Жер таппан жерде жетер Жетісуым

Алдыға қойған жоспарлар өте биік. Ілияс атамыздың есімі Талдықорған қаласының әр жерінде ойып тұрып орын алған десек артық айтпаймыз. Оған дәлел өте көп. Келесі қаламыздың көркі болып тұрған орталықта орналасқан Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы. Алғаш 1962 жылы бой көтерген бұл ғимарат 1965 жылы ақынның 70 жасқа толуына орай Ілияс Жансүгіров мәдениет сарайы деп аталған. 2002 жылы Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болуына орай қалалық Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайына айналды. Алматы облыстық әкімдігіне қарама-қарсы салынған мәдениет үйі Талдықорған қаласындағы әсем де көркем ғимараттардың бірі. Екі мекеменің арасындағы орталық алаң- қала тұрғындары мен қонақтарының демалуына, серуендеуіне, мерекелік шерулер мен мәдени іс-шаралар өткізуге арналған бірден-бір қолайлы тамаша алаң. Сондай – ақ, бұрын Кирова атауымен аталған көше біз тәуелсіз ел болып шаңырақ көтергелі бері Ілияс атамыздың есімімен аталып жүр. Бұған тағы бір түрткі болған жайт сол көшенің дәл ортасында ақынның атымен аталған университеттің болуынан.

Келесі кезекте ақынның шығармашылығымен танысу үшін Талдықорған қаласындағы Ілиястың есімімен аталған мұражайға бас сұққан болатынбыз. Кіргеннен қазақтың қонақжайлылығын көрсетіп қарсы алған ұжымның ықыласы Құлагер жазышыны тану үшін келген әр адам үшін ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз. Ең алғаш ғимараттың негізі 1905-1907 жылы қаланған көрінеді. Кейін 1918 жылы осы үйде қызыл гвардияшы отряды , 1919 жылы облыстық «Қосшы» одағының бөлімі орналасқан. Ілияс Жансүгіров 1920-1923 аралығында осы ұйымның белді мүшесі ретінде танылғандықтан, табаны тиген қара шаңырақ екені есеріліп, 1984 жылы ақиық ақынның 90 жылдығына орай ақсақалдардың өтінішімен «Ілияс Жансүгіровтің әдеби музейі» болып ашылған. Толығырақ мәлімет алу үшін біз мұражайдың меңгерушісі Жауынбаева Нұргүл Қызырбекқызымен тілдескен едік. Мұражай 6 бөлмеден: Ілиястың туып өскен ортасы; Ақынның азаматтық тұлғасының қалыптасу жолы; Ақынның жұмыс бөлмесі; Ілияс Жансүгіровтың айыпталуы, ақталуы: ақынның басты шығармалары, поэмалары ; Ақын творчествасын жалғастырушы ізбасарлары сынды жеке-жеке бөлмелерден тұрады. Мұражайда жалпы 6000 – нан астам қор бар. Солардың арасындағы ең құндысы «Күй» поэмасына арқау болған Молықбай атамыздың қобызы дейді мұражай меңгерушісі. Бұл қобыздың негізгі ерекшелігі заманауи техникамен жабдықталғандықтан қазіргі таңда қобыздың үні шығады. Ол дегеніміз келген әр тамашалаушы экспонаттарды көрумен қатар, қобыздың үнін де ұйып тыңдауға мүмкіндік алады. Және мәжіліс залында қабырғаларға ілінге Ілияс Жансүгіровтің портреттерін атауға болады. Бұлар ақынның 70-80-90 жылдығына арналған тарту сыйлар көрнеді. Мысалға, Қызылордалықтар сыйға тартқан таза күріштен жасалған ақын бейнесі көзге бірден түседі. Мұражайдың жаңалықтары да аз емес. Жақында ғана жазушының «Құлагер» поэмасы неміс тілінде жарық көріпті. Қазақстан- Гёте институтының қолдауымен Германия баспасында басылып шығарылған. Оны тәржімалаған Герт Хайденрайх деген неміс жазушысы екен. Ол аударма қазіргі таңда мұражай қорында сақтаулы. Талдықорған қаласындағы Ілияс шаңырағында болып қайтқан қарт жазушымен сұхбаттасқан ұйым мүшелері таңқалғандарын жасырмайды. Қайраткер ақынның бізге айтып қуантқаны мына жаңалық: германия қаласында аптасына 2 рет «Құлагер» поэмасының неміс тіліне аударылған нұсқасы радио желісінде неміс тыңдармандарына жол тартады екен. Және жазушы «Мен Құлагерді қазақтардан қызғанамын » деп айтыпты сөз соңында. Бұл дегеніміз біздің асыл тұлғаларымызды қазақтар ғана емес әлем мойындағандығының тағы бір дәлелі.

Иә, Ілияс Жансүгіров не бары 44 жыл өмірінің 20 –дан астам жылын шығармалыққа арнаған жан. Ол аз уақыттың ішінде артында өшпес із қалдырды. Талайды жылатқан, мұңайтқан, ойландырған Құлагерді қалдырды. Адам өмірінің ғұмырын өлеңімен әрледі, өз заманын кейінгі ұрпақтың көруіне мүмкіншілік берді. Кейінгі ұрапағына ұмытпастай мұра сыйлады. Мақтасаң сөзің де жетппейді, жеткізе де алмайсың. Жоғары да айтып өткендей, тек қазақ халқы ғана емес ақын жазушыларымызды әлем мойындауда. Бұл дегеніміз қазақ елінің атар таңы мен бағындырар белестері әлі де алда деп есептейміз...