Ндірістік қауіпсіздіктер жəне сəтсіз оқиғалар. Сəтсіз оқиғаларды тізімдеу жəне тексеру

Қандай жағдайларда өндірістегі зиянды жəне қауіпті факторлардың адам ағзасына əсері нəтижесінде, жұмыскерлердің алған, өндірістік жарақаттары қалай тексеріліп жазылатыны қарастырылған. Зиянды өндірісітік факторлардың əсері жұмысшыны ауруға немесе жарақаттауға алып келуі мүмкін. Сəтсіз оқиға (СО) – бұл өндірісітік қауіпті факторлардың адамға əсер етуімен байланысты, жұмыс орнындағы жағдай, ал кейде зиянды өндірістік қауіпті факторлардың əсері. Өндіріс үрдісіндегі адам ағзасына əсер ететін қолайсыз факторлар, кəсіби зияндылықтар деп аталады: қауіпті кенеттен əсерететін жəне жарақатқа алып келетін немесе денсаулығының бірден нашарлауына алып келетін факторлар, зиянды əсер етеді жəне ауруларға алып келеді немесе жұмыс қабілеттілігін төмендетеді.

Еңбектің өндірістік санитариясы жəне гигиенасы

Өндірістік санитария- бұл жұмыскерлерді олардың денсаулығын қорғау жайлы еңбек жағдайын жасау мақсатында зиянды өндірістік факторларды зерттейтін, техникалық жəне гигеналық шаралар жүйесі. Еңбек гигенасы- бұл адам ағзасына, зиянды ортаның əсер етуін зерттейтін ғылым. Еңбек жағдайын, гигеналық нормативтерді жəне профилактикалық шараларды құруға бағытталған жүйе. Өндірістердегі көп орынды алатын, негізгі зиянды факторлар келесілер: жоғары шаңдылық жəне жұмыс аймағының жоғары газдылығы; жұмыс аймағының немесе қондырғы бетінің төменгі немесе жоғары температурасы; жұмыс аймағындағы жоғарғы немесе төменгі ауа қозғалысы мен ауаылғалдылығы; шу деңгейінің жоғарылығы, діріл деңгейінің жоғарылығы; əртүрлі электр магниттік сəулеленудің деңгейінің жоғарылығы, табиғи жарықтың аздығы немесе жоқтығы; жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы жəне басқад факторлар.

Желдету, оның түрлері

Табиғи желдету, ауа тесіктер арқылы түскен кезеде жəне ғимараттың сыртқы тесігі мен форточка, терезе арқылы түскен ауадан, ұйымдастырылмаған болуы мүмкін; ұйымдасқан желдету, егер ауа алмасу аранайы қондырғылар көмегімен реттелсе, болады. Табиғи желдетудің жетіспеушілігі, ол ағынды ауа ғимаратқа тазаланбай жəне жылынбай кіреді, ал жойылғаны, қалдықтардан қоршаған ортаны тазаламайды. Аэродинамикалық кеңістікті қамтуы бойынша, табиғи желдету жергілікті жəне жалпы алмасқыш, болып бөлінеді, ал ұйымдастыру əдісі бойынша :ағынды, сорғыш жəне ағынды –сорғыш

Жұмыс орындарындағы ауаның тазалығын жəне қалыпты меорелогиялық жағдайды қамтамасыз ету үшін, көп дəрежеде желдетудің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Аэродинамика мен желдету- бұл СНмЕ II-33-75 «Желдету, жылу беру жəне кондиционирлеу» жəне МЕСТ 12.4.0.21-75 ұсынылатын, ұйымдасқан ауа алмасу.

Ндірістік шу және діріл

Олардың адам ағзасына зиянды әсер етуі. Шудың, дірілдің сипаттамалары. Олардың деңгейлерін нормалау және бақылау. Оларды зиянды әсерден қорғаау шаралары.

Діріл мен шуды өлшеуге арналған аспаптар. Жеке қорғау құралдары

Ндірістік шаңның адам ағзасына əсері

Шаңды басуға қажет судың меншікті шығынын анықтаудың қолданыстағы тəсілдерін талдау. Шаңмен күресу мəселелерін зерттеген кезде түрлі қиындықтар туындайды, соның бірі нақты дұрыс терминологияның болмауы, ал бұл өзкезегінде жалпы түсініктерді қарастырғанда шатастыруларды тудырады. Шаңмен күресу, шаңды аулау, шаңды басу сияқты терминдер көп қолданылады. Біздің ойымызша бұл мүлдем дұрыс емес. Терминдердің біріншісі кейіңгілеріне қарағанда жалпылама болып саналады. Соңғы екеуі, біздің ойымызша, келесілерді білдіреді: Шаңды аулау – қандай да бір қондырғы (мысалы циклон, сүзгі т.б.) көмегімен ауалы ағынннан шаң бөлшектерін бөліп алуға негізделген. Бұл термин ауаны шаңнан тазарту терминіне пара-пар келеді.

Ндірістік жарықтандыру

Жұмыс орындары жарықтанғандығының еңбек қауіпсіздігіне әсер етуі. Негізгі жарық-техникалық шамалар. Табиғи және жасанды жарықтандыру, жарықтандыру түрлері, нормалау. Жасанды жарықтандыруды есептеу әдістері. Өндірістік жарықтандыруға қойылатын негізгі талаптар. Шамдар. Апаттық жарықтандыру. Өндірістік жайларды түрлі-түсті ресімдеу. Өндірістік шаңның адам ағзасына əсері