Курно дуополиясының моделі

Олигополия нарығының теориясын Курно дуополиясын қарастырудан бастайық. Екі фирма (А және В) бірдей технологияны қолданады және біртектес өнім өндреді делік. Бұл фирмалардың әрқайсысы шығарылатын өнім көлемін анықтаулары керек және олар шешімді бір уақытта қабылдаулары қажет,

Курно дуополиясы моделінің негізі мынада: әрбәр фирма өнімді шығару жайлы шешім қабылдаған кезде бәсекелесушілердің өндіріс көлемі тұрақты деп санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан Курно моделінде фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезінде өндіріс көлемін таңдау арқылы жүзеге асырылады.

Бір фирманың негізгі мақсатын көрсетейік (басқа фирма үшін де осыған ұқсас болады).

А фирмасы белгілі сұраныс функциясы P = P (QA-QB) және B фирмасыеың өнім шығаруы (QB) тұрақты болған кезде, өзінің пайдасын (ПА) барынша көбейтетін өндіріс көлемін (QA) таңдауы керек:

 

ПА(QA,QВ) → max

ПА = P(QA-QB)* QA - c(QA) (1)

 

Мұнда, c(QA) – А фирмасының шығындар функциясы.

Берілген есептің шешімі бірінші қатарлы ұтымдылық шартынан табылады:

 

P’* QA + P - c¹(QA) =0 (2)

 

Бұл теңдеу А фирмасының реакция қисығын бейнелейді немесе В фирмасының өнім шығару көлемі өзгереді деп болжамдаған кезде А фирмасының өнімі қалай өзгеретінін көрсетеді. Осындай жолмен В фирмасы үшін де теңдеу алуға болады:

 

P’* QВ + P - c¹(QВ) =0 (3)

Курно тепе-теңдігі. Екі фирма бір уақытта пайдасын жоғарғы деңгейге жеткізетін өнім көлемдерін Q*А, Q*В таңдайды және бұл кездегі жоғарыдағы (2), (3) теңдеулердің шарттары орындалуы керек, яғни бір фирма екінші фирманың өнім шығару көлемі белгілі бір тұрақты шама деп болжайды. Курно тепе-теңдігі нүктесінде фирманың ешқайсысы да өнім көлемін өзгертпейді, себебі оларды ынталандыратын ешқандай себептер жоқ.

Модельдің негізгі кемшілігі - әр фирманың өзімен бәсекелес фирма өнім көлемін өзгертпейді деп болжам жасауы. Ал күнделікті өмірде фирмалар бағаның өзгеруін, бақталастарының өнім шығару көлемін, өндірістік жағдайларын және т.б. ескеріп отырады.

Енді сызықтық сұраныс функциясы үшін Курно тепе-теңдігі қалай анықталатынын аналитикалық және графиктік түрде көрсетеміз (10.1-сурет).

Төмендегідей сұраныс және шығын функциялары берілсін делік:

P(Q) = K- QA –QB ;

 

147. «Тұтқындар диллемесы».

. Ойындар теория методологиясының қағидасын белгілі «Тұтқын дилеммасы» мысалында түсіндіруге болады, – бұл қарапайым кооперативтік емес ойын (нөлдік сомамен). Жеке камерада (бөлмеде) отырып, бір-бірімен байланыса алмайтын 2 тұтқындардың шешім қабылдау процесін (үдерісін) қарастырады. Әр қайсысының алдында дилемма тұр: барлық шындықты айту немесе үндемеу. 3 мүмкін нұсқаның әр қайсысында қандай оқиға болатындығы оларға мәлім.

1. Егер біреуі де шындығын айтпаса, олардың күнәсі дәлелденбейді, әр қайсысы ең аз жаза – 1 жыл тұтқынға алынады.

2. Егер екеуінің біреуі шындығын айтса, екіншісі – үндемесе, шындығын айтқан босатылады, ал екіншісі – 15 жылға бас бостандығынан айырылады.

3. Егер екеуі де шындығын айтса, 3 жылға бас бостандығынан айырылады.

Шешімдердің балама нұсқаларын есептеу матрица (қалып) түрінде көрсетіп аламыз:

Егер тұтқындар дұрыс шешімге келіп, екеуі де шынын айтса, ең жоғары жазаны алу мүмкіндігі әрқайсысы үшін азаяды. Нәтижесінде екеуі де түрмеге 3 жылға отырады. Егер олар келісіп жасаса, (кооперативтік ойын жағдайында сияқты), шешімнің ең тәуір нұсқасын алушы еді. Осылай бұл ойын микродеңгейдегі оңтайлы шешімдер микродеңгейде оңтайлы емес нәтижеге әкелетіндігін көруге мүмкіндік береді. Бұл ойын экономика мәселелерінен алыстау болса да, негізінде олигополистердің мінез-құлқын көрсететін жақсы мысал болып табылады. Олардың алдында әрқашан стратегиялық бағыт (мінез-құлық) таңдау дилеммасы тұрады: агрессивтік бәсекелестікке, баға соғысына дейін барып, нәтижесінде жеңу немесе жеңілу: келісу (райласу), екеуіне де оңтайлы, ұтымды болатын нәтижеге жету. Олигополистердің оңтайлы (тепе-теңдік) стратегиясын таңдау мақсатын қоятын ойындардың мүмкін нұсқалары: бағаны түсіру немесе сол күйінде (деңгейде) қалдыру. «Тұтқын дилеммасы» сияқты, бірақ мүмкін нәтиже ретінде таңдалған бағыттың арқасында фирманың алынған/жоғалтқан пайдасы. Демек, олигополист – фирмалардың алдыңда тепе-тең (оңтайлы) мінез-құлық (іс-әрекет) бағыты, стратегиясын әзірлеу мәселесі тұрады. Мұнда 4 мүмкін нәтиженің біреуі іске асырылады:

1. Басым болып тұрған стратегияның (бағыттың) тепе-теңдігі (оптимум) – бір ойыншының іс-әрекеті басқасының іс-әрекетінен тәуелсіз ең жоғары нәтижені қамтамасыз етеді («Тұтқын дилеммасы» ойында нәтиженің бұндай нұсқасы мүмкін емес).

2. Нэштің пікірі бойынша тепе-теңдік (оптимум) – бір ойыншының стратегиясы екінші ойыншы тарапынан белгіленген іс-қимылдардың (әрекеттердің) барында ғана ең жоғары нәтижені қамтамасыз етеді, себебі екеуінің біреуі де жалғыз ең жоғары нәтижеге жетпейді (Нэш бойынша, тепе-теңдік тұтқындардың екеуі де бір жылдан бас еркінен айырылған ахуалда жетеді).

3. Парето бойынша, тепе-теңдік (оптимум) – бір ойыншы жағдайының жақсаруы екінші ойыншы жағдайының нашарлауынсыз болмайды (тұтқындар 1 жыл немесе 3 жыл бас бостандығынан айырылған ахуал).

4. Штакельберг бойынша, тепе-теңдік (оптимум) – ойыншы нәтижесінің жақсаруы екінші ойыншының белгілі шешімін қабылдау нәтижесінде болады (әр ойыншы үшін ол мына ахуалда болады: біреуі босатылып, екіншісі 15 жыл бас бостандығынан айырылғанда). «Тұтқын дилеммасы» ойыны бір кезеңдік ойын, онда ойыншылар өзара әрекеттесте 1 рет. Көп кезеңдік (динамикалық немесе қайталанатын) ойындар да болады. Бұндай ойындарда ұзақ мерзімді бағытты таңдаудың маңызы зор.

 

148. Жалпы шығындарды есептеу жолы.

Жалпы шығындар мен өнімділік арасында байланыс бар. VС және TС қисықтарының қысқа мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю заңы және еңбектің жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі.

 

149. Тұрақты шығындар дегеніміз не?

Тұрақты шығындар ( FС ) деп –қысқа мерзім кезеңіндегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз.

 

150. Тұрақты шығындарға не жатады?

Оларға мыналар жатады: амортизациялық өтемдер, жол төлемі, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т.б.

151. Өзгермелі шығын деген не?

Айнымалы шығындар ( VС ) деп- шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз.

 

152. Өзгермелі шығындарға не жатады?

Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б. жатқызамыз.

 

153. Өзгермелі және тұрақты шығындар нені береді?

Жалпы шыгын

154. Микроэкономика қандай ғылымның бір саласы?

Экономикалық теория

155. Микроэкономиканың макроэкономикадан қандай ерекшелігі бар?

Микроэкономика ғылымы осы проблемаларды жекелеген экономикалық субъектілердің дербес шешім қабылдауларына сәйкес шешеді. Макроэкономика болса аталған проблемаларды ұлттық экономика шеңберінде шешуге ұмтылып, экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін экономикалық теорияның негізгі құрамдас бөлігі. Мысалы, микроэкономиканы – «бір тал ағаш» десек, онда макроэкономиканы – «біртұтас орман» деп қарастырсақ болады.

156. Қандай тауарлар алмастырушы тауарлар деп аталады?

Субститут тауарлар

 

157. Қандай тауарлар толықтырушы тауарлар деп аталады?

Сублемент

 

158. Монопсония дегеніміз не?

Монопсония – нарықта бір ғана сатып алушы болатын жағдай.

 

159. Монопсония нарығына мысал келтіріңіз.

Мысалы, кішігірім қалада жұмысшыларды жалдайтын бір ғана кәсіпорын бар және бұл қаланың тұрғындары осы кәсіпорында жұмыс істейді деп есептейік. Олай болса, кәсіпорын – еңбек нарығындағы басты жалғыз ғана сатып алушы және оның еңбекақы деңгейіне әсер етуге мүмкіндігі бар.

160. Монополияның артықшылығы.

161. Монополияның кемшіліктері.

162. Жетілген бәсекенің жетілмеген бәсекеден айырмашылығы.

163. Бағалық қақтығыстар.

164. Қазақстан нарығындағы негізгі монополиятер.

165. Қазақстан Республикасындағы монополияны реттеуші орган.

166. ҚР монополияға қарсы заң.

167. Негізгі өндірістік шығындар түрлері.

168. Негізгі өндірістік факторлар.

Жер, енбек, капитал.

169. Капитал – негізгі өндірістік фактор ретінде.

170. Еңбек- негізгі өндірістік фактор ретінде.

171. Жер –негізгі өндірістік фактор ретінде.

172. Жерден алынатын пайда қалай аталады?

Рента

173. Рентаның түрлері.

Дифференциалдық, абсолюттік

174. Рента дегеніміз не?

175. Қарыз пайызы дегеніміз не?

Қарыз пайызы– капитал иелеріне олардың қарыз құралдарын белгілі бір уақыт аралығында қолданғаны үшін төленетін бағасы. Басқа сөзбен айтқанда, пайыз дегеніміз – капитал факторынан түсетін табыстың негізгі түрі.

 

176. Жетілген бәсекенің кемшіліктері.

177. Жетілген бәсекенің артықшылықтары.

178. Жетлімеген бәсекедегі фирмалардың әрекеті.

179. Бәсекенің артықшылықтары.

180. Бәсекенің кемшіліктері.

181. Жаңа фирмалардың нарыққа ену шарты.

182. Жаңа фирмалардың нарыққа ену қажеттіліктері.

183. Жаңа фирмалардың нарықтағы әрекеттері.

184. Фирмалардың банкроттылығы.

Жабылу (банкроттық) тәртібі былай айтылады: егер тауарларды сатудан түскен түсім (TR) өзгермелі шығындарды (VC) өтей алмаса, онда фирма өз жұмысын тоқтатуы керек (TR<TC). Егер осы екі көрстекішті Q-ға бөлсек, онда жабылу тәртібінің басқа интерпретациясын аламыз:

 

TR / Q < VC / Q = P < AVC.

 

185. Фирманы банкрот деп тану шарттары.

186. Бәсекелестікті анықтаудың тәсілдері.

187. Икемділіктің түрлері.

Икемділік туражәне айқас болуы мүмкін.

188. Икемділіктің микроэкономикадағы орны.

189. Бірлік икемділік дегеніміз не?

Бірлікті икемділігі бар сұраныс– бағаның пайыздық өзгеруі сұраныстың бірдей пайыздық өзгеруімен бірге жүреді, ал икемділік коэффициенті 1-ге тең

 

190. Икемсіз сұраныс дегеніміз не?

Мүлде икемсіз сұраныс – бұл жағдайда икемділік коэффициенті нөлге тең, өйткені бағаның ешқандай өзгерісі сұраныстың өзгерісіне әкелмейді (сұраныс бағадан тәуелсіз). Бұндай сұраныс өмірлік тұрмыста ең қажетті тауарларға жиі байқалады, оларды кейбір тұтынушылар бағасының өсуіне қарамастан сатып алады, мысалы, дәрі-дәрмектер.

 

191. Икемді сұраныс дегеніміз не?

Мүлде икемді сұраныс– бағаның аз ғана өзгеруінде де сұраныс айтарлықтай өзгереді (сатып алу мүмкіндіктердің шегіне дейін). Бұндай сұраныс бәсекелестік нарығында немесе инфляция жағдайында мүмкін (ол сатып алу күтулермен байланысты). Икемділік коэффициенті шексіздікке ұмтылады, ал сұраныстың қисық сызығы абцисс осіне жарыспалы түзу сызығына ұқсайды.

 

192. Тауар бағасының артуы сұраныс көлеміне әсер етпесе, онда сұраныс?

193. Тауар бағасының артуы сұраныс көлеміне әсер етсе, онда сұраныс?

194. Бағадан басқа қандай факторлар сұранысқа әсер етеді?

Нақты өмірде сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар көп. Олар: сол берілген тауарлардың бағасы – Р, басқа тауарлардың бағасы (Ра, Рb...), тұтынушылардың табысы (1) және олардың талғамы (Т).

195. Бағадан басқа қандай факторлар ұсынысқа әсер етеді?

Әрине, бағадан басқа ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа да факторлар бар. Оған жататындар: еңбектің (жұмыс күшінің) бағасы, тауарды өндіруге қажетті материалдар мен шикізаттардың бағасы, қолданылатын технология түрі, тура сондай ресурстардың көмегімен өндірілген ұқсас тауарлардың бағасы және нарықтағы сатушылардың саны.

196. Икемсіздіктің микроэкономикадағы орны.

197. Микроэкономикадағы негізгі қарастырылатын мәселелер?

Әлеуметтік сферадағы микроэкономика келесі жеке экономикалық субъектінің рационалдығы мен жеке кәсіпкерлік қызметтің бағалық жүйе мен нарықты қарастыру арқылы үйлестіру сұрақтарын қарастырады.

198. Микроэкономиканың әлеуметтік саладағы орны.

199. Микроэкономиканың қызмет саласындағы ерекшелігі.

200. Микроэкономиканың тұтынушы талғамын анықтаудағы орны.

Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс-әрекеттері «микроэкономиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі.