Тақырып. Ежелгi Римнің мемлекетi мен құқығы.

Рим мемлекеттілігінің пайда болуы мен оның дамуының негізгі кезеңдері. Рим бастамасы. Сервий Тулий реформалары. Мемлекет формасының эволюциясы: республикадан монархияға, қаладан-мемлекетке-империяға. Civitas. Принципат монархиялық республика ретінде (республикалық монархия).

Диархия. Доминат шектелмеген монархияның түрлері сияқты. Батыс және шығыс империяларына бөлінуі. Христиандықтың мемлекеттілікке әсері; Батыс Рим империясының құлдырауы.

Мемлекет органдарының жоғарғы органдары. Rex (патша). Принцепс. Император (доминус). Тетрархия. Сенат. Курия, центурия, триба бойынша халықтық жиналыстар. Магистратура ұғымы, қызметінің принциптері, магистраттар түрлері мен олардың хабардарлары. Патшалық шенеунік аппараты.

Жергілікті басқару органдары. Рим халқының жергілікті істерін басқару органы ретінде халықтық кеңестер. Римдегі қалалық префект.

Жергілікті басқару органдарының унификациясы бойынша Диоклетиан мен Константиннің реформалары. Сот құрылымы. Республикалық кезеңдегі сот құрылымы: азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізудің ұйымдастырылуы. (магистраттар мен халықтық төрешілер); қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізуді ұйымдастыру (магистраттар, консулдар, преторлар, халықтық трибуналар мен эдилалар), халықтық жиналыстар, сенат, квестиилер). Монархиялық кезеңдегі сот құрылымы: принципат кезеңіндегі азаматтық істерді қарастыруда претордың ерекше ролі. Төрешілер – доминат кезеңіндегі азаматтық процесстегі шенеуніктер. Төрешілер – қылмыстық процесстегі арнайы және сословті соттардың пайда болуы.

Рим империясының бөлінуі, византиялық мемлекеттіліктің пайда болуы мен оның негізігі даму кезеңдері. Византияның әлеуметтік-саяси дамуына арабтар мен славяндардың басып кіруінің әсері. Византиядағы мемлекттілік формасының эволюциясы. Орталық империядан әлсіз монархиялық билікпен ыдыраған мемлекетке. Провославті шіркеу мен зиялы билік.

Византияның құлдырауы.

Рим құқығы мен оның кезеңінің тарихи маңызы.

Құқық қайнарлары. Квирит құқығының деректері. Дәстүрлер. Заңдар. ХІІ кесте заңдары – Римнің халықтық және жеке құқықтың ескерткіші. Плебициттер. Сенатус-консультанттар. Классикалық кезеңде рим жеке құқығы жүйесінің плюрализмі; преторлық құқық, халықтар құқығы. Магистраттар эдиктері. Заңгерлер жауаптары. Гая институциялары – классикалық дәуірдегі рим құқығы бойынша оқулық. Құқықтық жүйенің унификациясы. Императорлар конституциялары.

Халықтың құқықтық мәртебесі. Еркін және құлдар. Еркін туғандар мен еркін жіберілгендер. Рим азаматтары (патрициялар мен плебейлер), латиндар мен перегриндер. Үй иесі мен үй бағыныштылары.

Заттық қатынастардың құқықтық реттелуі. Ежелгі кезеңнің заттық құқығы: квириттік меншік, ауылдық және қалалық сервитуттар. Ежелгі кезеңнің міндетті құқығы: келісім-шарттан міндеттемелер (маниципациялар, nexum, претордың мнимдік процессі, стипуляцияның қарапайым ауысуы); деликтердегі міндеттер (реніш, ұрлық, біреудің затын қасақана жою немесе біреудің затына зардап тигізу). Классикалық кезеңдегі заттық құқық: меншіктің көп түрлілігі (кривиттік, бонитарлы, провинциялды, перегринсті); иелену; біреудің заттарына құқық (сервитуттар, суперфицийлер, аманат). Классикалық кезеңнің міндетті құқығы: келісім-шарттар, деликтер, квазиконтрактардан міндеттемелер; деликтердің жаңа түрлерінің пайда болуы.

Аквилий заңы мен оның пікірі. Постклассикалық кезеңнің заттық құқығы: меншік құқығы (көптүрліліктен унификацияға); бөтен заттарға құқық (эмфитевзис).

Постклассикалық кезеңнің міндетті құқығы: контрактар мен пактардан, деликтер, квази-контрактардан және квази-деликтерден міндеттер.

Отбасы құқығы. Рим отбасы туралы ұғым. Агнаттар мен когнаттар. Үй иесі мен үй бағыныштылары. Әкелік билік. Ежелгі кезеңнің отбасы құқығы: некенің 2 түрі ( күйеу билігімен некені бастауы мен бұзу және күйеу билігінсіз); ерлі-зайыптылардың жеке және заттық қарым-қатынастары. Классикалық және постклассикалық кезеңдердегі отбасылық құқығы: Августың отбасылық заңнамасы, рим некесі (басталуы мен бұзылуының реті); ерлі-зайыптылардың жеке және заттық қарым-қатынастарын жасаудың статусы, әйелдің заттық құқықтарды мойындауы.

Мұрагерлік құқық. Ежелгі кезеңнің мұрагерлік құқығы: заң бойынша мұрагерлер; өсиет бойынша мұрагерлер, өсиет формалары.

Қылмыстық құқық. Ежелгі кезеңнің қылмыс пен жазаның жүйесі. Рим халқы мәртебесінің қорлануы туралы заң. Классикалық және постклассикалық кезеңнің қылмыс пен жазалардың жүйесі.

Іс жүргізу құқығы. Азаматтық процесстің эволюциясы: легисакционды, формулярлы және экстраординарлы процесстер. Республикалық кезеңнің қылмыстық процессі:халықтық айыптау процесстің 2-кезеңі, соттық тексерудегі бәсекелестік, Ежелгі Рим – қазіргі адвокатураның отаны. Монархиялық кезеңнің қылмыстық процессі: халықтық айыптаудан бас тарту, іздестіру бастамаларын күшейту, инквизициялық процесс типінің пайда болуы.

Византиялық империя құқығының деректері. Юстиан жинағы және оның әрекеті, Эклог, Жерісінің заңы, Әскери заң, теңіз заңы, Номоканондар, Вселенді шіркеу соборлары мен патриархаттардың қаулылары. Прохирон, Эпанагога, Базилики, Хрисовулы, Эпарх кітабы, Арменопула.