Шығындар. Шығындарды жіктеу

Шығындар – бұл факторлардың ақшалай түріндегі шығындары.

Экономикалық әдебиетте шығындардың бірнеше түрі белгілі (бұл мәселе бойынша әр түрлі пікірлер бар).

1. Өндіріс шығындары және айналым шығындары. Өндіріс шығындары өндіріс аясында, ал айналым шығындары айналым аясында пайда болады.

2. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Бухгалтерлік шығындар – ол есепті кезеңде орын алған өндірістің нақты шығындары. Дәл осы шығындар фирманың бухгалтерлік есебінде көрсетіледі. Шығындар баламалы да болады – олар факторларды пайдаланудың баламалы кұны. Баламалы шығындардың мәнін мысалда көрсету оңай. Кез келген кәсіпкерде (жалпы кез келген экономикалық субъектіде) бар ресурстарын (қорларын) пайдаланудың бірнеше балама амалдары бар. Ол өндіріс процесін (үдерісін) ұйымдастыруы мүмкін – ғимаратты жалға алуға, негізгі және айналым капиталға ие болуға, жұмыскерлерді жалдап, өндіріс ашуға – бұл жағдайда ол өндіріс көзге көрінетін шығындарға тап болады. Бар ақшасына банкте депозиттік шот ашып, салым бойынша пайыз түрінде пайда, түсім алуы мүмкін. Егер кәсіпкер қорларды пайдаланудың бірінші амалын таңдаса, ол алмаған банк пайызы көзге көрінбейтін шығындар сомасын құрайды. Сонымен, көзге көрінбейтін шығындар қорларды пайдаланудың екі балама амалының біреуін таңдағанда, қолдан жіберіп алған (айырылып қалған) пайда болып келеді. Көзге көрінетін және көзге көрінбейтін шығындар экономикалық шығындарды құрайды.

3. Сыртқы және ішкі шығындар. Сыртқы шығындар – сырттан келтірілетін қорлар (ресурс) үшін төлем (жалданған жұмыскерлердің жалақысы, жалға төлеу, шикізат, отын, көлік және де басқа қызметтер үшін жеткізушілерге төлем). Ішкі шығындар –өзінің иесіндегі жеке пайдаланатын қор үшін төлем. Мысалы, егер кәсіпкер өзі тікелей өндірісте немесе өндірістің ұйымдастыруында қатысып, өзі еңбектенсе, алынатын табыс ішкі шығындар болып саналады.

4. Өндірістің бухгалтерлік (көзге көрінетін) шығындары. Олар тұрақты және ауыспалы болады.

Тұрақты шығындар –өндіріс көлемдерінің өзгерістеріне байланысты шамалары өзгермейтін шығындар, яғни, оның қызметі пайдалы немесе шығынды болғанына қарамастан фирма әрқашан оларды жабуға тиісті. FC (fixed costs). Оған: жалға төленетін төлем, сақтандыру жарналары, салықтардың кейбір түрлері және т.б. кіреді. Ауыспалы шығындар –өндіріс көлеміне байланысты шамасы өзгеретін шығындар. VC (variable costs). Бұл мынадай шығындар: шикізатқа, материалдарға, электр энергиясына, көлік және басқа да қызметтерге кететін шығындар. Тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасы жалпы (жиынтық) шығындарды құрайды. TC (total costs): TC = FC + VC. Кобба – Дуглас моделі (үлгісі) үшін жалпы шығындар функциясының түрі:

TC = PKK + PLL, мұнда K,L – капитал және еңбек бірліктерінің саны: PK K, PLL – капитал мен еңбектің бағалары

Келтірілген жіктеудің сызбасы:

Сыртқы Ішкі

 

Шығындар

 

 

Бухгалтерлік (көзге көрінетін) + көзге көрінбейтін = экономикалық

Тұрақты + ауыспалы = жалпы

Экономикалық талдау үшін орташа және шекті шығындардың есебі орынды.

Орташа шығындар – өнім бірлігіне есептелген жалпы шығындардың шамасы:

ATC (AC) = TC/Q;

AFC = FC/Q; AVC = VC/Q;

ATC = AFC + AVC.

 

Шекті шығындар –бір бірлікке өндіріс көлемінің өсуімен туындаған валдық (жалпы шығындардың өсуі):

MC = Δ ТC/ΔQ

Таяу уақыттан бері микроэкономикада шығындардың ерекше түрі – трансакциялық шығындар зерделенеді. Трансакциялық шығындар(лат. Transactio – мәміле) – өндіріс үдерісімен емес, айналыс аясымен емес, мәміле жасау барысында нарықтық агенттерінің өзара әрекеттесу үдерісімен байланысты шығындар. Экономикалық теорияда олар инсти­туционалистер арқылы пайда болды. Осы бағыттың өкілдері экономикалық талдауға әлеуметтік-саяси пәндердің элемент­терін еңгізіп, (Т. Веблен, Дж. Коммонс, Дж. Гэлбрейт, Р. Коуз) фирма теориясына көптеген жаңалықтарды әкелді. Р. Коуздің пікірінше, трансакциялық шығындар нарықтық агенттердің ақпаратты іздеу мен талдауға уақыты мен күшін жіберу (шығару) қажеттілігімен себептелген (әлуетті сатып алушылар, жеткізушілер, бағалар мен тауарлар жөнінде), келіссөздер, оларға бақылау жасау, келіссөздердің заңдық қамтамасыз етуі және т.б.