Францияның географиялық орналасуы

 

Манерал ресурстарына Франция бай емес, тас көмірдің біраз қорының бөлігі Латарингияда. Мұнай және газ. Бірқатар керект және құнды энергетикалық ресурстар – ал Орталық массивінде орналасқан уран және тау өзендерінің энергиясын, әсіресе, Рома және оның Алпілік салалары Лотарингияда көп темір кені бар, бірақ темірдің құрамы өте аз. Оңтүстігіндегі Прованса мен Лангедоке де боксит игеріледі, ал Эльзасе мен Лотарингияда калий тұзы мен тас тұзы игеріледі. Мемлекет табиғи құрылыс материалдарына өте бай.

Табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының дамуына өте қолайлы жері жазықты, теңіздік климаты өте жылы және ылғалды болып келеді. Территориясының көпшілігі бөлігінде жылына 600 – 1000 мм – ге дейін жауын – шашын түседі, қысқа температурасы бірқалыпты, өзен сулары қатпайды. Климатының жұмсақтығына байланысты көптеген қымбатты оңтүстік өнімділіктерін елдің көптілік территорияларында өсіруге болады.

Жұмсақ, жайлы климат, әсем табиғаты, 1000 км – мк теңіз жағжайлары, туризмді дамытудың үлкен мүмкіндіктері, альпинизм және қысқа спорт таулы аудандаында, тарихи және архитектуралық ескерткіштердің байлылығы тығыз орналасқан жақсы жолдар, қонақ үйлер мен ресторандар функцияны классикалық туризм орталығы өтеді. Оның бай рекреациялық ресурстарын жылына андаған миллион шетелдіктер пайдаланады, мемлекетке үлкен кіріс алып келеді [1].

Франция батыс еуропадағы ең үлкен ел, оның көлемі 551500 шаршы километрді құрайды. Солтүстікте франция Бельгия, Люксембург және Германиямен, шығыста Швейцариямен, оңтүстік шығыста Монако, Италиямен және оңтүстік батысында Испания және Андорамен шекаралас. Францияның жағалауын төрт су кеністігі шайып жатыры, олар: Ла-Манш бұғазы, Атлантикалық мұхит, Солтүстік теңіз және Жерорта теңіздері. Францияның теніздегі шекарасы 5500 километрді құрайды сонымен қатар Францияның эксклюзивті экономикалық аймақтары 11 миллион шаршы километрге деиін барады.

Сонымен қатар Францияның шетелді аумақтары бар, олар: Гвделупа, Мартиника, Гвиана, Реюньон, Майотта, Сен-Мартен, Сен-Бартельми, Сен-Пьер және Микелон, Француздық Полинезия, Уоллис және Футуна, Жана Каледония, Оңтүстік және Антарктикалық Француздық аумақтар және Клиппертон.

Францияның шетелдегі аймақтары жәйлі айта кететің болсақ олардың қалыптасу тарихы екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кеиін Француздық одақ құрылды.

Уақыт өте келе Империя статусы бар мемлекеттер Әлемдік қоғам тарапынан сыңға ұшырады, солардың бірі Франция болды, сол себептен 1946 жылы Франция империя статусынаң айрылып, Француздық одақты құрады, Француздық одақтың құрамына жоғарыда айтып өткен мемлекеттер және Солтүстік Африка, Нигерия және Француздық Экваторлық Африка кірген.

1958 жылы Бесінші Республика қалыптасқан кезде Француздық одақ Француздық Қоғамға ауыстырылды, 1958 жылы болған референдумды Гвинея қабылдамай тәуелсіздік алды, ал 1960 жылы Францияның Африкадағы он екі колониясы тәуелсіздік алып Француздық Қоғам өз маңызын жоғалтты ал кәзіргі францияның шетелдік аумақтары сол Француздық Қоғамның көленкесі десекте болады.

Кәзіргі танда Францияның бұрынғы колониялары мен шетелдік аумақтары Франция үшін коммерциялық манызды рөлді атқарады.

Францияның солтүстігі мен батысы жазықтық және аласа таулы болып келеді. Жазықтық елдің 2/3 бөлігін алып жатыр. Франциядағы негізгі таулы массивтер: Альп таулары, Пиринеи, Юра, Орталық массив, Арденна және Вогез болып келеді. Париждік бассеинді Арморикалық массив, Орталық массив, Вогез және Арденн қоршап жатыр. Францияның онтүстік батысында Пириней тауларының етегінде Гарон ойпаты орналасқан, бұл жазық және жемісті аймақ. Ланды туралы айта кететің болсақ онда ол Гарон ағысының төменгі жағында орналасқан үш бұрыш тәрізді аудан, бұл аудан айтарлықтай жемісті емес бірақ қылқан жапырақты ағаштардың көпшілігімен ерекшеленеді.

Грабен, Роны және Соны оңтүстік шығыс Францияда Альп таулары мен орталық Франция массивінің арасында асу құрады.

Францияның орталық және шығыс аудандарында орташа биіктегі таулар орналасқан. Луара, Гароны және Ронны өзендерінің ортасында орналасқан орталық массив ең алып массив болып келеді.

Францияның басқада ежелгі таулы аймақтары сияқты Альпы кезенінде пайда болған, сонымен қатар Альпідегі қатты тау жыныстары шытынап сынғаннан ал жұмсақтары езілгеннен вулканикалық белсенділіг болған. Кәзіргі таңда бұл жанартаулар белсенді емес, бірақ орталық массивте көптеген сөніп қалған жанартауларды тамашаласа болады.Вогез таулары туралы айта кететің болсақ олар құнарлы аудан Рейнді қалған Франциядан бөліп жатыр [2].

Түзу және жасыл таудың беткейлері терең өнірлерден жоғары тұр. Осыған ұқсас ландшрафт елдің солтүстігінде Арденнада бар. Юра таулары Швейцариямен шектесіп тұр және Женева мен Базель қалаларының ортасында орналасқан.

Елдін онтүстік шығысында, Испаниямен шекарасында Пириней тау шынжыры орналасқан, мұздық кезенінде Пиринеи таулары қатпаған және Альп таулары сияқты басың қар жамылып жатқан жоқ, Пиринеи тауларың өтуге қиын болғандықтан Франция мен Испания арасындағы қатынас шектелген.

Елдін онтүстік шығысында Италия және Швейцариямен шектесіп жатқан Альп таулары орналасқан, Бұл таулар Женевалық өзеннен Ронаға деиін барады. Осы жерде батыс Еуропаның ен биік нүктесі Монблан тауы орналасқан, таудың биіктігі 4807 метрді құрайды (сурет 1).

 

Сурет 1 Монблан тауы [2]

 

Франция өзендерінің көбісі орталық массивтен басталып Атлантикалық мұхитқа немесе Жерорта теңізінде құяды. Сена – латын тілінен аударғанда Сабырлық деген сөзді білдіреді, ұзындығы 775 километрді құрайды, сена өзені айтарлықтай алып және Руан мен Париж арасында жүк тасуға көпдеген кемелер Сена арқылы жүзеді.

Гаронна жәйлі айтатын болсақ, өз бастауың Испаниялық Пиринейден алады, ұзындығы 650 километр. Гарона Тулуза және Бордо арқылы өтеді.

Франциядағы ен жылдамағысты өзен ол Рона, жергілікті тұрғындар бұл өзенді жынданған бұқа деп атайды, бұл өзен өз бастауын Швейцарлық Альпіден алады. Лион қаласының жанында өзенге Сона өзені қосылады. Басқада алып ағыстары Дюранс және Изер болып келеді. Ронаның гидроэнергетикалық және транспорттық манызы зор сонымен қатар егістіктерді суғаруға қолданылады.

Францияның ен ұзын өзені ол Луара болып келеді, ұзындығы 1020 километрді құрайды, бұл өзен бастауын орталық массивтен алады. Өзенге көпдеген ағын құйылады, олардың негізгілері Алье, Шер, Эндр және Вьенна болып келеді.

Францияның гастрономиясына тікелей әсерің тигізетін ол климат болып келеді, елдің климаты алуан түрлі, мысалға континентальдік Францияда келесідей климат типі: Теңіздік, орташа, теңіздік климаттан континентальдыға ауыспалы, субтропикалық, жерорта теңізді және таулы климаттар бар.

Нормандия мен Бретанияда теңіздік климат және әсері елдің батысына толықтай тиеді. Бретань жұмсақ және дымқыл климатпен ерекшеленеді, бұл жерде қыс пен жаздық климаттың айырмашылығы айтарлықтай шамалы бірақ желдер көп және күн көбінесе құбылмалы болып келеді.

Қыс Францияда жылы, орташа көрсеткі +7 градусты құрайды, бірақ жазы салқын, жаздың күні ауа температурасы орташа көрсеткішпен +17 градусты құрайды. Елдің солтүстігінде климат континентальды және орташа көрсеткішпен жылдық температура +20 градусты құрайды.

Парижде қыс жұмсақ, орташа көрсеткішпе +3 градус. Солтүстік желдерден Альпы алшақтап тұрған Париждің жазы құрғақ ыстық ал қысы жұмсақ және ылғал болып келеді.

Ал Ниццада жаздың орташа температурасы +24 градус ал қыстың орташа температурасы +8 градусты құрайды, климаты жұмсақ болғанменде Ниццада жауын шашын өте көп.