Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталған сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күнінен артық емес;
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қатысуға арналған құжаттардың растығын анықтаудың қажеттігі туындағанда - 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде;
ХҚО-ға жүгіну кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді (ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 20 бабының 1-тармағы).
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жөніндегі қызметтерді (бұдан әрі – ТМККК) беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме.
6. Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет денсаулық сақтау субъектілеріне: денсаулық сақтау ұйымдарына және жеке медициналық практикаммен айналысатын жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 32-бабы).
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін тапсыру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін белгіленді.
Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
2) ХҚО-ның: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 9-00-ден 20-00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет «электрондық» кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдау мүмкін;
9. Көрсетілетін қызметті алушы қызметтер берушіге және ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
МСАК көрсететін әлеуетті қызметтер беруші Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызмет берушілерді анықтау рәсіміне қатысуға арналған өтінімді (бұдан әрі - қатысуға арналған өтінім) мемлекеттік қызметтердің осы стардартына 3-қосымшаға сәйкес келесі құжаттарды қоса берумен:
1) мыналардың:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (анықтаманың электрондық нұсқасы нотариаттық куәландырылмайды);
тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);
сенімгерлік шартты
әлеуетті қызметтер берушінің тиісті медициналық қызметтер көрсетуге арналған құқығын растайтын медициналық қызметпен айналысуға лицензиялар мен оларға қосымшалардың (электрондық лицензия және оған қосымшалар нотариаттық расталмайды) нотариаттық куәландырылған көшірмелерін;
1) көшірмелерін:
жеке куәлігінің немесе паспорттың (жеке тұлға үшін);
жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады);
2) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің (бар болса) көшірмелері;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 4-қосымшаға сәйкес бірінші басшының қолымен расталған және әлеуетті қызметтер берушінің мөрімен бекітілген дәрігер кадрлардың болуы туралы мәліметтер (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда аталған мәліметтер ұсынылмайды);
4) әлеуетті қызметтер берушінің мүддесін білдіретін адамға (адамдарға) комиссия отырыстарына қатысуға арналған өтінім беруге, қол қою құқығына сенімхат.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсетуге әлеуетті қызметтер беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 5-қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:
1) мыналардың:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (анықтаманың электрондық нысаны нотариаттық расталмайды);
сенімгерлік басқару шартының (болған жағдайда);
тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);
тапсырыс беруші көрсеткен аумақта тиісті медициналық қызметтер көрсетуге құқығын растайтын медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензиялар мен оларға қосымшалардың (электрондық лицензия және оған қосымшалар нотариаттық расталмайды);
фармацевтикалық қызметке арналған лицензиялардың және оларға қосымшалардың (электрондық лицензия және оған қосымшалар нотариаттық расталмайды)нотариаттық куәландырылған көшірмелерін;
2) мыналардың:
жеке куәлігінің немесе паспорттың (жеке тұлға үшін);
жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады);
денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің (бар болса);
қатысуға арналған өтінімінде көрсетілген жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ЖММК) технологиялары тізбесі бойынша медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті орган берген қорытындының көшірмелерін;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 6-қосымшаға сәйкес шарттың талаптарында көзделген төлемақыны алғанға дейін оны қызметтер беруші деп айқындаған күннен бастап қызметтер көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша, тамақ өнімдері бойынша кемінде бір ай мерзімге арналған материалдық ресурстар қорының болуын растайтын ақпарат қоса берілген кепілдік міндеттеме;
қолданылуының бүкіл кезеңіне шарт жасасу кезінде уәкілетті орган бекіткен тиісті медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеге (ережелерге) оның сәйкестігі жөніндегі кепілхат (денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда кепілдеме хат ұсынылмайды);
ағымдағы кезеңге арналған кредиторлық берешегі туралы ақпарат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардың біліктілігі туралы мәліметтер (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда, бұл мәліметтер ұсынылмайды);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 7-қосымшаға сәйкес ТМККК шеңберінде медициналық көмектің түрлері мен нысандары, оның ішінде ЖММК технологияларының тізбесі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 8-қосымшаға сәйкес бейінді төсектердің саны (стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 9-қосымшаға сәйкес медициналық техниканың, оның ішінде қаржылық лизинг шарттарында сатып алынған, болуы туралы соңғы үш жылда және мәлімделген кезеңде (оларға ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету кезеңі үш жылдан аспаған жағдайда) көрсетілген мәліметтер;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 10-қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтінімде көрсетілген медициналық көмектің жоқ түрлеріне/кіші түрлеріне ниет білдіру шарты;
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бүкіл онкологиялық диспансерлер арасындағы онкологиялық науқастарға ТМККК қызметтерін көрсетуге арналған алдынала шарт;
4) оның мүдделерін білдіретін адамға(-дарға) комиссия отырыстарына да қатысуға арналған өтінімді беруге, қол қою құқығына сенімхат.
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын әлеуетті қызметтер беруші өзінің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті сияқты құжаттарды не осы талаптарға сәйкестігі туралы ұқсас мәліметтерді ұсынады.
10. МСАК көрсететін денсаулық сақтау сукбъектілеріне Республикасының азаматтары мен оралмандарды еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызмет берушілерді анықтау рәсімін өткізу туралы көрсетілетін қызметті беруші хабарламасында көрсеткен қатысуға рәсімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғанына дейін көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінімді ұсынады.
Көрсетілтеін қызметті беруші қызметті берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы жариялаған күннен бастап бес күн ішінде қызметтті алушы қатысуға арналған өтінімді ұсынады.
Қатысуға арналған өтінімді әлеуетті қызметтер беруші тапсырыс берушіге тігілген түрде, нөмірленген парақтармен түзетулерсіз және жөндеулерсіз ұсынады. Бұл ретте өтінімнің соңғы парағы бірінші басшының қолымен куәландырылады және мөрімен бекітіледі.
11. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде өтініштің қабылданғанын растау оны өтінімдерді тіркеу журналында хатшының тіркеуі болып табылады.
Құжаттарды ХҚО арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
12. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға (не оның өкіліне нотариаттық куәландырылған сенімхат бойынша) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін бір айдың ішінде тапсырады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру тапсырыс алушының сұратуы бойынша жүзеге асырылады.
ХҚО-да тапсырыс алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру тапсырыс алушы жеке куәлігін ұсынған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырылады (не оның өкілінің нотариаттық куәландырылған сенімхат бойынша).
ХҚО нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, кейін оларды қызмет берушіге кейінгі сақтауы үшін тапсырады. Тапсырыс алушы ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекетті қызметті көрсету қолхатында көрсетілген күннен бастап бір ай ішінде ХҚО-ның сұратуы бойынша тапсырыс беруші бір жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ХҚО-ға тапсыру үшін жолдайды.
13. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген тиісті атқарушы орган басшысының атына немесе Министрліктің атына шағым беріледі, келесі мекенжайға: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызметті берушінің не тиісті атқарушы органның немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
Шағымның қабылданғанын растау тиісті атқарушы органның немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі болып табылады (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні шағымның екінші парағында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады).
ХҚО қызметкері қызметтерді дұрыс көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына жасалады.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның ХҚО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады) болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
«Жеке кабинет» портал арқылы қызмет алушыға шағымданған кезде, жүгіну туралы ақпарат қолжетімді, ол қызмет беруші жүгінуді өңдеген кезде жаңартылады (жеткізілу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні.
Көрсетілетін қызметті берушінің, тиісті атқарушы органның, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің, тиісті атқарушы органның, Министрліктің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлкеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау бойынша тиісті уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
15. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.