Інжугүл гликозидтері және Комбе строфанты гликозидтері

Інжугүл гликозидтері Комбе строфанты гликозидтеріКонвалязид К-строфантозид(- глюкоза) (- β - глюкоза) ↓ ↓Конвалятоксин К-строфантозид – β(- рамноза) (- α – глюкоза) ↓ ↓Строфантидин К-строфантин – α (цимарин) (- рамноза) ↓ Строфантидин

Терапевтік дозалардағы жүрек гликозидтерінің фармакодинамикасы

Жүрекке əсері

Жүрек гликозидтері:

оң мəнді – инотропты, тонотропты,

теріс мəнді – хронотропты жəне дромотропты əсерлер көрсетеді.

Оң мəнді инотропты (кардиотониялық, систолалық əсерлері)

Жүрек гликозидтері жүрек жеткіліксіздігінде оң инотропты (грекше is-ілік септігі, inos-тапшық, бұлшықет, tropos-бағыт) əсер көрсетеді, сонымен бірге сау жүректің жиырылуын күшейтеді. Денсаулығы қалыпты адамдарда жүрек гликозидтері миокардтың жиырылу қызметін күшейтумен қатар брадикардияға жəне шеттік артериялардың спазмына алып келеді, сондықтан қанның минуттық мөлшері төмендейді, ал жүрек қызметінің күшеюі жоғарғы тамыр қарсылығын жеңуге бағытталады жəне мүшелердегі қан ағысының жақсаруымен қатар жүрмейді. Жүрек жеткіліксіздігіне жүрек гликозидтері күшейген симпатикалық тонусты төмендете отырып, катехоламиндердің жіне ангиотензин ІІ-нің шамадан тыс түзілуін азайтады, жүректің жиырылу жиілігін қалпына келтіреді, артериялардың кеңеюіне жəне олардың қарсылығының азаюына мүмкіндік береді. Нəтижесінде декомпенсацияланған миокардтың жиырылуының күшеюі мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Жүрек гликозидтерінің əсерімен систола қуатты жəне қысқа болады, Франк-Старлинг қисығы (жүректің жиырылу күшінің қарыншалардың қуысындағы қан қысымына тəуелділігі) жоғары жəне солға ығысады. Сонымен жүрек жеткіліксіздігін емдегенде систолалық шығару көрсеткішінің өсуі бұлшықет талшықтарының жоғары дəрежеде созылуымен (тоногенды дилатация) емес, миокардтың жиырылуының күшеюіне негізделген. Мұның үлкен терапевтік маңызы бар, себебі сол қарыншаның айқын дилатациясында (соңғы диастолалық көлем 260мл ден көп) немесе оның қуысындағы соңғы диастолалық қысымның 18-20 мм.сын.бағ. да көбейсе Франк-Старлинг механизмы əсер етуін тоқтатады. Қарыншалардың ары қарай қанмен толуы жүрек шығару көрсеткішінің күрт төмендеуіне, митралды регургитацияға жəне жүректің оттегіге деген сұранысының өсуіне алып келеді. Жүрек гликозидтері электролиттер алмасуын жəне жиырылушы миокардтың биоэнергетикасын өзгерте отырып кардиотоникалық əсер береді. Жүрек гликозидтері оқшауланған папиллярлы бұлшықеттердің, ұрықтың жүрегінің жиырылуын күшейтеді, яғни ұрықта жүректің өткізгіш жүйесі мен нерв аппараты құрылмағанда.

Миокардтағы электролиттер алмасуына əсерлері

Жүрек гликозидтері кардиомиоциттерде бос кальций иондарын көбейтеді. Бұл негізінен бірнеше механизмдердің əсеріне негізделген, олардың ішінде Na+, K+ - АТФ-аза ферментінің блокадасының үлкен маңызы бар. Na+, K+ - АТФ-аза – бұл сарколемма ферменті, ол реполяризацияны (тыныштық потенциалын қалпына келтіру) жүзеге асырады. Na+, K+ - АТФ-аза деполяризация кезінде енген натрийдың 3 ионын алып тастайды, цитоплазмаға 2 кальций иондарын қайтарады. Иондардың тасымалдануы белсенді түрде ішкі жасушалық АТФ энергиясын қолдана отырып электрохимиялық градиентке қарсы жүреді. Терапевтік дозаларда жүрек гликозидтері шамамен алғанда 35% Na+, K+ - АТФ-аза –ның фосфорланған түрін блоктайды жəне сарколемманың сыртқы бетіндегі ферменттің сульфгидрилды топтарымен жəне лактон сақинасымен əсерлеседі. Калий иондары Na+,K+-АТФ-азаны де фосфорлайды, бұл жүрек гликозидтерінің блоктаушы əсерлерін азайтады. Полярлы емес липофилды жүрек гликозидтері Na+, K+ - АТФ-аза-ның белсенділігін төмендетеді, сарколемманың фосфолипидтерімен ферменттің байланысын бұзып оның конформециясы мен мембранадағы қозғалғыштығын түрлендіреді. Кальций иондары состола кезінде сарколемманың деполяризациясыда потенциалға тəуелді L түрлі каналдар бойынша кардиомиоциттерге түседі. Жасушаға енген иондар саркоплазмалық ретикулумнан кальций иондарының босаңсуы үшін керекті механизмі болады. Саркоплазмалық ретикулум (бұл Са2+ иондары кальсеквестрин ақуызымен байланысқан қор). Цитоплпзмада 10-6 М –нен көп кальций иондары болса, олар актомнозинның тропомиозинды депрессиясын жойып, миозинның АТФ-азасын белсендіреді. Миофибрилллардағы жиырылушы ақуыз актомиозинның түзілуі күшейеді. Сарколемманың реполяризациясында диастола кезеңінде кальций иондары сыртқы жасуша ортасына жиналады жəне кальций тəуелді АТФ-азаның қатысуымен саркоплазмалық ретикулумға қайта оралады. Жүрек гликозидтерінің Na+, K+-АТФ-азаны блоктауы компенсацияда натрий, кальций алмасуын күшейтеді. Сыртқы жасуша ортасында натридың 3 ионын шығару кардиомиоцитке 1 кальций ионының кіруімен жүреді жəне саркоплазмалық ретикулумнан кальций иондарын қосымша босатады. Сонымен репомеризация кезеңінде бос кальций иондарының қосымша қоры құралады. Кальциге тəуелді АТФ-аза терапевтік дозаларда жүрек гликозидтерінің əсеріне төзімді. Жүрек гликозидтері миокард жасушаларына кальций иондарының түсуін жоғарылатады. Олар сарколемма фосфолипидтерімен, саркоплазмалық ретикулуммен, сарколеммамен бағыттық байланыс орнатады, бұл кальций иондарының қорлануын бұзады. Сыртқы кальций иондарымен хелатты қосындылар түзеді, яғни олардың жасуша ішіне тасымалдануын жеңілдетеді. Жүрек гликозидтері альдостеронның аса көп минерлокортикоидтарының түзілісінен дамитын иондарының тапшылығын жояды. Жүрек гликозидтері гиперальдостеронизмды тежейді:

• Ангиотензин-альдостерон жүйесінің стимуляторы рениннің түзілісін азайтады;

• Альдостеронды тежей отырып бауырдың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады;

• Теріс кері байланыс ұстанымы бойынша бүйрек үсті бездерінде альдостеронның түзілісін азайтады (гормонмен құрылысы жағынан ұқсас). Тек қана жүрек гликозидтерімен улану кезінде миокардқа калий иондарының тапшылығы пайда болады (гипокалигистия); себебі Na+, K+ АТФ-азаның айқын блокадасынан бұл иондардың жасушаға қайтуы бұзылады.

Миокардтың энергетикалық алмасуына əсері

Жүрек гликозидтері атқарылған жұмыс бірлігінде миокардтың оттегілік сұранысын жоғарылатпайды. Жүректің пайдалы əсер коэффициенті терапия кезінде жоғарылайды. Бұл жағымды əсер тахикардияның азаюымен жəне сол қарыншаның қанның қалған көлемімен қабырғасының созылуына негізделген. Жүрек гликозидтері сүт қышқылының, глюкозаның, май қышқылдарының жұмсалуын жақсартады, тотығу жəне фосфорлау процесстерін, макроэргтер жəне гликоген синтездерін күшейтеді.

Оң мəнді тонотропты əсерлері.

Жүрек гликозидтері жүрек жетімсіздігінде қарыншалардың миогенды дилатациясына кедергі келтіреді. Оларды қолданғанда тоногенды дилатация жойылады, биоэнергетика жəне миокардтағы гликоген түзілістері жақсарады. Теріс мəнді хронотропты (диастолалық) əсер. Жүрек гликозидтері терапевтік дозаларда жүректің жиырылу қалпына келтіреді, тахикардияны жояды. Жүрек гликозидтерінің кардиотоникалық əсерлері сол қарыншаның систола кезеңінде қанда мықты пульстық толқын түзіп, артерия барорефлексін күшейтеді. Жүрек гликозидтері каротидті синуста барорецепторлы механизмнің сезімталдылығын арттырады (беррорецепторлардан сопақша миға баратын афферентті талшықтара импульсация жиілейді). Артерия барорецепторлардың импульстары кезең нервінің тонусын жоғарылатады, бұл аса айқын симпатикалық белсенділікті тежейді. Жүрек гликозидтері жүректегі холинергиялық нерв ұштарынан ацетилхолинның бөлінуін көбейтеді: Бейнбридж рефлексін жояды, жүрекке веналық қанның қайтуын күшейтеді. Жүрек гликозидтері эквивалент дозаларында бірдей кардиотоникалық əсер көрсетеді, бірақ теріс мəнді хронотропты əсер көрсетуі бойынша ерекшеленеді. Оймақгүл гликозидтері – дигитоксинды, дигоксин, целанидты қабылдағанда жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі байқалады. Перикардитте жəне жүрек тампонадасы кезіндегі тахикардияда, яғни миокардтың декомпенсациясы болмаған жағдайда, жүрек гликозидтері жүректің жиырылу жиілігін қалпына келтіреді.

Теріс мəнді дромотропты əсер.

Жүрек гликозидтері атровентрикулярлы түйінде өткізгішті баяулатады, себебі кезу нервінің əсерін күшейтеді жəне рефракторлы кезеңді ұзартады. Керісінше жүрек гликозидтері жүрекшелердің жəне қарыншалардағы Пуркинье талшықтарының рефракторлы кезеңін қысқартады. Жүрекшелер фибрилляциясында жүрек гликозидтері жыбыр толқындарының бөлінуіне алып келеді, бұл атриовентрикулярлы түйін арқылы өтетін əсер потенциалының ағымын күшейтіп, келесіде өткізгіштікті төмендетеді. Жүрек гликозидтерін аз дозаларда β – адреноблокаторлармен, веропамилмен немесе амидаронмен топтастырып тағайындауға болады.