Суицидтік қауіпті топ.

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу

Неге бұл тақырыпты таңдадым?

Бұл тақырыпты таңдау себебім-қазіргі таңда жассөспірімдер арасындағы суицид өте көп тараған және Қазақстан дүние жүзі бойынша үшінші орында тұр, және жыл өткен сайын жасөспірімдер арасындағы суицид қарқын белең алуда. Бұл тақырыпты таңдау себебім: жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткішінің неліктен жыл өткен сайын қарқындап жатқанын анықтау.

Зерттеудің өзектілігі:

Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады.
Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған.

 

Зерттеудің мақсаты:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша (ДДҰ) 2012 жылы бүкіл әлем бойынша шамамен 804 000 адам өзіне өзі қол жұмсаған. Өз өзіне қол жұмсау 15-29 жас аралығындағы жастардың мезгілсіз қайтыс болуының екінші негізгі себебі болып табылады.

Барлық өзіне өзі қол жұмсау жағдайларын бағалау барысында, бұл құбылыстың экономикалық кірісі төмен және орта деңгейдегі елдерде орын алатындығы анықталған. Дегенмен, өзіне-өзі қол жұмсаудың айналасында қалыптасқан стигманы (таңбаны) ескере отырып, оның таралуы туралы нақты деректерді алу өте қиын. Шын мәнінде, бұл сандар статистика мәліметтері көрсеткеннен де жоғары, өйткені, көптеген өзін-өзі өлтіру жағдайлары жасырылып, басқа себептермен қайтыс болғандай көрсетіледі, мысалы жол-көлік оқиғалары немесе кездейсоқ улану сияқты.

Мақсатым жасөспірімдің қоғам мен отбасында маңызды рөл алатынын санасына сіңіру.Қиын жағдайға тап болған жасөспірімдерге психологиялық,педагогикалық,ата-анасының тарапынан дер кезінде қолдау көрсетіп,суицидтің алдын алу.Мектеп жасындағы жасөспірімдермен сынып жетекшісі,пән мұғалімдері,психологтар бірлесе жұмыс жасап,түрлі психологиялық тренингтер өткізіп,профилактикалық анкеталар,тест алып,нәтижесінде анықталған психологиялық ауытқушылығы бар оқушылармен дер кезінде жұмыс жасап,жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу.Ата-аналар бала тәрбиесіне бей-жай қарамай,жеткілікті уақыт бөліп,баласының жан-дүниесіне үңіліп,дұрыс тәрбие беру.Осы аталған іс-әрекеттерді алдағы уақытта мүлтіксіз орындалып,жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алып,дүниежүзі бойынша жасөпірімдер арасындағы суицидтік көрсеткіші бойынша еліміз төменгі көрсеткіш көрсетуін жүзеге асыру.

Зерттеудің міндеті

-Әдебиеттер оқу;

-Әдіс таңдау,сипаттама беру;

-Зерттеу жүргізу объектісі

-Анализдеу

-Зерттеу қорытындысы

-Ақпарат көздері

Теориялық негіздеме:

Теориялық негізі:

Жоспар:

Кіріспе

Суицид туралы жалпы түсінік

Негізгі бөлім

І. Суицид алдындағы синдром

II. Суицидалдық әрекетке әсер етуші факторлар

III. Эмоционалдық бұзылыстың көріністері:

IV. Жасөспірімдер арасында суицидтік әрекетті болдырмау

V.Статистикалық мәліметтер

 

Орытынды

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алудағы мейірбикенің рөлі

Суицид (өзін өзі өлтіру)- проблеманы шешуден қашу,біздің өміріміздің әралуандығын құрайтын жаза және абыройсыздық,қорлау және үмітсіздік,түңілуден,қазадан, көңілі қалғандықтан,өзіне өзі құрметі жоғалғандықтан өмірімен қош айтысу.

Бүкіл дүние жузі көтерген мәселе өз-өзіне қол жумсау әсіресе жас өспірімдер кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсау-философиялық (өмірдің мәнін жоғалту),психологиялық(психологиялық теріс бейімделу,фрустрация),әлеуметтік(әлеуметтік жағынан өз орнын таппау,қанағаттанбау сезімі,әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б), медициналық (күрделі ауру,психикасының бұзылуы), адамгершіліктік және құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен.Ал енді халықаралық анықтама қызметінің дерегіне жүгінсек, 1950 жылдан бергі кезеңде суицид оқиғасы 60 пайызға өсіпті. Міне,осы дерек-дәйектердің өзі соңғы уақытта суицид оқиғасының дүниежүзінің түпкір-түпкірінде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткенін байқатса керек.

Аталмыш мәселенің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны мәлім. Жасөспірімдік шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау,айналадағылармен тіл табыспау, психологияның толық қалыптаспағандығы, міне,осы және т.б себептерден өскелең ұрпақ арасында суицид мәселесі артып отыр.

Суицидтің алдын алу үшін ата-аналар,мұғалімдер,психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар,бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқару керек.Яғни ең алдымен алдын алу жұмыстары жасалу қажет: жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәрістер,әңгімелесулер ,сұхбаттасула,кеңес беру,сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс.Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады,сонымен қатар психикалық ауырулармен,көңіл күй бұзылыстарымен,әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.

Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталған:тұтастай алғанда көп жағдайларды жасөспірімдер ата-аналарының,мұғалімдердің назарын өз мәселерлеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы,парықсыздық,арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық,жаны жараланғыш,жалғыздық сезімнен,өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек,мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді...

Суицидтік қауіпті топ.

*Жастар: өз ара қарым-қатынас түрі бұзылғандар, «жалғыздыққа» ұшырағандар,күш көрсетуді әдет қылған девианттық немесе қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін ішімдік немесе есірткі қолданатындар;

*Өзін тым қатты сынауға алатындар;

*Жеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар;

*Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер «Үздік» синдром;

*Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар;

*Өзін өлтіру жайлы әңгімелер (мысалы,«мен оданда өзімді өлтіремін»);

*Осы тақырыпқа дауыстап қиялдану;

* «Менің ешкімге керегім жоқ»,«бәрібір мені ешкім сағынбайды» деген тақырыптармен мазаны алуы;

*Өнер немесе әдебиеттегі өлім мотивтеріне ден қоюы;

*Өзіне ең қымбат деген заттарды таратып беруі;

 

Жыл мезгілі

Өзіне-өзі қол жұмсау көбінесе көктемде, яғни адамның бас қайғысы табиғаттың гүлденуімен сәйкеспеген мезгілде, болады. Қыстың күңгір бояуы қандай да бір шамада ішкі жан дүниесінің күйзелісімен үйлесімін табады, ал керісінше көктемнің шуақты күндеріне сәйкес келмей қарама-қайшылық туындайды.

Суицид алдындағы синдром:Суицидтке баруға әрекеттенгенін білдіретін кешенді психологиялық белгілер, яғни ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше аптаға немесе айларға дейінгі уақытты қамтитын суицидтік қарқынды мерзім. Қиын жағдаяттарда суицидтік әрекетке бейімі бар жағдайда ересек жасөспірімдер мен үлкендерде жиірек байқалады.

Өзіне-өзі қол жұмсауға оқталған балалар көбінесе ата-ана назарына және қамқорына зәру, 75% олардың ата-аналары ажырасқан немесе бөлек тұрады, көбіне балалар интернаттарда немесе асырап алған ата-аналарымен тұрады.