Семинарлық сабақтың мазмұны. 2 страница

12. Пән бойынша СӨЖ тапсырмасын орындау және өткізу графигі

 

Дәріс тақырыбының атауы Тақырып бойынша тапсырманың мазмұны Қолдануға ұсынылатын негізгі әдебиеттер Бақылау нысаны Тапсыру мерзімі
Ежелгi Мысыр құқығы Конспект 1. Ежелгі мысыр құқығының қайнар көздері. 2. Ежелгі мысыр құқығындағы міндеттемелер. 3.Меншік құқығы. 4. Неке және отбасы қатынастары. 5. Қылмыстық құқық және процесс. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.Қ. Мұхтарова Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. З.М. Черниловский.Всеобщая история государства и права. Учебник. – М:. ООО «ТК Велби», 2002. Жазбаша 3 апта
Хаммурапидің заңдары Конспект 1. Меншік құқығы. 2. Міндеттемелер. 3. Неке және мұрагерлік құқық. 4. Қылмыс пен жаза. 5. Қылмыстық процесс. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. 1999 Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. 1999. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. 1994 Севастьянов История гос. И права зарубежных стран М, 2005 Жазбаша 3 апта
Ежелгі Үндінің құқығы (Ману заңдары және Артхашастра Каутилья) Конспект 1. Үнді құқығының жалпы сипаттамасы. 2. Меншік құқығы. 3. Міндеттемелер. 4. Неке-отбасы құқығы. 5. Мұрагерлік құқық. 6. Қылмыс пен жаза. Графский В.Г. Всеобщая история государства иправа М, 2000. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.Қ. Мұхтарова Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. З.М. Черниловский.Всеобщая история государства и права. Учебник. – М:. ООО «ТК Велби», 2002. Жазбаша 4 апта
Ежелгі Қытай құқығы Конспект 1. Меншік құқығы. 2. Міндеттемелер. 3.Отбасы неке құқығы. 4. Қылмыс пен жаза. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.Қ. Мұхтарова Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. З.М. Черниловский.Всеобщая история государства и права. Учебник. – М:. ООО «ТК Велби», 2002. Жазбаша 4 апта
Ежелгі Грециядағы құқық Конспект 1. Меншік құқығы. 2. Неке және мұрагерлік құқық. 3. Қылмыс пен жаза. 4. Сот өндірісі. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.Қ. Мұхтарова Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. З.М. Черниловский.Всеобщая история государства и права. Учебник. – М:. ООО «ТК Велби», 2002. Жазбаша 5 апта
XII кесте заңы Конспект 1. 12 кесте заңына жалпы сипаттама. 1. Рим құқығының негізгі белгілері. 2. Рим құқығының негізгі кезеңдері. 3. Неке және отбаслық құқық. 4. Меншік құқығы. 5. Міндеттемелік құқық. 6. Сот өндірісі. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.Қ. Мұхтарова Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. З.М. Черниловский.Всеобщая история государства и права. Учебник. – М:. ООО «ТК Велби», 2002. Жазбаша 5 апта
Гайдың институциялары және Юстианның Дигестері. Конспект 1. Рим құқығының кодификациясы. 2. Гай институтының жалпы сипаттамасы. 3. Юстиан Дигестінің құрылу тарихы және жалпы сипаттамасы. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.Қ. Мұхтарова Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. З.М. Черниловский.Всеобщая история государства и права. Учебник. – М:. ООО «ТК Велби», 2002. Жазбаша 6 апта
Салистік шындық Конспект 1. Салистік шындықтың жалпы сипаттамасы. 2. Салистік шындық бойынша тұрғындардың құқықтық мәртебесі. 3. Мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу. 4. Қылмыс пен жаза. 5. Сот және сот өндірісі. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.Қ. Мұхтарова Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. З.М. Черниловский.Всеобщая история государства и права. Учебник. – М:. ООО «ТК Велби», 2002. Жазбаша 6 апта
Еркіндіктің Ұлы Хартиясы Конспект 1. Еркіндіктің Ұлы Хартиясының қалыптасу тарихы. 2. Ағылшын қоғамындағы негізгі әлеуметтік топтардың құқықтары мен еркіндіктерін бекітетін баптар. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.Қ. Мұхтарова Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. З.М. Черниловский.Всеобщая история государства и права. Учебник. – М:. ООО «ТК Велби», 2002. Жазбаша 7 апта
Ұлы наурыз ордонансы және Бовезидің кутюмдері Конспект 1. Ұлы наурыз ордонансына сипаттама. 2. Бовези Кутюмдерінің ерекшелігі. 3. Мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу. 4. Қылмыс пен жаза. 5. Сот және сот өндірісі. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.Қ. Мұхтарова Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. З.М. Черниловский.Всеобщая история государства и права. Учебник. – М:. ООО «ТК Велби», 2002. Жазбаша 7 апта
Орта ғасырлық Германияның құқығы (Алтын мөр, Саксондық Айна, Каролина) Конспект 1. Алтын мөрдің ерекшелігі. 2. Саксондық айнаның ерекшелігі. 3. Каролинаның құрылу тарихы. 4. Қылмыс пен жаза. 5. Инквизициялық процестің негізгі қағидалары мен саиылары. Графский В.Г. Всеобщая история государства иправа М, 2000 А.В. Севастьянов История гос. И права зарубежных стран М, 2005 Жазбаша 8 апта
Мұсылмандық құқық. Конспект 1. Құран Кәрім (үзінділер). 2. Құқықтың қайнар көздері. 3. Мүліктік қатынастарды реттеу. 4. Неке-отбасылық және мұрагерлік құқық. 5. Қылмыс пен жаза. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.Қ. Мұхтарова Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. З.М. Черниловский.Всеобщая история государства и права. Учебник. – М:. ООО «ТК Велби», 2002. Жазбаша 8 апта
Орыс правдасы Конспект 1.Орыс правдасына жалпы сипаттама. 2. Жеке меншік және феодалдық меншік. 3. Қылмыс пен жаза. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.Қ. Жазбаша 9 апта
Феодалды Қытайдың құқығы Конспект 1. Құқықтың қайнар көздері. 2. Мүліктік қатынастарды реттеу. 3.Неке және отбасы құқығы. 4. Қылмыс пен жаза. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. 1999 Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. 1999. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. 1994. Жазбаша 9 апта
Ортағасырлық Жапонияның құқықтық ескерткіштері Конспект 1. Ортағасырлық Жапониядағы құқықтың қайнар көздері. 2. «Тайхоре заң жинағы». 3. «Тайка Манифестаның» жалпы сипаттамасы. Графский В.Г. Всеобщая история государства и права М, 2000 А.В. Севастьянов История гос. И права зарубежных стран М, 2005. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. Жазбаша 10 апта
Жаңа және қазіргі кездегі Англияның құқығы Конспект 1. Құқықтың қайнар көздері. 2. Соттық прецеденттің доктринасы. 3. Статуттар мен заңдар. Делегирленген заңдар. 4. Құқық туралы биль. 5. 1925 жылғы меншік туралы заң. 6. Отбасы құқығы. 7. Мұрагерлік құқық. 8. Қылмыстық құқық пен процесс. 9. Азаматтық құқығы. 10.Міндеттемеләк құқық Графский В.Г. Всеобщая история государства и права М, 2000 А.В. Севастьянов История гос. И права зарубежных стран М, 2005. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. Жазбаша 10 апта
Жаңа және қазіргі кездегі АҚШ құқығы Конспект 1. 1787 жылғы АҚШ-тың Конституциясы. 2. 1791 жылғы құқық туралы Биль. 3. Соттық реформалар. 4. XIX-XX ғасырлардағы конституциялық құқықтың дамуы. 5. 1935 жылғы Вагнер заңы. 6. 1940 жылғы Смит заңы. 7. 1950 жылғы Ішкі қауіпсіздік туралы заң. 8. Макарэн-Вуд заңы. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. 1999 Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. 1999. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. 1994 Севастьянов История гос. И права зарубежных стран М, 2005 Жазбаша 11 апта
Жаңа және Қазіргі кездегі Франция мемлекетінің құқығы Конспект 1. Францияның конституциялық заңнамасына сипаттама. 2.1789 жылғы 26 тамыздағы Адам және азаматтардың құқығы Декларациясы. 3. 1791 жылғы Конституция. 4.1793 жылғы Конституция. 5. 1795 жылғы Конституциядағы негізгі идеялар. 6. 1804 жылғы Францияның Азаматтық Кодексі. 7. Міндеттемелік құқық. 8. Неке-отбасы және мұрагерлік құқық. 9. Франциядағы екінші республиканың Конституциясы. 10. 1807 жылғы Сауда Кодексі. 11. 1810 жылғы Қылмыстық Кодекс. 12. 1808 жылғы Қылмыстық іс жүргізу Кодексі. 13. 1946 жылғы Француз Республикасының Конституциясы. 14. 1973 жылғы еңбек кодексі. Корецкий В.И. Лекции по истории государства и права.-М.,1947.Графский В.Г. Всеобщая история государства иправа М, 2000 А.В. Севастьянов История гос. И права зарубежных стран М, 2005   Жазбаша 11 апта
Жаңа және Қазіргі кездегі Германиядағы құқық Конспект 1. 1871 жылғы Конституция. 2. 1871 жылғы Германияның Қылмыстық және 1877 Қылмыстық іс жүргізу кодекстері. 3. 1896 жылғы Азаматтық заңдар жинағы. 4. 1861 және 1897 жылғы сауда кодекстері. 5. 1933-1945 жылғы ерекше заңдар. 6. 1949 жылғы Конституция. 7. ГФР және ГДР қылмыстық құқықтың реформалары. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.Қ. Мұхтарова Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. З.М. Черниловский.Всеобщая история государства и права. Учебник. – М:. ООО «ТК Велби», 2002. Жазбаша 12 апта
Жаңа және қазіргі кездегі Ресей құқығы Конспект 1. 1861 жылғы басыбайлылық құрылымды жою реформасы. 2. 1812 жылғы Министрлер Комитеті заң шығару атағына ие болуы. 3. 1862-186 жылдары Қаржы реформасы. 4.1864-1874 жылғы әскери реформа. 5. 1864 жылғы ерекше сот жүйесі. 6. 1918 жылғы алғашқы совет конституциясы. 7. 1922 жылғы азаматтық кодекс. 8. РСФСР-дің қылмыстық кодексі. 9.1924 жылғы СССР конституциясы. 10. 1977 жылғы конституция. 11. 1991 жылы СССР-дің құлауының құқықтық себептері. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.Қ. Мұхтарова Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. З.М. Черниловский.Всеобщая история государства и права. Учебник. – М:. ООО «ТК Велби», 2002. Жазбаша 12 апта
Жаңа және қазіргі замандағы Жапонияның құқығы Конспект 1. 1889 жылдың 11 ақпанындағы Жапон империясының конституциясы. 2. 1880 жылғы Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері. 3. 1898 жылғы Азаматтық кодекс. 4. 1890 жылғы Сауда кодексі. 5. 1907 жылы Қылмыстық кодекске, 1922 және 1948 жылдары Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгерістер. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.Қ. Мұхтарова Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. З.М. Черниловский.Всеобщая история государства и права. Учебник. – М:. ООО «ТК Велби», 2002. Жазбаша
Жаңа және қазіргі замандағы Қытай құқығы Конспект 1. Құқықтың қайнар көздері. 2. Буржуазиялық конституциялар. 3. Құқықтың кодификациясы. 4. 1950-1980 жылдардағы аграрлық реформа. 5. 1979 жылғы қылмыстық кодекс. 6. Өлім жазасы. 7. 1982-1991 жылдардағы Азаматтық іс жүргізу кодексі. 8. 1979 жылғы Қылмыстық іс жүргізу кодексі. У.Ш. Шапақ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.Қ. Мұхтарова Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. История государства и права зарубежных стран. Под ред. К.И. Батыра. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007. З.М. Черниловский.Всеобщая история государства и права. Учебник. – М:. ООО «ТК Велби», 2002. Жазбаша 14-15

 

 

13. «Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы » пәнінен курстық жұмыс жазу үшін әдістемелік нұсқаулар.

 

Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы пәнінің оқу материалдарын игеруде маңызды шарт болып, студенттердің ұсынылған әдебиеттермен – оқулықтар, ғылыми мақалалар, монографиялар, нормативті материалдармен өзіндік дайындалғаны болады. Студент үшін оқу және ғылыми материалдармен кәсіби терминологиямен, нормативтік құқықтық актілермен өзіндік істеу дағдыларын игеруде жазбаша курстық жұмыстар үлкен рольге ие.

1 курс студенттері жаз және қыстық емтихандық сессия басталғанға дейін, деканатқа тапсырылатын курстық жұмыс жазады.

Берілген жұмысты орындауға кіріспес бұрын курс бағдарламасымен мұқият танысып, мемлекет және құқық теориясының берілген проблематикасының негізгі түсініктерін меңгеріп, ұсынылған әдебиетті және нормативті материалдарды оқу керек. Курстық жұмыста материалды жазу барысында қолдану үшін, жоспардың әр мәселесіне арналған үзінділер істеген дұрыс болады. Сонымен қатар жазылып жатқан жұмыстың негізгі тұжырымдарын бекіте түсу үшін ҚР-ның және де әлемдегі мемлекеттердің мемлекеттік-құқықтық тәжірибесінен мысалдарды жинап, сараптау керек. Қайнар көз ретінде монографиялық зерттеулер, ғылыми мақалалар, құқық қорғау және басқа да органдардың басылып жатқан тәжірибелерін қолдануға болады.Студент өз жұмысында теорияның өмірмен байланысын және онда тапқан көріністерін көрсету керек.

Мынадай маңызды журналдарды атап кету керек «мемлекет және құқық», «заң және заман», «саясат» және т.б. Курстық жұмыс аталған тақырып бойынша әдебиетті жақсы меңгеріп, материалдың тереңдетілген түрде көрініс тауып, даулы мәселелер бойынша әртүрлі көзқарастарды дұрыс сараптай білу қабілетін көрсету қажет. Мемлекет және құқық теориясы пәнінен курстық жұмыс жазу үшін мұндай әдістің қолданылуы өзіндік ойлау үрдісін, өз көзқарасын ұсынуды және материалды сараптау қабілетін шыңдай түседі. Жоғарыда айтылғаннан оқулықтан, монографиядан, мақаладан көшіруге болмайтындығы анық болды.

 

Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұнына талаптар.

Курстық жұмыс мыналардан тұру қажет:

1.Беттердің саны көрсетілген жұмыс жоспарынан.(2 қосымша)

2.Кіріспе, онда жұмыстың өзектілігі, жұмыс құрылымы, әдістері көрселеді.

3.Негізгі бөлім, онда зерттеудің теориялық алғышарттары, ғылыми әдебиетке қысқаша шолу, терминдар, зерттеліп жатқан мәселенің жағдайы, оған деген көзқарастар көрсетіледі.

4.Жұмыста қолданылатын материалдар жалпыланатын қорытындылар, жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы көрсетіледі. Жұмыста айтылғандар бойынша қорытындылар қысқа және нақты болу керек.

5.Қолданған әдебиет тізімі. (3-4 қосымша) Онда барлық әдебиет емес, аталған мәселе бойынша студенттің тек қолданған әдебиеті болу қажет.

6.Әдебиет тізімі алфавиттік тәртіппен құрылады(автор фамилиясы). Тізімде автордың аты, жөні, тегі, жұмыстың аты, жарық көрген жылы, жері, егер кітап көптомды болса, пайдаланған том ғана көрсетіледі. Курстық жұмыста міндетті түрде беттің соңында сілтемелер болуы тиіс(5 қосымша).

7.Жұмысқа теориялық материалды қолдануда мәліметтер келтірілетін қосымшалар, графикалық немесе басқа иллюстрациялық материалдар болуы мүмкін.

 

Курстық жұмыстың көлемі мен рәсімдеу үшін талаптар.

Жұмыс қолжазба немесе баспа түрінде жазылуы мүмкін. Тексерушінің мүмкін болатын ескертулеріне арналған орын қалдырылу керек. Барлық цитаталар мұқият тексерілу керек. Студент курстық жұмыстың орындалу күнін қойып, қолын қою қажет.

Курстық жұмыс көлемі қарапайым оқушы дәптердің 30 бетінен кем емес немесе 210*300 мм (А4 формат), 20-25 бет болу керек. Сонымен қатар келесі талаптар сақталу керек: 1) беттің мәтіннен бос жері: үстінен 20мм, астынан 25 мм, сол жағынан 20-30мм, оң жағынан 10мм. 2) мәтін 1,5 жиілікте басылады. Бірінші бетте университеттің, факультеттің, кафедраның, жұмыс тақырыбының атауы көрсетіліп, студенттің аты, жөні, тегі, курсы, тобы, оқу нысаны, курстық жұмыс жазылу жылы көрсетіледі. Беттің саны кіріспеден – 3 бет болып басталады.

Жұмыстың мазмұны бірыңғай мәтінде болмау керек. Онда жұмыстың жазылу барысында қисыны көрініс табатын бөлімдерден, тараулардан, параграфтан құрылу керек.

 

 

1 қосымша

Курстық жұмыстың бірінші бетінің үлгісі

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті

 

Ұлттық құқық жоғары мектебі

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Хаммурапи заңы»

Пәні: «Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы»

 

Орындаған:

_____ курс студенті

________тобы

 

Ғылыми жетекшісі:

оқытушы Омаров С.Д.

 

Курстық жұмысты тапсыру уақыты:

қорғау күні:

бағасы:

 

Астана 2011ж.

2 қосымша

Курстық жұмыс жоспарының үлгісі

 

 

Жоспар

 

 

Кіріспе 3 бет

 

1 тарау бет

1.1. бет

1.2. бет

1.3. бет

2тарау бет

2.1. бет

2.2. бет

2.3. бет

3 тарау бет

3.1. бет

3.2. бет

3.3. бет

 

Қорытынды бет

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі бет

 

Қосымша бет

 

 

қосымша

Нормативті актілер тізімінің үлгісі

 

 

1. Библиографияда акттің толық аты, қабылданған күні, саны және ресми қайнар көзі, мысалы:

- Қазақстан Республикасының 18.12.00., №129-11, «ҚР әлеуметтік әріптестік жайлы» заңы (Қазақстан Республикасының Парламентінің ведомості, №22, 409б.2000ж.)

2. Нормативтік актілер келесі иерархия бойынша орналасады:

- ҚР Конституциясы

- ҚР заңы

- ҚР Президентінің Өкімі

- ҚР Үкіметінің актілері

- Басқа да мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімдері

- т.б.

4 қосымша

Пайдаланған әдебиеттер тізімінің үлгісі

1. Пайдаланған әдебиеттер тізімінде тек студенттің курстық жұмыста сілтеме жасаған әдебиет ғана көрсетіледі.

2. Ғылыми жұмыстар, кітаптар, мақалалар, рецензиялар және т.б. әдебиет тізімінде алфавиттік тәртіппен орналасады.

 

5 қосымша

Әдебиеттерге және нормативті актлерге сілтеме істеу үлгісі

 

1.Курстық жұмыс мәтінінде сілтемелер сол беттің астында істеледі.

2.Сілтемеде алдымен автордың фамилиясы, кейін аты, жөні жазылады.

3.Ғылыми жұмысты бірінші рет қолданған кезде сілтемеде ол туралы барлық мәліметтер беріледі(автордың аты, жәні-тегі, басылымның жері, аты, баспасы, жылы, беті) мысалы, Зиманов С. З. «Конституция и Парламент РК» «Жеті-жарғы», 1996 15б. Келесі сілтемеде осы қайнар көзді көрсеткенде тек, Зиманов С.З. Көрсетілген шығарма ---беті, жеткілікті болады.

4.Журнал мақаласын пайдалану кезінде, сілтемеде автордың аты-жөні, тегі, мақала, журнал атауы, жылы, саны, беті көрсетілу керек(мәтін орналасқан беті).