Репо операциялары нарығының индикаторлары

TONIA (TengeOverNight Index Average) және TWINA (Tenge Week Index Average) – "автоматты" репо нарығында қазақстандық теңгемен репо операциясының ашылу мәмілесі бойынша орташа сараланған пайыздық мөлшерлемесі. Бұл ретте, TONIA индикаторы "овернайт" репо бойынша, ал TWINA – жеті күндік репо бойынша ақша құнын көрсетеді. Репо операциясының заты ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары қолданылады. Индикаторлар нақты уақыт тәртіптемесінде МБҚ-мен "автоматты" репоның әр ашылу мәмілесі жасалғаннан кейін есептеліп отырады.

Банкаралық депозиттер нарығының индикаторлары

KazPrime – Қазақстан үшін ең үздік несиелік сападағы банктер арасындағы үш айлық банкаралық депозиттердегі қазақстандық теңгені орналастырудың пайыздық мөлшерлемелерін көрсететін, индикатор. Индикаторды тиянақтау Алматы уақытымен сағат 11:30-да іске асырылады, және осыдан кейін 30 минут бойы индикаторды қалыптарстыру туралы келісімге қатысушының әрқайсысы өз баға белгілеулері бойынша келісімнің басқа қатысушысы тарапынан тиісті сұраным болса мәміле жасауға міндетті болады.

KazPrime индикаторынан басқа банкаралық депозиттер нарығы KIBOR, KIBID, KIMEAN индикаторларымен сипатталады:

· KIBOR – орналастыру мөлшерлемелері бойынша қазақстандық теңгемен орташа мәні;

· KIBID – қазақстандық теңгені тарту мөлшерлемелері бойынша орташа мәні;

· KIMEAN – орналастыру және тарту мөлшерлемелері арасындағы орташа мәні.

Осы индикаторлардың тиянақталуы Биржамен Алматы уақытымен сағат 16:00-де іске асырылады. В отличие от KazPrime индикаторымен салыстырғанда, осы индикаторды есептеуде қолданылатын баға бюелгілеулер индикативті болып табылып, банктерді олар бойынша мәміле жасауға міндеттемейді.

2011 жылдың 30 қарашасында индекстердің әлемдегі жетекші жеткізушісі Dow Jones Indexes және FEAS, бағасы еуро-азиялық қор биржаларында белгіленетін,алғашқы "көгілдір фишка" индексін іске қосты, – тең сараланған Dow Jones FEAS Titans 50 индексі. Осы индексте Қазақстан Республикасын "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ, "Қазкоммерцбанк" АҚ және "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өкілдеді, олардың 2011 жылдың тазыз айының басында индекс корзинасында тиісінше 2,07 %, 1,85 % және 1,91 % құрады. Индекс тең сараланған болғандықтан, әр акцияның салмағы екі пайызбен шектелді, қазақстандық акциялардың индекстегі жалпы үлесі 6 % жуық болды. Осы акциялар KASE Индексінің өкілетті тізіміне, сондай-ақ Dow Jones FEAS Benchmark және S&P Kazakhstan BMI индекстер тізіміне енгізілген.

2011 жылдың желтоқсан айында KASE Standard & Poor’s Financial Services LLC ("S&P") Исламдық Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің биржалары арасындағы келісімге қосылды. Келісім шегінде S&P Исламдық Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің құрамына кіретін елдер биржаларының нарықтарында саудаланатын, 50 өтімді акцияларынан тұратын индексті нақты уақыт тәртібінде есептеуді, лицензиялауды және таратуды көздеді.

KASE ақпараты

KASE Биржаның өзімен генерацияланатын, сондай-ақ оның серіктестері (листингілік компаниялар, Биржа мүшелері және т.б.) ұсынатын ақпаратты таратады. Биржалық ақпаратты шартты түрде келесідей бөлуге болады:

· биржалық сауда-саттықтар туралы мәліметтер;

· биржалық индекстер мен индикаторлар туралы ақпараттар;

· бағалы қағаздары KASE айналысына жіберілген эмитенттердің құжаттары, сондай-ақ олар туралы басқа да елеулі ақпараттар;

· KASE мүшелігі және мүшелері туралы ақпараттар;

· KASE ресми тізіміне енгізілген, қаржы құралдары туралы мәліметтер;

· биржалық нарықты мемлекет тарапынан реттеуге қатысты нормативтік база, сондай-ақ KASE ішкі құжаттары;

· қор нарығының және KASE өз жаңалықтары.

KASE ақпаратын таратудың негізгі амалы Биржаның www.kase.kz интернет-сайтында орналастыру болып табылады. Осы кезде ресурс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет етеді. KASE сайты, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған қор нарығы туралы ең ірі ақпарат көзі және барлық листингілік компаниялардың қызметі туралы ақпараттарды ашуға арналған жэалғыз ресурс болып табылады. Сайт, еркін рұқсаттамада, соңғы 13 жылдағы жаңалықтарының мұрағатын қамтиды, сондай-ақ пайдаланушыларға KASE нақты уақыт тәртіптемесінде, 15 минуттық кідіріспен және сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша сауда-саттық ақпаратына қолжеткізерлік.

Бұдан басқа, Биржа сауда-саттық ақпаратты нақты уақыт тәртіптемесінде ұсынылады:

· KASE сауда-саттық жүйесінің терминалдары арқылы;

· Екінші қатардағы ақпарат таратушыларына, соның ішінде Thomson Reuters және Bloomberg, мәліметтерді FIX-хаттамасы арқылы;

· Мүдделі тұлғалармен келісілген форматта, хаттамаларда және келісілген байланыс арналары арқылы мекен-жайлық тарату арқылы.