Күнтізбелік жоспар. Химия 8 сынып.

Абанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Химия

Сыныптар

Оқу жылы

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН: ӘБ ОТЫРЫСЫНДА

Директор Оқу ісінің меңгерушісі ҚАРАЛДЫ:

Б жетекшісі

“____” _________ “____” ____________ Хаттама №_______

“____” ___________

Пәні: химия

Пән мұғалімі: Мұсабеков Асхат Сапарғалиұлы

Сынып: 8 – 9 сыныптар

САБАҚТАР МЕН ҮЗІЛІСТЕР КЕСТЕСІ

І жартыжылдық

І АУЫСЫМ

Сабақ № Сағат Үзілістер ДС. СС. СР. БС. ЖМ. СН.
СЫНЫП
8 00 - 845 5минут 11б 11а 10а  
8 50 - 935 5минут      
9 45 - 1030 10минут 11а   10а 10б
10 35 - 1120 5минут        
11 25 - 1210 5минут        
12 15 - 1300 5минут 10а/қ/   11а/қ/    
13 05 - 1350 5минут            

САБАҚТАР МЕН ҮЗІЛІСТЕР КЕСТЕСІ

І І жартыжылдық

І АУЫСЫМ

Сабақ № Сағат Үзілістер ДС. СС. СР. БС. ЖМ. СН.
СЫНЫП
8 00 - 845 5минут        
8 50 - 935 5минут          
9 45 - 1030 10минут        
10 35 - 1120 5минут        
11 25 - 1210 5минут          
12 15 - 1300 5минут          
13 05 - 1350 5минут            

Демалыстар: І-тоқсан 31.10-06.11 ІІ-тоқсан 30.12-08.01 ІІІ-тоқсан 21.03-02.04

Химия» пәнінен оқу бағдарламасы

Түсінік хат

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде,

ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары...

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2015 жылғы 18 мамырдағы № 4 хаттама).

2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015.

1. 8-9-сыныптарда химияны оқытудың мақсаты қоршаған әлем туралы химиялық білім және ғылыми-жаратылыстану түсініктерінің біртұтас жүйесін қалыптастыру, химиялық технология саласында жүйелі-шығармашылықпен ойлауға және практикалық қабілетті, сондай-ақ қоршаған жанды және жансыз табиғатқа экологиялық-гуманистік көзқарасы бар функционалдық сауатты және шығармашыл тұлғаны дамыту болып табылады.

2. 10-11 сыныптарға арналған «Химия» пәнін оқытудың мақсаты - оқушылардың химия бойынша теориялық білімін білік пен дағдыларын дамыту арқылы әрі қарай тереңдету, оларды оқуды жалғастырғанда және болашақ кәсіптік іс-әрекеттерінде қолдану, заманауи химиялық технология мен өндіріс саласында білім мен дағдысын дамыту, экологиялық мәдениетін дамыту.

3. Оқыту міндеттері:

- әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;

- заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;

- химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;

- заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;

- заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;

- адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;

- көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас жүйесін дамыту;

 

 

- өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;

- мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;

- негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.

- химия ғылымы және технологиясы саласындағы оқушылардың іргелі және қолданбалы білімін, практикалық біліктігін дамыту;

- табиғатта, лабораторияда, өндірісте және күнделікті өмірде жүретін химиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру дағдыларын игеру;

- химиялық тәжірибелерді жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, химиялық заттар мен зертханалық құралдарды қолдана білу дағдысын жетілдіру;

- эксперименттік жұмысты жүргізу барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын және зияткерлік қабілетін дамыту, химиялық білімді өздігінен игеру қажеттілігіне дағдыландыру;

- химияға ғылыми-жаратылыстанудың іргелі компоненттерінің бірі ретінде және жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарастарын дамыту;

- химияның қоғамдық мәнін, гуманистік бағыттылығын, оның адамзат алдында тұрған проблемаларды шешудегі өскелең рөлін ашып көрсету;

- химиялық құбылыстар мен заттардың қасиеттерін, оларды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз қолдануды, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құбылыстарды ескертуді түсіндіру үшін химиядан алған теориялық білімді қолдану.

4.«Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

 

8-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан;

9-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан.

10-сыныпта жаратылыстану-математикалық бағытта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан.

10-сыныпта қоғамдық-гуманитарлық бағытта барлығы 34 сағат аптасына 1 сағаттан.

11-сыныпта жаратылыстану-математикалық бағытта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан.

11-сыныпта қоғамдық-гуманитарлық бағытта барлығы 34 сағат аптасына 1 сағаттан.

Күнтізбелік жоспар. Химия 8 сынып.