Зейін туралы жалпы түсінік

Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соғанпсихикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.

Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады. Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.

Психология ғылымның дамуы және оның кезеңдері.

Психология ғылымының дүниеге келуі 1879ж. Вундтін Лейпциг каласында алғашқы эксперементалды зертхана ұйымдастыруымен сипатталады. Психология ғылымының даму тарихы бірнеше этаптарға бөлінеді :

1. Психология жан туралы ғылым.

2. Психология сана туралы ғылым.

3. Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым.

4. Психология психика туралы ғылым.

Бірінші кезенде психология жан туралы ғылым. Жан ерекше, тəннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең ұялауы бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзi де адамдар мен жануарлардың өлетiнің, адамның түс көретiнiн сезiп, бiлген. Осыған орай адам ұстамға келетiн тəннен жəне көрiнбейтiн жаннан бiрiнен-бiрi бөлiнбейтiн дербес екi бөліктен тұрады деген сенiм туындады; яғни адам өлмейiнше, жан оның тəн iнде жасап, өлгеннен соң тəннен шығып кетедiмыс. Екінші психология — Сана туралы ғылым бұл кезен Декартын сана ұғымен байланысты. Жан жөнiндегi танымдар қандай құбылыс — өзгерiстерге енгенiмен өмiрлк iс-əрекеттiң қозғаушы күшi — жан деген тұжырымға ешбiр келтiреалмады. Тек ХҮIII ғ. психология бiлiмiнiң дамуында Рене Декарт жаңа есiгiн ашты. Үшінші кезеңжүріс-тұрысты зерттейді ХIХ ғ бірінші жартсында психология жүріс-тұрысты туралы ғылым реттінде қарастырылады. ХIХ ғ. екiншi жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына əртүрлi мақсаттарды белгiлеп, əртүрлi зерттеу тəсiлдерiн қолданған, бiр-бiрiн ауыстырып отырған теориялар таласында жүрiп отырды. Ал сана мен ми арасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм бағытында шешiмiн тапты.

Осы тұрғыдан сана психологиясы өз зерттеулерiн 5 бағытта алып барды: *саналық элементтер теориясы (В. Вундт, Э. Титченер); *саналық əрекеттер психологиясы (Ф. Брентано); *саналық ағым (сел) теориясы (У. Джемс); *дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология); *суреттеме психологиясы (Дильтей). Төртінші кезең психология психика туралы ғылым осы кезенде, 1879 ж. Вундт Лейпцигте алғашқы эксперименталды зертхана ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкiндiгi ашылды: зерттеушi белгiлi жағдайлар жасап, онда психикалық процестердін өтуiн бақылап отырды. Бiрақ бұл бақылаулардың ерекшелiгi адам өзiнiң iшкi жан-күйiн, сезiмiн, ой толғанысын өзi бақылайды, осыдан мұндай зерттеуде интроспектк аталған əдiс қолданылды. Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда — жан туралы ғылым, кейiн жансыз ғылым, ақырында санасыз ғылымға айналды. Əрине, қылық-əрекеттi бақылаумен объективтк деректердi зерттей аламыз, бiрақ мұндай объективтк жалған, себебiбiздiң əрқандай əрекет-қылығымыздың астарында өзiмiздің ой, сезiм, ниеттерiмiз жатыр. Сондықтан осы ой, сезiм, ынта-ықыласты бiлмейiнше, əрекет-қылықты тану мүмкiн емес.

Зейін түрлері

Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған спихикалық әрекетімізді тұрақтата алу.Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс - әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерлерге берілгіш келеді. Адамның ырықты зейініәрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік – жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Зейіннің, екі түрі де бір – бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай – ақ орындалатын зейін.