Психологияның тарихы

Психология ғылымының даму тарихы

Антикалық дәуірдегі және орта ғасырдағы философтардың жан және сана туралы түсініктері. Тұрмыстық психология ғылыми психологияның негізі ретінде. Антикалық дәуірдегі ойшылдардың идеалистік және материалистік көзқарастары. Аристотельдің жан ғылымы. Сократ және Платонның жан туралы ілімінің молральдық-этикалық қырлары. Декарт дуализмі.

Сананы интроспекциялық тұрғыда қарастыру және өзін-өзі бақылау мәселесі. Рефлексия туралы Дж.Локктың ілімі. Интроспекциялық психология. ХVII-XVIII ғасырдағы психологиялық ой-пікірлердің дамуы: Р.Декарт, Дж.Локк, Д.Юм, Ш.Монтескье, Х.Вольф т.б. Ассоциативтік психология.

Шет елдегі психологияның дамуы (ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басы, бихевиоризм, гештальтпсихология, фрейдизм). Бихевиоризм мектебінің өкілдері: Дж.Уотсон, Э.Торндайктың көзқарастары. Олардың психологияны мінез-құлықты зерттейтін ғылым ретінде қарастыруы. Гештальтпсихология мектебінің психологияның дамуына тигізетін ықпалы, оның көрнекті өкілдері: М.Вертхаймер, В.Келлер, К.Коффка т.б. Бейсаналық психологиясы (З. Фрейдтің ілімі).

Классикалық психоанализ. Психоанализдегі тұлғаның даму динамикасы және құрылымдары, зерттеу әдістері, тұлғаның даму сатылары, осы теорияға сынды талдау. Психологияда қолданудың теориялық-қолданбалы аспектілері. Фрейдтің психиканың қорғаныс механизмдерін ашуы. Ығыстыру, проекция және басқа қорғаныс механизмдері және олардың адаптивті мәндері. Тұлғаның мінез құлқын жеңетін механизмдер. Тұлға құрылымындағы ерік. Тұлғаның белсенділігі және қажеттіліктері. Психоанализдегі зерттеу әдістері. Фрейдтің ғылыми кредосы. Еркін ассоцациялар және түс көруді анализдеу. Фрейдтің өзін талдауы. Психоанализдің бүгінгі статусыф және оның бағасы.

Ресейде психологияның қалыптасуы. Ресейде психологиялық ой пікірлердің XVIII ғасырда дамуы. М.В.Ломоносовтың психологиялық көзқарастары. А.Ф. Лазурский, В.М. Бехтерев және т.б. Ресейде психологияның дамуына тигізген ықпалы. Кеңес психологиясының қалыптасуы. С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурияның психологиялық мектептері.

Психологиялық ой-пікірлердің Казақстанда дамуы. Әль-Фарабидің психологиялық көзқарастары. XI-XII ғ.ғ. Ю.Баласағүни, М.Қашғари, А.Яссауидің психологиялық ой-пікірлері. Қазақ ағартушыларының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары: Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. М.Мұқановтың, Ж.И.Намазбаева, В.К.Шабельников, Н.А.Логинова, С.М.Джакупов, Х.Т.Шерьязданова, Қ.Б.Жарықбаев және т.б. психологиялық зерттеулері. Қазақстанда психологияның қазіргі кезде дамуы. Психологияның экспериментальды ғылым ретінде дамуы (В. Вундт).

Психологияның жаңа бағыттары (гуманистік психология, экзистенциалды психология, когнитивті психология т.б.). Когнитивті психологияның көрнекті өкілдері: Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Х.Хайдер, У.Найсердің қосқан үлестері. Гуманистік психологияның негізін салушы А.Маслоудың көзқарастары.

Психика туралы түсінік және оның пайда болуы.

Психика туралы түсінік. Психиканың түрлері, оның көріну формалары. Психиканың негізгі қасиеттері, жалпы заңдылықтары. Психиканың атқаратын қызметі: сыртқы ортаны бейнелеу және мінез-құлықты реттеу. Психиканың қалыптасу деңгейлері және сапасы. Психиканың пайда болуы туралы теориялар: антропопсихизм, панпсихизм, биопсихизм, нейропсихизм. Психиканың қалыптасу сатылары және дамуы. Психиканың нейрофизиологиялық негізі. Жүйке жүйесі туралы түсінік. Сана – психиканың ең жоғарғы формасы ретінде көрінуі. Сананың әлеуметтік маңызы. Өзін-өзі саналы сезіну. Санадан және санасыздық процестері. Психикаға және санаға психотехнологиялық ықпал ету. Іс-әрекет және мінез-құлық. Мінез-құлық – адамның әлеуметтік маңызды әрекеттер жүйесі.

 

 

 

Анықтамасы

Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (көне грекше: ψυχή — рух) зерттеу (көне грекше: -λογία — сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллективттік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Алайда психология — ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой — тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.

Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.

Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.

Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі.

Ақыр соңында психология мен пәлсапа арасында көп уақыт бойы қарым—қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.).

Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.

Ең аяғында психологияны теориялық немесе практикалық жағынан анықтау — бүгінгі күннің шешілген мәселесі емес.

Психологияның тарихы

 

Ежелгі дамуы

Бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.

Бұл термин қауымның кең қолданулуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.

Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.

19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.

Ерте жаңа заман

1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.

Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.


Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.

Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.

Жаңа заман

Әйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады.

Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті.

Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.

Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айналысында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс.

Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді.

Ми мен жүйке жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас кең тарады, бұл бір жағынан Чарльз Шеррингтон және Дональд Хебб сияқты адамдардың зерттеулері, екінші жағынан ми зақымдалуы туралы зерттуелерге байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен когнитивттік невроғылым бүгінгі күннің ең іскер өрісі болып танылды. Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым — когнитивттік ғылым жаратылды.