Кезеңдегі сабақ жоспарының үлгісі (қыркүйек-қазан). Қамтып оқу сабағы аптасына 5 рет жүреді

Дыбыс Сабақ саны Дыбыстарды ажырату Сөзге дыбыстық талдау жасауға дайындық Әріптер Текшелермен, әріптермен оқу Тіл дамыту
А О У дыбысын басқа дыбыстардан ажырату Дауысты дыбыстарды сөз басынан бөліп айту. У А Жазу Жайылма сөйлем
У А А О А - - « - - Ау сияқты буындарды талдау О Жазу Құрастыру
Ы А У Ә И   Ә дыбысын басқа дыбыстардан ажырату п-п Әу тіркесін талдау. Ауә-ауа- Ан-әуе- Ы У П Жазу Бақылаған іс-қимылдарды әңгімелеп беру.
  Т Т-д-к Дауыссыз дыбысты сөздің басынан соңына бөліп айту. Т Ап сияқты буындарды текшелермен белгілеу, өзгерту, жазу, оқу Құрмалас сөйлемдерді құрастыру
  Қ Қ-Қ И Қ-қ-х и дыбысын басқа дыбыстан ажырату Ат От Оқ Қ И Жазу Шағын әңгімелерді жаттату
  М М Л А У И   М-н М-м Л-л Л-и Ін Ұл М Ал сияқты буынды текшелермен белгілеу, өзгерту, оқу м іріпін жазу. Суреттер бойынша жайылма сөйлем құрастыру.
  О И И И   О-а-у-ө Ң-н-н-м Н-н Л-и Дауысты дыбыстан кейінгі дауысты дыбысты ажырату. Мо сияқты буынын талдау. О А М о сияқты буынды текшелермен белгілеу, өзгерту, оқу Жеке сөздерден сөйлем құрастыр.
  О О-О Ы - О-о-у Ы-и-і Ма, мы сияқты буынды талдау Ы Жазу Сөйлемді мазмұнына қарай аяқтау.
  С С Логопедтің қалауы бойынша дыбыстар   С-с-з С-с-с-з- Дағдаларымен бірліктерін машықтандыру Нан,тас сөздерді буынға бөлу, жолақшалармен белгілеу. С   Ашық буындардысан, нан сияқты сөздерді оқу. Сұраққа жауап беру арқылы сөйлем құрау

 

Түрлі түсті шекемтастармен (фишка) және әріптерден «Ат», «Ит» кері буындарын жасап, оларды жазып және оқи білу.

«Та», «Му», «Ми», «Си» буындарын шекемтастардан және әріптерден құрастырып, дауысты дыбысты бағытқа ала отырып, қосып оқи білу.

Буындарды қайта құру. Буындарды оқу.

«Тас», «Қыс» түріндегі сөздерді қиынды әліппенің әріптерімен құрап оқи білу.

Терминдерді біртіндеп меңгеру.

Дыбыс, әріп, буын, дауысты дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс.

А дыбысы. 1-кезең.

Сабақтың мақсаты: А дыбысының артикуляциясын анықтау, дыбысты дұрыс айту «а» дыбысын басқа дауысты дыбыстардан ажырату, сөз басынан бөліп айту, «а» әріпімен танысыру.

Керекті көрнекі құралдар: суреттер, ұсақ ойыншықтар, кепе қағаз, әліппе, айна.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Логопед: Балалар дұрыстап тыныш тұрыңдар, алдымен аты аталған балалар ғана отырады. Ақырын дауыспен логопед балаларға бұйрық береді. Айша, отыр. Самат, отыр. Айдос, бірінші қатарға отыр және т.б.

II.Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Логопед: «Бүгін біз «а» дыбысын дұрыс айтуға үйреніп «а» әріпімен танысамыз».

III.А дыбысын дұрыс айту.

1. Балалар «а» дыбысын сыбырлап, жай дыбыстап айтады. Айнаға қарап дыбыстың артикуляциясын анықтайды. Дауысты дыбыс екенін оны созып айтуға болатынын біледі.

2. Сонан соң ашық, жабық буындарды айтуға жаттығады, ап,ат,на, ма және т.б.

IV.А дыбысын басқа дауысты дыбыстар қатарынан естіп ажырату ( ойын түрінде жүргізуге болады). Логопед дауысты дыбыстарды айтады: балалар «а» дыбысын естігенде не қолын көтеру керек, не жалаушаны көтеру керек немесе жүріп келе жатып тоқтау керек. Дыбыстарды айтқанда логопед аузын экранмен жауып тұру керек.

V.Л дыбыстары бар сөздерді айту.

А дыбысын сөз басынансөз басынан бөліп айту.

1.Логопед адамның суретін көрсетеді. Балаалр, менің қалай айтқанымды тыңдаңдар. А-а-алма (бірінші дыбысты ұзақ созып айтады). Бұл сөзде 1-дыбыс а. Бұл сөзді бәріміз бірге айтайық. Осылайша ат, асық, Арман сияқты сөздер аталады. Содан соң балалардың өздері бірінші дыбысты бөліп айтуға жаттығады.

2.«А» дыбысы сөз ортасында келетін сөздерді айту (мал, қант, қасық және т.б.)

VI.А әріпімен таныстыру.

Әр балаға кеспе әліппе әріптері беріледі. Логопед «а» дыбысын алып көрсетеді, мынау «а» дыбысының әріп таңбасы. Әріпті көзбен көреміз, оқимыз, дыбыстап айтамыз және жазамыз. Дыбысты біз естиміз, айтамыз. Енді «а» әріпін көп әріптің ішінен кім тауып көрсетеді?-деп сұрайды. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен, дауыссызды көк, жасыл текшелермен белгілейміз.

VII.Балалардың зейінін дамытуға арналған ойын. Логопед «а» дыбысына бірнеше сөздер айтады. Балалар сол ретпен суреттерді көрсету керек (алма, қасық, алмұрт, лақ).

VIII.Сабақты қорытындылау.