Емдеу-профилактикалық ұйымдардың ерлерді зерттеп-қарау кабинеті туралы ереже

1. Ерлерді зерттеп-қарау кабинеті белгіленген тәртіпте ұйымдастырылады және қалалық, аудандық орталық, ірі учаскелік ауруханалардың, аурухананың емханалық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесі ретінде ұйымдасырылады.
2. Ерлерді зерттеп-қарау кабинетінің мейіргері лауазымына аумақтық онкодиспансерде онкология бойынша арнайы даярлықтан өткен мейіргер тағайындалады.
3. Ерлерді зерттеп-қарау кабинетінің қызметін, мейіргерлердің жұмысы мен кәсіптік даярлығының деңгейін бақылау мен басшылықты емханалық бөлімшенің меңгерушісі немесе емхананың бас дәрігері жүзеге асырады.
4. Ерлерді зерттеп-қарау кабинетінің жұмысына жалпы әдістемелік басшылықты аудандық уролог, облыстық (қалалық) онкологиялық диспансердің онкоуролог дәрігері жүзеге асырады.
5. Ерлерді зерттеп-қарау кабинетінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
созылмалы, ісікалды ауруларды ерте анықтау мақсатында жасына және ауруының сипатына қарамастан амбулаториялық-емханалық ұйымға жыл ішінде бірінші рет қаралған барлық ерлерді міндетті профилактикалық тексеріп-қарау;
тері жабындарын тексеріп-қарауды, көзге көрініп тұрған шырышты қабықшаларды, перифериялық лимфа түйіндерді тексеріп-қарауды; кеуде бездерін, сыртқы жыныс мүшелерін (жыныс мүшесін, ұма ағзаларын – атабез мен атабез қосалқыларын) тексеріп-қарау мен саусақпен тексеруді; қуық асты безі мен ұрық көпіршіктерін тексеріп-қарау арқылы (40-тан асқан ерлерді жыл сайын тексеріп-қарау) тік ішекті саусақпен ректалдық зерттеуді қамтитын профилактикалық тексеріп-қарау, сондай-ақ аурулар анамнезін мұқият жинау;
цитологиялық материалдарды онкологиялық диспансердің орталықтандырылған цитологиялық зертханаларына жіберу;
онкологиялық ауруға күмәні бар және гениталий мен кеуде безінің анықталған қауіпті патологиясы бар адамдарды облыстық онкологиялық диспансердің онкоурологына және онкохирургына диагнозды нақтылау және емдеу үшін жіберу;
басқа гениталий патологиясы бар анықталған науқастарды АОА урологына жіберу;
емханаға қаралған ер адамдардың арасында санитариялық-ағарту және түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
бастапқы медициналық құжаттаманың белгіленген нысаны бойынша жүргізілген профилактикалық тексеріп-қараулар мен цитологиялық зерттеулердің нәтижелерін есепке алу және тіркеу.
6. Ерлерді зерттеп-қарау кабинеті бөлек орналасуы, урологиялық кабинетпен бірге болмауы тиіс. Кабинет үшін жақсы жарықтандырылған, арнайы жабдықтары мен аспаптары (цистоскоп, цистоскопия жүргізу үшін және басқалар) бар жеке бөлме бөлінеді.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 02 тамыздағы
№ 452 бұйрығымен
бекітілген Стандартқа
2-қосымша

Онкологиялық диспансерлердің патоморфологиялық зертханаларының деңгейінде жүргізілген иммуногистохимиялық зерттеулердің тізбесі

ИГХ зерттеулер жүргізу деңгейі ИГХ зерттеу жүргізу көрсетілген жерлер Зерттеулердің түрлері
ООД патоморфологиялық зертханалары Сүт безі обыры Стандарттық зерттеулер: стероидтық гормондар (эстрогенді, прогестеронды) рецепторларының экспрессиясын анықтау; өсу факторы рецепторларының экспрессиясы(Her-2/neu); пролиферативтік белсенділік деңгейі (ki-67).
Қатерлі лимфомалар Стандарттық зерттеулер: ісіктің нақтылау табиғатын және дәрежесін анықтау үшін кластерлердің нақтылауын анықтау (CDla, CD3, CD5, CD10, CD15, CD20, CD30, CD43, CD45, CD57, CD68, CD78, CD79a); дәрілік терапияға сезімталдық және аурудың болжамы туралы ақпарат алу үшін протеиндер мен ферменттердің деңгейін анықтау (c-erbB2, ALK, Вс12, Вс16, Cyclin D1, MPO, Tdt, Granzym -2, EBV)
Өкпе обыры Стандарттық зерттеулер: өсу факторы рецепторларының экспрессиясын анықтау (EGFR)
Асқазан обыры Стандарттық зерттеулер: рецепторлардың деңгейін анықтау өсу факторы - Her-2/neu (HersepTest)
Эндометрия обыры Стандарттық зерттеу: стероидтық гормондар (эстрогендер, прогестерондар) рецепторларының экспрессиясы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 02 тамыздағы
№ 452 бұйрығымен
бекітілген Стандартқа
3-қосымша