АЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Шет елдердің мемлекет және құқық тарихыКредит саны:___3________

Дәріс № _6_Соның ішінде сабақ түріне байланысты_

Дәріс тақырыбы Ежелгi Грецияның мемлекетi

Мен құқығы

Факультет_ ұлттық құқық жоғары мектебі _

Оқытушы Спанов А.Қ. ____________Академиялық жыл___2013-2014________

Курс ___1______________________Семестр__1_______

Дәрістің мақсаты: Мақсаты: Ертедегі мемлекетінің пайда болу негіздерімен қатар, ондағы жүргізілген реформалар тарихымен танысу. Құқықтық жүйенің қалыптасуын қарастыру

Жоспары:

1. Мемлекеттің пайда болуы негізделуі

2. Мемлекетте жүргізілген реформалар

3. Спартандық мемлекет

4. Құқықтық жүйенің қалыптасуы

Дәрістің қысқаша мазмұны:

 

Тақырып 6. Ежелгi Грецияның мемлекетi мен құқығы

Грек қала мемлекеттерінің қалыптасуына мына жағдайлар әсер етті ;

1. Жерорта теңізі аймағының Греция орналасқан солтүстік жағалауына ықпал ететін Крит сияқты мемлекеттің ыдырауы және дорий тайпаларының шапқыншылығынан халық саны азайды.

2. Темірдің пайда болуы адамдардың азаматтық қауым шеңберінде жеке шаруашылық жүргізуіне мүмкіндік берді. Грецияның табиғи орналасқан жері таулы-қыратты болып келгендіктен жүзім,зәйтүн ағашын өсіру егіншілікте үлкен роль атқарды.

3. Грек қала-мемлекеттерінің қалыптасу кезеңінде оның дамуына кері әсер ететін сыртқы факторлар, яғни көрші ірі мемлекеттердің барлығы дерлік дағдарысты бастан кешіріп жатты.

4. Тарихи заңдылық бойынша қала-мемлекеттер біртіндеп адам санының көбеюіне жэне экономикалық қатынастардың дамуына байланысты басқа территориялардағыдай, мысалы, ежелгі Египеттегі номдардың төменгі және жоғары Египет мемлекеттеріне,сонан соң біртүтас мемлекетке айналғаны сияқты,даму сатыларын бастан кешіруге тиіс болатын.

Алайда гректердің дүниетанымына және философиясына байланысты грек дүниесіндегі мемлекет қала-мемлекет сатысында ұзақ тұрып қалды. Оған мынандай себептер әсер етті:

1. Адам санының көбеюі және жер тапшылығының пайда болуы грек қала-мемлекеттерінің үстемдік үшін күресіне алып келуге тиіс болатын. Бұл күресті біршама уақыт кейінге шегеруге және осы процесті бәсеңдетуге әсер еткен б.э.д. ҮІІІ-ҮІ ғасырлардағы колонизациялық шаралар болды. Теңізде жүзу жақсы дамыған грек қала-мемлекеттері әлеуметтік күресті бәсеңдету үшін адамдардың бір бөлегін сыртқа, жаңа жепрлерге көшіруге мәжүбір болды. Қара теңіз жағалауларында және Жерорта теңізінің басқа аймақтарында грек колониялары пайда болды.

2. Грек дүниесі адам санының көбеюін тежеуге ұмтылды.

3. Әлеуметтік күрестің қоғамның ыдырап кетуіне алып келетінін түсінген грек дүниесінің қайраткерлері реформалар жүргізе бастады. Спартадағы Ликург реформасы, Афинадағы, Солон және Клисфен реформаларының басты мақсаты әлеуметтік күресті бәсеңдету болатын.

Қала мемлекттердегі ерікті азаматтардың экономикалық жэне саяси құқықтары біршама дамығандықтан грек дүниесі дамудың жаңа моделін жасады. Грек философиясы мен ғылымы адамзаттың дүние танымын жаңа сатыға көтерді.

4. Қала – мемлекет жүйесінің біраз уақыт сакталғанына қарамастан тарихи даму заңдылығы оны мемлекет және орталықтанған мемлекет сатысына итермеледі. Бұл процесстің басталуын жылдамдатқан грек- парсы соғыстары болды. Жас қала- мемлекттерден тұрған грек дүниесі алып Парсы империясымен өлім не өмір үшін күреске түсті. Спарта және Афины бастаған грек қала – мемлекеттері ерен ерліктерінің арқасында өз жерін аман сақтап қалды. Соғысқа дейін ақ Спарта бастаған егіншілікпен айналысушы полистер одағы және Афины бастаған қол өнер сауда полистер одағы ұйымдаса бастаған болатын. Соғыстан екі одақта нығайып шықты. Енді грек дүниесіне үстемдік үшін екі ірі одақ арасындағы күрес соғысқа ұласып, ол Спартаның жеңісімен аяқталды. Бірақ бір орталыққа бағынған мемлекет құру толық аяқталмай қалды. Себебі екі одақтың соғыстан қалжырап шығуына Парсы державасы «Көп көмек» берді. Басы бірікпеген грек дүниесі Макидон патшалығының қол астына түсті.

Азамат тарихының дамуына өзіндік үлес қосқан елдің бірі-Рим мемлекеті. Рим Италия территориясындағы кішігірім қала мемлекеттен алып империяға дейін өскен мемлекеттік құрылым. Грек қала мемлекеттерінің тарихынан олардың даму сатыларын әр сатыдағы даму заңдылықтарын көргендіктен енді Рим қала-мемлекетінің тарихына, оның билік формаларының мемлекеттік құрлысына, құқықтық жүйесіне әсерін түсінуге тырысайық.

 

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Ежелгі Грециядағы құқық

 

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

1. Рәсімдеу сапасы

2. Сауатты талқылау

 

СОӨЖ тапсырмасы:. Ежелгі Грециядағы құқық

 

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

 

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

 

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

2.Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

3.Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

4.Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994