Олданатын әдебиеттер

Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004.

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. 192б. Алм. 1997.

Дәрібаев Ж.Е. Экология: оқулық. 2005.

Баешев А. Экология және таза су проблемалары. 2003.

Экология /Т.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева/ - Алматы, Экономикс 2002г.

 

 

Экология ғылымы туралы түсінік. Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900- шы қалыптасты. «Экология» терминін 1869ж неміс биологы Эрнест Геккель ұсынған болатын. Демек, бұл біршама жас ғылым, сонымен қатар экология қазір қауырт өсу кезеңін басынан кешіріп отыр. Экология (грекше oicos- мекен, үй және logos- ғылым) сөзбе сөз аударғанда – тіршілік мекені туралы ғылым.

Экология ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар, дегенмен, осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі: «Экология- организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету орта арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым» - деп еептейді.

Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан қай қырына баса тән берілуіне қарай, оның анықтамаларының тұжырымдалуы да төзгеріп отырады. Отандық экологтардың А. С. Дамилевский: «Экология – экологиялық жүйелердің құрылымы мен қызметі туралы және олардың гоместазисін қамтамасыз етуші механизмдер туралы ғылым » деп анықтама берген.

Бір сөзен айтқанда, экология – Дарвин тіршілік үшін күресті туындаушы жағдайлар деп атаған, барлық күрделі қарым- қатынастарды зерттеу болып табылады. Кез келген ғылым саласы сияқты, экологияның екі аспектісі бар, оның бірі – таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орында табиғат дамуының заңылықтарын ашу және оларды түсіндіру қойылды. Екіншісі – жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үшін қолдану. Бұл ретте бірде – бір ірі мәселе табиғаттың жанды және жансыз компоненттері арасындағы байланыстарды ескермей шешілмейтідігі мен түсіндіруге болады.

Экологияның негізгі түсініктері мен бөлімдері. Ал табиғат қорғау экологияның бір саласы болып табылады. Одум экологияны динамикалық тұрғыдан зерттеп математиқалық әдістерді енгізген болатын. Объектісіне байланысты экология мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Аутэология

2. Популяциялық экология

3. Синэкология

1)Аутэкология- бұл бір түрді алып зерттейді.

2)Популяция дегеніміз – белгілі аймақта өмір сүріп еркін буындасатын особьтердің (түр) жиындығы, өсуін, таралуын зерттейді.

3)Синэкология – бір популяция емес бірнеше популяцияның қатынасын зерттейді.

Экологияның мақсаты мен міндеті және зерттейтін проблемалары. Кез келген ғылым саласы сияқты, экологияның екі аспектісі бар. Оның бірі- таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат дамуының заңдылықтарын ашу жән оларды түсіндіру қойылады. Екіншісі – жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үшін қолдану. Экология организмге әсер ететін сыртқы орта факторларының үш тобын – абиотикалық, биотикалық және антропогенттік факторларды зерттейді.

Экология организмнің ортамен қарым – қатынастарының ішінде негізінен особьтердің дамуын, көбейтіп, тірі қалуын, популяциялар мен қауымдастардың құрылымы мен сан динамикасын және олардың биоценоздарда өтетін процестердегі рөлін анықтаушы жақтарымен айналысады.

Экологияның айрықша міндеті – тірі табиғатты экологиялық жүйелер деңгейінде эерттеу. Осыған сәйкес, экологияның негізгі және басты бөлігі болып синэкология (биоценология), яғни бір – бірімен және органикалық емес тіршілік ортасымен тығыз қарым – қатынастарға өсімдіктердің, жануарлардың және микрооганизмдердің қауымдастықтары туралы ілім танылуы тиіс. Биоценология даму келе қазіргі кезде экожүйелер туралы ғылымға айналады, оны құрлық биоценоздарына қатысты әдетте биоценология деп атайды.

Сонымен, экологияның жетістіктері қазіргі заманның бірқатар өзекті міндеттерін шешуге негіз болып отыр. Экология – келешектің ең маңызды ғылымдарының бірі деген ойды әлем ғалымдарының көпшілігі барған сайын мойынай түсуде.

 

Негізгі терминдер

Әлеуметтік экология - ғылым , қоғам әрекеттестіктері шарттар және заңдылықтар оқитын және табиғаттың . Әлеуметтік экология подразделяется экономикалық , демографиялық , урбанистикалық , футулогиялық және заңға сүйінгенді экологияның .