Көмектесу үшін не істеуге болады?

1. Суицидтен құтқару тек достарының қамқоры мен қатысуынан ғана тұрмайды, сонымен бірге төнген қауіптің белгілерін тез арада аңғара білуге де байланысты. Сіздің сол қауіп туралы біліміңіз, ақпаратты меңгеруге деген ұмтылысыңыз біреудің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.

Болатын қауіптің белгілерін іздеңіз: өзіне-өзі қол салуға әрекеттенген суицидтік қорқытулар, депрессиялар, жүріс-тұрысындағы немесе мінез-құлқындағы айырықша өзгерістер, сонымен қатар ақырғы тілек-талаптарын білдіруге әзірлену. Шарасыздық пен үміті үзілгендіктің көрініс беруін бірден байқап, жалғыздыққа ұшырап, оқшауланып қалған адам емес пе екенін анықтау керек.

2. Өзіне-өзі қол жұмсау сияқты маңызды мәселені жан-жақты қарастырып, шеше алатын жауап табу қиын. Бірақ егер сіз өмірден түңілген адамды түсіне біліп, оның жанын ұғына білуге тырыссаңыз, үлкен қадам жасағаныңыз. Әрі қарайғы жағдай сіздің өзара қарым-қатынасыңыздың сапасына байланысты болады. Оны тек сөзбен ғана емес, сонымен бірге вербальді емес эмпатиямен де білдіруге болады; мұндай жағдайда ақыл үйрету емес, қолдау көрсете білу тиімдірек болады.

3. Суицидке баратын адамдар әсіресе қатты оқшаулану сезіміне берілгіш болады. Соған байланысты олар сіздің ақыл-кеңестеріңізді қабылдауға құлықтары болмайды. Олар көбінесе өздерінің жан жарасын, уайымдарын талқылауды қажет етеді, яғни «Менде өмір сүруге тұрарлықтай ештеңе жоқ» деген сияқты сөздерімен жеткізеді. Егер адам депрессияға ұшыраған болса, онда онымен әңгімелескеннен гөрі оған өзі туралы көбірек айтқызған дұрыс болады. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.

4. Суицидке бет алған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі», - деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз.

Суицидтің алдын алудың маңызды міндеттерінің бірі көмек беру үшін психикалық дискомфорттың бастауын анықтау болып табылады. Бұл қиын болуы мүмкін, өйткені суицидтің «азық алатын ортасы» құпиялылық екені белгілі. Өзін-өзі өлтіруге оқталған адамды өзінің проблемасын өзі електен өткізіп және оны қиындатып тұрған не екенін нақтырақ анықтауына итермелеу керек.

5. Өзін-өзі құртуға бейім депрессивті адамдармен жұмыс ауқымды және жауапты болып табылады. Психотерапевтер олар не айтатынына және не сезетініне назарды жұмылдыру өте құнды болып келетіні туралы тұжырымға баяғыда келген. Мазалайтын жасырын ойлар сыртқа шыққанда басқа түскен бәле сондай қорқынышты емес, тіпті шешуге тұрарлықтай болып көрінуі әбден мүмкін. Қандай да бір үміттену де пайда болады.

6. Кризистік жағдай шешілгенге шейін немесе көмек келгенге дейін оның жанында барынша ұзақ қалуға тырысыңыз немесе біреуге тапсырыңыз. Мүмкін жедел жәрдем стансасына қоңырау шалу керек болар немесе емханаға хабарласу керек. Есіңізде болсын, қолдау көрсету сізге белгілі бір жауапкершілік артады.

Ата-аналарға кенес!

Өмірде бәрін мінсіз ету мүмкін емес.

Өзіңіз қабілеттілігіңіз мол жұмыстарды ғана мінсіз орындаңыз,ал қалғаны-адал ниетпен,сапалы түрде істеңіз.

Басқаларға да өз қалпын сақтауды рұқсат етіңіз.

Өз сүйікті адамыңызды апа, іні, құрбыңызды түзетемін деп қиналмай-ақ әр кімнің өз даралығына құқығы бар.

Барлығынан артық,жақсы болу әрдайым мүмкін емес.

Бір нәрсе қолыңыздан келмей қалса, онда тұрған не бар.

Өз қамалыңыздан шығыңыз!

Көп адамдар оларды басқалар бағаламайды деп ойлайды,бірақ өздері сол уақытта ішінен жабылып,ешкімге ашылмай жүретініне назар аудармайды.

Кейде қателіктерге де жол берілуі керек. Сіз де тірі жансыз, жаңыла аласыз және бір рет жол бергеннен жаман болмайсыз.

Басқалар үшін жақсылықты аямаңыз. Біреу қиындыққа ұшырап қалса оған көмектесіп көріңіз. Барлығы бірден бола қоймайды! Жүйкесі шаршаған адамдар қандай да болмасын істі күрделі деп санап,оны бітіру үшін көп күш жұмсайды.Кішігірім мәселелерге назар аудармай, ең маңыздысынан бастаңыз. Ал ұсақ-түйекке жеткен кезде олар сізге соншалықты жеңіл көрінеді.Суицидке бет алған адамға: «Ойлан,сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі»,-деп айтқанша,оның ойына мүмуін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін,мейлі ол уайым,қайғы,кінә,қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз,оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.

Бүкіл дүниежүзі көтерген мәселе өз-өзіне қол жұмсау. Әсіресе,жасөспірімдер, кәмелетке толмағандар арсасында. Бұндай жағдайда бір ғана адамның бақылауымен ештене шықпауы мүмкін ,бұл мәселеде қоғам болып ат салысуымыз керек.Оның әртүрлі себептері болуы мүмкін.Бұл үшін педагог-психолог мамандарды көбейту керек. Егер педагог-психолог мамандарын көбейтіп, әр бағыт бойынша бөлсе, балаларды қадағалау жеңілірек болар еді. Өз-өзіне қол жұмсау бойынша әртүрлі семинарлар жүргізіледі, бірақ педагог-психолог мамандарға арнайы әдістемелік құрал осы кезге дейін болған жоқ.

Енді тек бір үміт күтіп отырғанымыз – Біріккен Ұлттар Үйымы Балалар қоры мен ҚР Үкіметі қолға алып отырған бірлескен бағдарламалар. Бұл Қызылорда обылысында жүзеге асып жақсы нәтиже көрсетті. Енді Маңғыстау облысында өтпек.

Біріккен ұлттар Ұйымы Балалар қоры мен Қазақстан Үкіметі Қызылорда Маңғыстау обылыстарындағы бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруда. Бұл БҰҰ-ның көтерген мәселесі болғандықтан,Қазақстан бойынша зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде Қызылорда қаласында жасөспірімдер бойынша өз-өзіне қол жұмсау бірінші орында тұрған. Одан кейін Маңғыстау облысы тұр. Бұл бағдарлама Қызылорда қаласында өтіп, нәтижелі болып өтті.Оған санаулы педагог-психологтар қатысады. Осы семинар арқылы педагог-психологтар мектептегі мұғалімдерден бастап,күзетшіге дейін арнайы оқытады. Бұрын мектепте тек психологтар балаларға жауапты болса,енді балаларға мектептегі барлық қызметкерлер жауапты болмақ.

Қай жағынан қарасақ та бұл – қате шешім өткінші стресс. Дін жағынан қарасақ та, Алланың берген өміріне мүлік сияқты қарауға болмайды.Алла тағала дене бітімді қандай әдемі, тап-таза етіп жаратса,солай аманатқа қиянат жасауға болмайды.

Жалпы, суицидті дер кезінде танып, осындай теріс жайттардың алдын алу үшін жан-жақты ақпарат беру, түсіндіру, мәселенің мәніне бойлау, талдау, сараптама жасау қажеттігі сөзсіз. Осы тұрғыда «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қоры суицидтің алдын алу бағытында өткізген дәрістері мен семинарлары барысында оларға қатысқан оқушылар мен студенттер арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – жастардың өмірге көзқарасы, айналасымен қарым-қатынасы, бос уақыттарын қалай өткізетіні жайлы ақпарат алу арқылы осы ортадағы әлеуметтік ахуал жөнінде тұжырым жасау, оған назар аудару.

Сауалнамаға қатысушылардың негізгі жасы – 15-25 жас, ал басым көпшілігі – 67%-ы қыздар болып шықты.

«Бос уақытта немен айналысасыз?» деген сұрақтың жауабын диаграмма түрінде көрсетуге болады.

Яғни, жастардың 65%-ы бос уақытын әлеуметтік желілерде өткізеді. Бұл күнделікті қарым-қатынасты әлеуметтік желілер алмастырады деген сөз. Сауалнамаға қатысқан студент жастардың көпшілігі негізінен ата-анасының қамқорлығындағы жаста екенін ескерсек, бос уақытты өткізудің мұндай формасы мінез-құлықтың барлық түрінен, көзқарастарынан, ұстанымдарынан көрініс табады, осыдан барып ата-анамен қарым-қатынас күрделенеді десек қателеспейміз. Ал, демалыс сәттерінде теледидар көретіндер – 15%. Кітап оқитындардың 13%-ды құрағанына қарап, осының өзіне қуану керек сияқты. Бірақ, спортпен айналысатындар, өкінішке орай тым аз болып шықты (7%).

Келесі «Қиын жағдайға тап болсаңыз кімнен ақыл-кеңес сұрайсыз?» деген сұрақ бойынша сұрау салынғандардың жауаптары жастардың өмірге деген көзқарастары туралы жалпы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сауалнама деректерінен көрініп тұрғандай, адамға шын көмек керек кезде, ата-анасынан ақыл сұрайтындар – 49%, достарының пікіріне жүгінетіндер – 24%. Қалған 26%-ы өз проблемасын өзі шешетіні көрініп тұр.

Жастар ерекше қабылдағыш, әсерленгіш және жоғары әлеуметтік тұрғыда жылдам бейімделгіш болғандықтан, жаңа құндылықтардың пайда болуы мен бұрыңғыларынан бас тартуы қоғамның басқа таптарына қарағанда, бұл өтпелі әлеуметтік топқа қатты әсер етеді. Қазіргі жастарға кез келген жолмен баю ма, әлде жаңа жағдайларға бейімделу қабілетін беретін жоғары біліктілікті игеру ме, бұрынғы моральдық-адамгершілік ережелерден бас тарту ма, әлде жаңа шынайылыққа бейімделу икемділігі ме, тұлға аралық қарым-қатынастардың шексіз еркіндігі ме, әлде табысты өмір сүрудің түрткісі болатын отбасын таңдау ма – олар үшін қайсысы құндырақ екендігін өздерінің шешуіне тура келеді.

Өмірді мағыналы өткізудің жолдары туралы сұраққа берілген жауаптар негізінен оң үрдісті көрсетті. Жастардың 95%-ы өз өмірін шығармашылық бағытта, жаңа нәрселерді үйренумен өткізуді қалайды.