АҚ “Казхром” жұмыс орны және негізгі құрылыс өндірісі

1965 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Қазақ ССР монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстары Министрлігінің монтаж ұйымдарының міндеттерін үйлестіру қызметін орындау үшін 1992 жылы «Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы Акционерлік Қоғамы құрылды, оның мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің мынадай бетке ұстар - Павлодар, Шымкент және Атырау мұнайөңдеу зауыттары, Балхаш және Жезқазған мыс балқыту комбинаттары, Шымкент және Өскемен қорғасын және титанмырыш комбинаттары, Жамбыл және Шымкент фосфор зауыттары, және де ондаған жалпы мемлекеттік міндеттерді атқаратын нысаналар сияқты ірі өнеркәсіптердің құрылысы салынған.

Қаланың экономикалық жағдайы ауылшаруашылық және өндірістік болып келеді. Өндірістің бас көзі Дөң тау-кен байыту комбинаты болып табылады. Онда хром және силикатты никель рудалары өндіріледі.

Дөң тау-кен байыту комбинатының сатуға арналған өнімі қатардағы (рядовая) руда және хром концентраты.

Ауа – райы континентальді, қысы ұзақ, аязды, ал жазы өте ыстық және қатты жел тұрады. Орта жылдық температурасы +4°С-тан аспайды.

Атмосфералық қалдықтардың орта жылдық мөлшері 220мм-ден 250мм арлығында.Климатының ерекшелігі өте көп мөлшерде желдің соғуы.Жел көбінесе батыс, солтүстік-батыс бағытында соғады. Орташа жылдамдығы 4,3-5,2 м/с.

Аудандағы гидротораптары (гидросеть) өте нашар дамыған. Оны Ор өзенінің солтүстік ағымымен байланыстырған, ал күзгі және көктемгі уақыттарда су кеуіп кетеді.

“Южный” кенорны Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы Донской станциясынан солтүстікке қарай 8 км қашықтықта орналасқан. Кенорын Ақтөбе қаласы мен Орск қаласын біріктіретін тас жолының бойында орналасқан.

Кенорны аумағында гидрографиялық тор онша дамымаған. Мұнда ең ірі көлдер бұл Жарлы-Бұтақ және Сары-Мырза. Кенорын ормансыз жазық далада және көлшіктері бар жерде орналасқан.

Кемпірсай массивінің ең ірі серпентинді ультрабазитті кенорны “Оңтүстік” карьері болып табылады. Ол солтүстік-батысқа қарай 70км жерді алса, ені 5-30км дейін созылып жатыр.

Ауданда хром кенінің құрылысы бойынша 2 типті кенорындар жұмыс істейді:

- Ашық әдіспен кен өндіретін карьер (тереңдігі 250м-ге дейін)

- Жерасты кен өндіру кеніштері (тереңдігі 400-1500м-ге дейін)

Жерасты кеніштерінің маңызы зор. Себебі хром кенінің 95 -на жуығы жерасты кеніштерінде өндіріледі.

Сыйыстырушы кенді шоғырлар бастапқы гипербазитті массивінің автометаморфизм әсерінен пайда болған серпентиннен дунит және гарцбургит таужыныстарынан құралған. Бұл таужыныстарының аймақтары аз тереңдікте (14-20м) жоғары бор және төрттік болбыр шөгінділерінен құралған қабатпен қапталған.

Кен денесі дунитті серпентинде линза және ұя тәрізді пішінде орналасқан. Кен денесінің өлшемдері 1000 м-ге дейін, 230 м қалыңдықта ұсақ линзалардан ірі ұяларға дейін созылған.

Кен денесінің жату тереңдігі жер бетінен бастап 1500 м дейін ауытқиды. Кен денесінің созылу бағыты субмеридиандық болып келген. Батыс және шығысқа 10-600 жасап құлайды, оңтүстікке иіледі.

Ірі өлшемді кен денесі өзін сыйыстырушы ұсақ линзалармен бір бағытта иіледі. Кен денесі өзін сыйстырушы серпентин жыныстарымен байланысы өте өткір және кедір-бұдыр болып келген.

Кен денесі және сыйыстыру таужыныстарындағы хромшпинелид түйірінің өлшемі іріленетіні және сеппе тығыздығының артатындығы байқалады. Кенорнында кен денесі құрамында серпентинді линзалар мен қалыңдығы миллиметрден бірнеше метрге дейін жететін екінші ретті минералдар (серпентин, карбонат) белгілі бір мөлшерде кездеседі. Кенсіздік коэффициенті 0,5-тен 6,5-ке дейін ауытқиды.

Тектоникалық процесстердің әсерінен кенорнындағы (Миллионное, Алмаз-Жемчужина) кен денелері блоктарға жарылған. Бұл блоктар тік бағытта бірнеше метрден 200 м-ге дейін, ал көлденең бағытта 80 м-ге дейін жетеді.

Тектоникалық бұзылыстардың жазықтығы субкендік оңтүстікке құлаған.

Кенорнында хром рудасының бітімі серпентиндегі хромшпинелидтің әртүрлі өлшемді сеппелері мен әртүрлі деңгейдегі сеппе түйірлерінің тығыздығын көрсетеді. Хромшпинелид түйірлерінің 70-90% сеппелерін құрайтын тығыз сеппелі кен кең түрде таралған, ал орта және жиі сеппелілері аз түрде десек болады. Кендегі хромшпинелид түйірлерінің өлшемі микрометрден бірнеше миллиметрге дейін жетеді. Ең үлкен түйір өлшемі 0,2мм-ге дейін ғана барады.

Руданың минералдық құрамы:

Басты минерал – хромшпинелид:

Магнохромит (Mg,Fe)O·Cr2O3 ;

Хромпикотит (Mg,FeO)(Cr3Al)2O7 .

Басты кенді емес минерал – серпентин:

Хризотилл 3MgO·2SiO2·2H2O

Шектеулі түрде кен денесінде екінші ретті минералдар кездеседі: серпентин, карбонаттар (доломит, магнезит, кальций), тальк, брусит, темір гидрооксиді, магнезит, никель гидросиликаты, никель және темір сульфиді.

Тау- кен орнының тұрақтануы үшін тіреуіш қажет. Учаскеде рудалар берік бөлшектермен уатылған және сусымалы сан қилы нәрселерге толған 5-10 м сайын бұл арқылы күрделі және нашар рудалардың араласа орналасқанын бақылауға болады. Учаскеде берік рудалар кездеседі, бірақ жарық түскіштігіне қарай олар тұрақтылығы төмен класс түріне жатады.

Тау жыныстарының руда денелерімен қосылған жерлері ерекше орын алады, мұндай жыныстар өте жарылғыш және бөлшектенгіш, беріктігі нашар және беріктігі орташа ( f=0,5-2,5), негізіне тұрақсыз. Бұл жыныстарды забойдың ізімен тұрақтандыру қажет. Тұрақталмаған учаскелерде ірі көлемі 200 м ²-қа дейінгі толқындар болуы мүмкін және ол пайда болған төбе жабындысын 4-5м биіктікте бұза отырып, осы уақытта кен орнының енін кеңейтеді.

Мезокойнозойлық шөгінді кенорын алаңында үзік жолақ жасап, руда денесінің бетінде басты қалыпта жатады. Кеннің қуаты 23-28м аралығында ауытқиды.

МЧМ техникалық басқармасымен 1980 жылы 27 маусымда бекітілген кенорнындағы жалпы руда қоры анықталды:

- Руда бай және кедей түрде кездеседі.

- Бай руда құрамында хром оксиді -45%, кремнезем -10%, фосфор -0,03% құрайды.

- Кедей руда құрамында хром оксиді -30-45%, кремнезем -15% құрайды.