Францияның туризмді дамытудағы ауыл шаруашылығың флора мен фаунасының маңыздылығы

 

Франция әлемде 5-ші орында, оның үлесіне әлемдік өндірістің 3,1 пайызы келеді, Европада 1-ші орында. Дәнді дақлы, сыир еті, қант қызылшасы, май дақылдарынан ЕО-та бірінші орында, шарап, қант қызылшасы бойынша - әлемде екінші, сүт өндірісі бойынша – Еуропада екінші орында. Франция ауыл шаруашлықы өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етеді. – бидай, қант, шарап, май, сиыр еті мен құс еті ел қажеттілігінен аысп түседі.

Ауыл шаруашылық өндірісінің құрылысы өсідік шаруашылығы мен мал шаруашылығының әртүрлілігімен сипатталады. Ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлер:

- шабындық – 40%;

- азықтық дақылдары – 19,

- дәнді дақыл – 28,

- жүзімдіктер – 6,

- майлы дақылдар – 3,

- көкөніс-2 алады.

Дәнді дақылдардың барлық түрі өсіріледі (бидай – 40 млн т., жүгері – 15 млн т), бидайдың өінмділігі 75 ц/га, Нидерландыға ғана жол береді. Бидай өсіретін басты аудандар Солтүстік Француз ойпаты мен Фландрия.

Қара бидай – Орталық массивте, арпа – Эльзаста, Фландрияда және Францияның өзге де солтүстік аудандарында. Жүгері – елдің оңт батысында Пиреней алдында.

Күріш Рона өзені атырауында өсіріледі. Солтүстік Француз ойпатында негізінен қант қызылшасы өіріледі. (Пикардияда). Солтүстік және париж ауданыда зығыр, Эльзас және Фландрияда – хмель, Эльзас пен Орталық массивтің оңтүітс-батысында – табак өсіріледі. Бақ шаруашылғы да жақсы дамыған.

Алма Бретань мен Нормандияда; шие – Эльзас пен Лотарингияда; өрік- Лиманиде. Жерорта теңізінде бақтар өте көп. Прованста тауарлық гүлшаруашлығы дамыған. Франция – жүзім мен шараптың ірі өндірушісі. Жүзімдіктің басты аудандары – Лангедок – 40 пайыз; елдің оңтүітс батысы – 25 пайыз [3].

Жүзімдіктер гаронна, Дордони, Шарантының төменгі сағаларында өсіріледі, мұнда жғарғы сапалы шарап жасалынады. Шарантында Коньяк атты қала бар, мұнда коньяк фирмаларының көптеген офистері оранласқан.

Өзге де шарапқа маманданған аудандар – шампань (елдің солтүстік шығысы, мұнда атықты шампанское шығарылады, Бургундия, Рона және Луара аңғарлары.

Сүтті мал шаруашлығы Бртаньда, Нормандияда және луара жерінде дамыған. Агроөндірістік кешендегі сүтті өнімнің үлесі 19 пайызды, етті-21, дәнді-18, алкоголь өнімдері – 24 пайызды құрайды. Етті мал шарушылығы Орталық массивте, Бретан мен Лимузенде дамыған. Құс шаруашылығы да жақсы дамыған: Оратылқ Аквитанияда қаз, Вандеяда – үйрек, Брессте- тауық өсіру дамыған. Құс етін өндіру бойынша Франция Европада 1-ші орын алады. Балық шаруашылығы мұхиттық және жағалаулық деп бөлінеді.

Солтүстік теңізде сельд, ьреска, Франция жағлауында – сардины, анчоус, мерлан ауланады. Ірі балық аулау порттары – Конкарно, Гильвинек, марен және Аркашон. Көптеген өзендерде жасанды форель өсіріледі.

Франция аумағының 27% ормандар алып жатыр. Елдің солтүстігі мен батысында жаңғақ, қайың, емен, шырша және тығынды ағаш өседі, ал елдің жерорта теңізіндегі жағалауларында пальма ағаштары және цитрус ағаштары өседі.

Елдің таулы аймақтарында өсімдік әлемі кедей десекте болады, себебі климаты салқын және қарлы болып келеді, бұл жерде мүктер мен қыналар көп. Тау беткейлерінде орманды массивтер сақталған, бұл ормандар бұрың елдегі таулар мен елдін басым бөлігін алып жатқан.

Францияның типтік ағаштары олар: қарағай, балқарағай, майқарағай, шырша, талшын, шамшат және емен. Альпінің беткеиі ормандық шекарадан жоғары орналасқан ерекше аумақ.

Бұл жерде ағаштар жоқ бірақ аласа өсімдіктердің түрі 800 ге жетеді, олардың қатарына: эдельвейстер, орхидеялар, сарғалдақтар, цикламендер, альпілік раушан, горечавка тамыры және тағыда басқалары жатады.

Француздық жазықтықтардың басым бөлігі егістікке игерілген, бірақ жолдар мен каналдардың бойында қылқан жапырақты ағашатар отырғызылған.

Рона және Сона өзендерінің ортасында Домб атты батпақты аймақ орналасқан, бұл жердің өсімдік әлемі бай олардың ішіне: талдар, емен, терек, шаған және тағы басқа.

Францияның жерорта теңізінің жағалауларында ну ормандар жоқ, ал кішігірім бұталар жағалаудан алыс орналасқан, бұл жерде тек аласа бойлы ағаштар ғана өседі олар: майлық, тығылмалы емен, алепполық қарағай және агава ағашы.

Францияның фаунасы шаруашылықтың әсерінен өте кедейленіп кеткен, бірақ соған қарамастан көрші елдермен салыстырғанда Францияның фаунасы жақсырақ сақталған.

Бұл жерде орталық европалық, жерорта теңіздік және альпілік жанурлар кездеседі, әсіресе ұлттық парктер мен қорықтарда көп кездеседі.

Мысалы Батыс-Пиринеилық паркте аюлар мен серналар, Вануаз және Савойе ұлттық парктерін тау ешкілері мекендейді. Фауна өкілдерінің ішінде бұғы және түлкі ерекше көзге түседі.

Альпілік аудандарды елік мекендейді ал кейбір орманды жерлерінде жабайы қабандар бар.

Францияның фаунасы құстардың үлкен санымен ерекшеленеді, соның ішінде қыс түскенде оңтүстікке ұшантындарыда көп. Ал кесірткелер өте аз болып келеді, жыландардың тек бір ғана түрі Францияны мекендейді.

Жерорта теңіздің жағалауларында балықтың көпдеген түрлері мекендейді, олардың ішінде: майшабақ, камбала, тунец, сардина, скумбрия және күміс түсті хек.

Жыртқыштардан Францияны барсұқ, түлкі және кәмшат ал елдің оңтүстігінде геннетталар болады.

Егеуқұрықтылардан тиын және тышқан, ал оңтүстік аймақтарыңда жарғанаттар өте көп. Кейбір жерлерінде қояндарда сақталған. Ал Корсика аралының таулы аймақтарын муфлондар және жабайы қойлар мекендейді.

Францияның балықтары өте қатты таусылған. Өзендер мен көлдерде жасанды түрде өсірілген бахтахтар кездестіріледі.

Бискай шығанағыңда сардиналар, камбала, майшабақ жәнеде омарлар, асшаяндар және ұлуларды кездестіруге болады.

Атлант мұхитымен Ла – Мани бұғазы жағалауларындағы көптеген қалаларында балық шаруашылығы экономикасында үлкен рөл атқарады.

Балық аулаудың басты жерлері – Солтүстік теңізбен солт. Атлантика сулары. теңіз өнімдерінің көпшілігі экспортталады. Балық шаруашылығының басты порттары – Булонь Лорьянн және ла Рошель.