Сөйлеу тілінің анықтамасы

Түзету оқуының ең басты бағыттары.

1. Дыбыстарды дұрыс айтылуын дұрыс қалыптастыру.

2. Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру.

3. Сауат ашу оқуына дайындық.

4. Байланыстырып сөйлеуін дамыту.

 

 

Арнайы топтарда логопедиялық жұмысты ұйымдастыру

Ұсынылып отырған бағдарламадағы логопедиялық түзету жұмыс жүйесі арнайы топтарда күн тәртібін мұқият сақтап, жұмыс барысын жоспарлап орындауын талап етеді. Сонымен қатар тәрбиеші мен логопедтің міндеттерін анықтап ажырата отырып байланысты жұмыс жүргізуінің де маңызы зор.

Арнайы балабақшада, топтарда логопед сағат 9-дан 13-ке дейін қызмет істейді. Оның 3,5 сағаты дербес және қамтып оқуға пайдаланды,ал 30 минут құжаттарды толтыруға арналды. Арнайы топтарда танертеңгі уақытта 2 сабақ жүргізіледі. Сабақтың мөлшері 30-35 минут. Қамтып оқыту сабағынан кейін логопед шағын топпен немесе дербес сабақ жүргізеді. Шағын топқа ақаулары ұқсас 3-4 бала топталады. Топтың құрамы жыл бойында балалардың өзіндік ерекшеліктеріне және жетістіктеріне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Оқу жылының басында балалардың дыбыс айтудағы ақауларын түзету тұрақтандырылады. Машықтандыруға көп көіл бөлінеді. Дыбысты дұрыс айтуға қалыптастыру кезінде сөз қорын молайтуға, грамматикасын жнтілдіруге арналған жаттығулар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар логопед балалардың құсас дыбыстарды ажыратуына, сөзге дыбыстық талдау жасауына көп көңіл бөледі.

Тіл кемістігі күрдеті ренолалия, дизартрияның көмескі түрі және т.б бар балалармен шағын топтық сабақтармен қатар дербес сабақтарда жүргізіледі.

Тәрбиеші логопедпен бірге тіл дамыту және қойылған дыбыстарды бекітуге арналған сабақтарды жоспарлайды.

Логопед жүргізетін сабаққа тәрбиеші қатысып отырады. Өйткені ол сабақтың кейбір элементтерін балалармен кешкі жүргізілетін жұмыс барысында қолдану қажет. Тәрбиеші өтеізетін екінші сабақтан логопед 1-2 баланы кабинетке алып дербес сабақ жүргізеді.

Тәрбиеші түстен кейін сабақ кестес бойынша сабақ жүргізеді және күнделікті сағат 15-тен 15-30 минутка шейін логопедтің тапсырмасы бойынша шағын топпен немесе дербес сабақ жүргізеді.

 

Күн тәртібі

 

Ояну , жуыну, ертеңгі дене

шынықтыру жаттығулары. 7-30 8-30

Тамаққа дайындық, ертеңгі ас 8-30 8-55

1-сабақ (логопед жүргізеді) 9-00 9-30

2-сабақ (тәрбиеші жүргізеді) 9-40 10-10

Шағын топпен және дербес

Логопедиялық сабақ. 9-30 10-30

Серуенге дайындық, серуен,

Түскі асқа дайындық. 10-12

Түскі ас. 12-45 13-15

Күндізгі ұйқыға дайындық,

ұйқы 13-15 15-00

Ояту, логопедтің тапсырмасы

бойынша жүргізілетін сабақ

(тәрбиеші жүргізеді) 15-00 16-00

Сабырлы ойын, сәске асқа

Дайындық 16-00 16-15

Тәрбиеші сабақ жүргізеді 16-30 17-00

Серуенге дайындық. Серуен 17-00 18-15

Кешкі асқа дайындық. Кешкі ас 18-45 19-10

Сабырлы ойын, ұйқыға

дайындық 19-10 20-45

Түнгі ұйқы 20-45 7-30

 

 

Логопедтің құжаттары

 

Логопедиялық жұмыстардың нәтежесі оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады. Дұрыс ұйымдастыру дегеніміз уақытында балалардың сөйлеу қабілеттерін тексеру, сабақ кестесін тиімді құрастыру, балалармен жүргізілетін дербес және қамтып оқу сабақтарын жоспарлау, сол сабақтарды көрнекі құралдармен жабдықтау, тәрбиеші мен логопедтің бірлесіп жұмыс жүргізуі. Аталған жұмыс бағыттары логопедтің құжаттарында орын алады. Логопедте мынандай құжаттар болуы тиіс:

1. Сөйлеу картасы.

2. Қамтып шағынтоппен оқыту және шағын топпен оқыту сабақтарының жоспары.

3. Тәрбиешіге тапсырма дәптері.

4. Логопедтің күнделікті жұмыс жоспары.

5. Логопедтің жылдық жұмыс жоспары.

6. Баланың дербес дәптері.

 

 

Сөйлеу тілін тексеру

Балалардың сөйлеу тілін тексеруге логопед алғашқы екі жұманы арнайды. Сабақ жүргізу кезіндегі бақылау арқылы тексеру қорытындысы толықтырылып отырады. Тексеру қорытындысы бойынша әр балаға сөйлеу картасы толтырылады. Сөйлеу картасы төменгі үлгі бойынша толтырылады.

 

Сөйлеу тілінің анықтамасы

Баланың жалпы түсінігі.

Аты кім?______________________________________________

Жасың нешеде?________________________________________

Қайда тұрасың?________________________________________

Логикалық ойлау қабілеті:

а) ағаш қуыршақты жинау_______________________________

ә) кесілген суреттерді құрастыру_________________________

б) заттарды топтастыру__________________________________

в) 4-ші артық затты табу_________________________________

г) іс-қимылдардың кезегін анықтау________________________

Есептеу операциясы:

Тура-кері санау_________________________________________

Есеп шығару___________________________________________

Көп, аз ұғымдарын түсінуі________________________________

Заттың түрі, түсі, көлемі__________________________________

Геометриялық фигураларды ажырату________________________

Кеңістікте бағдарлауы_____________________________________

Уақытты айыра білу_______________________________________

Жыл мезгілдерін ажырату___________________________________

Жұмыс істеу қабілеті_______________________________________

Ынтасы__________________________________________________

Қорытынды.