Тұтынушылар қалауы

Пайдалылық ұғымы, пайдалылықтың сандық теориясы.

Шекті пайдалылық. Госсеннің бірінші заңы – шекті пайдалылықтың азаю принципі.

Баға тұтыну» қисығы.

Баға тұтыну» қисығы.

Нарықтық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі. Сондықтан. Тұтынушылардың сұраныстарын зерттеп, олардың қандай заттарды сатып алғысы келетінін және қандай бағамен алғысы келетінін дер кезінде анықтаудың зор маңызы бар. Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс-әрекеттері «микроэкономиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі.

Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда, егер А, В, С тауарлар құрамы берілген болса, онда олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңідеп атаймыз.

Тұтынушылардың тауарлар құрамын дұрыс анықтауы олардың тек қалауларына тәуелді емес, өйткені өзі ұнатқан тауарларын сатып алуға тұтынушының қаражаты жетпеуі мүмкін. Демек, тұтынушының таңдауының қалыптасуына оның жалпы табысының шектеулі екендігі үлкен әсерін тигізеді. Егер табыс көлемі тұрақты болып, заттардың бағасы өсетін болса, онда тұтынушының сатып алу қабілеті кемиді. Бұл жағдай тұтынушының нарықтық ортадағы іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп, оның талғамының басқаша түрде қалыптасуына әкеліп соғады. Сондықтан тұтынушылар талғамын зерттеудің осы екінші кезеңінде бюджеттің шектеулілігі және оның тұтынушының талғамына тигізетін әсері туралы мәліметтер қарастырылады.

Үшінші кезең тікелей тұтынушылар таңдауын зерттеуге бағытталады. Үшінші кезеңде жоғарыда келтірілген тұтынушының нарықтық ортадағы іс-әрекетін шектейтін жағдайлар ескеріліп, тұтынушы қаражаты жететін және оған ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамы анықталады. Егер тұтынушыға ең көп пайдалылық алып келетін және оның бюджетін қанағаттандыратын тауарлар құрамы анықталатын болса, онда бұл жағдай тұтынушының теңдестік жағдайы деп аталады.

 

Тұтынушылар қалауы

Бір тауардың екінші тауарға қарағанда пайдалырақ екендігін анықтау үшін ешқандай өлшем бірлігін пайдалану мүмкін емес. Ол тек салыстырмалы түрде ғана айтылатын ұғым. Заттың пайдалылығы адамның қажеттілігін қаншалықты қанағаттандыратындығына байланысты. Сондықтан ол әр адамның психологиясына, өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты болады.

Жалпы жағдайда тауарлар құрамы берілген болса, онда оның пайдалылығын сан түрінде анықтау үшін пайдалылық функциясын қолданады. Ол функция Х, У тауарлары үшін былай жазылады:

 

U = U (x, y).

Бұл функция тұтынушы Х, У тауарларын тұтынғанда қол жеткізетін ең жоғары пайдалылығын бейнелейді.

Егер пайдалылық функциясы тұрақты бір санға тең болса, немесе:

 

U = U (x, y) = C0const,

онда жазықтықта бұл функцияның графигі 4.1-суретте бейнеленгендей болады. Ол талғамсыздық қисығы деп аталынып, бірдей пайдалылық әперетін тауарлар құрамының жиынтығын көрсетеді. Мысалы, тұтынушы бір аптада Х және У тауарларын тұтынады деп жорамалдайық, Х – алма, У – алмұрт болсын.

Х – алма саны;

У – алмұрт саны.

4.1-кестеде 4.1-суретті салуға негіз болған мәліметтер жинақталған.

А1 жиынындағы 4 алма мен 10 алмұрт және А2 жиынындағы 5 алма мен 6 алмұрт тұтынушы үшін бірдей пайдалылық әпереді. Демек талғамсыздық қисығының бойында жатқан А3 және А4 жиындары да тұтынушыға бірдей пайдалылық әпереді деп қорытынды жасауға болады.

Талғамсыздық қисықтарының жалпы қасиеттері:

1. Талғамсыздық қисығы неғұрлым координаттар өсінен алыс орналасса, солғұрлым осы қисықтың бойында жатқан жиынтықтар тұтынушыға көп пайда әпереді. 4.2-суреттен төмендегі шарттың дұрыстығы көрінеді.

u1 < u2 < u3 < u4

 

2. Бір жазықтықтағы талғамсыздық қисықтары қиылыспайды.

4.3-суретте көрсетілген А жиыны талғамсыздық қисықтарына ортақ қиылысу нүктесінде орналасқан. А жиыны u1 талғамсыздық қисығында орналасқандықтан тұтынушы А мен В-ны айырмайды. Соған ұқсас u2қисығындағы С жиынын А жиынынан айырмайды деген тұжырым шығады. Бұдан айтатынымыз тұтынушы Вмен С жиындарын бір-бірінен айырмашылық жасамайды.

Бірақ ескере кететін нәрсе, егер Х және У кәдімгі тауарлар болса, онда тұтынушы В-дан гөрі, С-ны қалайды, себебі С жиынында Х пен У –тің мөлшері көп 4.3-суретке қарап, С –жиынында У тауарының 3 бірлігі,Х тауарының 6 бірлігі бар екенін, ал В жиынында Х тауарының тек қана 5 бірлігі және У тауарының 2 бірлігі бар екенін анықтаймыз. Тұтынушы бір уақытта В-ға қарағанда С-ны қалай отырып және олардың арасында айырмашылық жасай алмауы талғамсыздық қисықтарының қиылысуын жоққа шығарады.

4.1-суретте бейнеленген талғамсыздық қисығын пайдалана отырып, тауардың бір-бірін қалай алмастыратының зерттеуге болады.

Ол үшін алмастырудың шекті нормасы деп аталатын көрсеткіш ендіріп, оны MRSxy белгілейміз. Бұл көрсеткіш былай анықталады:

 

Бұл жердегі MUx, MUу, - сәйкес түрде Х , У тауарларының шекті пайдалылықтарын көрсетеді.