ?

A) Мемлекет пен құқық теориясының пәні дегеніміз қоғамдық құбылыстардың түгелдей бәрін зерттеп-зерделеу және мемлекет, құқықты, мәдениетті, дінді, моральды (өнегені) зерттеу;

B) Мемлекет пен құқық теориясының пәні дегеніміз барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды және олардың қоғамдағы сан-алуан көріністерін зерттеу, оқып білу;

C) Мемлекет пен құқық теориясының пәні дегеніміз мемлекет болмысының белгілі бір саласын және құқық пен заңдардың нақты саласын зерттеп, зерделеу;

D) Мемлекет пен құқық теориясының пәні дегеніміз мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуы мен қызмет атқаруының жалпы заңдылықтарын, олардың қоғамдағы мәні, тағайыны, сондай-ақ саяси және құқықтық сананың ерекшеліктері мен заң арқылы реттелуін зерттеп-зерделеу;

E) Мемлекет пен құқық теориясының пәні дегеніміз –нақты мемлекеттер мен құқықтық жүйелердің пайда болуы мен дамуының бүкіл өзіндік тарихи ерекшеліктерін, оған мемлекеттік-құқықтық сипаттағы кездейсоқ кездесіп отыратын үрдістері мен құбылыстарын қоса отырып зерттеп-зерделеу.

 

2. Мемлекет және құқық жалпы теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі ерекше ролін қай сипаттама көрсетеді ?

A) жалпытеориялық;

B) әдістемелік;

C) интеграциялық;

D) идеологиялық;

E) осы сипаттамалардың бәрі.

 

3. Мына анықтама – «әдістер жүйесі, зерттеу тәсілдері мен амалдар жиынтығы, олар туралы білімдер» қай ұғымды білдіреді ?

A) концепция (көзқарас);

B) теорема;

C) парадигма;

D) әдістеме;

E) презумпция.

 

4. Мемлекет пен құқық теориясын зерттеуге қолданылатын жалпы әдістер:

A) статистикалық, математикалық;

B) функционалдық, жүйелілік;

C) салыстырмалы, нақты социологиялық;

D) талдау және синтездеу, абстрактілеу, абстрактілеуден нақтылыққа өрлеу;

E) құқықтық эксперимент және құқықтық болжау.

 

5. Мемлекет пен құқық теориясы пәнін мына анықтамалардың қайсысы дұрыс деп анықтайды ?

A) Мемлекет пен құқық теориясының пәні дегеніміз қоғамдық құбылыстардың түгелдей бәрін зерттеп зерделеу және мемлекет, құқықты, мәдениетті, дінді, моральды (өнегені) зерттеу;

B) Мемлекет пен құқық теориясының пәні дегеніміз барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды және олардың қоғамдағы сан-алуан көріністерін зерттеу, оқып білу;

C) Мемлекет пен құқық теориясының пәні дегеніміз мемлекет болмысының белгілі бір саласын және құқық пен заңдардың нақты саласын зерттеп, зерделеу;

D) Мемлекет пен құқық теориясының пәні дегеніміз мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуы мен қызмет атқаруының жалпы заңдылықтарын, олардың қоғамдағы мәні, тағайыны, сондай-ақ саяси және құқықтық сананың ерекшеліктері мен заң арқылы реттелуін зерттеп-зерделеу;

E) Мемлекет пен құқық теориясының пәні дегеніміз –нақты мемлекеттер мен құқықтық жүйелердің пайда болуы мен дамуының бүкіл өзіндік тарихи ерекшеліктерін, оған мемлекеттік-құқықтық сипаттағы кездейсоқ кездесіп отыратын үрдістері мен құбылыстарын қоса отырып зерттеп-зерделеу.

 

6. Мемлекет пен құқық теориясы:

A) мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болуы, мәні, қызметі және дамуы туралы білім жүйесі;

B) қоғамның құқықтық ұйымның пайда болуының, дамуы мен қызметінің арнайы заңдылықтары туралы гуманитарлы ғылым;

C) Қазақстан пен Ресейдің мемлекеттік құқықтық құбылыстарының құрылу, даму және қызмет етуінің тарихи-теориялық жолдарының жалпы заңдылығы туралы білім жүйесі;

D) құқықтық мемлекеттің адам ман азаматтардың материалды және материалды емес игілігін, осылардың арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңды ғылым;

E) мемлекеттік басқару саласында пайда болатын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге бағытталған құқықтық жүйенің дербес саласы.

 

7. Мемлекет және құқық теориясының тақырыбы болып табылады:

A) мемлекет және құқықты, олардың мемлекеттік басқару механизмінің ықпалымен пайда болатын өзара қарым-қатынастары мен ерекшеліктерін зерттеу;

B) мемлекет және құқық;

C) мемлекет және құқықтың пайда болуының , дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары;

D) барлық қоғамдық құбылыстар, соның ішінде мемлекет және құқықты, мәдениетті, дінді, моральді зерттеу;

E) мемлекеттік аппаратта қызметінің әкімшілік функцияларын зерттеу.

 

8. Төменде аталған зерттеу принциптерінің қайсысы мемлекеттік-құқы қтық құбылыстар мен процестерді олардың дамуы барысында зерттеу қажет деп есептейді ?

A) тарихи принцип;

B) объективтілік принцип;

C) теология принцип;

D) атеизм принципі;

E) плюрализм принципі

 

9. Зерттеу жұмысының «әдістерінің жүйесі, амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы, олар туралы білім» болып есептеледі:

A) тұжырымдама;

B) ойтұжырым;

C) парадигма;

D) методология;

E) тарих.

 

10. Мемлекет және құқық теориясы пәні курсының міндеттерін атаңыз ?

A) студенттердің заңгерлік кәсіби көзқарастарын қалыптастыру;

B) мемлекеттік, құқықтық құбылыстарды зерттеуде студенттердің жүйелі онтайлы әдістемелерді табу және қолдану, шеберлігін шындау;

C) мемлекет және құқықтың негізгі ұғым-түсініктері және санаттарымен таныстыру;

D) студенттердің саяси құқықтық санасын дамыту және сол бағытта оларды тәрбиелеу;

E) аталғандардың бәрі.

 

11. Мемлекет және құқық теориясының пәні:

A) мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болуы мен дамуының жалпы заңдылықтары;

B) мемлекеттік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мен дамуының негізгі жалпы заңдылықтарын зерттеудің белгіленген теоретикалық қағидаларын, логикалық әдістері мен әлеуметтік тәсілдер жиынтығын қолдану;

C) мемлекеттік-құқықтық қатынастар;

D) азаматтармен өз құқыларын жүзеге асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар;

E) мемлекет дүниежүзілік қоамдастық ретінде.

 

12. Мемлекет және құқық теориясының әдісі дегеніміз не:

A) салыстырудың математикалық принциптерінің жиынтығы;

B) осы ғылымның тақырыбын танып-білу үшін қолданылатын амалдар мен тәсілдердің жиынтығы;

C) адамның өмір сүруінің принциптері;

D) құқыққорғау органдары қызметкерлерінің қызметіндегі моральдық нормалар;

E) статистикалық зерттеу әдістері.

 

13. Құқықтық жүйелерді классификациялауда және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына талдау жасау үшін қолданылатын әдісті атаңыз:

A) индукция әдісі;

B) математикалық әдіс;

C) тарихи әдіс;

D) салыстырмалы құқықтану әдісі;

E) плюрализм әдісі.

 

14. Білім алу үшін ғылымда қолданылатын құрал, тәсіл, ережелер жиынтығы:

A) концепциялар;

B) әдістер;

C) функциялар;

D) презумпциялар;

E) қағида.

 

15. Заң ғылымдарының ішінде қайсысы басқа заң ғылымдарына қатысты методологиялық негіз болып табылады:

A) мемлекет және құқық теориясы;

B) мемлекет және құқықтың жалпы тарихы;

C) саясаттану;

D) әкімшілік құқық;

E) азаматтық құқық.

 

16. Жалпы ғылымдық әдістер:

A) материалистік, диалектикалық;

B) статистикалық, кибернетикалық;

C) жүйелілік, қызметтік;

D) салыстырмалы-құқықтық, формальды-заңды;

E) талқылау, анықтау, жүзеге асыру.

 

17. Мемлекет және құқық теориясының әдістері:

A) жалпымемлекеттік, жалпы құқықтық, теоретикалық;

B) фундаменталды, қолданбалы, салалық;

C) жалпы ғылымдық, жеке ғылымдық;

D) жалпы міндетті, жеке