Курс бойынша емтихан сұрақтары

1. Химиядағы ғылыми-техникалық прогресс. Химияның және химиялық технологияның дамуындағы жаңа бағыттар. Химия және экология, халық шаруашылығын химияландыру проблемалары. Химия өнеркәсібінің экономикалық ерекшеліктері.

2. Атом-молекулалық ілім. Объективті болмыс процесінің өмір сүру формалары. Материя және сәулелену. Атом, молекула, жай және күрделі зат. Атомдық және молекулалық масса, оларды анықтау әдістері.

3. Еселік және көлемдік қатынас заңы, эквивалент заңы, құрам тұрақтылық заңы /бертоллидтер, дальтонидтер/. Интерметаллидтер.

4. Газдардың молекула-кинетикалық теориясы. Авогадро, Бойль-Мариотт, Гей-Люссак заңдары. Клапейрон-Менделеев, Ван-дер-Ваальс теңдеулері.

5. Масса және энергия сақталу заңдары. Масса мен энергияның байланысы.

6. Халықаралық өлшемдер бірлігі (СИ).

7. Бейорганикалық қосылыстардың қазіргі кезеңдегі номенклатурасы. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.

8. Д.И. Менделеевтің периодтық заңы, элементтердің периодтық системасы. Периодтық заңның жалпы ғылыми және философиялық маңызы.

9. Периодтық системаның қысқа және ұзын периодты түрлері. Элементтің периодтық системадағы орны оның басты сипаттамасы ретінде.

10. Атом құрылысы. Томсон, Резерфорд, Бор, Зоммерфельд модельдері.

11. Бөлшектік /корпускулалық/-толқындық екі жақтық. Де Бройль гипотезасы. Гейзенбергтің анықталмағыштық принципі. Микробөлшек қозғалысын сипаттау /Шредингер теңдеуі/.

12. Атом құрылысы туралы квантты-механикалық түсінік. Квант сандары s-, p-, d-, f- атомдық орбитальдары. d- және f- сығылу.

13. Элементтер атомдарының электрондық құрылымы. Паули принципі. Хунд ережесі. Клечковский ережесі.

14. Элементтердің қасиеттері атомдық массаның, ядро зарядының және атомның электрондық құрылымының функциясы ретінде.

15. Химиялық байланыс. Химиялық байланыстың негізгі түрлері. Атомдық радиус, байланыс ұзындығы, байланыс энергиясы.Иондану энергиясы, электрон тартқыштық, электртерістік.

16. Коваленттік байланыс. Полюсті және полюссіз байланыс. Коваленттік байланыстың қанымдылығы және бағыттылығы. Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы /Гейтлер-Лондон/ механизмдері.

17. Иондық байланыс. Полинг бойынша байланыстың иондық дәрежесі.

18. Химиялық байланыс теориясы. Льюистік құрылымдар, әдістің жетімсіздіктері.

19. Валенттік байланыс ідісі. Гибридтену. СН4 ,NН3 , Н2О моекулаларындағы гибридтік орбитальдардың түзілуі.

20. σ- және p- байланыстары.

21. Молекулалық орбитальдар /АОСК –МО/ әдісі. Гомоядролы молекулалық орбитальдардың электрондармен толтырылу процесі.

22. МО әдісі бойынша гетероядролық молекулалардың электрондық құрылымы.

23. Мо әдісі тұрғысынан парамагниттік және диамагниттік /О2және S2 мысалдары арқылы/

24. Ван-дер-Ваальс күштері. Лездік және индукцияланған дипольдер.

25. Полюсті молекулалар. Сутектік байланыс. Моекула ішіндегі және молекулааралық сутектік байланыс.

26. Металдық байланыс. Металдардағы электрондық зоналар. Молекулалық және иондық кристалдар. Октеттер ережесі.

27. Көпцентрлі байланыс.

28. Валенттілік, оның қазіргі кезеңдегі түсіндірілуі. Тотығу дәрежесі.

29. Комплексті қосылыстар химиясы. Координациялық сан. Олардың ерекшелік қасиеттері. Тұрақсыз /лабильные/ және инертті комплекстер. Номенклатурасы.

30. Құрылымдық, геометриялық және оптикалық изомерия.

31. Комплексті қосылыстардағы электростатикалық теория және валенттік байланыс теориясы.

32. Кристалдық өріс теориясы және лигандтар өрісі теориясы.

33. Комплексті қосылыстардың диссоциялануы. Тұрақтылық константасы.

34. Химиялық кинетика. Молекулалық соқтығысулар. Стериялық фактор.

35. Химиялық реакцияның жылдамдығы. Жылдамдық константасы. Реакцияның реті және молекулалығы.

36. Реакция жылдамдығының константасын анықтайтын факторлар. Активтену энергиясы, активтену энтропиясы.

37. Активті соқтығысулар және ауыспалы күй теориялары.

38. Химиялық тепе-теңдік қасиеттері, тепе-теңдік константасы.

39. Химиялық тепе-теңдікке әсер етуші факторлар. Ле-Шателье принципі. Тепе-теңдік күйіне температураның, қысымның, катализатордың әсері.

40. Химиялық термодинамика. Химиялық түрлену кезінде система ішкі энергиясының өзгеруі.

41. Түзілу энтальпиясы. Гесс заңы және оның салдарлары.

42. Гиббс энергиясы. Гиббс энергиясының мәні бойынша реакцияның жүру бағытын бағалау.

43. Энтропия. Фазалық түрлену және химиялық реакция кезінде система энтропиясының өзгеруі.

44. Жылу сыйымдылығы. Жылу сыйымдылықтың температураға тәуелділігі.

45. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу дәрежесі және оның элементтің периодтық системадағы орнымен байланысы.

46. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының толық теңдеуін құрастыру. Тотығу дәрежесінің өзгеруін есептеу әдісі. Жартылай реакцияны құрастыру әдісі.

47. Тотығу-тотықсыздану потенциалдары.

48. Электрохимия. Концентрациялы элемент. Тотығу-тотықсыздану потенциалдарының аддитивтілігі.Нернст теңдеуі.

49. Сұйық толтырғышты гальваникалық элементтер, құрғақ элементтер, қорғасын аккумуляторы.

50. Ерітінділер. Заттардың ерігіштігі. Еритін және ерімейтін заттардың кластары.

51. Сұйықтың квазиторлы моделі. Д.И.Менделеевтің ерітінділердің химиялық теориясы.

52. Идеал ерітінділер. Рауль заңы. Рауль заңынан ауытқу.

53. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері: еріткіштің бу қысымының төмендеуі, криоскопия, эбуллиоскопия, осмос.

54. Ерітінділердегі тепе-теңдік константасы. Гидролиз. Сутектік көрсеткіш, ерігіштік көбейтіндісі.

55. Күшті және әлсіз электролиттер. Электролиттердің нақты /истинная/ және жорамал /кажущая/ диссоциациялану дәрежесі. Диссоциациялану константасы. Сұйылту заңы.

56. Қышқылдар және негіздер. Аррениустің теориясы, протондық теория. Льюис және Усанович теориялары.

57. Сулы емес ерітінділер. Сулы емес ерітінділерде заттардың диссоциациялануы.

58. Фазалық диаграммалар. Гиббстің фазалар ережесі.

59. Периодтық заң – химиялық систематиканың негізі.

 



ОӘК бейорганикалық және техникалық

химия кафедрасының мәжілісінде

талқыланды

2016 ж. №____хаттамасы

Е.А.Бөкетов атындағы КарМУ-дың

ғылыми-әдістемелік кеңесінде

мақұлданды, бекітілді

20_ ж. №хаттамасы

 

Химияпәні бойынша

 

5В072000 - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В072100 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандық студенттеріне үшін

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (syllabus)